Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Музыка / Другие методич. материалы / Ашық сабақ "Қазақтың аспаптық музыкасы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Музыка

Ашық сабақ "Қазақтың аспаптық музыкасы"

библиотека
материалов

Ашық сабақтың жоспары.

Қазақ музыка әдебиеті пәні бойынша

6/2 «А» сынып окушыларымен

Оқытушы:Тәжібаева Кымбат Кайрулловна

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың аспаптық музыкасы

Сабақтың мақсаты: Халқымыздың ұлы күйшілеріне құрмет сезімін тудыра отырып, оқушылардың білім-тану қасиеттерін дамыту.

Сабақтың міндеті:

  1. Аңыз күйлерді, төкпе, шертпе күйлерді тану;

  2. Сабақта әр түрлі тәсілдерді қолданып, ойнау, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту;

  3. Күй – халық мұрасы екендігін, күйшілік өнер арқылы, ұлттық аспаптардың қасиетін білуге, оны қастерлеуге, эстетикалық тәрбиеге баулу.

Музыкалық құжаттар мен техниканы қолдану:

  • Магнитофон , компьютер;

  • Аңыз күй „Ақсақ құлан“, Құрманғазы „Кісен ашқан“, Тәттімбет „Бестөре“, Сүгір „Бозінген“.

  • Көрнекі құралдар: ноталық мысалдар, Құрманғазы „Кісен ашқан“, Сүгір „Бозінген“.

Дәйек сөз:Тәттімбеттің,И.Байзақовтың, Т.Молдағалиевтің айтқан нақыл сөздері.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі;

  2. Ақсақ құлан“ аңыз күйін талдау(таспада тыңдау);

  3. Оқушылардың шертпе, төкпе күйлерін, күй тартыс тақырыптарын қаншалықты танығандарын тексеру (төкпе, шертпе және күй тартысты иллюстраторлар арқылы тыңдау), „Кісен ашқан“ және „Бозінген“ күйлерін сольфеджиолау (музыкада қолданылатын әдістің бір түрі);

  4. Сұрақ – жауап арқылы білім деңгейлерін тексеру.


1.Қазақтың халық аспаптары музыкасының негізі- күй. Ал, күй дегеніміз- адамның жан дүниесіндегі толғаныс- тебіреністерін, тарихи кезеңдердегң нақты оқиғаларды, табиғат болмысындағы құбылыстарды, тағы басқа сезімдік әсерлерді музыка тілімен бейнелеп, көрсететін бағдарламалы мазмұны бар шығарма.

Күй өнерінің мол жүгін арқалап,оны бүгінгі күнге дейін жеткізіп, дара танылған негізінен үш аспап. Олар домбыра, қобыз және сыбызғы. Күй қазынасының басым көпшілігі домбыраның еншісінде. Домбыра күйлерін кеңестік дәуірге жеткізген күйшілер Қамбар Медетов, Науша, Махамбет Бөкейхановтар,т.б. Сонымен қатар, Қаршыға Ахмедияровты, Халық әртісін, Мемлекеттік сыйлығының иегерін, айтып кеткен жөн. Ол кісі төкпе, шертпе күйлер дәстүрін қатар орындап, өзінің туындыларымен де күйшілік өнерді кеңейтіп, ілгері қарай дамыта түсті.

Күйлердің ең алғашқы тақырыптары ертегілік, аңыз және қиял- ғажайып оқиғалармен тығыз байланысты болған. Аңыз күйлер синкреттік күйлер болып табылады. Яғни ауызша әнгіменің музыкалық, театрлық элементтердің орындаушылық өнердің біртұтастығын аңғартады.

Ұлт мәдениетінің тарихында ХІХ ғасыр ренессанстық мағынаға ие болып, „алтын ғасыр“ аталған. Бұл дәуірде қазақ жерінде музыка дәстүрлі түрде қалыптасып дамыған. „Алтын ғасыр“ кезеңінде кәсіби халық композиторларының шығармашылықтары ерекше көркейіп, жоғары дәрежеге ие болды.

Аспаптық музыкада Құрманғазы, Дәулеткерей, Мәмен, Тәттімбет, Тоқа, Ықылас, т.б.композиторлардың шығармалары таныла бастайды. Осы кезеңдегі шығармалардың интонациялары жаңашыл (кең интервалды), күрделі саз жүйесі, ырғағы ауыспалы өлшемдік өзгерістер кең көлемді диапазонды шығармалар болып келеді.


2. Ғасырлар тұғырынан бізге жеткен қазақ халық аспаптық музыканың бағдарламалы үлгісі ретінде „Ақсақ құлан“ аңыз күйін атауға болады. Күй өнердің құдіреттілігін баяндайды.

Аңызда Жошы ханның баласы құлан аулауға шығып,құландардың көсемін жаралайды. Жараланған құлан аңшыны қос өкпеден қос аяқпен теуіп,айдалада өлтіреді.

Ұлы хабар- ошақсыз кеткен соң, бір сұмдықты сезген хан жаман атты естуге дәті бармай былай деп жар салады: „Кімде кім баламның өлгенін естірер болса, аузына қорғасын ерітіп құямын “. Мұндай сөзді естіген соң жаман хабарды барып айтуға кімнің батылы жетсін?! Ешкім тіс жармайды.

Бір күні тақта отырған ханның алдына қызметшісі жүгіріп келеді:„Алдияр тақсыр,ханзаданыңм хабарын білем деп есік алдына бір кісі келіп тұр“ дейді ол. Хан „кірсін“ деп әмір етеді. Ішке қолында домбырасы бар бір кісі кіреді. Хан: „Жолаушым,білгеніңді жасырмай түгел айт“,- дейді. Сонда күйші олына домбырасын алып:„Менің білгенімді екі шек пен бір тиек айтып береді“,-деп күмбірлетіп жөнеледі.

Хан ұлының қаза тапқанын түсінеді. Сөзіне берік хан, домбыраның көмейіне қорғасынның ерітіндісін құяды.

Ақсақ құлан“ күйін алғаш рет А.В.Затаевич жазғызып, „қазақ халқының 1000 әні“ жинағына енгізген. Күймен танысқан француздың ұлы ақыны Ромен Ролан Затаевичке жазған хатында былай деп жазған: „Мен де сіз сияқты „Ақсақ құлан“ аңызындағы көңіл-күйдің әсеріне таң қалдым “.

Ақсақ құлан“ күйі – лиро- эпикалық поэма, композиция жағынан өте күрделі. Күйдің бағдарламалы мазмұнын ашу үшін, автор әр түрлі әдістерді қолданады. Күйдің негізгі тақырыбы – эпикалық мінезде кең әуеннің болуы. Бұл тақырып әр түрлі тональдіктерде бірнеше рет үнделеді. Негізгі тональдік– ля минор,дорийск. Шығарма онымен басталып,аяқталады. Құландардың секірмелі ырғағы әуенде мәнерлі де маңызды рөл атқарады. Шағын кіріспеден кейін, негізгі тақырыптың мазмұндамасы басталады.

Тақырып ызалы құланды суреттейтін үрейлі мінезде үнделеді. Құланның бейнесі ырғақты үзіндімен құрылған.

Бұл эпизодтан кейін тақырып,бірінші кульминация сәтінде, жоғарғы регистрде жұмсақ әрі нәзік үнделеді.

Соңында тақырып ақырын, қайғылы үнделеді.

Күйдің мазмұны терең және алуан түрлі. Секірмелі ырғақ Жошы ханның қайғы-мұңын көрсетеді. Бұл жерде „Ақсақ құлан“күйі мен Ф.Шуберттің „Лесной царь“ арасындағы сәйкестікті байқауға болады. Осы екі шығармада да негізгі кейіпкерлердің қайғы- қасіретін секірмелі ырғақ әсерлі етеді. Күйдің әуені хан баласының бейнесін, өлімге әкелген сәтсіз аңшылықты суреттейді. Күйдің түп негізінде Жошы ханның қатыгез мінезін өз өнерімен саябырлатқан,қайғылы оқиғаны баяндаған даналы күйші бейнесі тұр.

Ақсақ құлан“ күйі халық аспаптық музыкада қайталанбас шығармалардың бірі. Шығарманы Е.Брусиловский „Қыз Жібек“ операсында бас кейіпкер Төлегеннің қайғылы қаза тапқанын көрсету үшін,сондай-ақ „Сары-Арқа“ симфониясында қолданды, ал Ғ.Жұбанова „Ақсақ құлан“ симфониясында күй мазмұнын негізге алды.



3.Домбыра музыкасы өзінің тұрақты музыкалық өзектерін сақтап, жаңа тәсілдермен көркемделіп, орындаушылық және стильдік түрінен „шертпе“ және „төкпе“ деп жүйеленеді. Батыс Қазақстандық төкпе күй- мейлінше жылдам, техникасы жетілген, асқан шабытты, мінезі жігерлі күйлер.Шығыс Қазақстандық шертпе күй- ойшыл- әңгімешіл, философиялық- толғаулы, ән, өлең, күйлер. Егер төкпе күйде негізінен аспаптық тақырып белең алса, шертпе күйде ән тақырыбы жиі кездеседі, көлемі жағынан төкпе күй формасы үлкен, ал шертпе күй камералық әуен беретін және шағын формадағы әсем шығарма. Шертпе күй лирикалық және романтикалық формада туады.

  • Құрманғазының „Кісен ашқан“ күйін сольфеджиолау.

Күйдің музыкасында оның атына қарай кісен кесіп жатқан болат араның шықылдаған дыбысы жоқ. Мұнда еріксіздіктен, жарадан ауырған адам жанының жағдайы бар. Басында жан ауруы тақырыбы баяу ғана үстіңгі дыбыста өтеді де, кейін сол тақырып кеңейіп, тереңдеп, төменгі дауысқа көшеді. Музыканың ортасы осы қайғылы тақырып біресе екінші, біресе бірінші дауыста алма кезек өтіп, тыңдаушыны бір сәтке алаңдатпайды. Кульминацяда тақырып құбылып, бір мезгіл минордан мажорға көшіп, күшейіп, сүйегіңді сырқыратқандай ащы дыбыстар келіп,шаршап қалған адамдай біртіндеп әлсіреп, бірақ музыкалық өткірлігін жоймай кейін қайтады. Соңғы буында жара ауруынан уһлеген дыбыстар естіліп, сол кейіпте күй бітеді. Ең соңында екінші дауыстағы тақырып әуені тағы бір үнделеді. „Кісен ашқан“ үлкен идеялы адам бақытсыздығын суреттейтін философиялық күй.

  • Құрманғазының „Кісен ашқан“ күйі төкпе күйге жататын болса, Тәттімбеттің „Бестөре“ күйі шертпе күйге жатады. (Иллюстратордың орындауында)

Сарыарқаның музыкалық күйшілік дәстүрін жалғастырушы Тәттімбет. Қазақтың аспапты музыкасындағы „шертпе“ күйлердің негізін қалаған сазгер. Ол алғашқылардың бірі болып, аспапты музыкаға халық әуендерінің орындаушылық дамуы мен құрылу жолдарын енгізді. Табиғаттан дарынды ақын, шешн әрі күйші.

Бестөре“ күйінің шығу тарихына келетін болсақ, Тәттімбетті бір ауылда демалып отырған азулы озбырлар ортаға алып, күй тартқызады. Сонда Тәттәмбет бір күй шертеді. Тыңдаушылар таңырқасып қалады. Тыңдаған адамға күйдің сықақ, ажуа күлкісі анық үнделеді.

Япыр- ау,мынау бұрын естілмеген сарынды күй не оймен тартып отыр екен“ деген күдікпен төренің біреуі оның тарихын, мән- мағынасын сұрайды. Күйші сонда өлеңмен былай жауап қайтарады:

Күйдің аты „Бестөре“,

Бесеуі де мес төре.

Санаң болса кеудеңде,

Жұмбағымды шеш төре.

Өз еліңе қасқырдай,

Неге мұнша өш төре?

  • Сүгір „Бозінген“ сольфеджиолау.

Сүгір- Қаратау өңірінде қалыптасқан күйшілік мектептің өкілдерінің бірі. Сүгірдің басты ұстазы атақты қобызшы Ықылас болады. Ықылас тартқан қобыз күйлерін домбыра үніне түсіріп орындаған күйші, өз жағынан да күй шығарып айырықша көзге түседі. Оның күйлерінің көпшілігі аса сазды болып, қобыз үнімен сарындас келеді. Сүгір күйлері – халықтың ән, терме, жыр әуендеріне жақын келіп, құрылым жағынан да әр алуан болып келеді.

Сазгер күйлерінің негізгі арқауы түлі табиғат көріністері,жан – жануарлар бейнелері, адамның әр түрлі сезімдерін суреттеген. Мысалы: аққу, шалқыма, бөзінген, т.б.

  • Күй мәдениетінің тарихи түрде даму жолдарында айтыс күйлерін айта кетуге болады. Күй тартысы, күймен өнер жарыстыру- халық композиторларының ерте кезден келе жатқан импровизаторлық дәстүрінің бір үрдісі. Тартыс бірнеше сағаттар бойы созылған. Жалпы күй тартыстың ережесі: екі күйші бір- біріне қарама-қарсы отырып, кезекпен бірнеше күйлерді орындайды, қай күйші асып түседі, кім көп күйлер біледі сол жеңіске жетеді.

Күй тартысты бірнеше түрге бөледі:

Бірінші түрі- сайысқа түсетін күйшілердің жеке орындаушылық өнерлерін көрсететін тартыс. Күйшінің алдына қойылатын мақсаттың жеңілдеу болғандығынан, тартыстың бұл түрі халық арасында кең тараған.

Екінші түрі- күйшінің шығармашылық қабілетін көрсететін тартыс.

Үшінші – тартыстың ең күрделі түрі. Онда күйшінің шығармашылық және орындаушылық өнерімен бірге, оның жаңа ғана естіген күйді дереу қайталап беру өнерін қандай дәрежеде меңгергенін көрсететін тартыс.

Күй тартыс домбыра аспабында құнды әрі ғажап күйлердің туындауына ықпал тигізеді. Қазақ халқында көзге түсіп, есте ерекше сақталған Құрманғызы мен Дәулеткерей, Қазанғап пен Үсен- төренің және т.б. күйшілердің күй тартысқа түскен сәттері мысал бола алады.

Күй тартыс өнерін иллюстраторлардың орындауында тыңдау.(үшінші, төртінші курстардың қатысуымен)



4.Сұрақтар:

1Көне музыкалық аспаптар туралы алғашқы мәліметтерді кімдердің зерттеулерінде кездестіруге болады?

2Қазақ аспаптарын зерттеген және қайта жаңғыртуға еңбек сіңірген профессор?

3 Болат Сарыбаевтің „Қазақтың халық аспаптар“ атты еңбегінде ұлттық аспаптарымызды неше топқа бөлген?

4Ұлттық аспаптық музыкалық өркендеу дәуірі қай ғасырда дамыған?

5Күйші, классик, шертпе күй мектебін қалаған композитор?

6Жыр- ән күйлер қай аймақта дамыған?

7Негізінде күйлер қай аспапта орындалған?




Күйлердің сөзін ішіп, сорғалатқан,

Бармақтан бал тамызып,жорғалатқан,

Тәтті күй жанның тілі, жігер, қайрат,

Қазағым, мақтана бер, соны тапқан...

Иса Байзақов








Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 29.01.2016
Раздел Музыка
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров264
Номер материала ДВ-393637
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх