Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Ашық сабақ биология пәнінен "Бактериялардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы"(6 сынып)

Ашық сабақ биология пәнінен "Бактериялардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы"(6 сынып)

  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Бактериялардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Бактериялардың қоректенуі, тыныс алуы бойынша жіктелуі, олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы, биотехнология, ауру тудыратын бактериялар және олармен күресу шаралары туралы түсінік беру, жаңа терминдерді түсіндіру.
2.Дамытушылық: Оқушылардың теориялық және логикалық ой - өрісін дамыту, танымдық құштарлықтарын арттыру, бактерияларды салыстыру, жүйеге келтіру арқылы өздігінен шешім қабылдау, суреттер арқылы дәлелдеу.
3.Тәрбиелік: біржасушалы организмдер ретінде бактериялардың маңызы туралы түсіндіре отырып, бактериялар тарататын аурулардың алдын үшін гигиеналық ережелерді орындап, салауатты өмір сүруге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, кесте, , суреттер, кеппешөптер, бейнефильм.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақ әдісі: ойын әдістері, салыстыру, топтастыру, сипаттау.
Сабақта пәнаралық байланыс: Медицина, технология, экология.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру: Сыныпты сабаққа дайындау, оқушыларды есепке алу.

Оқушыларды өтілген сабақтар сұрағы бойынша топқа бөлу.

Сергіту сәті.

I топ «Вирустар» II топ «Бактериялар» III топ «Саңырауқұлақтар»

Жасушасыз құрылым, Жасуша ішінде тіршілік ететін паразит, Латынша «у» деген сөз

Бактериофаг, Тірі жасушадан тысқары тіршілік ете алмайды, Грекше «таяқша» деген сөз

Спора түзеді, Сапрофиттер және паразиттер, Әрбір 20 минут сайын бөлінеді, Ядросыз ағза

Ядролы ағзалар, Қор заты – гликоген, Микология, Біржасушалы, көпжасушалы

II:Ой қозғау.

1 тапсырма. «Зымыран сұрақтар»
1) Бактериялар қандай организмдер?
2) Бактерия жасушасының құрылысының қандай ерекшеліктері бар?
3) Эукариоттар қандай организмдер?
4) Қандай оаганизмдердің жасушасында ядро болмайды?
5) Бактериялардың формалары қандай болады?
6) Олардың қозғалысқа келтіретін органоидтері бола ма?
7) Бактериялардың мөлшері қандай?
8) Бактериялар қалай қоректенеді?
9) Сапрофит бактериялардың қоректену ерекшелігі неде?
10) Паразит бактериялар қалай қоректенеді?
11) Олар қалай тыныс алады?
12) Бактериялар қалай көбейеді?
III. Мағынаны тану.

Оқулықпен жұмыс – 3 мин..

Постер қорғау.
I топ – Топырақ бактериялары

II топ – Шіріту бактериялары

III топ – Көк-жасыл балдырлар

Бейнефильм. «Бактериялардың адам өміріндегі және табиғаттағы маңызы.»

V.Толғаныс.

1-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

1.Ұсақ ағзалардың ғылымда жаңалық ретінде ашылу тарихы ............ есімімен

байланысты.

2. ................... ұсақ ағзалар туралы ғылым.

3. Жасушасының құрылысына қарай бактериялар ................. болып табылады.

4. Сыртқы пішініне қарай бактериялар ............................ тәріздес болады.

5. Қоректенуіне қарай бактериялар ................ және ............. болып бөлінеді.

6. Бактериялар екіге .................... арқылы көбейеді.

7. Тіршілігіне қолайсыз жағдай түғанда, олар .................. түзеді.

8. Адамдарды ауруға шалдықтыратын бактерияларды ............... деп атайды.

2-тапсырма. Вирустар мен бактерияларды салыстыру. Венн диаграммасы
Вирустар Ұқсастығы Бактериялар

3-тапсырма. Дұрыс пікірді анықтаңыз: Иә, жоқ.

  • 1. Прокариоттарға жатады.

  • 2. Споралардың көмегімен көбейеді.

  • 3. Барлық жерде кездеседі.

  • 4. Жасуша ішінде тіршілік ететін паразит.

  • 5. Біржасушалы ағзалар.

  • 6. Жасуша қабықшасы, цитоплазма, оқшауланбаған ядродан тұрады.

  • 7. Жасушасы жоқ кішкене бөлшек.

  • 8. Қоректенуіне қарай сапрофиттер және паразиттер болып бөлінеді.

Сұрақ-бізден, жауап – сізден. Жеке жұмыс.

  • 1 г қара топырақта:

  • Орамжапырақ ашытуға, шөптерден сүрлем жасауға пайдаланылаты бактерия:

  • Сірке қышқылы бактерияларынан алынатын сірке суы не үшін қолданылады?

  • Спирулина цианобактериясын не өндіру үшін арнай су қоймаларында өсіреді?

  • Әдейі ауру тарату үшін қолданылатын ағза түрлерін не деп атайды?

  • Өсімдіктер мен өлген жануарлардан, саңырауқұлақтардан қалған ағзалық заттарды ыдыратып, шірітетін бактериялар:

  • Асбұршақ, сиыржоңышқа, соя, шеңгел сияқты бұршақгүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктермен селбесіп тіршілік етеді:

  • Ауадағы бос азотты синтездеп, азоттың табиғи тұздарына айналдыратын бактерия:

  • Біздің ғаламшарымыздың тазалаушысы (санитары):

  • Топырақты азотты қосылыстарымен байытатын бактерия:

V. Үйге тапсырма:$5.

. Бактериялар туралы кестені толтыру
Бактериялар Тіршілік ету ортасы Қоректену әдісі Табиғаттағы және адам

өміріндегі маңызы
Шіріту бактериялары
Сүт қышқылы бактериялары,
Топырақ бактериялары
Түйнек бактериялары
Ауру тудыратын бактериялар
Шығармашылық тапсырма.

Бактериялардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. «Бактериялық аурулар», «Бактериялық індет» тақырыптарында хабарлама дайындау.














Серебряково жалпы орта білім беретін мектебі











Сабақтың тақырыбы:

Бактериялардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

Орындаған: географи-биология

пәндерінің I санатты

мұғалімі Жалмуханова Р.Ш.


e-coliБактерии почвенные








2014-2015 оқу жылы

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

1.Білімділік: Бактериялардың қоректенуі, тыныс алуы бойынша жіктелуі, олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы, биотехнология, ауру тудыратын бактериялар және олармен күресу шаралары туралы түсінік беру, жаңа терминдерді түсіндіру.
2.Дамытушылық: Оқушылардың теориялық және логикалық ой - өрісін дамыту, танымдық құштарлықтарын арттыру, бактерияларды салыстыру, жүйеге келтіру арқылы өздігінен шешім қабылдау, суреттер арқылы дәлелдеу.
3.Тәрбиелік: біржасушалы организмдер ретінде бактериялардың маңызы туралы түсіндіре отырып, бактериялар тарататын аурулардың алдын үшін гигиеналық ережелерді орындап, салауатты өмір сүруге баулу.

Автор
Дата добавления 21.04.2015
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1763
Номер материала 248077
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх