Инфоурок Музыка Другие методич. материалыАшық сабақ "Біржан-Сара" операсы

Ашық сабақ "Біржан-Сара" операсы

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Мұқан Төлебаевтың  «Біржан-Сара» операсы

Сабақтың мақсаты:

1)    Білімділік: оқушыларды  көрнекті композитор М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсындағы халық ақындарының ұрпаққа берер мәдениеттілігін  таныстыру;

2)    Дамытыушылық: оқушыларды композитор шығармаларында   ұлттық үнділігімен ерекше көзге түскен операсы  туралы білімдерін дамыту, жетілдіру;

3)    Тәрбиелілік: оқушыларды композитор шығармалары арқылы ұлттық, мәдениеттілікке, өнерді сүюге тәрбиелеу;

Көрнекілігі: композитор суреті, өмірі, опералары туралы видео-слайд;

Сабақтың барысы:

1.     Ұйымдастыру: оқушылардың сабаққа қатысымын, дайындығын қадағалау, жаңа сабаққа назарын аудару;

 

2.     Үй тапсырмасын сұрау:

«Абай» операсының 1,2 және 3,4 бөлімдері бойынша талдау жасау;

    3. Актуалдау: Өткен сабағымызда А.Жұбанов пен Л.Хамидидің бірлесіп         жазған «Абай» операсын қорытындыласақ, бүгінгі сабағымыз композитор М.Төлебаевтың аты әлемге әйгілі «Біржан-Сара» операсына арналады.

     4. Жаңа сабақ барысы:

Описание: http://kz.otyrar.kz/wp-content/uploads/2013/03/434_6b5fbf084a89b016b3807fd0aa52f4bf.jpg

Мұқан Төлебаев 1913 жылы Талдықорған облысы, Бөрлітөбе ауданы Қарашыған ауылында кедей шаруаның отбасында дүниеге келді. Оның балалық шағы Балхаш көлінің жағалауында өтті. Мұқанның музыкаға деген қабілеті ерте оянды. 6 жасынан бастап домбыра шертеді. Оған анасы Тәжібала мен туған нағашысы Апырбайдың  ақындық, әншілік, күйшілік өнері зор ықпал жасады. Орта мектеп бітірген соң Алматы педагогикалық училищесінде оқиды (1933).  Алматыда өткен халық өнерпаздарының бүкіл қазақстандық 1- слетіне қатысып (1934), әнші ретінде көзге түседі. Москва консерваториясы жанынан ашылған Қазақ студиясына оқуға түседі (1936).  Москва консерваториясында оқу оның композиторлық қабілетінің  дамуына жол ашады. Тұңғыш авторлық шығармалары: «Кешкі көк», «Көп жүрдім», «Қамар» сияқты әндері мен романстары жатады.

         Ұлы Отан соғысы басталып, оқуын  тоқтатуға тура келеді. Қазақстаннан барған жолдастарымен майданға аттанады. Бірақ  денсаулығына байланысты әскери міндеттен босатылады.  1941 жылы  Алматыға оралады. Мұнда Е.Брусиловскиймен танысып, шығармашылықпен  айналысады. Оның «Соқ барабан», «Жеңіс», «Комсомол» - патриоттық әндері және «Кестелі орамал», «Тос мені, тос», «Ақмарал сұлу еркем» сияқты лирикалық әндері оның шығармашылығында маңызды орын алады.

М.Төлебаев алғашқы көпшілік айтатын қазақ әндері мен қазақ романсының  іргесін қалаушы, шығарушы. Оның Абай поэзиясынан  жазылған «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» атты романсы бар.

Композитордың опера өнерінде ерекше орын алған шығармасы  «Біржан-Сара» операсы.  Бұл опера музыка мәдениетінің алтын қорына кірген. Операны композитор соғыс жылдары жазған. Опера 1946 жылы аяқталды. Операның алғашқы қойылымы  1946 жылы 7 қарашада Абай атындағы опера және балет театрында болды.  Операның либреттосын  жазған Қажым Жұмалиев. Операда басты рольді ойнағандар  К.Байсейітова, Әнуарбек Үмбетбаев, Байғали Досымжанов, Кәукен Кенжетаевтар болды. Операның негізіне «Біржан-Сара айтысы» алынған. Біржан мен Сара қазақ даласына атағы шыққан халық ақындары. Операда екі  ақынның өмірінен деректер пайдаланған. Екі жастың аянышты тағдыры арқылы  композитор халық өнерінің мәнділігін көрсетеді.

Опера 4 бөлімнен тұрады.

І-көрініс: Ауыл-ауылдан жиналған халық. Естай Біржанның айтысқа келгенін жариялайды. Біржан мен Сара суырып салма ақындық сайысында өз өнерін көрсетеді. Бұл сайыста Сара жеңіледі. Қарсылыстар бір-бірін ұнатып қалып сезімдерін білдіреді. Бұл Жанбота болыс пен күйеу жігіт Жиенқұлға ұнамайды. Себебі қазақтың салты бойынша Сараны Жиенқұлмен атастырып қойған еді.

ІІ-көрініс: екі ғашықтың қосылуының мүмкін еместігін нығайта түседі. Мұнда Біржанның бейнесі жаңа жағынан ашылады. Анасымен кездесу көрінісінде Біржанның сағынышқа толы сезімі, ойға шомған бейнесін көреміз. Әкесі Біржанның Сарадан бас тартып, шариғат заңына бағынуын талап етеді. Бірақ Біржан Сараға деген сүйіспеншілігін бұза алмайды.

ІІІ-көрініс: Көріністің басы баяу, жайбарақат басталады. Оқиға Жиенқұл ауылында болады. Мұнда атастырып қойған екі жастың үйлену тойы болмақ. Көңілдері жабыңқы. Сара «есі ауысқан Біржан тауда жүр» деген хабар естиді.  Осы хабар Сараны тағдыр тәлкегіне көндіре алмай ол Жиенқұлдан бас тартады. Біржан ойламаған жерден  пайда болады. Оны байлап зынданға тастайды.

ІҮ-көрініс. Зынданда жатқан Біржанды күзетшілер күзетуде. Қараңғы қапаста Біржанның күні өтеді. Ол ән шырқай алмайды. Өмірінің соңғы кезінде ол анасымен Сараны еске алады. Күтпеген жерден зынданға Сара келеді. Ол Біржанның рухын көтеріп, өмірге деген ынтасын оятады. Бірақ Біржан әлсірей бастайды. Ана жүрегі қайғы-қасіретке толы. Ол ұлының әндері халық есінде қалатынана сенеді.

Опера 1958 жылы Москва сахнасында қойылады.

 

Описание: http://im9.asset.yvimg.kz/userimages/kerbez_/jLkLl9vQHf8RdsJVt3hxBC5sg0z0hs.jpg

Дамыту: оқушылардың білімдерін «INSERT стратегиясы» арқылы дамыту;

INSERT стратегиясы

Нені білеміз

Нені білдік?

Нені білгім келеді?

 

 

 

 

 

 

Бекіту: топ басшылары әр топқа сұрақтар қою арқылы сабақ бекітіледі.

1. Мұқан Төлебаев қай жылдар аралығында өмір сүрді?

2. Балалық шағы қай жерде өтті?

3. «Біржан-Сара» операсы қай жылы қойылды?

4. Композитордың  қандай әндері бар?

5. «Біржан-Сара» операсының либреттосын жазған кім?

 

Қорытынды: М.Төлебаев – көрнекті композитор. Оның әлемге әйгілі болған «Біржан-Сара» операсы, вокалды-симфониялық шығармалары, әндері қазақ мәдениетіне зор үлесін қосты.

Үйге тапсырма: М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсын оқу, бөлімдері бойынша баяндау;

Бағалау: оқушыларды бағалау;

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ "Біржан-Сара" операсы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по автоматизации производства

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 669 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.12.2016 3383
    • DOCX 230.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Танатова Айнагуль Шарипкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Танатова Айнагуль Шарипкызы
    Танатова Айнагуль Шарипкызы
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23757
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Народные щипковые инструменты: актуальные вопросы методики преподавания в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Курс профессиональной переподготовки

Музыковедение

Музыковед

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания вокала в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 163 человека

Мини-курс

Маркетинг и продажи: стратегии и инструменты для успешного бизнеса

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы работы в After Effects

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные технологии для бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Консультация логопеда. Возможно ли продуктивно заниматься с дошкольниками онлайн?

Перейти к трансляции