Инфоурок ИЗО, МХК Другие методич. материалыАшық сабақ Бейнелеу өнері "Менің сүйкті ерегім" (4 сынып)

Ашық сабақ Бейнелеу өнері "Менің сүйкті ерегім" (4 сынып)

Скачать материал

Зеленов ауданы

Макаров жалпы орта білім беретін мектебі

 

 

 

 

 

Ашық  сабақ

 

 

 

           Сабақтың тақырыбы:

   

Иллюстрация
«Менің сүйікті ертегім»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Өткізген: жас маман

бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі

Қыдырсиқов Мерболат Нұржанұлы

 

 

 

 

 

 

2015-2016 оқу жылы

 

 

Сабақ: № 17.           Күні: 14.01. 2016 жыл

Пәні:  Бейнелеу өнері

Сыныбы: 4

Сабақтың тақырыбы: «Менің сүйікті ертегім»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға бейнелеу өнеріндегі ертегілер кейіпкерлері туралы               

жалпы мағлұмат беру, тақырыптың мәнін ашып түсіндіру.
Дамытушылық: оқушылардың танымдық қасиетін дамыту, логикалық ойлау, 

дұрыс сөйлеу, есте сақтау, ойдан құрастыру қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, кезеңдер бойынша суретті

тез әрі оңай салуға дағдыландыру. 
Сабақтың көрнекілігі: Суретшілердің шығармалары, презентация,

                                            графикалық материалдар.

Сабақтың құрал –жабдықтары: Сурет альбомы, акварель бояғы, қылқалам, су құятын ыдыс, қарындаш, өшіргіш. 

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 

Сабаққа жалпы дайындықтарын тексеру, оқушы назарын сабаққа аудару, сыныпта жоқ оқушыны белгілеу.

II.Өткен материалды қайталау:

Танымдық ойын. Сөзжұмбақ «Ертегі».Сұрақтары: 
- Қазақстанның халық суретшісі. (Қастеев) 
- Композицияның қазақша мағынасы. (Үйлестіру) 
- Елімізді қорғаған бабаларымыз. (Батыр) 
- Бояу түсі. (Рең) 
- Бейнелеу өнерінің бір түрі. (Графика) 
- Он саусағынан өнер тамған халық шеберлері. (Қолөнер)

      III.Жаңа материалды меңгерту:

 

Әлем халқы ертегіге өте бай.Әдеби шығармалардағы кейіпкерлер мен ондағы оқиғаларды көз 
алдына елестетіп, бейнелеу онша оңай емес, бірақ өте қызықты. Ол шығарманы терең, шығармашылық қызығушылықпен оқып шығуды талап етеді. 
Әр бір халықтың үміт тілегі, аңсаған арманымен бірге жасасып келе жатқан ғажайып ертегілері баршылық, яғни ертегі- адам қиялының қазынасы, халық шығармашылығының бір көрінісі. Енді суретшілердің сан алуан ертегілерге жасаған көп иллюстрацияларының кейбіріне назар аударайық. Еліміздің белгілі суретшілері ертегілерге иллюстрация жасауға –да аянбай ат салысып келеді.Иллюстрация дегеніміз- ертегі мазмұнына арналып салынған сурет. 
Ертегіні балалар ес кіргеннен бастап тыңдап, есейгенге дейін оқып, үнемі қызықтаумен болады. Ертегі баланы еркін ойлауға, армандап қиялдауға, шындықты танып- білуге баулиды. 
Ертегілер жанрлық ерекшелігіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Олар: хайуанаттар туралы ертегілер, қиял- ғажайып ертегілер және тұрмыс –салт ертегілері. Ертегінің мазмұнына арнап иллюстрация жасағанда мына талаптар ескеріледі (тақтаға тізімі ілінеді). 
1. Ертегідегі басты кейіпкерлерді анықтап,оларды жеке 
парақтарға жобалап іздеу. 
2. Ертегі ішіндегі ең қызықты уақиғадан сюжеттік көріністер 
жасау. 
3. әр түрлі мазмұнда ізделген ертегі көріістерін бір жүйеге 
келтіріп, композициялық құрылымын айқындап барып қағаз бетіне түсіру қажет. 
4. Ертегіге арналып салынған иллюстрация ертегінің мазмұнын 
ашуға ықпал жасауы керек. Оның түрлі –түсті бояулары ашық-жарқын болуға тиіс. 
Енді осы талаптарды сақтай отыра жұмыс жасауға кірісейік. ( ертегі мәтінін таратамын). 
Тапсырма: өздеріне берілген ертегі немесе еркін тақырыптағы ертегі кейіпкерлеріне иллюстрация жасау. 

- ертегілер ерекшелігіне қарай неше топқа бөлінеді? 
- біз бүгін қандай ертегілерге иллюстрация жасадық? 
- иә, бірақ біз жұмысты қандай талаптарды сақтай отырып 
орындадық? 
- біз бүгінгі ертегілерде кездескен кейіпкерлерден жағымды , 
жағымсыз кейіпкерлерді тауып, олардың не үшін жағымды, не үшін жағымсыз екендігі жайлы сұрап, өмірмен байланыстыра отырып әр адам тәртіпті тәрбиелі білімді болу керек екендігін айтып сабақты қорытындылаймын. 

III. Қорытынды. Сабақ соңында оқушылардың білімдерін бағалап, үйге төмендегідей 
тапсырма беремін: әр оқушы ойдан ертегі құрастырып, сол ертегіге иллюстрация жасауы керек. 
Күн, ай және қораз. 
Бұл өте ертеде болыпты, содан бері қанша жыл өткенін есептеп айтуға сан жетпейді. Ағайынды үшеу: Күн, Ай және Қораз аспанда өмір сүріпті. 
Бірде ең үлкен Күн адамдарға жарық, сәуле шашуға кеткенде, үйде Ай мен Қораз қалыпты. Ай барып тұрған сотанақ екен. Қоразға тыным бермей, ақыры тәжінен ұстап алып, Жерге тастап жіберіпті. 
Қайта оралған Күн болған оқиғаны біліпті. Ойланып отырып, Айға былай депті: 
«Менің байқауымша сенің ешкімменде сыйысып, тыныш отыра алатын түрің жоқ екен. Қайтып бетіңді көрмейін! Бұдан былай мен аспанда күндіз ғана жүремін, ал сен тек түнде ғана шығасың». 
Содан бері Қораз қызарып шығып келе жатқан Күн ағасын көргенде: Ку-ка-ре-ку!-деп шақыратын болыпты. Онысы: Қайырлы таң, мейірімді аға!,-дегені екен. Ал Күн батып, Ай көріне бастағанда, Қораз үйшігіне тезірек кіріп алуға асығады екен. 
Арыстан мен түлкі. 
Арыстан қартайды. Аңдарды бұрыңғысындай аулай алмайтын болды. Енді аңдарды айламен аулағысы келді. Өзі үңгірде жатып: 
- Аурумын, жүруге әлім жоқ, - деп барлық аңдарға хабар таратты. 
Арыстан өзінің халін білуге келген аңдардың бірін де қайтармады. Бәрі де арыстанға жем болды. 
Бір күні түлкі үңгірден алысырақ тұрып: 
- Халіңіз қалай, тақсыр ! – деп көңілін сұрады. 
- Халім нашар. Неге жақынырақ келмейсің?- біраз сөйлесейік, - дейді арыстан. 
Түлкі: 
-Мен саған жақын барар едім-ау, бірақ саған кірген із бар да, шыққан із жоқ, соңдықтан кіруге қорқып тұрғаным!- деп жүріп кетіпті. 

Көктем сәні. 
Таң атты. Барлық жан-жануар ұйқыдан оянды. Қартайғандікі ме, аң патшасы Арыстан керіліп, созылып кешеуілдеп тұрды. Жайнап тұрған далаға көз салып, көңілденіп сала берді. 
-Жар салдыр, -дейді жолбарысқа. - Аң біткен жиналсын! 
Арыстан үйшігінің алдына аң біткен шүпірлеп толып кетті. 
-Бәріне бір сұрақ беремін, -дейді Арыстан. 
-Көктем сәні неде? 
-Жасыл желек, тоғай - деді Жолбарыс. 
-Тау мен тас, дала – деді Қасқыр. 
-Ашық аспан, салқын самал - деді Аю. 
-Шалқыған көңіл, шаттың шуақ - деді Түлкі 
-Күлкі, жігер –деді қоян. Сол уақытта елік орнынан лып етіп тұрып: 
- Мен айтатын ештеңе қалған жоқ, меніңше, 
Көктем сәні осы айтылғандардың бәрі. Солардың бәрін қосақ, көктемнің сәні шығады. Еліктің сөзіне бәрі қол соғып, риза болды. 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ Бейнелеу өнері "Менің сүйкті ерегім" (4 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заместитель директора

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 557 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.02.2016 2996
    • DOCX 4.5 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кыдырсиков Мерболат Нуржанович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 36696
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Изобразительное искусство: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель, преподаватель изобразительного искусства

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 929 человек из 77 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 760 человек

Курс повышения квалификации

Изобразительное искусство: анализ и интерпретация произведений

72 ч.

1750 руб. 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 44 человека

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Изобразительное искусство")

Учитель изобразительного искусства

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Возрастные кризисы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективность обучения школьников на уроках литературы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Совместимость современных ценностей и классической поэзии

Перейти к трансляции