Инфоурок Начальные классы Рабочие программыАшық сабақ: "Біріккен сөздердің жазылуы"

Ашық сабақ: Біріккен сөздердің жазылуы""

Скачать материал

Қысқа мерзімді жоспар

2016-2017 оқу жылы

Бекітемін:                                                                                

 

 

Сыныбы: 4 «б»

Бастауыш сынып мұғалімі: Ж.Ш. Молдалиева   

 

Сабақтың тақырыбы:

Біріккен сөздердің жазылуы

 

 

Пәні:

Қазақ тілі,                              ІІ тоқсан,                         17-сабақ

 

Мақсаты:

 

Біріккен сөздердің жазылуын үйрену.

 

 

Күтілетін нәтижелер:

*Біріккен сөздердің мағынасын түсінеді.

*Біріккен сөздерге сөйлемдер құрастырып, оны мәтіннен таба біледі.

 

Керекті жабдықтар:

Қазақ тілі  оқулығы 4-сынып , Әдістемелік нұсқау, жұмыс дәптері, сөздер жазылған парақшалар, жеке суреттер.

 

Сабақта қолданылатын өзара байланысты модульдер

СТО, оқыту үшін бағалау, көшбасшылықты анықтау.

 

Сабақ барысы:

 

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

 

Кіріспе

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I. Ұйымдастыру бөлімі.

- Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.

- Үлкенге де сіз,

- Кішіге де сіз.

- Сәлем бердік сіздерге,

- Құрметпенен біз!

Қызығушылығын ояту

Не үшін

-          Екі көзің не үшін керек?

-          Жақсыларды көру үшін!

-          Екі қолың не үшін керек?

-          Елге көмек беру үшін керек!

-          Құлақ не үшін керек?

-          Ақыл кеңес тыңдау үшін керек!

-          Жүрек деген не үшін керек?

-          Жауларымнан қынбау үшін!

-          Тіл мен жағың не үшін керек?

-          Ақиқатты айту үшін!

-          Ал аяғың?...

-          Шетте жүрсем,

-          Туған жерге қайту үшін!

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Тауешкі сөзіне  Сөзсазындық  сатылай кешенді талдау жасау. Морфологиялық талдау. Синтаксистик талдау.

-Біріккен сөздер дегеніміз не? Олар қалай жазылады?

-Біріккен сөздердің туынды түбір, түбірлес сөздерден қандай айырмашылығы бар?

-Неге күрделі сөздер деп аталады?

-Біріккен сөздердің құрамындағы түбірлердің бастапқы мағынасы өзгере ме?

ІІІ. Үй жұмысын бағалау.

Бағдаршам стратегиясын қолданып, бағалайды.

Қимылдайды, сабаққа деген қызығушылықтары артады. Көңілдері көтеріледі.

Оқушы жауаптары тыңдалады.

Шығармашылық тапсырмамен жұмыстанады

Жұппен жұмыс

дәптерлеріне жазады көршілерімен тексереді

Оқушы жауаптары   тыңдалады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақтарға жауап береді

Тұсау кесер

 

 

 

ІҮ. Жаңа сабақ

Кейбір біріккен сөздер өзгерген қалыпында, айтылуы бойынша жазылады. Мысалы: жаздыгүні, қыстыгүні, қолғап, Қарагөз, Телғожа, Амангелді.

Көркем жазу жолдарын жазғызу.

Дыбысты талдау                 Т т  дыбысы 

Т - бұл дауыссыз дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап, ауа қысылып шығады.

1. Үн мен салдырдың қатысына қарай: т - қатаң дауыссыз дыбыс. Себебі, бұл дыбыс тек салдыр тұрады.

2. Айтылу, жасалу тәсіліне қарай: т – шұғыл  дауыссыз дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айтқанда дыбыстау мүшелері бір-біріне қатты соқтығысып, ауа кілт үзіліп, шұғыл шығады.

3. Жасалу орны мен дыбыстау мүшелерінің қатысына қарай: т – тіл мен тіс дауыссыз дыбысы.

Тәуелсіздік сөзіне сөзсазындық талдау.

1.       Бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай жіңішке буынды сөз. Себебі, сөздің құрамындағы дауысты дыбыстар жіңішке дауыстылар.

2.       Бұл сөз тәу + ел + сіз + дік болып төрт буынға бөлінеді. Себебі, сөздің құрамында төрт дауысты дыбыс бар.

Тәу-сіз-дік буындары бітеу буындары. Себебі, дауыссыз  дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталып тұр.

ел- буыны тұйық  буын. Себебі, дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталып тұр.

3.       Бұл сөз тәу + ел + сіз + дік болып үш  жағдайда тасымалданады. Себебі, сөз төрт буыннан тұр немесе буын жігіне сәйкес тасымалданған.

4.       Қазақ тілінде сөз екпіннің орны біршама тұрақты. Сөзге қосымша жалғанған сайын екпін сөздің соңғы буынына қарай ығысып отырады. Сондықтан бұл сөзде екпін – дік буындағы – і дауысты дыбысына түсіп тұр.

5.       Сөзде түбір мен қосымшаның арасында буын үндестігі бар. Себебі, түбір сөз дің соңғы буыны – ел жіңішке болғандықтан, оған жалғанатын қосымшаның да – дік жіңішке нұсқасы келіп тұр. Сондықтан біз оның – дык жуан нұсқасын алмаймыз.

6.       Сөзде дыбыс үндестігі түбір мен қосымшаның арасында ілгерінді ықпал бар. Себебі, сөздің соңғы дыбысы – л үнді болғандықтан, өзіне жалғанатын қосымшаның алғашқы дыбысының – д ұяңнан басталуын талап етіп тұр. Сондықтан біз оның қатаңнан басталатын – т нұсқасын алмаймыз.

«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым»

       1. Синтаксистік талдау:

1.1. Сөйлемде екі тыныс белгі бар. Олар: нүкте және сызықша. Нүктенің қойылу себебі ойды аяқтап, сөйлемді тиянақтап тұр.

      Сызықшаның қойылу себебі – бастауыш атау тұлғалы зат есімнен, баяндауыш тәуелдік тұлғалы зат есімнен болғандықтан бастауыштан кейін қойылып тұр.

1.2. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай – хабарлы сөйлем. Себебі, ой баяндай жеткізіліп тұр.

1.3. Құрылысына қарай – жай сөйлем. Себебі, бірнеше сөзден құралып келіп, тиянақты бір ғана ойды білдіріп тұр.

1.4. Жай сөйлемнің түрлерін анықтау үшін сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне қарай талдаймыз. Ол үшін ең алдымен сөйлемнің баяндауышын табамыз. Себебі: 

а) баяндауышсыз сөйлем болмайды. Тәуелсіздік – теңдесі жоқ не? – байлығым – дара, зат есімді, атау тұлғалы – баяндауыш;

 ә) баяндауыш арқылы бастауышты табамыз. Теңдесі жоқ байлығым  не? – тәуелсіздік – дара, зат есімді, атау тұлғалы - бастауыш;

 б) бастауыш пен баяндауышты қатыстыра отырып, сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін табамыз. Тәуелсіздік –қандай байлығым? – теңдесі жоқ  – дара, сын есім – иелік анықтауыш.

1.5.  А) Жай сөйлемнің түрлеріне қарай жайылма сөйлем. Себебі, сөйлемде тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелерде бар.

Ә) Толымды сөйлем. Себебі, ойға қатысты сөйлем мүшелері толық.

Б) Жақты сөйлем. Себебі бастауышы бар сөйлем және ол айқын.

 

 

 

Ережемен танысады

 

 

 

 

СКТ технологиясы бойынша талдау

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

 

              Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.

*Кісі аттарын оқытқызу.

Нұргелді, Әбдіқадыр, Қаламқас, Жиенқұл, Жанғали, Айғыз, Бердіғожа, Қарагқз, Әбілқайыр,Айнамкөз.

- Алғашқы түбір қандай дыбысқа аяқталған?

- Келесі түбір қандай дыбыстан басталып тұр?

*Бірігіп жазу кезінде екі дауысты дыбыстың да сақталатынына көздерін жеткізу.

2-жаттығу.

1.Көп нүктенің орнына қ, ғ, к, г әріптерінің тиістісін қойып, көшіріп жаз.

Тұрлықожа, Есенгелді, тікұшақ, әлдекім, Нұрқанат, Баққали, Рақымғали, әлдеқалай, Нұрғиса.

2.Біріккен сөздердің жасалу жолдарын айт.

 

3-жаттығу.

- Төмендегі біріккен сөздердің түбірлері сақталып жазылғандарын бір бөлек, айтылуы бойынша дыбыстық өзгеріске ұшырағандарын бір бөлек көшір.

Ешкіөлмес, айырбас, атамекен,ақбөкен,балмұздақ.

Байзақ (Бай+ұзақ), қолғабыс (қолқабыс), Нұргелді (Нұркелді), бүрсүгіні (бүрсі+күні), жарқанат (жарғанат).

 

4-жаттығу.

Мәтінді көшіріп жазып, біріккен сөздердің астын сызу.

Бурабай

        Көктөбе Жақыпбекке барлық сұлулықты жасырып тұрған шымылдық тәрізденді. Одан асқан соң Бурабай алқабы қыстыгүні болса да көгере бөртіп жайнап сала берді. Көкшетаудың Бурабай көлі тұсындағы шатқадары ақ қағазға қоңыр, көк бояумен салынған суреттей бөп-бөлек болып көрінді. Одаққа аты жайылған бұл сұлу көлді тау қоршап тұр. Айнала қоршаған жасыл орманы ерекше көз тартады. Әрбір тастың өзіндік тарихы бар.

 Тапсырма: 

Біріккен сөздерді тауып түбірлерін сызықша арқылы бөліп, астына жаз.

Ү. Сергіту сәті.   

                     Шығармашылық тапсырма.

                            Топпен жұмыс

1-топ   Біріккен сөздерге байланысты кісі аттары

2-топ:  Біріккен сөздерге байланысты аң, құс атаулары

3-топ: Біріккен сөздерге байланысты ойын атаулары

4-топ: Біріккен сөздерге байланысты дене мүшелері

 5-топ: Біріккен сөздерге байланысты жер, су аттары

6-топ: Біріккен сөздерге байланысты ән, күй, өлең аттары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаттығу мен жұмыстанады, оқиды, біріккен сөздерді табады

 

 

 

 

Жаттығуды жазады

 

 

 

 

 

 

 

Мәтінмен жұмыстанады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығармашылықпен жұмыс

Топпен жұмыстанады,

Әр топ өз жұмыстарын қорғайды

 

Қорытынды

-Балалар сонымен бүгінгі сабағымызда қандай  тақырыппен таныстық?

-Біріккен сөздер дегеніміз не?

-Мысал келтіріңдерші?

-Біріккен сөздер қалай жазылады?

Сұрақтарға жауап береді

 

Бағалау

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау

Балалар бағдаршам арқылы бағалайды

 

Үйге тапсырма

ереже қайталау,

6-жаттығу,105 –бет

 

Күнделіктеріне үйге берілген тапсырмаларды жазып алады

 

Реексия

1.«Не үйрендім?»

2. Бүгінгі сабақтағы ұнаған сәтін жазу.

Рефлексия жазады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 ӘБ отырысында қаралды               Келісемін                           «Бекітемін»

 Хаттама  № ______                        Оқу ісінің                      № 55  орта мектеп              «____» «_______»2016ж.           меңгерушісі:                      Директоры:                                                                                                                                                                                                      

                                                   «___» «_____»2016ж.           «___» «_____»2016ж.

 

 

 

 

 

 

 

Ашық сабақ

(Қазақ тілі пәнінен)

 

 

Тақырыбы: Біріккен сөздердің жазылуы

 

 

Изображение 042.jpg

 

 

Өткізген: Молдалиева Ж.Ш..

4 «Б» сынып

 Бастауыш сынып мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016 оқу жылы

 

Ашық  сабақтың талдау парағы

Мерзімі:  08-желтоқсан ,  2016  жыл.

Сынып: 4  «Б»

Пәні: Қазақ тілі

Сынып жетекшінің аты – жөні:  Молдалиева Ж. Ш.

Тақырыбы: «Біріккен сөздердің жазылуы»

Сабақтың  мақсаты: Біріккен сөздердің жазылуын үйрену.

  Күтілетін нәтижелер: *Біріккен сөздердің мағынасын түсінеді.

*Біріккен сөздерге сөйлемдер құрастырып, оны мәтіннен таба біледі.

Оқушылар саны: 27 оқушы

Қатысты: 25 оқушы

 

Ашық сабақтының барысы:  Ұйымдастыру бөлімі. Ашық сабақ сәлемдесуден басталды.

- Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.

- Үлкенге де сіз,

- Кішіге де сіз.

- Сәлем бердік сіздерге,

- Құрметпенен біз!

Қызығушылығын ояту

Үй тапсырмасын тексеру.

«Тауешкі» сөзіне  Сөзсазындық  сатылай кешенді талдау жасау, Морфологиялық талдау, Синтаксистик талдау жасады.

Сұрақтарға жауап береді

               Үй жұмысын бағалау.

Бағдаршам стратегиясын қолданып, бағалады.

Жаңа сабақ

Кейбір біріккен сөздер өзгерген қалыпында, айтылуы бойынша жазылады. Мысалы:   жаздыгүні, қыстыгүні, қолғап, Қарагөз, Телғожа, Амангелді.

                Көркем жазу жолдарын жазғызу.

                Дыбысты талдау                 Т т  дыбысы 

Т - бұл дауыссыз дыбыс.

Мұғалім 16 желтоқсан күні бізідң еліміз өз алдына тәуелсіз ел болып бөлініп шыққаны туралы айтып өтті. Осы күнге жетуіміздің кімдердің арқасында екенін айтып түсіндірді. Оқушылар Тәуелсіздік туралы тақпақ  айтып, тәуелсіздік туралы көптеген мағлұмат берді. Оқушылар тақпақтарды мәнерлеп оқып жаттығуларды тамаша орындады. Тарихымызда ерекше орны бар, халқымыздың қасіреті мен ар-намысына айналған, бізге тәуелсіздік туын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған оқиға – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Осы көтерілістің нәтижесінде 1991 жылы біздің еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш президентімізді сайлап, тәуелсіз егеменді ел болдық.

Тәуелсіздік сөзіне сөзсазындық талдаужасады.

              Оқулықпен жұмыс.

               Сергіту сәті.   

                     Шығармашылық тапсырма.

                            Топпен жұмыс

                 1-топ   Біріккен сөздерге байланысты кісі аттары

                 2-топ:  Біріккен сөздерге байланысты аң, құс атаулары

                 3-топ: Біріккен сөздерге байланысты ойын атаулары

                 4-топ: Біріккен сөздерге байланысты дене мүшелері

                 5-топ: Біріккен сөздерге байланысты жер, су аттары

  6-топ: Біріккен сөздерге байланысты ән, күй, өлең аттары.

               Шығармашылықпен жұмыс

                Топпен жұмыстанады,

Әр топ өз жұмыстарын қорғайды

Туымыздағы қыран құсы сендерге арнап хат алып келді. Онда әр түрлі сұрақтар бар. бүгінгі сабаққа қатыспаған оқушылар сұраққа жауапа береді.

                -Балалар сонымен бүгінгі сабағымызда қандай  тақырыппен таныстық?

                -Біріккен сөздер дегеніміз не?

               -Мысал келтіріңдерші?

-Біріккен сөздер қалай жазылады?

Сұрақтарға жауап береді

               1.«Не үйрендім?»

2. Бүгінгі сабақтағы ұнаған сәтін жазу. Рефлексия жазады

Ашық сабақ талапқа сай, оқушылар жақсы белсенділік танытып,  қызығушылықпен, ұйымшылдықпен қатысты.  

 

Ұсыныс:

 Оқушыларды осындай тартымды да, қызықты ашық сабақтары арқылы одан әрі дамыта түсу.

 

  Әдістеме бірлестігі:            Садыкова Ж.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ: "Біріккен сөздердің жазылуы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Электронный архивариус

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 866 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.10.2017 4254
    • DOCX 304.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Молдалиева Жанар Шүкірәліқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Молдалиева Жанар Шүкірәліқызы
    Молдалиева Жанар Шүкірәліқызы
    • На сайте: 6 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19653
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 159 человек

Курс повышения квалификации

Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 234 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 167 человек

Мини-курс

Основы гештальт-терапии: история и теория

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Психология детства и подросткового возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 106 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 64 человека

Мини-курс

Формирование социальной ответственности и гармоничного развития личности учеников на уроках

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе