Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Ашық сабақ " Қазақстанның ерекше қорықтары"

Ашық сабақ " Қазақстанның ерекше қорықтары"

  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақстанның ерекше қорықтары.

Мақсаты: 1. Қазақстан Республикасының қорықтары мен ғажайып табиғат

туралы білімдерін кенейту;

2. Қоршаған ортадағы жануарлар мен өсімдіктер әлеміне деген

көзқарастарын қалыптастыру;

3. Оқушыларды білімпаздыққа, табиғатты қорғауға, аялауға, елін, жерін

суюге, достық қарым – қатынасқа тәрбиелеу.

Көрнектілігі: Суреттер, «Қазақстан қорықтары» кітабы, интерактивтік тақта.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: Әңгімелеу, сұрақ – жауап, ойландыру, толғандыру,

жарыс, ойын.

Сабақтың типі: Дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жұмыс

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі : Сәлеметсіздерме құрметті оқушылар, ұстаздар! Келген қадамдарыңыз құтты болсын!

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,

Дархандықты қазаққа дала берген секілді,

Еркелікті, ерікті желден алған секілді,

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді, - деп

Ақын Қадыр Мырзалиев ағамыз жырлағандай біздің Қазақстан жері қазақтың өзінің дархан мінезіндей көсіліп жатыр. Бүгін біздің сабақтың тақырыбы: «Қазақстанның ерекше қорықтары» деп аталады.

Сабақтың мақсаты:

Жер Ананың төл перзентін арайлап атысы,

Алаулап күннің батысы,

Еркелеп желден ескені, бозторғайының жырлары,

Күркіреп аққан өзені, ай астындағы кезені,

Таң алдында Шолпанның жайнағаны, сандуғаштың үзілтіп сайрағаны бей – жай қалдырмайтынын ұрпақ бойына сініру.

ІІ Негізгі бөлімі. (ІІ кезең).

Анара І жүргізуші: Все мы обязаны своей жизнью нашей планете – прекрасной Земле. Когда - наша Земля процветала. Реки и моря были полноводными, весело плескались в них рыбы и морские животные; пышно росли леса, благоухали цветы, а на лугах резвились животные. Любимым творением Земли стал Человек. Земля холила и лелеяла его, щедро награждая своими богатствами.

Алида ІІ жүргізуші: Жер басып жүрген пенденің өмірінде еш нәрсемен салыстыруға болмайтын мәңгілік тірегі бар. Ол табиғат.

Табиғат – арайлап атқан таң, қызара батқан күн, жарық аспан, жұлдызды түн, самал жел, аптап ыстық, бет қарыған аяз, жұтатын ауа, ішетін су, біз басып жүрген киелі жер, тіршілік қөзі топырақ, өндіріс, жер қойнауындағы байлық, жайқалған жасыл желек, ұшқан құс, жүгірген аң, жорғалаған жөндіктер. Адамзаттың баянды, қайғы – қасіретсіз өмірінің тірегі тек қана – табиғат.

Анель: Есть одна планета – сад

В этом космосе холодном.

Только здесь леса шумят

Птиц, скликая перелетных.

Лишь на ней одной увидишь

Ландыши в траве зеленой,

И стрекозы только тут

В речку смотрят удивленно

Береги свою планету,

Ведь другой на свете нету.

Гульмира: Табиғат, сен тіршілік, тұнып тұрған,

Сен Күнсің көтерілген күліп қырдан.

Сен көлсің, сен ормансың, сен бұлақсың,

Адамға сұлулықты шын ұқтырған.

Ойласақ, табиғат пен адам егіз,

Жылдың сол мезгілінен өзге неміз?

Табиғатсыз қоғам жоқ, болған емес,

Ал қоғамсыз табиғатты өзің де өлі деңіз.

Анара: Кто не любит природу, тот не любит и человека, нельзя не согласиться с этим, а ведь природа дает нам не только средства труда, продукты питания, здоровье, но и обогащает нас духовно.

