Сабақтың тақырыбы: «Бәрінен де жақсы» Мәтін.
Сабақтың
мақсаты: Мәтін туралы алғашқы мағлұмат беру, мәтінді түсініп оқуға
үйрету, мазмұнын ашу, мәтін мен сөйлемнің айырмашылықтарына тоқталу, оларды
айыра білуге үйрету.
Дамытушылық. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс
істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Сабақтың түрі: ойын сабақ.
Психологиялық дайындық
Ана
тілім-ұраным
Ана-тілім-құралым Ана-тілім
болмаса
Болмас еді жыр әнім.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
- Балалар, мына дауыс ненің дауысы? (су ағысы, құстар даусы естіліп
тұрады -Ия дұрыс айтасыңдар бұл құстардың
дауысы. -Құстар
қай мезгілде біздін жаққа ұшып келеді? -
Көктем.
-Балалар көктемнің ең алғашқы мерекесі қандай
мереке? -Ия дұрыс
айтасыңдар 8-наурыз біздің аяулы аналарымыздың мерекесі –
Балалар мен сендерге үй жұмысына «Ана» туралы мақал-мәтел жазып
келіңдер дегем.Ал кәне кім оқиды?
Жаңа сабақ.
- Балалар үй
жұмысын пысықтап болдық. Жалпы балалар көктем айы қызыққа толы.Жоғарыда
айтылғандай құстар сайрап,қыс бойы ұйқыда болған жан жануарлар оянады.
–Балалар құстар, жануарлар қайда мекендейді?
-Дұрыс айтасыңдар орманда
мекендейді.
- Ал орманға барғыларың келе ме?
- Ал біздің Бестөбеде орман
бар ма?
Жоқ, балалар. Орман Қазақстанның солтүстігі мен шығыс өңірлерінде бар.- Әрине
біз орманға бара алмаймыз .
- Сондықтан ормандағы аңдардың тапсырмаларын орындау арқылы
орманға саяхат жасамақ ойым бар. Балалар саяхатқа дайынбыз ба? Сабаққа өте
жақсы қатысқан оқушыларға аңдардың сыйлығы да бар екен. Ендеше 1-ші
тапсырма
1. Тиіннің тапсырмасы.
- Балалар, тыңдайықшы бұл ән кім туралы?
- Ана туралы
-Ия дұрыс айтасыңдар «Ана»туралы.Ал енді ән тындадық енді мына суретке
назар аударайық.
- Сурет бойынша не айта аласыңдар?
Оқушылардың жауабын тыңдау. Бір оқушы жинақтап толық айтып шығады. .
- Балалар, өздерің бұл мәтінге қандай ат қояр едіңдер?
-Балалар мәтінге «Бәрінен де жақсы» деген ат
қояды. -Бұл
балалар бірнеше сөзден құралған
«Мәтін».
- Сонда балалар, суретке қарап,әңгіме құрап,және оған ат қоюға болады екен. Жалпы
«Мәтін»деп міне осыны айтады. Олай болса, бүгінгі біздің жаңа
сабағымыздың тақырыбы: «Бәрінен
де жақсы»
Жақсы сабаққа қатысқандарың үшін тиін сендермен өзінің жаңғағымен бөлісіп
отыр.
Ал енді келесі тапсырма
ол
2. Аюдың
тапсырмасы.
«Ал канекей жазайық » тапсырмасы.
Балалар, дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күннің жадын жаза қойыңдар. Балалар біз
жаңа айтып өттік көктем ,дедік аналар мерекесі,Канекей осы сөздерді
құрастырып сөйлем құрап,жазайықшы .Қандай сөйлем құрап,жазуға болады?Тақтаға
бір оқушы шығып жазады. Жақсы «Алақай көктем келді аналарымызға гүл
сыйлаймыз.» Жауаптарыңа риза болған аю балаларға балдың суреті табысайды.
- Шаршаған шығарсыңдар? Олай болса сергіп алайық.
Сергіту сәті.
Жел соғар оң жақтан
Жел соғар сол
жақтан
Жел өтер қолғаптан
Ұшты ұшты
ойыны
Ұшты ұшты қарға ұшты
Ұшты ұшты арба ұшты
Ұшты ұшты үйрек ұшты
Ұшты ұшты бүйрек ұшты
Ұшты ұшты қыран ұшты
Ұшты ұшты жылан ұшты
Ұшты ұшты қарлығаш ұшты
Ұшты ұшты қарындаш ұшты
Ұшты ұшты бүркіт ұшты
Ұшты ұшты іркіт ұшты
3.Қасқырдың тапсырмасы : Балалар қасқыр өте жылдам аң
болғандықтан, «Кім жылдам» ойынын ойнауға шақырады ойнаймыз ба балалар
? Ойынның шарты 76- беттегі мәтінді мәнерлеп оқу.Мен қазір мына бас киімді
қай баланың басына кигіземін сол бала оқиды. Бас киімді алып, басқа балаға
кигіземін ол бала ары қарай жалғастырады. Ал ендеше ойынымызды бастайық.
Балалар қасқыр тапсырмасын жақсы орындаған балаларға өзінің жақсы көретін
қоянын сыйға тартпақ. 4 . Қоянның тапсырмасы.
- жұмыс
дәптеріміздегі 1-ші тапсырма: бір оқушы мәтінді оқып шығады. Мәтіндегі
сөйлемдерді реті бойынша көрсет. «Құс фермасы» 1.Ауылда құс фермасы бар. 2.Онда
қаз,үйрек,тауық өсіріледі.3.Менің апам –құс өсіруші. 4.Ол құстарды
күтеді.5.Құстың еті,жұмыртқасы,мамығы пайдалы.
Риза болған қоян сәбізінен
тарату етеді.)
- Жақсы, балалар, бәрекелді! Жарайсыңдар!
5.
Түлкінің тапсырмасы. Балалар
түлкі өте қу сондықтан,барлығын бақылап отырады.Түлкінің тапсырмасы
121-жаттығу «Ребусты шеш» Мәтін сөзі шығады. Балалар түлкі өте қу
болғандықтан ,бізге екі тапсырма беріп отыр (көркем жазу минуты)
орындаймыз ба? Олай болса, жұмыс дәптеріміздің 2-ші тапсырмасы ол «көркем
жазу» Кеуделеріңді көтеріп, тіке отырып жазыңдар. Енді ғана
риза болған түлкі балықтың суретін тарту етіп отыр.
Ал енді балалар орманнан қайтып келеміз.
ІІІ. Қорытынды.
Білемін. Не білдім. Білгім келеді .
IV. Үйге тапсырма.
77-беттегі Ыбырай Алтынсариннің «Ана» туралы өлеңін мәнерлеп оқып келесіңдер.
- Ал енді балалар мына ағаш жапырақсыз ендеше бүгінгі сабақтың қалай өткенін
мына бір түрлі түсті стикерларды жапсыру арқылы бағалайық.
V. Бағалау.
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.