Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Ашық сабақ "Бұрыш.Бұрыштың шамасы"

Ашық сабақ "Бұрыш.Бұрыштың шамасы"

  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gif7 Е.Халықов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп










Тақырыбы:«Бұрыш. Бұрыштың шамасы»


Ашық сабақ жоспары

5 “А” класс




Пән мұғалімі:Қожахметова Ә.









Құлсары 2014ж

Күні

Сыныбы

Пәні

Бекітілді

16.10.2014

5 «А»

Математика



Сабақтың тақырыбы: Бұрыш. Бұрыштың шамасы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Бұрыш, бұрыштың градустық өлшемін транспортир қолданып салу және шамаларын табуды үйрену;

Дамытушылық: әр оқушының тапсырмаларды біртіндеп орындауына жағдай жасау арқылы оның қабілетіне сәйкес жеке құзырлығын дамыту;

Тәрбиелік: жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылуға, өзінше ізденімпаздыққа, еңбек етуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ, дәстүрлі-ойын сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндірмелі-иллюстративті, сұрақ-жауап.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер:транспортир,интерактивті тақта,слайд, карточкалар, өз бетімен орындауға арналған жұмыстар

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі

  • Үй тапсырмасын тексеру (96есеп)

  • Қайталау сұрақтары

  • Жаңа сабақ

  • Жеке жұмыс

  • Жұптық жұмыс

  • Топтық жұмыс

  • Үй тапсырмасын беру

  • Бекіту

  • Бағалау

Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу, сыныптың тазалығын тексеру, сыныптың кезекшілігін анықтау, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.

Үй тапсырмасы:96есеп

  1. hello_html_4bed962c.gif

  2. hello_html_58887a72.gif

  3. hello_html_m2aa91516.gif

  4. hello_html_m360b6248.gif

Қайталау сұрақтары:

  1. Қандай теңдік теңдеу деп аталады?

  2. Теңдеудің түбірі деп нені айтамыз?

  3. Теңдеуді шешу дегеніміз не?

Жаңа сабақ.

Жазықтықта О нүктесін белгілеп, осы О нүктесінен басталатын ОА және ОВ сәулелерін жүргізейік. Сонда бұрыш деп аталатын фигура салынады.hello_html_12f05c18.png

Бір нүктеден шыққан екі сәуледен құралған фигура бұрыш деп аталады.

Бұрышты құрайтын сәулелерді осы бұрыштың қабырғалары деп, ал сәулелер шығатын нүктені бұрыштың төбесі деп атайды. Бұрышты «hello_html_m4b08b67c.gif» белгісімен және үш бас әріппен белгілейді. Бұрыштың төбесін белгілейтін әріп ортасына жазылады. Мысалы, суреттегі бұрыштың жазылуы:hello_html_4a0026d0.gif.

Оқылуы: АОВ бұрышы немесе ВОА бұрышы. Мұндағы ОА және ОВ сәулелері – бұрыштың қабырғалары деп, ал О нүктесі бұрыштың төбесі деп аталады.

Бұрышты оның төбесіндегі бір әріппен де белгілейді. Демек, АОВ немесе ВОА бұрышын hello_html_60b446a0.gif түрінде де жазуға болады.

Суретте қабырғалары түзу құрайтын ЕОFбұрышы кескінделген. Мұндай бұрыш жазыңқы бұрыш деп аталады. hello_html_28140012.png

hello_html_2c5f0b0b.gif- жазыңқы бұрыш.

Бұрыштың өлшем бірлігі ретінде градусқабылданған. Мұндағы градус “hello_html_m4515137.gif” таңбасымен белгіленеді. Мысалы, hello_html_4ec51165.gif(оқылуы: бір градус).

Бұрыштың градустық өлшемі дегеніміз берілген бұрышта неше градустық бірлік бар екенін көрсететін сан.

Демек, жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі hello_html_462068b7.gif.

Бұрышты градус есебімен өлшеу үшін транспортир қолданылады.

hello_html_321af8e1.png hello_html_m74e8cf2d.png

Транспортирмен берілген бұрышты, мысалы, АОВ бұрышын өлшеу үшін:

  1. транспортирдің центрін бұрыштың төбесіне (О нүктесіне) дәлкелтіру керек;

  2. бұрыштың бір қабырғасы (АО) транспортир шкаласындағы санақ басы hello_html_m26189776.gif арқылы өту керек;

  3. бұрыштың екінші қабырғасы өтетін шкаладағы штрих осы бұрыштың градустық өлшемін көрсетеді.hello_html_m3924e5f1.gif, hello_html_m6b208eb6.gif.

Транспортирді пайдаланып, градустық өлшемі берілген бұрышты салуға болады.hello_html_76eedbfa.png

Мысалы, транспортирді пайдаланып, градустық өлшемі hello_html_m65bf93de.gif-қа тең АВС бұрышын салуды үйренейік. Ол үшін:hello_html_m1c22f2b9.png

  1. ВА сәулесін жүргіземіз;

  2. транспортирдің центрін В нүктесіне дәл келтіріп, ВА сәулесін санақ басы - hello_html_m26189776.gif арқылы өтетіндей етіп орналастырамыз;

  3. транспортирдің шкаласынан hello_html_m65bf93de.gif-қа сәйкес штрихты тауып, оның тұсынан С нүктесін белгілейміз.

  4. ВС сәулесін жүргіземіз. Сонда градустық өлшемі hello_html_m65bf93de.gif-қа тең АВС бұрышы салынады, hello_html_26b0d5e9.gif.

Бұрыштың түрлері.

  1. Тік бұрыш деп градустық өлшемі hello_html_m330b3e62.gif-қа тең бұрышты айтады.

  2. Сүйір бұрыш деп градустық өлшемі hello_html_m330b3e62.gif-тан кіші бұрышты айтады.

  3. Доғал бұрыш деп градустық өлшемі hello_html_m330b3e62.gif-тан үлкен, бірақ hello_html_462068b7.gif-тан кіші бұрышты айтады.

  4. Жазыңқы бұрыш деп градустық өлшеміhello_html_462068b7.gif-қа тең бұрышты айтады.

  5. Толық бұрыш деп екі жазыңқы бұрыштың градустық өлшеміне тең бұрышты айтады, яғни hello_html_32e317bb.gif.

Жеке жұмыс.

1385

7.14-суретте кескінделген бұрыштарды өлшеп, градустық өлшемін транспортирмен өлшеп табыңдар.

1. hello_html_595acf2d.gif 2. hello_html_m65bf93de.gif

№1387

7.15-суреттегі DОF бұрышының градустық өлшемін табыңдар. Суретті дәптерге көшіріп салыңдар.

а. ә.hello_html_m257967e3.pnghello_html_m30dfb66e.png







hello_html_m1c451036.gifhello_html_m200683bb.gif

№1400

EFK бұрышының градустық өлшемін табыңдар.

  1. 7.28, а-суреттегі EFN бұрышы – тік бұрыш. hello_html_m276ac45b.gif.

  2. 7.28, ә-суреттегі PFK бұрышының градустық өлшемі hello_html_278f3013.gif. PFE бұрышы – тік бұрыш.

а. ә. hello_html_79be88e5.pnghello_html_413af8aa.png


hello_html_764a4236.gif

hello_html_m54d59d49.gif

Жұптық жұмыс(тест)

1-нұсқа

  1. АВ, АС және АД сәулелерін сызыңдар: неше бұрыш пайда болды?

а) 2 ә) 3 б) 4 в) 5

hello_html_m28c3f4e1.gif, hello_html_181b4ce2.gif болса, hello_html_m26cf33b6.gifнешеге тең?hello_html_37cd5813.png


а)hello_html_189d1d83.gif ә)hello_html_10cf805e.gif б)hello_html_4f1d7b72.gif в)hello_html_7ea19d12.gif


  1. Жазыңқы бұрышты екіге теңдей бөлсек қандай бұрыш пайда болады?

а) доғал бұрыш ә) сүйір бұрыш б) тік бұрыш в) толық бұрыш

2-нұсқа

  1. ОА, ОВ және ОС сәулелерін сызыңдар: неше бұрыш пайда болады?

а) 2 ә) 3 б) 4 в) 5

hello_html_m73f79f92.gif, hello_html_m76e1e52f.gif болса, hello_html_m26cf33b6.gif нешеге тең?hello_html_37cd5813.png


а)hello_html_189d1d83.gif ә)hello_html_10cf805e.gif б)hello_html_4f1d7b72.gif в)hello_html_7ea19d12.gif



  1. Толық бұрышты теңдей екіге бөлсе қандай бұрыш пайда болады?

а) доғал бұрыш ә) сүйір бұрыш б) тік бұрыш в) жазыңқы бұрыш

Жауаптары: 1-нұсқа. 1-ә, 2-ә, 3-б

2-нұсқа. 1-ә, 2-а, 3-в

Топтық жұмыс.

1-есеп.

hello_html_51674c50.gif. Осы бұрыштың ішінен ОС сәулесі жүргізілген. hello_html_54dc0d6e.gif болса, АОС бұрышының градустық өлшемін табыңдар. Есептің шартына сәйкес суретін салыңдар.

2-есеп.

Суреттегі АОВ бұрышы – жазыңқы бұрыш. hello_html_m1c28ea1c.gif. СОВ бұрышы неше градус? СОВ бұрышы қандай бұрыш?

3-есеп.

Сағат түскі 3-ті көрсетіп тұрса, сағаттың минуттық тілі мен сағаттық тілі қандай бұрышты көрсетеді және неше градусты көрсетеді? Ал егер кешкі 6-ны көрсетсе ше?

Тексеру: 1-есеп. hello_html_40f09943.gif

2-есеп. hello_html_m7e355e96.gif

3-есеп. hello_html_m47caf675.gif- тік бұрыш, hello_html_28b4e0eb.gif - жазыңқы бұрыш

Үйге тапсырма: №1388, №1390

Бекіту.

  1. Бұрыш дегеніміз не?

  2. Жазыңқы бұрыш неше градусқа тең?

  3. Қандай бұрышты сүйір бұрыш деп атаймыз?

  4. Қандай бұрышты доғал бұрыш деп атаймыз?

  5. Тік бұрыштың градустық өлшемі неге тең?

  6. Толық бұрыштың градустың өлшемі неге тең?

  7. Бағалау.


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 24.02.2016
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров743
Номер материала ДВ-481565
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх