Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Ашық сабақ "Қазақтың дастарханы" (7 сынып)
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Ашық сабақ "Қазақтың дастарханы" (7 сынып)

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дастарханы (1 слайд)

Сабақтың мақсаты: Білімділік-қазақтың ұлттық тағамдары туралы мәтінді оқып, мазмұнын айтып беру, сөз қорын байыту, еркін сөйлеу қабілетін дамыту,қосымша мәліметті тыңдап,сұрақтарға жауап беру, ой-өрістерін кеңейту.

Дамытушылық: оқушылардың шағын ғылыми жұмыстарын қорғау, слайд арқылы тағамның түрлерін біліп,сұрақтарға жауап беру.

Тәрбиелік: қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған және қастерлей білген.Асқа байланысты салт-дәстүрлерді,ырымдарды біліп,сыйлауға үйрету. Қазақтың дәстүрлерін құрметтеу,қазақтың дастарханына сүйіспеншілік сезімін арттыру.(2 слайд)

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ, қайталау.

Сабақтың типі : аралас.

Көрнекілігі:интерактивті тақта, суреттер, плакат.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық:Қайырлы күн! Сіздермен кездескеніме қуаныштымын.Бүгінгі сабағымызды бір-бірімізге жақсы,жағымды сөздер айтуды бастаймыз.Мысалы: Бүгін сен ерекше әдемісін. Мен саған сәттілік тілеймін.

2. Көрініс көрсету.

3. Грамматикалық тапсырмалар

4. Үй жұмысын қорғау.

5. Көрермендермен ойын.

Сабақ барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

- Әрбір халықтың өз тарихы бар. Сол тарихтан халықтың тыныс тіршілігінен хабардар боламыз. Көшпелі тұрмыста бақша егіп, мал шаруашылығымен айналысқан халқымыз да этнографиялық салтына қарай дастарханының да өзіне тән ерекшелігі бар. Сол ерте заманнан бері қазақ халқы өздері баққан малдың терісін, жүнін, етін, сүтін және тары, сұлы, күріш, арпа сияқты бақша дақылдарын ретімен өз тіршілігіне пайдалана біліп, тағам жасау өнерін де жақсы игерген. Қазақ халқы үшін дастарханнан, дәмнен үлкен еш нәрсе жоқ.

Қазы, жая, омыртқа, көмбе деген,

Қуырдақ, сүр, мипалау тәтті неден?

Қарта, төстік, жая, шұжық, жаужұмырдың,

Қазағым қасиетін ерте білген.

- Біздің бүгінгі сабағымыз қайталау сабақ, оқушылар « Ас-адамның арқауы» бөлімінен алған білімдерін қорытындылау мақсатында «Қазақтың дастарханы» тақырыбына ашық сабақ көрсетпекпіз.Қазақ қонақасы беруде қонақ тандауды,басқа ұлт,дін өкілдері деп бөлуді де білмеген, төрге шығарып,ашық қабақ танытқан,достық көңілін көрсеткен. Қазақ халқы қонақжай, бар тәуірін қонаққа деп сақтаған. Екі- үш қонақ көрпесі, екі- үш қойы тұрмаған шаңырақты қазақ тақыр кедей санаған. Ал бар бола тұра қонаққа қадір құрмет көрсетпеген кісіні «шық бермес шығайбай» атандырған.

-Иә қонақжайлылық, мейманды қабылдау, қонақасының жай- жапсарын жетік білу ата- бабамыздан қалған аса қастерлі салтымыз, дәстүріміз дей отырып орыс ертегісінің кейіпкері Бауырсақты ( колобок) ортаға қонаққа шақырамыз.


Бауырсақ: -Бәрекелді ! Мен сендерге ән айтып берейін бе?

Мен атамнан қаштым,апамнан қаштым,

Аюдан қаштым, қасқырдан қаштым.

Қояннан қаштым,

Сендерден де қашып кетемін!

Оқушылар: -Тұра тұр, бауырсақ! Төрлет,төрге шықІ Қонақ бол!

Бауырсақ:- Жақсы. Менің жұмбақтарымның шешімін тапсандар,мен сендермен қаламын.

Тақтада әшекейленіп жазылып тұрады. (3 слайд)

«Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды»

( Дастархан)

«Алыстан қарасан аппақ,

Татып көрсең тәтті-ақ»

( Қант)

«Бір сусын бар жұртымда,

Ішсең уыз ұртымда.

Бәрі содан шығады

Ірімшік, май,құртың да».

(Сүт)

«Онсыз астын дәмі жоқ,

Ассыз оның мәні жоқ».

(Тұз)

Бауырсақ: -Ал енді қазақ халқында асқа байланысты ырым-тиымдар,тұрақты сөз тіркестер,мақал-мәтелдер көп.Оқып оны қай кезде айтуға болады екенін дәлелдейміз. Өз ойларынды ортаға салындар. (4 слайд)

Ауызыңа май –(қуанғанда, риза болғанда.)

Ішкен асым батпайды,тамағымнан ас өтпейді- (уайымдағанда.)

Ішкен асын жерге қояды- (құрметтеу,сыйласу белгісі.)

Ауызынан ақ май ағып тұр- (тоқтық.)

Мақал-мәтелдер (5 слайд)

Таспен атқанды аспен ат. (Ас- бірліктің, татулықтың белгісі.)

Қазаны оттан түспейді. ( Ас отбасынын берекесін,дәулетін бейнелейді.)

Ас- иесімен тәтті,тағамымен жақсы. ( Қонақ келген кезде үй иесі қонақпен дастархан басында отыруға міндетті.)

  • Жарайсындар, балалар! Мен сендермен қаламын,сендерге қонақ боламын.

Мұғалім: -Рахмет! Қазақ халқы дастархан байлығына өте үлкен мән берген. Негізгі асы – сүт, ет және нан,нансыз өмір жоқ,сондықтан дастарханға алдымен нан қойылады. Ал,енді, тағамдарды түр-түрімен топтастырайық.Оқушылар тақтаға шығып топтастыра бастайды.


hello_html_m723b0848.png



hello_html_m5d955013.png


Нан тағамдары. Таба нан, бауырсақ,шелпек,самса,жұқпа.( 6 слайд)

Ет тағамдары.Шұжық, жал,жая, қуырдақ,қазы,қарта. (7 слайд)

Сүт тағамдары: қоспа,ірімшік,айран,шұбат,сүт, құрт,қымыз. (8 слайд)

Мұғалім: -Жарайсындар, балалар! Ал енді тақырыпқа байланысты грамматикалық тапсырмалар орындайық.


Тапсырмалар жазылған карточкалар:

1. Мына сөйлемді аудар:

Из мясо конины готовят казы, карта, жал. (Жылқының етінен қазы, қарта, жал дайындайды)

2. Баяндауыш қандай сұраққа жауап береді?(баяндауыш кім?не? деген сұраққа жауап береді)

3.Мына сөйлемді аудар:

Творог, курт, масло молочные блюда.(Сүт тағамдары рімшік, сүт, құрт, май.)

4. Мақал-мәтелдің аудармасын дұрыс айт:

Когда в семье лад, все вкусно подряд. (Тату үйдің тамағы тәтті)

5. Мақал-мәтелді аяқта:

Ат-адамның қанаты,

(Ас- адамның қуаты)

6. Сөйлем мүшелерін ата:

(Бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш)

7. Бастауыш, баяндауыш қандай сөйлем мүшелері? (тұрлаулы)

8. Толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш қандай сөйлем мүшелері?

(тұрлаусыз)

9. Қазақтың ұлттық дастарқанында тамақтардың негізгі үш түрі бар. Оларды ата? (ет, сүт, нан тағамдары)

10. Бауырсақ- сөзіне фонетикалық талдау жаса.

11. Қазақ тілінде неше шақ бар? Оларды ата: (өткен шақ, келер шақ, осы шақ)

12. Мына сөйлемді аудар:

В Казахстане есть санаторий где лечат кумысом. (Қазақстанда қымызбен емдейтін санаторий бар).

13.Түбірдің неше түрі бар.2 түрі бар. Негізгі,туынды

14.Зат, тамақ,қарт,сыйлау сөздеріне синоним келтіру.

Зат- (нәрсе,дүние,бұйым,жиһаз)

Тамақ- (ас,тағам,ырыс,дәм-тұз, ас-су)

Қарт- (егде,кәрі,мосқал,жасамыс,қартаң.)

Сыйлау- (құрметтеу,қадірлеу,қасиеттеу,қастерлеу,құндау)

Полиглот ойыны.Үш тілде сөйлейміз.

Еда -дәм – food

Мясо – ет – meet

Молоко- сүт- milk

Яйцо – жұмыртқа – eags

Хлеб –нан- bread

Соль –тұз- solt

Сок- шырын – juice

Вода –су- water

Тапсырма: мына мақал-мәтелдердің аудармасын дұрыс тауып,мәнін түсіндіріңдер.

1.Алты күн аш болсаң да 1.Там где пища,там нет болезни

атаңның әдетін қойма 2.Беззаботный сыт на одной воде.

2.Есебін тапқан екі асар. 3.И вода-еда,если отдуша подана.

3.Тату үйдің тамағы тәтті. 4.Праздничные блюда самые 4. Той тамағы тәтті. изысканные.

5.Сыйлап берсе,суын іш. 5.Когда в семье лад,всё вкусно подряд.

6.Қайғысыз қара суға да семіреді. 6.Экономный растянет еду на два раза.

7.Ас тұрған жерде ауру тұрмайды. 7.Даже в голодные дни не забывай

обычай предков.


Мұғалім: Ал енді мен үй тапсырмасын тексеремін. Қазқстанымыз көп ұлтты мемлекет.Біздің сыныбымызда да әртүрлі ұлттың оқушылары бар. Сондықтан сендерді алдын ала 3 топқа бөліп,әр топ дайындаған ғылыми жобаларынды қорғайсындар.( Слайдтар арқылы ) тапсырмаларды орындайсындар.

1 топ. Қазақ халқының асы.

2 топ. Орыс халқының асы.

3 топ. Поляк халқының асы.

Тапсырмалар:

  1. Ғылыми жобаларын қорғау.

  2. Әр ұлт өзінің мәзірін дайындау.

  3. Асқа,нанға байланысты өлеңдерді жатқа оқу.

Жатқа оқылатын өлеңдер.

1 топ. Алға жайып тұз дәмін

Келтіреді үй сәнін

Ол халқымның ақ жаны

Жақсы дәстүр маржаны

Кең пейілде арайлы

Дастарханда тарайды.


2 топ. Қазы,қарта,жал,жая,

Сүр ет, шұжық,балдай-ә!

Қақтыратын тандайды,

Қуырдағы қандай-ды!

3 топ. Нан- ардақты адал ас

Кәрі,жас одан аттамас.

Ақ дастархан үстінде,

Қол жумай оны ұстамас.

Нандай жоқ қой асыл дәм,

Жеп үйренген жасыңнан.

Дастарханнан нан кетсе,

Береке кетер асыңнан.

Болмандар, сірә, нанға тар.

Өмірдің алтын арқауы –

Нан қиқымын шашпаңдар,

Теріп,алып,қастерлеп.

Торғайларға тастаңдар.


Көрермендерге осы тақырыпқа байланысты мынадай сөздер таратылады.

(9 слайд)

Осы сөздерді үш тілге аудару.Нан, айран,ет,құрт, сүт, палау, шелпек.

Нан- хлеб- nan, айран- кефир- alran, ет- мясо- meat, құрт – курт – kurt.

Сүт – молоко – sun (milk),палау – плов- pilav, шелпек – шелпек – shelpek




Рефлексия


1.Осы тақырып бойынша қандай білім алдың ?

2.Нені білмеймін ?

3.Не білгім келеді ?


5 сынып оқушысы Матченя Анастасия «Қазақтың дастарханы»әнін орындап жатқанда,оқушылар шығып,қонақтарға бауырсақ ұсынады.


Мұғалім: -Туған халқым, өнерін ұрпаққа үлгі,(10 слайд)

Көңілі көктем, әрқашан жаны ізгі.

Салт- дәстүрі мирас болып, бізге жеткен

Асқан өнер жасампаз қалған мәңгі. - дей отырып «Қазақтың дастарқаны» атты ашық сабағымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көптен- көп рахмет! Сау болыңыздар!




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-420550

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"