Учитель: Сегодня мы будем путешествовать на самолете по замечательной, удивительно красивой стране контрастов, в которой соседствуют, море и пустыни, степи и горы, вечные снега и таежные леса.

Айдана: Қазақстан, менің асылым,

Қуантады күнге құшақ жайғаның.

Өзің едің көз тоймайтын алтын бақ,

Құлпыра бер, құлпыра бер, жарқылдап.

Дима: Я стою на горе, Казахстан передо мной,

Я смотрю, напрягая внимание и зренье.

И не в силах скрыть своего изумленья

Перед этой прекрасной, могучей страной.

Казахстан находится в Центральной Азии, в глубине Евразийского материка. По площади Казахстан имеет 9 – ое место в мире, уступая России, Китаю, США, Аргентине, Бразилии, Канаде, Индии, и Австралии, второе место по территории среди государств СНГ. Общая протяженность границ 12187 км.

Құат: Кең, жазира құтты мекен – гүлстан,

Арай таңым, бақыт берген шығыстан.

Қасиетті анам – өзің, туған жер,

Бабалардан келген мұрам – нұрстан.

Учитель: Қазақстан жерінде көптеген ерекше қорғалатын қорықтар бар.

Қорықтар – табиғаттың, сол бұрыңғы қазқалпындағы қайталанбас сұлу көрінісі.

Біздің ұшағымыз Қазақстан жеріндегі ең тұңғыш ұйымдастырылған қорық – Ақсу – Жабағылыға бет алды.

Анара: Жить в зеленом мире этом

Хорошо зимой и летом.

Жизнь летает мотыльком,

Шустрым бегает зверьком,

В облаках кружится птицей,

Скачет по ветвям куницей.

Жизнь прекрасна, жизнь вокруг,

Человек природе друг.

Аксу – Джабагалинский государственный природный заповедник был организован в 1926 году на площади 30545 га. В результете присоединения граничащих с ним экосистем с богатыми видами и особой средой обитания его нынешняя площадь достигла 85574 га. Этот старейший заповедник расположен в северо – западной окресности хребта Таласского Алатау. Климат района расположения заповедника – резкий континентальный. Среднегодовое количество осадков до 765 мм.

Флора заповедника отличается богатством и разнообразием. Список высших растений насчитывает 1279 видов из 471 рода и 78 семейств. Заповедник богат дикими сородичами культурных растений. Количество редких видов растений заповедника, занесенных в Красную книгу Республики Казахстан составляет 57 видов. В заповеднике зарегистрировано 63 вида мохообразных, 64 вида лишайников из 30 родов, 63 вида водорослей и 221 вид грибов из 80 родов.

На территории заповедника встречаются: 52 вида млекопитающих, 267 видов птиц, 11 видов пресмыкающихся, 3 вида амфибии и 7 видов рыб. В Красную книгу занесены 9 видов редких и находящихся под угрозой исчезновения видов животных, 11 видов птиц и 3 вида земноводных.

На территории заповедника обитают 12 видов насекомых и один вид кольчатых червей, занесенных во второе издание Красной книги Казахстана.

Учитель: А теперь наш самолет направляется в Устюртский заповедник.

Айдана: Сайрауық бұлбұлдары тоғайында,

Сауығын бастап кетер май айында.

Табиғат жақсы жерге кілем төсеп,

Күй гулеп, сыймас көңіл сарайына.

Мирас:Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы.

Ғажап қой Қазақстан табиғаты,

Көргеннің көп түседі ілтипаты.

Елімнің ұлыларв бағалаған,

Жазылған кітабында ақиқаты.

Жерімнің ғажап сұлу әр қиясы,

Тау – тасы толған дәрі, мумиясы.

Туған ел табиғатын суреттеуге.

Қаламның таусылардай көк сиясы.

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы 1984 жылы шілденің 12 жұлдызында ұйымдастырылды. Бұл қорық Маңғыстау облысы Қарақия ауданының шығыс бетінде орналасқан. Қорық жеріне Үстірт батыс шыңдарының бір бөлігі, кендірлі сордың үлкен ойысы кіреді. Ең биік жері 300 м, ең төмен жері 50 м. Ауданы 223,3 мың га.

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында жануарлар дүниесі аз. Оған дәстүрлі шөлдік фауна ғана тән. Тірі ағзалардың көпшілігі жер астында тіршілік етеді. Шөл жануарлары көбінесе түнде тіршілік етуге бейімделген.

Қазақстанда кездесетін 163 жабайы аңның 44 – і қорық аумағында кездеседі. Ірі жануарларға муфлон – үстірт арқары, киік, қарақұйрық, қарақал, мәлін, қасқыр, құм мысығы, түлкі, қарсақ жатады. Үстірт арқары және ұзын инелі кірпі – Маңғыстау эндемигі. Бұларға тән ортақ қасиет – олардың жүйріктігі.

Үстіртте құстың 32 түрі ұя салады. Құстардың 10 түрі, сүткөректілердің 9 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 1 түрі Қызыл кітапқа еңгізілген.

Бұл қорықта басқа табиғат зоналарына қарағанда өсімдіктер дүниесі де аз. Қатаң табиғат өсімдіктердің континенттік құрғақ климатқа бейімделуіне жағдай жасаған. Көптеген өсімдіктердің жапырағы кіп – кішкене, шағын, кейбірінде жапырақтың орнына тікенек болады. Қорық аумағында 300 – ге жуық өсімдік түрі кездеседі. Олардың 5 түрі Қызыл кітапқа еңгізілген.

Учитель: Біздің ұшағымыз ендігі сәтте Алматы қорығына бет алады.

Алида: Көбейіп арқар, құлжа, жетілді елік,

Шетелдік таңданады шетін көріп.

Қорық тұр іргесінде Алматының,

Табиғи зоопарк секілденіп.

Азат (қорықты таныстырушы): Алматы мемлекеттік табиғи қорығы.

Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,

Жаның жайсан жаратылған өлкемсің.

Қандай жақсы қазақ болып туғаным,

О, туған жер, тамашасың, көркемсің!

Алматы қорығы бірінші рет Кіші Алматы өзені аймағында 1931 жылы ұйымдастырылған. Қазіргі уақытта қорық іле Алатауының орталық бөлігінде теңіз деңгейінен 1200 метрден 5017 метрге дейінгі биіктікте және 71700 гектар жерді алып жатыр.

Қорықтағы ең биік жері Талғар шыңы. Ол теңіз деңгейінен 5017 м биіктікте. Қорықтықтағы орманды жерлер 15088 га қираса, ал орманды емес жерлер 56612 га алып жатыр. Қорық аймағында жалпы көлемі 117096 га алатын 160 мұздақтар бар. Осы мұздақтардан Сол, Оң, Орта Талғар және Есік өзендері бастау алады.

Қорықта мыңға жуық жоғарғы сатыдағы өсімдіктер түрлері, 200 қына, 80 мүк, 200 – дей саңырауқұлақтар түрлері кездеседі. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің 28 түрі мемлекетіміздің Қызыл кітабына енген.

Қорықтың фаунасы да алуан түрлігімен ерекшеленеді. Мұнда сүтқоректілердің 39, құстардың 170, бауырымен жорғалаушылардың 5 түрі және бірнеше мыңдаған омыртқасыздар бар.

Қорықтың негізгі мақсаты – Іле Алатауының орталық бөлігіндегі жануарлармен өсімдіктер әлемін және барлық табиғат жиынтығын сақтау.

Учитель: Следующий наш заповедник – Государственный национальный природный парк «Алтынемель».

Қуат: Қорық жоқ біздің елде оған теңдес,

Алуан гүл көз тартады адам сенбес.

Алтының енді ұққандай шын мәнісін,

Аралай түскен сайын кеткің келмес.

Анель: Государственный национальный природный парк «Алтынемель».

Если б только была художницей,

Я бы могла сотворить чудеса,

Я рисовала б деревянные горницы,

Где за ними восходит заря.

Я рисовала б густеющий лес,

Сказочность высоких светлых небес,

Бесконечные дали степей,

Шумные волны морей,

Острые скалы гор...

Я рисовала бы все, что хочу,

Без чего не жила бы, и то, что люблю.

Я рисовала бы то, что мне дорого –

Мою огромную Родину.

В 150 км от города Алматы располагается крупнейший в респудлике Государственный национальный природный парк «Алтынемель».

Территория парка составляет 460 тыс.га.

Достопримечательностями парка являются памятник природы «поющий бархан», заповедные горы Катутау и Актау, а также множество интересных историко – археологических памятников.

В парке наблюдается удивительное явление – прямо из земли вытекают целые реки чистейшей родниковой воды и питают собой рощи деревьев и тугайные заросли.

В парке растет уникальное «каменное» дерево.

Территория парка является уникальной, как место обитания крупных млекопитающих, занесенных в МеждународнуюКрасную книгу и Красную книгу Казахстана, таких как, архар, кулан, джейран, а также редких исчезающих видов животных и птиц. В водно – болотных угодьях парка обитают многие виды цапель, куликов, уток и других околоводных птиц. Река Или и Капчагайское водохранилище богаты рыбой.

Стоит посетить ущелье Қызыл – ауыз, где древние скотоводы держали целые стада овец, группы курганов – Царские курганы – Бесшатыр. Курганы окружены кольцами менгиров – металических сооружений, напоминающих знаменитые памятники Стоунхеджа в Великобритании.

Гульмира: Біздің ұшағымыз ендігі сәтте Қаратау мемлекеттік табиғи қорығына бағыт алады.

Көрген де бар, көрмеген бар Қаратауды,

Атын естіп құштарым арта келеді.

Атыңнан айналайын киелі жер,

Алыстан арбап мені тарта келді.

Төсеніп жасыл кілем, киіп торқа,

Жамылып жанат ішік, тағып алқа.

Тәкаппар, ару сұлу тәрізденіп,

Толқиды салтанатпен ару арқа.

Дима: Каратауский государственный природный заповедник.

Не то, что мните вы природа

Не слепок, не бездушный лик –

В ней есть душа, в ней есть свобода,

В ней есть любовь, в ней есть язык!

Каратауский государственный природный заповедник создан 1 марта 2004 года, площадь которого составляет 34300 тыс. га.

Заповедник расположен в центральной части хребта гор Каратау, который является ответвлением северо – западных дуг Тянь – Шаня. Граничит с пустынями Мойынқұм, Қызылқұм, Бетпақ дала.

Горы Каратау, прежде всего, ценны своеобразием флоры и фауны.

Только в Каратау представлена редкая и исчезающая популяция каратауского горного архара, встречаются здесь индейский дикобраз, кабан, барсук, горные теки, каменная куница, подковонос, корсак, серый волк и лисица, бывает и так, что забегает в эти места туркестанская рысь.

Из пролетных птиц на территории заповедника зарегистрированы синяя птица, лебеди, черный аист, чайки различные виды уток и др.

По обилию эндимичных и редких видов растений Каратау занимает лидирующее место в Республике.

Горы Каратау богаты археологическими реликтами с нерасшифрованными до сих пор петроглифами, жилищами и могильниками древних людей, датируемые ранним железным и бронзовым веками.

Учитель: А теперь наш лайнер направляется в Алакольский заповедник.

Айнур: Алакөл, әсемдіктің төркінісің,

Ән саламын бір сенің көркің үшін.

Жан – жануар табынып бір өзіңе,

Сенен алып тұрғандай бар тынысын.

Ернат:Алакольский государственный заповедник.

Слышу я природы голос,

Порывающийся крикнуть,

Как и с кем она боролась,

Чтоб из хаоса возникнуть.

Может быть, и не во имя

Обязательно нас с вами,

Но, чтоб стали мы живыми,

Мыслящими существами.

«В вашей власти, в вашей власти

Чтобы все не раскололось

На бессмысленные части!»

Алакольский государственный природный заповедник был организован в 1998 году. Общая площадь занимает 20743 га.

На территории заповедника обитают 290 видов животных, в том числе 21 вид млекопитающихся, 257 видов птиц, 8 видов рыб, 2 вида земноводных, 3 вида пресмыкающихся. В Красную книгу Казахстана занесены из млекопитающих: волк, кабан, горностай, ондатра, косуля, джейран, манул; из птиц: пеликан розовый, пеликан кудрявый, лебедь – кликун, савка, чернобрюхий рябок, филин; земноводные: зеленая жаба и остромордая лягушка: пресмыкающиеся: быстрая ящурка, разноцветная ящурка, полоз узорчатый; из рыб: окунь балхашский.

В заповеднике насчитывается более 270 видов растений, относящихся к 42 семействам. В составе фитопланктона озера обнаружено 156 видов разновидностей и форм водорослей. За последние 10 – 20 лет произошло сокращение ряда популяций редких видов: кувшинки белой, кубышки желтой, рогоза бледного, стрелолиста трелистного,солодки уральской, эфедры окаймленной, хвоща болотного, хмеля, облепихи, девясила, пырея ползучего и др.

В целом в охране нуждаются 107 видов растительного мира.

Учитель: Келесі аялдамамыз Катонқарағай қорығы:

Мирас:құс базарын қиыр шеттен іздеме,

Қорғай білсек жетіп жатыр бізде де.

Кей көлдердің өз құстарын еселеп,құс қонады көктемде де,күзде де.

Көлдер көп қой, көбінде құс аз әлі,

Мұнша жанды жадыратпас наз әні.

Қояндының жәрмеңкесі секілді

Тарқамасын тамаша құс базары.

Қуат: Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі.

Кең дала, көркемсің сонау жатқан,

Өзен, су, бұлақтарың мөлдір аққан.

Асқар тау, айдың шалқар көл мен өзен,

Әне, сол анам еді мені тапқан.

Қазақстанның қиыр шығысындағы өр Алтай – ел аузында жыр болып жырланған, ән болып шырқалған жер жаннаты. Катонқарағай асқақ Алтайдың алтын алқасы іспетті.

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық, табиғи паркі 2001 жылы 17 шілдеде құрылды. Оның негізгі аумағы 643477 га алып жатыр.

Алтайдың табиғи байлығы ұшан – теңіз. Түгін тартсаң майы шыққан, ағашынан бал тамған қазақтың қасиетті мекені. Орманы нулы, өзені шулы, бұлағы шипалы, ауасы дауалы киелі де құйқалы жерұйық.

Паркте аңдардың алуан түрлері мекендейді.

Парк территориясында жер бетінде кездесетін омыртқалы жануарлардың 369 – ы тіркелген. Қазіргі уақытта мұнда Табиғатты Қорғау Халықаралық Одағының Қызыл кітабіна неген аса сирек аң – құстар да: қызыл қасқыр, сусар,қар барысы, алтай ұлары, қара тырна, қыран, қаршыға, бүркіт т.б. кездеседі.

Өсімдіктер әлемінен дәрілік қасиеті мол, емдік шөптер мен хош иісті гүлдердің 1000 – нан астам түрі бар. Бұлардың 30 – дан астам түрі Қазақстанның Қызыл кітабына еңген сирек өсімдіктер.

Орманды құрайтын негізгі ағаш – қарағай, самырсын мен балқарағай. Бұта – қарағанның 50 – ден астам түрі өседі. Парктің орманды алқабы облыс бойынша 12 пайызды құрайды. Оның үстіне бұл экологиялық аса маңызды, әрі құнды орман ретінде бағаланады.

Флорасы мен фаунасының байлығына қарап бұл паркті табиғаттың өзі жасай салған әрі ботаникалық, әрі хайуанаттар паркі десе де болғандай.

