Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Ашық сабақ. "Балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылардың көктемгі тіршілігі"3-сынып.

Ашық сабақ. "Балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылардың көктемгі тіршілігі"3-сынып.



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылардың көктемгі

тіршілігі.

Сабақтың мақсаты:

а)Оқушыларға балықтар,қосмекенділер және жорғалаушылардың көктемгі тіршілігі туралы білім беру,оқу дағдысын жетілдіру,оларды саналы түсініп,дұрыс оқуға машықтандыру.

ә)Оқушылардың таным белсенділігін арттыру, ойын, сөздік қорын,тілін дамыту.

б)Балықтарды,қосмекенділерді,жорғалаушыларды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын әдісі.

Сабақтың көрнекілігі:суреттер,слайдтар

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2.Үй тапсырмасын тексеру.(Сұрақтарға жауап алу.)

-Салқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп,көктемде қайта ұшып келетін құстарды қандай құстар деп атаймыз?

-Жыл құстарына қандай құстар жатады?(Құстардың аттарын атау.)

-Жыл құстарының туған жерлеріне оралғаннан кейінгі тіршілігі туралы не айта аламыз?

-Құстардың пайдасы бар ма?

-Құстарды қалай қорғаймыз?

-Халқымыз осы құстардың келуіне,кетуіне қарап қандай болжамдар жасаған? т.б

1.Қарлығаш жоғары ұшса,күн жылы болады,ал төмен ұшса жаңбыр жауады.

2.Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса,су тасқыны болады.

3.Құс жүнін үрпитсе,жаңбыр жауады.

4.Шағала келсе,сең бұзылады.

5.Жыл құстары қаптап келсе,көктем ерте келеді.т.б

4.Үй тапсырмасын қорытындылау.Құстардың ұқсастығын, айырмашылығын ажырату.(Венн диограммасы)

Ұқсастығы Айырмашылығы

Ұшады Тұмсықтары

Ұя салады Дене пішіндері

Жұмыртқалайды Дауысы

Балапан басады Түсі әр түрлі

Қоректендіреді

Жауынан қорғанады

3.Жаңа сабақ.

-Оқушылар ,бір жылда неше мезгіл бар?

-Қазір қай мезгіл?

-Көктем.

-Көктемде табиғатта болатын өзгерістер туралы не айтасыңдар?

а)Балықтардың, бақалардың, кесірткелердің, жыландардың суреттерін көрсете отырып,жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.(1 слайд)

Күннің жадын,тақырыпты жаздыру.

б)Слайдтағы суреттерді көрсете отырып,тақырыпты түсіндіру.

(Балықтардың суреттерін көрсете отырып,балықтардың түрлері,оның көктемгі тіршілігі туралы түсінік беру.(2 слайд)

Күн жылынып,көктем келісімен су бетінің мұзы ериді, жер де жылына бастайды.Осы кезде балықтар,бақалар,кесірткелер,жыландар өзге тіршілік иелері секілді өз тіршіліктерін жалғастырып,көбейеді.Балықтардың жұмыртқасын «уылдырық» деп атайды.Олар уылдырығын суға шашады.Уылдырық күн өткен сайын үлкейіп,шабаққа айналады.Шабақтар үлкейіп балыққа айналады.Ал балықтар су өсімдіктерімен,майда жәндіктермен,ірі балықтар ұсақ балықтармен қоректенеді.

(Бақаның суретін көрсете отырып,бақа,оның көктемгі тіршілігі туралы түсінік беру.

(3 слайд)

Бақаны « қосмекенді» дейді.Бұл сөз «бақаның екі мекені бар-суда да жерде де мекендейді» дегенді білдіреді.Бақа-басы жалпақ,аяғы талтақ,қимыл-қозғалысы тез жануар.

Бақалар қыс бойы су түбінде ұйықтап,көктемде оянып,көбеюге кіріседі.Бақалардың аталықтары қатты құрылдайды.Аналықтары жұмыртқасын балықтар секілді суға шашады.Бақалардың да жұмыртқасын «уылдырық» деп атайды.Күн жылынғанда бақаның кішкентай уылдырықтары тез өсіп,итшабаққа айналады.Итшабақтар су түбіндегі балдырлармен,су жәндіктерімен қоректенеді.Күн жылыған сайын итшабақтар тез өсіп,бірінші артқы ,содан соң алдыңғы аяқтары пайда болады.Кейіннен құйрықтары тартылып итшабақтар жас бақаға айналады да, судың жағасына шығады.

Қосмекенділер құрт-құрмысқалар мен шыбын- шіркейлермен қоректенеді.Ал өздері

балық, бауырымен жорғалаушылар, құстар, кейбір аңдарға қорек болады.

-Оқушылар, мынау ненің суреттері?(4 слайд)

-Кесірткелер,жыландар.

-Дұрыс айтасыңдар.

-Ал осы кесірткелер мен жыландарды неліктен жорғалаушылар деп атаймыз?

-Себебі,олар бауырымен сырғып,жорғалайды.

-Дұрыс айтасыңдар .(Кесіркелер жыландар туралы мәлімет беру)

-Кесірткелердің түрлері өте көп.Кесірткелердің көптеген түрі жерде жүреді, ағашқа ,бұтаққа өрмелей алады. Құмға батып кететін түрлері де бар.Кесірткелердің

де көпшілігі жұмыртқалайды.Кесірткелер жұмыртқаларын күн көзі жақсы

қыздыратын жерге салады. Кесірткелердің арасында жемін күндіз де,түнде де аулайтын түрлері бар.Олар түрлі жәндіктермен,өрмекші ,құрттар,құстардың жұмыртқаларымен ,бақа,жыландармен қоректенеді.Кесіткелер ауыл шаруашылығына

зиянды жәндіктерді жеп пайда келтіреді.Кесірткелердің терісінен түрлі бұйымдар

жасалады.Кесірткелердің кейбір түрлері улы болады:Оларды көп аулаған.Сондық-тан олардың саны азайып, «қызыл кітапқа»енген.

-Балалар,мына суреттен нелердің суреттерін көріп тұрсыңдар?(5 слайд)

-Жыландардың.

-Ал осы жыландардың барлығы бірдей ме?

-Жоқ

-Әрине жыландардың да түрлері өте көп.Оларда әр түрлі.Жыландардың сыртқы

құлақ (есту) тесігі болмайды.Сондықтан жыландар ауадағы дыбыстарды естімейді.

Тілі ұзын, ұшы-айыр болады.Кейбір жыландар улы,ал кейбіреулері усыз болады.Улы

жыландардың үстінгі жақтарында улы тістері болады.Ал усыз жыландарға тістері тек

өз жемтіктерін ұстау үшін қажет балады.

в)Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді тізбектей оқыту.

г)Дәптермен жұмыс.Сөздік жазу

Уылдырық-балықтың және бақаның жұмыртқасы.

4.Сергіту сәті.

Ойын. «Сәйкесін тап»(6 слайд)

Балық------жүзеді.

Бақа------- секіреді.

Жылан------- ысылдайды.

Кесіртке------- жорғалайды.

Құстар------- ұшады.

д)Шығармашылық тапсырма.Мақалдардың жалғасын табу,мағынасын ашу.

1-қатар.Балық басынан ... .

2-қатар. Жылы-жылы сөйлесең, жылан ... ... .

3-қатар.Тыныш жатқан жыланның ... ... .

5.Сабақты « Балық аулау» ойыны арқылы қорытындылау.

(Әр балықтың артында жазылған сұрақтарға жауап алу.)

1-балық.-Балық,бақа,кесіртке,жыландар қалай көбейеді?

2-балық-Бақаны неге қосмекенді деп атаймыз?

3-балық-Балық пен бақаның жұмыртқасын не деп атайды?

4-балық-Балық пен бақа уылдырығын қайда шашады?

5-балық-Кесіртке мен жылан жұмыртқасын қандай жерге салады?

6-балық-Бақалар немен қоректенеді?

7-балық-Кесіртке, жыландар немен қоректенеді?

6.Үйге тапсырма.

Мәтінді оқып мазмұнын айту,суреттерін салып келу.

7.Бағалау.

Сабаққа жақсы қатысқан оқушылар мадақталып,бағаланады.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 10.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров697
Номер материала ДВ-143441
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх