Инфоурок Классному руководителю Рабочие программыАшық сабақ: Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа»

Ашық сабақ: Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа»

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа»

Сабақтың  мақсаты:
Білімділік:
О
қушыларға жазушының өмірін, әлемге танылған шығармасы туралы білімдерін тереңдету,
Дамытушылық:
Шығарманы талдата отырып, оқушылардың ой –
өрісін дамыту, сабаққа деген қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Тәрбиелік:
Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке,  Жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
ашық сабақ
Сабақтың әдісі: жинақтау, талдау, бекіту сабағы
Сабақтың көрнекілігі:  Б.Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” кітабы, слайд арқылы кесте
Сабақтың өтілу жоспары:
1. Мынау кім?
2. Бұл қай сәт?

3.  Суретпен жұмыс
4. Теріп алу стратегиясы
5. Ой тастау
6. «Егер де Қожаның орнында болсам» ой толғау
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
а)Оқушыларды түгендеу;
ә)Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығын бақылау;
б)Оқушыларды топқа бөлу. Оқушыларға уш түрлі түсті гул ұсыну арқылы оқушыларды сол тус арқылы топқа отырғызу.

в)Шаттық шеңбері (Бір-біріне тілек айту)
2. Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықтарын ояту

Менің атым Қожа
— Ал, енді, балалар, Менің атым Қожа шығармасының авторын білесіңдер ме?

(балалардың жауабы)

Ендеше, біз бүгін, Бердібек Соқпақбаевтің «Менің атым Қожа» шығармасымен танысамыз. Алдымен ассоциация әдісін құру арқылы автормен танысып алайық.

Бердібек Соқпақбаев – қазақ балалар жазушысы. Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы Алматы облысы қазіргі Нарынқол ауданы Қостөбе ауылында дүниеге келді.

Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Бірінші жыл ауылда мұғалім болып еңбек етті. «Қазақфильм» киностудиясында редактор болып, «Қазақ әдебиеті», «Балдырған» басылымдарында қызмет етті. Кейін Қазақстан жазушылары одағында балалар әдебиеті бойынша әдеби консультант қызметін атқарды.

Ата-анасынан ерте айырылған ол кісілердің қолында жүрген. Балалық шағындағы басынан өткен қиындықтар мен жоқшылық жайлы «Балалық шаққа саяхат» кітабында бейнеленген. 1950 жылы «Бұлақ» атты тұңғыш жинағы шықты. Балаларға арнап «Менің атым Қожа», «Аяжан», «Гауһар», т.б. повестер, «Кездесу», Бозтөбе» поэмаларын жазған. Қазақфильм киностудиясында «Менің атым Қожа» повесі бойынша фильм түсірілді.

Оның сценарий бойынша қойылған «Менің атым Қожа» фильмі Францияның Канн қаласында жасөспірімдерге арналған халықаралық кинофестивалінің жүлдесіне ие болды.

1.     Бердібек Сокпақбаев кім? Ол қандай жазушы?
“… Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан өз басымнан кешкенді, өзім байқап-түйгендерімді, өз айналамды дорбалап жинаймын. Бір сөзбен айтсам, өзін жазатын жазушымын. Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсайды.”

Жазушының қандай шығармалары бар?
— «Менің атым Қожа» («Өзім туралы повесть»), «Жекпе-жек», Қайдасың, Гаухар?», «Өлгендер қайтып келмейді», «Аяжан», «Балалық шаққа саяхат», «16 жасар чемпион», «Алыстағы ауылда» және т.б.

3. «Менің атым Қожа» фильмі туралы не білесіңдер?
Менің атым Қожа
Шыққан жылы: 1963 жыл
Әңгіменің  авторы: Бердібек Сокпақбаев
Фильм туралы: Барлық мектепке аты шулы «сотқар» Қожа, бар ынтасын салып, жақсы болуға тырысады. Әкесінен жетім қалған Қожаберген, үйлеріне келіп жүретін, Қаратайдан шешесін қызғанады. Досы Сұлтан екеуі неше түрлі қызық оқиғаларды бастарынан кешіп, көрермендерді талай рет қуантады. Ауылда беделі жоғары болған Қадырдың баласы, Қожа, әкесінің абыройын «шелектеп» төктім деп уайымдайды. Дегенмен, Қожа – ашық мінезді, арам пиғылы жоқ, ақкөңіл бала.
Жаңа сабақты меңгерту
Балалар, сендер «Менің атым Қожа» фильмін көрдіңдер ғой, иә. Ендеше, мен сендерге жаңа сабақтың тақырыбын нақтылау мақсатында «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсетемін.

(Менің атым Қожа» фильмінен үзінді)

Сонымен, балалар, біз Бердібек Сокпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесімен танысып шықтық. Енді сабақты қаншалықты меңгергенімізді байқау үшін өтілген барлық тараулар бойынша бірнеше тапсырмалар орындап көрейік.

Мынау кім?
1. Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап – сыпсыңдағыш кім? (Жантас)
2. Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз. (Қожа)
3. Біз екеуміз таныс шығармыз деймін? (С. Майқанова)
4. Мүмкін орныңа барып айтатын шығарсың? (А.Михайловна)
5. Мен сенің әкеңе қарыздар адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр. (Мектеп күзетшісі Сәйбек қарт)
6. Келесі сабаққа қайыссың бақа ұстап әкелесіңдер? (Зоология пәнінің мұғалімі Оспанов)
7. “Сен оқуды тастасаң, маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ жет. Мүмкін кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың.Сонда маған шапағатың тиер.” (Сұлтан)

Бұл қай сәт?
1.“Төбемнен шатыр етіп жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті. Ох, шіркін-ай!”

(Орыс тілі пәні мұғалімі Анфиса Михайловнаның сабақ сұрап жатқан сәті)
2.“Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін”.

(Бақа оқиғасынан кейін апасымен кездесер сәт)
3.“Маңдайымнан буым бұрқырап, есік алдына шықтым. Сәйбек көрінбейді. Омырауымды ағытып, желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен?
Мектептен шынымен-ақ шығара ма? ”

(Директордың кабинетінен шыққан сәті)

4.                 Терезенің тұсында мектептің бағы бар. Осыдан бес, алты жыл бұрын өз қолымызбен отырғызылған теректер. Бір теректің басына маймылша өрмелеп шығып алдым. (Пед. Кеңес болып жатқан сәт)
5. Қоңырау әлі бола қоймаған. Сол кезде басыма сап етіп, бір қызық ой келе қалды. Кішкентай бақаның бірін Майқанованың сөмкесіне сүңгіттім де жібердім. (Сөмкеден бақаның шыға келу сәті)

6.«Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін»
(Бақа оқиғасынан кейін мамасымен кездесер сәт )
7. Аузымды түтінге толтырып алып, жұтып кеп қалғаным сол екен бір керемет улы газ өңешімнен шеңгелдеп ала кеп түсті. Жер дүние төңкеріліп бара жатты. (Қожаның темекі тартқан сәті)
Суретпен жұмыс

— Балалар, қазір экранға фоталар шығады. Сол адамдарға сипаттама бер? Олар кімдер?

  1. Қожаның суреті
  2. Майқанованың суреті
  3. Жанардың суреті
  4. Сұлтанның суреті
  5. Қаратайдың суреті
  6. Жантастың суреті
  7. Әжесінің суреті
  8. Анасының суреті
  9. Оспановтың суреті

“Теріп алу” стратегиясы (Дәптермен жұмыс)
алғыр, пысық, өтірікші, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, әділетті, ақын, әзілқой, арамза, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі, жағымсыз
Қожа – алғыр, пысық, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, әділетті, ақын, әзілқой, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі.
Жантас – өтірікші, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, арамза, жағымпаз

Қожаның жағымды жақтары (Тақтамен жұмыс)

Қожаның жағымсыз жақтары
Тәртіпсіз
Аңқау
Өтірікші
Сотқар

Ой тастау
Қалай ойлайсыздар, әдепті жолға түсуіне не себепкер? Анасын аяуы ма, Сәйбек қарт, Оспановтар айтқан естеліктер ме, Майқанованың педкеңестен шығып бара жатып айтқан сөзі ме?
«Егер де мен Қожаның орнында болсам» ойтолғау
Үй тапсырмасын беру
“Балалық шаққа саяхат” тақырыбына эссе жазып келу
Қорытынды

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ: Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа»"
  • Скачать материал
    • 15.06.2016 4857
    • DOCX 42.5 кбайт
    • 62 скачивания
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Канапиянова Гульнур Бегалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Подробнее про автора
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 115577
    • Всего материалов: 9

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 458 551 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Специалист по управлению персоналом (HR-менеджер)

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 900 человек из 75 регионов

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 17 регионов

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 20 регионов