Инфоурок / Технология / Другие методич. материалы / Ашық сабақ " Қазақтың ұлттық киімдері және өңдеу ерекшелігі"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Ашық сабақ " Қазақтың ұлттық киімдері және өңдеу ерекшелігі"

библиотека
материалов

Тақырып: Қазақтың ұлттық киімдері. C:\Users\4\Desktop\гс1111\Camera\20151209_121754.jpg

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық киімдері және өңдеу ерекшелігі.

Сабақ мақсаты:

Білімділік: оқушыларға қазақ халқының ұлттық киімдері, олардың түрлері және ою- өрнекпен өңделу ерекшеліктері туралы білімдерін жетілдіру.
Дамытушылық: оқушылардың ұлттық киім тарихын зерттеуге қызығушылығын, эстетикалық талғамын арттырып, ойын, қиялын дамыту. Алған білімдерін ізденіспен қолдана білуге, өз бетімен жұмыстануға дағдыландыру.
Тәрбиелік: қазақ халқының тарихына,ұлттық киімдеріне, салт - дәстүрі мен өнеріне, тілі мен әдебиетіне қызығушылықтарын арттыру және оларды құрметтеуге тәрбиелеу;
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ әдебиеті, жабдық, материалтану,үлгілеу.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, ұлттық киім үлгілері, слайд - суреттер, тапсырмалар;
Сабақтың әдіс - тәсілдері: баяндау - түсіндіру, пракикалық түрде көрсету, сұрақ – жауап.


Сабақтың барысы

Ұйымдастыру бөлімі : Оқушылармен амандасу, оқушылардың сабаққа қатысымын дайындығын тексеру, жаңа сабақтың мақсат - міндеттерімен таныстыру. 2-3 мин

Өткен сабақты қайталау : Қазақ халқының ою-өрнек түрлері мен түстері. /7-8 мин/


  1. Қазақ халқының ою-өрнектерінің негізгі мотивтері атаңыз және олар нешеге бөлінеді?

hello_html_m3e234338.gif C:\Users\4\Desktop\гс1111\Camera\20151209_120032.jpg


2. Тақырып бойынша суреттерді сәйкестендір.

1- сұрақ Жан-жануарлар ою-өрнектері жөнінде не білесің және оларды көрсет.

2- сұрақ Өсімдік тектес ою-өрнектер жөнінде не білесің және оларды көрсет.

3- сұрақ Космогониялық ою-өрнектерге жөнінде не білесің және оларды көрсет.

4- сұрақ Геометриялық ою-өрнектер және оларды көрсет.

hello_html_m64d29696.gif










3.Қазақтар түске әләументті мән берген, түстердің астарын ашу hello_html_695f7eae.gif

4.Ою-деген не?

5.Өрнек -деген не?

6. Қазақтар бояуды қайдан алған ?

Жаңа сабақты түсіндіру : 15минут /конспект жазу, түсіндіру/

Қазақ халқының ерлер киімдер түрлеріC:\Users\4\Desktop\гс1111\Camera\20151209_115930.jpg

Еркек киімдерінің ең қымбаттысы — аң терісінен істелген ішіктер. Олар бұлғын ішік, жанат ішік, түлкі ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бірнеше түрге бөлінген. Аң терісінен тігілген ішіктердің сыртын шұға, мауыт, барқыт, атлас, сияқты бағалы да ширақы маталармен тыстайды. Жарғақ, тайжақы деген тайдың, құлынның терісінен, жүнін сыртына қаратып тіккен бұйым. Шапан көбінесе жүннен дайындалып матамен  тысталады кейде сырып тігеді Мұндай шапанды «сырмалы шапан» деп атаған. Тон көбінесе иленген күздік қой терілерінен тігіледі. Тондардың жүндері ішіне қарайды, терісі қынамен, қабықпен, томар бояумен боялады.Шалбарды барқыт, пүліш, шибарқыт, ширақы маталардан, қой-ешкі терілерінен тігеді. Шалбар қалтасыз, кең балақ болып келеді. Оның кең тігілуі салт атқа мініп-тұруға, малдас құрып отыруға өте қолайлы болған.

hello_html_m3aa5ea9a.gif

hello_html_2d90d696.gif

Қазақ халқының әйелдер киімдер түрлері                          

Әйел киімдерінің әр алуан атаулар бар. Солардың ішінде қазақ елінің бәріне тән түрлері: көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, қамзол, кәзекей, кебіс-мәсі, көкірекше сияқты заттар. Олар қыз - келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен қарт бәйбішелердің киімдері. Қыз киімдерінің кеуделері тар, қынамалы, омырауы мен жаға-жеңдері кестелі, көйлектері қос етекті, бас киімдері үкілі, моншақты, аяқ киімдері биік өкшелі, жеңіл және қай киімі болса да алтын, күміс, меруерт моншақтармен әшекейленеді. Қыздар көбінесе құндыз бөрік, тақия киіп, шолпы тағып жүрсе егде әйелдер жаулық пен кимешек киген.


hello_html_m2166d967.gifhello_html_7bc7b3d2.gif

Қыздар мен жас әйелдердің ең бір сәнді киімі қос етек көйлек киге

Кимешек — қазақ әйелдерінің киелі бас киімі.Әдетте кимешек ақ матадаң немесе ақ жібектен молдау пішіліп, адамның басын, иығын, кеудесі мен жаурынын жауып тұрады. Кимешекке қарап әйелдердің шырайын, жас мөлшерін, тұрмыс-жайын, тіпті жүріс-тұрысына дейін анық ажыратып алуға болады екен. Апаларымыздың ұқыптылығы мен салақтығы да кимешегінен көрінетін. Кимешектің түрі мен тарихи тұрпаты сан-алуан.



hello_html_b1c6f76.gif

Сәукеле әйелдің бас киімдерінің ішіндегі ең әшекейлісіде күрделісі. Сәукелені ұзатылатын қыздар киген. Қалыңдық күйеудің еліне барғанда да сәукелесімен барған. Келіншек оны той өткенше киіп отырып, той өткен соң сәукелені іліп қойып, оның орнына бергекті желек киетін. Сәукеле төбесінің биіктігі екі сүйем, кейде одан да биік болады. алтын, күміс, меруерт, маржанмен, асыл тастармен өрнектеп, алтын жіппен әшекейлейді. Сәукеленің екі жақ самай тұсынан бетке жеткізе шолпы тәрізді ендіріп бірнеше қатар маржан тізілген салпыншақтарды бетмоншақ немесе сәукеленің бетмоншағы деп атайды


hello_html_17a88fd6.gif , 

Аяқ киімдері биік өкшелі, жеңіл және қай киімі болса да алтын, күміс, меруерт моншақтармен әшекейленген.

Ою өрнектерді құрлымы мен бояу үйлесімділігі бойынша бұйымға орналастыру /3мин/

Ою-өрнек көлемі ,киімнің жалпы түсімен,көлемімен салмағымен сәйкес келуі қажет бұйымды сәндеу кезінде өрнектердің түстерін ашық түстермен жасалуын ескеру керек.

Оюды таңдағанда үш бағытты ұстаған;

  1. Түстер мата мен оюдың өңін ашып көрсету,яғни қарама қарсы.

Мыс:ақ матаға қара ою,қызыл матаға жасыл ою.

  1. Түстерді таңдағанда : қызылға-сары ою жапсырылады, қараға-жасыл, көкке қызыл, қызылға әр түрлі ою өрнектер жапсыруға болады.

  2. Тектес түстер бірін-бірі толықтыру үшін қолданады.

Ою өрнектің киімге салыну жолдары:

Ою өрнектер киімге кестелеу,жапсырмалау арқылы түсіріледі.Жапсырма оюлар той жиынға,салтанатты киімге жапсырылады.Күнделікті той киіміне жапсырма жапсырыла бермейді.Омырауда,кеудеде,өңірге,иыққа орналасады.Назарды өзіне аудару үшін.Жапсырмаға алтын,күміс ,паршалар таңдалады.Жапсырма пішімі сәнгердің,тігіншінің ойлау қабілетіне байланысты


Жапсырма орындау техникасының 3 түрі бар.

1-түрі:

  • 1 Матаға оюды түсіру

  • 2 Парча матасын желімдеу

  • 3.Негізгі матаға көктеп,оюды машинамен тігу./Зиг-заг/

  • 4.Оюдың шеттерін қиып алу.

  • 5.Оюды баса үтіктеу

2-түрі.

1 Өрнекті парча матасынан кесіп алу.

2 Негізгі матаға жие етіп қол тігісімен тігу.

3 Өрнектің шетін бау, таспамен әрілеу.

3-түрі

  • 1 Өрнекті матаға бастырып қиып алу.

  • 2 Өрнекпен полиэтиленді бірдей етіп кесіп алу.

3 Негізгі матаға үтік арқылы жабыстыру

  • Соның ішінде 1-түріне тоқталамыз/ видио жүріп жатады/үлгі арқылы оқушыларға көрсету /5-мин/ Қауіпсіздік ережесін сақтауды ескерту. /машинадаға,үтіктегі, қол жұмысындаға/

  • 1Негізгі матаға қатырма жабыстыру /үлгіден көрсету/

  • Оюды түсіру /үлгіден көрсету/

  • 2 Парча матасын желімдеу /үлгіден көрсету/

  • 3.Негізгі матаға көктеп,оюды машинамен тігу./Зиг-заг/ /машинамен тігіп көрсету/

  • 4.Оюдың шеттерін қиып алу. /қиып көрсету/

  • 5.Оюды баса үтіктеу

  • hello_html_734c71d.gif

Жаңа сабақты бекіту / музыка ойнап турады/ 15минут

Оқушылар ою өрнектің киімге салыну жолдарын кім айтады

/пішінді бөлшектер алдын-ала дайындалған/C:\Users\4\Desktop\гс1111\Camera\20151209_115953.jpg

1 -оқушы Негізгі матаға қатырма жабыстыру /оқушы жабыстырып көрсетеді/

2--оқушы Оюды түсіру/дайын үлгіге оюды бастырады/

3- Парча матасын желімдеу/үлгіден көрсету/

4-- оқушы Негізгі матаға көктеу/оқушы көктеп көрсетеді/

5- оқушы оюды машинамен тігу./Зиг-заг оқушы машинамен тігіп көрсетеді /

6- оқушы Оюдың шеттерін қиып алу. /оқушы шеттерін қиып көрсету/

7- Қазақ халқының ерлер киімдер түрлері

8- Қазақ халқының ерлер киімдер түрлері

9. дайын үлгі көрсету


Үйге тапсырма :Ұлттық киімдерді толықтырып реферат жазу. оқып түсінгенін айту.берілген оюларды матаға тігіп келу.


Қортындылай келе осы сабақ арқылы  оқушыларға  қазақтың ұлттық киімдері туралы мағлұмат бере отырып, ұлттық киімдермен таныстырып өттім. Сонымен қатар ою-өрнектерге және оның түстеріне, қай бұйымда қолданатына, қалай өңдеуге болатынын тәжірбие жүзінде көрсетіп мағлұмат бердім.  Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып ,одан әрі өз беттерімен ізденіп,жұмыстануға бағыт бердім, үйірме және қосымша сабақтарда ою-өрнектерді тігіп үйренуге тапсырма бердім. C:\Users\4\Desktop\гс1111\Camera\20151209_105632.jpg














Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-565053

Похожие материалы