Учитель: А сейчас мы приземляемся в Западно – Алтайский заповедник.

Азат:Асқар Алтай көтерген төбесіне,

Қайда жүрсем түседі көл есіме.

Күн мен айға қол созып толқындары,

Көл бетінің ұқсаған төресіне.

Шөбі – женьшень, ағашы – балқарағай,

Бала да ұстап балығын алған оңай.

Айдынында мамырлап аққу жүзіп,

Күн батса да бетінде қалған арай.

Айнур:Батыс – Алтай мемлекеттік табиғи қорығы –

Туған жер, ырысы мол құт мекенім,

Мәңгіге ақ, бесігің тербетілген.

Құмында жалаң аяқ, асыр салып,

Алаңсыз білім алып ер жетермін.

Ер жетіп үмітіңді біз аяқтармыз?

Жеріңді ұлтарақтай біз сақтармыз.

Қасиетті Жер Ана, ауыл, елді,

Көркейтетін болашақ, - біз жастармыз.

Батыс – Алтай Республикамыздағы ең әдемі, айтарлықтай көз тартарлық орындардың бірі. Батыс – Алтайдың жануарлар және өсімдіктер әлемінің биологиялық әртүрлілік пен генетикалық қорын зерттеу, экологиялық жүйесін табиғи қалпында сақтау, сонымен қатар, табиғи процестерді дамыту қызметін жүзеге асыру мақсатында 1992 жылы «Батыс – Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» құрылған. Орналасқан жері – Шығыс Қазақстан облысы.

Жалпы ауданы – 56078 га.

Географиялық және биологиялық тұрғыдан алғанда, қорық айрықша қызықты орналасқан. Құлама жарлы және тік тау бөктерлері, терең құз шатқалдар, платолар, тас қорымдар – осының барлығы жер бедерне күрделі сурет береді.

Өсімдіктер ерекшеліктеріне келсек, жалпақжапырақты ормандармен басталып, қылқанжапырақты ормандарды қамтып, биік таулы тундраға дейін барады. Биік таулы жерде орналасқан Алтай таулы жүйесіндегі ең үлкен «Гульбише» батпағы орналасқан қорық аумағынан «Белая Уба», «Черная Уба», «Тұрғысын» сияқты өзендер бастау алады. Табиғи жағдайдың әртүрлілігі, өсімдіктер түрлерінің сыбайластығын қамтамас етеді. Қазіргі уақытта, жоғары сатылы 799 өсімдік түрлері бар. Соның ішінде, 25 – і Қызыл кітапқа еңгізілген 82 түрі, ерекше қорғауды қажет етеді. Қорықтың жануарлар әлемі де әр алуан. Мұнда құстардың 120 – дан аса түрі, жануарлардың 187 түрі мекен етеді. Сирек кездесетін – күдір, қабан шошқа, құну, құстардың 5 – түрі – бүркіт, үкі, лашын, ителгі, қара құтан Қызыл кітапқа еңгізілген.

Учитель: Осымен біздің саяхат өз мәресіне жетті.

Сабақтың 2 бөлімін бастайық. Ол сайыс түрінде өткізіледі.

«Табиғатты аялай да, бағалай да білейік».

Табиғат – айналамызды қоршап тұрған ізгілікті әлем,

Табиғат – адамзатқа қажетті бар байлықтың қайнар көзі,

Табиғат – өмірімізде қажетті рухани байлық,

Табиғат – тіршіліктің өмір нәрі, қажетіңнің табалар содан бәрі.

І сайыс «Бәйге сайысы» (Сурақ – жауап)

  1. Биология нені зерттейді? (тірі ақзаларды)

  2. Өсімдік жасушасы неше бөліктен тұрады? (15)

  3. Қазақстан Республикасы Президентінің табиғат туралы бағдарламасы.

(Жасыл ел).

  1. Құрып бара жатқан теңіз. (Арал)

  2. Шығыс Қазақстан облысындағы қорық, Өскемен қаласынан 500 шақырым жерде 1976 ж. құрылған. (Марқакөл қорығы)

  3. Сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар тіркелетін кітап? (Қызыл кітап)

  4. Қызыл кітабының 1 басылымы қай жылда жарық көрді? (1978 ж)

  5. Әлемдегі ең кішкентай құс? (Колибри)

  6. Пластидтер неше түрге бөлінеді? (3)

  7. Микробиология нені зерттейді? (Көзге көрінбейтін ағзаларды)

  8. «Экология» сөзі грек тілінен аударғанда нені білдіреді? (Үй туралы ғылым)

  9. Қызыл кітабының 2 басылымы қай жылда жарық көрді? (1981 ж)

  10. Семей полигоны қашан жабылды? (1991 ж)

  11. Төмендегі сатыдағы өсімдіктерге не жатады?(балдырлар, қыналар)

15.Әлемдегі ең үлкен жылан.(Анаконда)

16.Қыналар неден турады?(балдыр және саңырауқұлақ)

17. Қыста ағаш өсеме? (жоқ)

18.Қызыл кітабының 3 басылымы қай жылда шықты? (1991 ж)

19.Ал 4 – ші басылымы? (1996 ж), 5 – ші басылымы? (2008 ж)

20.Құрбақа қыста немен көректенеді? (Ештеңемен, ұйықтайды)

21.Жоғары сатыдағы өсімдіктерге не жатады?(мүктер,плаундар,

қырықжапырақ тәріздес өсімдіктер, ашықтұқымды және жабықтұқымды

өсімдіктер)

22. Жұмыртқада жатқан балапан тыныс алады ма? (Иә)

23.Алаколь қорығы қайда орналасқан? (Алматы мен Талды – Қорған жерінде)

24.Жыл бойы тістері жаңарып отыратын жыртқыш. (Қолтырауын)

25.Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қай жылы құрылды? (2001

жылы 17 шілдеде)

26.Қандай қар тез ериді: таза ма, әлде кір қар? (Кір).

ІІ сайыс «Жеті жұмбақ».

  1. Дауылға нық күшті

Ағаштың мықтысы. (Қарағай)

  1. Дүние жүзіндегі ең биік ағаш.(Эвкалипт), ең жуан ағаш (баобаб).

  2. Мәңгілік жасыл ағаш. (Шырша)

  3. Қандай өсімдіктерді жыртқыш өсімдік дейді? (Шыбынжұт, шыншылдық)

  4. Сабағы тәулігіне ьір метрге дейін өсетін өсімдік? (Бамбук)

  5. Майды қандай өсімдіктен алуға болады? (Күнбағыс, зығыр, мақта, зәйтүн)

  6. Мысық қандай өсімдікті жақсы көреді? Осы шөптен жүрек аурудың алдын алуға болады? (Шүйіншөп)

ІІІ сайыс «Сөйлемді аяқта»

Қазақ халқы ежелден табиғат тылсымын меңгере білген, оның ыстығына күйіп, суығына көнген. Ата – бабаларымыз арттарына табиғат жайлы әр түрлі өсиет сөздер, мақал – мәтелдер, тыйым сөздер қалдырып кеткен. Ендігі сайыста осы туралы айтайық.

  1. Бұлақ көрсең – көзін аш.

  2. Ел жүрген жер – мереке, су жүрген жер – береке.

  3. Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр – жерге жауған – нұр.

  4. Әкеңнен мал қалғанша, тал қалсын.

  5. Көкті жұлма.

  6. Орманды өртеме.

  7. Жалғыз ағашты кеспе.

  8. Аққуды атпа.

  9. Құстың ұясын бұзба.

  10. Құмырсқа илеуін бұзба.

  11. Құндызды аулама.

IV сайыс «Егер жолдан адассаң» (ситуациялар)

V сайыс «Айтпаса да түсінікті»

( - экология тақырыбына сурет салу).

Иә, балалар, табиғат туралы әсем сөздер айтылды. Адам да табиғат перзенті. Сондықтан туған еліміздің, жеріміздің табиғатын, байлықтарын қорғау – баршамыздың міндетіміз. Қазақстан Республикасының Конституциясының 38 бабы «ҚР – ның азаматы табиғатты қорғауға және оның байлығын сақтауға міндетті» деп жазылған. Балалар, өсімдіктерді қорғау үшін неістеу керек?

Жас ағаштарды сындырмайық!

Орманды өрттен сақтайық!

Шөптесті өсімдіктерді таптамайық!

Сирек кездесетін өсімдіктер мен

жануарларды сақтайық, қорғайық!

(Жеңімпаздың анықтауы).

Көрініс «Қырқылған ағаш».

Әкесі: Әй, Мирас, жүр, орманға барып ағаш кесіп әкелейік.

Автор: Екеуі орманға кетеді.

Әкесі: Ұста ана араның бір шетін, аралайық ағашты, не ,ып тұрсың?

Бала: Әке, ағашты кеспейікші, тиіспейікші, а?

Әкесі: Ей, сен не айтып тұрсың? Үйде отын жоқ емеспе?

Автор: Екеуі бір ағашты кесейін деп жатқанда ... Құс ұшып келеді.

Құс: Ей, адамдар, неткен қатал едің, аясаңшы балаңды, мына ағаштарды. Не жазды саған орман байлығы? Саған Алла сана берген жоқ па еді? Неге кесесің ағашты, орманның керегі жоқ па еді? Жо – оқ! Жылатпа мына тұрған ағашты!

Әкесі: Ой, не дейді мына құс?

Автор: құсты таспен ұрып өлтіреді.

Бала: Тиме құсқа, олардың киесі бар. (жылайды).

Әке, адам да табиғат перзенті. Сондықтан туған жеріміздің табиғатын,

байлықтарын қорғау – баршамыздың парызымыз, міндетіміз.

VІ БVІекіту кезеңі:

Жер – біздің алтын бесігіміз, асыраушы анамыз.

Анамызды қалай жақсы көрсек, табиғатымызды да, туған жерімізді да солай аялай, сүйе білейік. Бір ағаш сынса, он ағаш отырғызайық. Табиғаттың тағдыры өз қолымызда. Табиғатты аялайық, қорғайық!

Адам табиғатпен үйлесімді болып, табиғатқа құрметпен қарау үшін өзінде қандай қасиет болу керек?

  • Мейірімділік, жомарт, жүрек, жылылық.

Ендеше, бәріміз бірге әнмен сабақты қорытындайық.

«Табиғатты аяла»

Табиғаттан нәр аламыз бәріміз,

Пәк табиғат тозып жатыр күн сайын.

Өзімізді асыраушы Анамыз

Табиғатты аялауға тұр дайын.

Қайырмасы:Қайда жүрсең Атамекен,

Көкейінде жатады екен.

Табиғатын ол аялау

Міндет болып тұрады екен.

Жасыл бақтың бағалайық қасиетін,

Наурыз келсе он ағаш өсіретін.

Бабалардың жалғастырып жыл сайын

Ұмытпайық өнеге мен өсиетін.

Қайырмасы:Қайда жүрсең Атамекен,

Көкейінде жатады екен.

Табиғатын ол аялау

Міндет болып тұрады екен.

VІІ Қорытынды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Жасыл ел» бағдарламасы біздің мектебімізде де құшағын кең жайып, іске асыруда. Мектеп ауласына әдемі гүлдер, жасыл шыршалар отырғызылды. Осы гүлдер мен ағаштарды оқушылардың өздері жаздай күтіп, баптап ұстайды.







































«Солдатово орта мектебі» КММ





Саяхат сабағы: Қазақстанның ерекше

қорықтары.





Биология пәнінің мұғалімі: Жамбасова Г.М.



















2016 оқу жылы.




Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 01.02.2016
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров197
Номер материала ДВ-402044
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх