Инфоурок Всеобщая история Научные работыАшық сабақ: ҰБТ-ға дайындық жолдары

Ашық сабақ: ҰБТ-ға дайындық жолдары

Скачать материал

Күні: 27.01.2015ж.

Сыныптан тыс шара

Класы: 11 «Ә

Пән мұғалімі: Оқасова С.М.

Тақырыбы: «Қазақстан тарихынан ҰБТ-ға дайындық кезінде кездесетін қиындықтар және

оларды шешу жолдары»

1. Сұрақ жауаптарын жаттап алам, ал мазмұнын түсінбеймін. Мысалы:

"Сардоба", "Коммендация" т.б. .

А) сардоба ;

В) кемпіртас ;

С) терракота ;

Д) балбық;

Е) ташнау

hello_html_9913e0.gif2. Архитектуралық құрылыстарды қай жерде,кімге және қай жылы тұрғызғанын шатастырамын. Мысалы:
Қазақстан мен Қарақалпақстан аралығында тұрғызылған кесене?
А)Көккесене
В)Бабаджа-қатын
С)Білеулі
Д)Жошы хан
Е)Дәуітбек
Көккесене – орта ғасырлардан сақталған

архитектуралық ескерткіш, Cырдария өзенінің

жағасына (қазіргі Қызылорда облысы Төменарық

темір жол торабынан солтүстікке қарай – 5,

Сығанақтан оңтүстікке қарай – 8 км) тұрғызылған

сәулетті күмбез. Мамыш бектің (Алып Мамыш,

hello_html_ma11f5e0.gifАлпамыс) жұбайы Баршын сұлудың (Гүлбаршын) қабіріне салжұқтар заманы сәулет өнерінің үлгісімен биік мұнаралы етіп салынған. Күйдірілген қыштан соғылған. Орыс зерттеушісі [[А.Ю. Якубовский}А.Ю. Якубовскийдің]] көрсетуінше, ескерткіштің беткі жағында көл. 25255 см келетін қыштар жатқан. Кіре беріс есік (портал) ауқымының аман қалған бөлігінің айналымы – 6 – 5 м., биіктігі 4,36 м. Қирап жатқан аумағының көлемі 110 м құраған, биіктігі 3,1 м. Оңтүстік батыс жағында тағы бір кішілеу төмпешіктің ізі болған. Көккесененің астыңғы негізі берік етіп жасалып, оның үстіне бірінен-бірін биіктете үш барабан тұрғызылған. Ортадағы барабанды михраб түрінде қуыстап келтіріп, үстіне сүйір мұнара орнатқан. Күмбездің аркасын жебенің үшкір басына ұқсатып, екі иығын өрнекті бағаналармен көмкерген. Қабырғаларын Алаша хан күмбезі секілді қыштан кілем өрнегі үлгісіне ұқсатып қалаған. Көккесене Қарахан мазарына өте ұқсас. Көккесенеге таяу жерде Баршын сұлудың әкімшілік құрған астанасы Баршынкенттің қираған орны бар.Көккесене. шамамен 1914 жылы құлаған.

Жошы Хан Күмбезі – Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде, Кеңгір өзенінің жағасында орналасқан көне архитектуралық ескерткіш. Күмбезде сақталған таңбаларға қарағанда, оны салуға Жошыға бағынған тайпалардың бәрі (оғыз, арғын, қыпшақ, керей, найман, қоңырат, қаңлы, т.б.) қатысқан. Тарихи дәстүр бойынша күмбезді қайтыс болған кісінің жылдық асын беруден бұрынырақ жасайтын болған. Соған қарағанда 1227 жылы қайтыс болған Жошыға 1228 жылы күмбез тұрғызылған болу керек. Жошы Хан Күмбезі порталды-күмбезді құрылыстар қатарына жатады. Жобасы тік бұрышты. Құрылыс материалдары – күйдірілген кірпіш, ғаныш, әкімшілік Жобаның аумағы 9,557,25 м. Көзге айрықша түсетін нәрсе – салтанатты порталы. Оның маңдай алдын сүйір арка түрінде шығарып, екі жақ босағасын үстіңгі салмақты еркін көтеріп тұру үшін мейлінше берік етіп тұрғызған. Портал жақтауларын өрнекті кірпішпен безендіріп, киіз үйдің басқұрына ұқсатқан. Өрнекке пайдаланған тақта кірпіштердің ауданы 4545 см. Бұл кірпіштерде өрнекпен бірге жазу да болған. 1911 жылы Атбасар уезін билеген бір ұлық өрнекті кірпіштерді сыдырып алып, музейге жібереді.

VII-VIIIғ.- Білеулі ғимараты Қазақстан мен- Қарақалпақстан шекарасы.

X-XI ғ.- Боран мұнарасы- Жетісуда.

X-XI ғ.- Бабаджа-қатын кесенесі –Таразда 18км.

XI-XII ғ.- Айша-бибі кесенесі- Таразда 18 км.

XIII ғ. - Жошы хан. Қаракеңгір

XIV-XV ғ.- Алаша хан күмбезі -Ұлытау ауданы Қаракеңгір өзені оң жағында.

Алаша хан ордасы- Жезқазған аймағы Жаңғабыл өзені.

3. Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан, Батыс Сібір, Ноғай Ордасында т.б. мемлекеттерде ел билеушілерін ретімен жазуға қиналамын.
Мысалы:Ноғай Ордасының негізін қалаған тұлға
А)Едіге
В)Нұраддин
С)Әбілқайыр
Д)Тоғылық -Темір
Е)Ұрыс хан


Ақ Орда хандар тізбесі :

Орда Ежен 1226-1280 жж.

Сасы Бұқа 1309-1315 жж.

Ерзен 1315-1320 жж.

Мүбәрак 1320-1344 жж.

Ұрыс хан 1361-1376 жж.

Тоқтамыс 1376-1379 жж.

Барақ 1423-1428 жж.



4. Қазақ хандарының кестесін шатастырамын.
Мысалы: қазақ хандығын басқарған Шығай ханның ұлы?
А)Хақназар;
В)Бұрындық;
С)Тәуке;
Д)Тәуекел;
Е)Жәңгір.



















Тест сұрақтарына дұрыс жауап беру жолдары.

1. Әрбір сұраққа дұрыс жауап беруге тырысыңыз,дәл сол сұрақ алдыңыздан шығуы мүмкін.Жауап бере алмаған жағдайда,дұрыс жауабын іздеп тап.Күнде бір мөлшерде сұраққа жауап бере отырып,өз-өзіңізді дағдылаңыз.

2. Тапсырманы,сұрақты түсінбей жатып,жауаптарын оқуға асықпаңыз.алдымен сізден не сұрап тұрғанын анықтап алыңыз.

3. Сұрақтағы бес жауапты оқып шықпай тұрып,біліп тұрған жауапты белгілемеңіз, өйткені кейбір сұрақтар нақты жауапты талап етеді.

4. Бір сұрақтың жауабына күмәндансаңыз,ол сұраққа басқа сұрақтарға жауап бергеннен кейін қайта оралуыңызға болады.

5. Қателескен сұрақтарыңызға қарап,уайымдамаңыз, өйткені әрбір қате сұрақтың дұрыс жауабын үйренесіз.Сіз үшін ол үлкен олжа.

6. Мәтін-сұрақтарды көріп, «ұзын сұрақ қиын»деп ойлап,оны оқымай тастап кетпеңіз.

7. Ұзын мәтінді сұрақтардың жауабы көбіне сол мәтіннің ішінде жасырын тұрады.

8. Тестілеуде дұрыс жауапты тез тапқыңыз келсе,қате деп тапқан жауаптарды сызып тастап,қалған жауаптарға мән беріңіз.

9. Қазақстан тарихын оқыған кезде «туған елімнің,туған халқымның тарихын біліп алуым керек»деген мақсат қою керек.

10. Тарихқа дайындалуға жоспар құру қажет.Мысалы күніне1-2сағат кітапты ашып дайындық жасау қажет,дайындық тұрақты түрде болғаны жақсы.

11.Дайындық кезінде Қазақстан тарихын ежелгі дәуірден бастап қазіргі күнге дейін аралықты толығымен 1 рет оқып шығу қажет,сол кезде Қазақстан тарихы бойынша жалпы түсінік қалыптасады.Егер дайындықты бірден тест жаттаудан бастасаңыз,онда жатталған сұрақ 2-3аптадан кейін ұмытылып кетеді.

12. Келесі кезең конспектілеп дайындалу кезеңі басталады.Конспекті жазғанда әдемі және қысқа түрде жазғаны дұрыс оның ең тиімді әдісі:белгілі бір тақырыпты оқып шыққаннан кейін,оны қағаз бетіне түсіру.Сол кезде мәлімет есіңізде жақсы сақталады.

13. Тестілерді шешкен кезде,жауап беруге қиналған сұрақтарға сұрақ белгісін қойыңыз.Кейін мектеп оқулығынан немесе көмекші оқу құралдарынан іздеп тауып,астын сызып қойыңыз.

14.Тарихи даталарды немесе тарихы тұлғалардың есімдерін есіңізге сақтаған кезде ассоциациялар құрғаныңыз жөн.Мысалы:Кенесары көтерілісі 1837-1847жылдары болған,яғни 1837жылындағы «7»санын және 1847жылындағы «7» санын байланыстыру арқылы есіңізге сақтаңыз.

15.Дайындық кезінде жолдастарыңызбекн бір-біріңізге сұрақ-жауап қою әдісі де тиімді

5. Түрік билеушілерін ретімен айтуға қиналамын.

Қағанаттар

Билеушілері

Түрік қағанаты

Бумын

Қара Еске

Мұқан,

Тобо,

Иштеми

Батыс Түрік қағанаты

Тардуш,Шегу, Тон ,Ешбар Елтеріс

Түркеш қағанаты

Қарлұқ қағанаты

Үшлік, Сақал,Сұлу,Тұқарсан Құтшар,Жыпыр

Білге күл Қадыр -хан



hello_html_m23252122.gif





















Есте сақтау қабілетін арттыру үшін жаттығулар

Қысқа сөзден гөрі үлкен үзіндіні жаттау анағұрлым пайдалы.

Бірдей жұмыс кезінде есте сақталатынның саны қаншалықты көп болса, түсіну деңгейі соншалықты жоғары болмақ.

Назар аударып (концентрированно) жаттағаннан бөліп жаттаған жақсы. Қатарынан жаттай бергенше үзілістермен жаттаған, бәрін бірден жаттағаннан аздап жаттаған жақсы.

Қайта-қайта жай оқи бергеннен ойша қайталаған анағұрлым тиімді.!!!

Егер үлкен және кішкентай екі материалмен жұмыс істесең, үлкеннен бастаған дұрыс.

Ұйықтап жатқан адам жаттамайды, бірақ ұмытпайды да.


6. Басты оқиғалар мен хронологиялық кестені жаттап алу қиын, есте қалмайды.
Мысалы :
Ел экономикасының 90 жылдары жеке сектордың қолында болып, 500 мыңға жуық жеке шаруашылық өкілдері - кәсіпкерлер тобына жетті
А)1998ж.
В)2005ж.
С)1991ж.
Д)1993 ж.
Е)2010 ж.
 
1991 ж. 16 желтоқсан — ҚР тәуелсіздігі туралы Заңның қабылдануы.
1991 ж. 16 желтоқсан — Қазақстан тәуелсіздігінің жариялауы.
1991 ж. — Семей ядролық полигонының жабылуы.
— Қазақстан Компартиясының таратылуы.
— Қазақстан Президентін сайлау.
1991 ж. — шетелдегі қазақтардың ішінен алғаш Монғолиядан оралмандардың келе бастауы.
1991 ж. — Мәскеудегі қазақ жастарының мәдени қоғамы “Мұрагер” өз жұмысын бастады.
1992 ж. 2 наурыз — ҚР БҰҰ-ның мүшелігіне қабылдануы.
1992 ж. 2 наурыз — ҚР БҰҰ құрамына кірді.
1992 ж. 4 маусым — Мемлекеттік елтаңба мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы айшықтанды.
1992 ж. 28 қыркүйек — 4 қазан — Алматыда қазақтардың дүниежүзілік бірінші құрылтайы өтті.
1992 ж. қазан — БҰҰ Бас Ассамблеясында Президент Н.Назарбаев АБӨ СШ (Азияда бірігіп әрекет ету және сенім шаралары) ұйымды қолдап сөз сөйледі.
1992 ж. күзде — Қазақтардың Дүниежүзілік қауымдастығы құрылды.
1992 ж. — Қазақстан Республикасының “Көші-қон туралы” Заңы қабылданды.
1993 ж. 28 қаңтар — ҚР бірінші Конституциясы қабылданды.
1993 ж. сәуір — мемлекет иелігіне алу мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы іс жүзіне асырыла бастады.
1993 ж. — “Болашақ” бағдарламасы қабылданды.
1993 ж. күзі — Кеңестер төменгі құрылымынан бастап өздері тарата бастады.
1993 ж. 15 қараша — ҚР-ның өз ұлттық валютасы — теңге айналымға кірді.
1993 ж. 13 желтоқсан — Қазақстан “Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімге” қол қойды.
1994 ж. наурыз — Мәскеуде Президент Н.Назарбаев Еуроазиялық Одақты құру жөнінде мәселе көтерді.
1995 ж. 1 наурыз — ҚР Президенті жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясының құрылуы.
1995 ж. 30 тамыз — республикалық референдумда ҚР-ның жаңа Конституциясы қабылданды.
1996 ж. — ҚР Президентінің “Қазақстан Республикасында ғылымды басқарудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру шаралары туралы” жарлығы шықты.
1996 ж. — ҚР “Мәдениет туралы” заң қабылданды.
1997 ж. 20 маусым — “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы” заң қабылданды.
1997 ж. 11 шілде — “Қазақстан Республикасындағы Тілдер жөніндегі заң” қабылданды.
1997 ж. 10 қазан — ҚР 2030 ж. дейінгі стратегиялық даму бағдарламасы қабылданды.
1997 ж. қазан — “2030” Қазақстанның даму стратегиясы.
1997 ж. — Қазақстан БҰҰ-ның балаларға көмек қорының Атқару Кеңесіне мүше болды.
1997 ж. — “Көші-қон және демография агенттігі” құрылды.
2001 ж. — ҚР-ның “Ғылым туралы” заңы қабылданды.
2002 ж. 23—24 қазан — Түркістан қаласында қазақтардың Екінші дүниежүзiлiк құрылтайы болып јттi.
2002 ж. 23—24 қазан — Түркістан қаласындағы қазақтарды» Екiншi дүниежүзiлiк құрылтайы.



ЛОГИКАЛЫҚ  ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАР

 Логикалық тест тапсырмаларына дұрыс жауап беру үшін оқушы:

- тарихи оқиғалардың бір-бірімен байланысын,  тарихи үдерістің тұтастығын түсінуі, білуі;

-  тарихи материалды талдай алуы, негізгісін ажырата алуы, қоғамдық үдерістер себеп-салдарын, даму заңдылықтарын іріктей алуы;

-  тарихи фактілерді, оқиғаларды салыстырып, негізгі өзгерістерді тани білуі;

фактілер мен деректерге сүйеніп, өзіндік ой-пікірін логикалық тұрғыдан қорытындылап, тұжырымдай алуы қажет.



  Ерте орта ғасырлық  мемлекетті атаңыз:

A) Ноғай ордасы

B) Қыпшақ хандығы

C) Қарахан мемлекеті

D) Оғыз мемлекеті

E) Найман мемлекеті

  Дұрыс жауабы –D

Тапсырманың бір ғана нақты, дұрыс жауабы бар. Оғыз мемлекетінен басқа А,В,С және Е нұсқаларында көрсетілген мемлекеттер дамыған орта ғасырлық мемлекеттерге жатады.



Азамат соғысына қатысты термин:

A) Әскери коммунизм

B) Индустрияландыру

C) Жекешелендіру

D) Жылымық

E) Ұжымдастыру

  Дұрыс жауабы – А

Тапсырманың бір ғана нақты, дұрыс жауабы бар. 1918-1920 жылдары Азамат соғысы кезінде әскери коммунизм саясаты жүргізілді. Индустриландыру ісі 1920 жылдардың екінші жартысында басталса, Жекешелендіру 1921 жылғы жаңа экономикалық саясат уақытына сәйкес келеді. Ал, Қазақстанда ұжымдастыру 1920 жылдардың екінші жартысына сәйкес келсе, «Жылымық» ұғымы 1950 жылдарда Н. Хрущевтің билік жүргізген уақытында  қолданылды.



Алтын Орда хандары. Артығын тап.

A) Берке

B) Ахмет

C) Тохты

D) Ілияс-Қожа

E) Өзбек

  Дұрыс жауабы - D

Тапсырманың бір ғана нақты дұрыс жауабы бар.А,В,С,E нұсқаларында берілген тұлғалар Алтын Орданың белгілі хандары.  Ал, Ілияс-Қожа Моғолстан мемлекетінің билеушісі.

7. Атақты адамдардың өмір сүрген жылдары есте қалмайды.

Мысалы:

Дәулеткерей Шығайұлының өмір сүрген жылдары

А)1820-1887ж.ж.

В)1818-1889ж.ж.

С)1815-1862ж.ж.

Д)1843-1913ж.ж.

Е)1843-1916ж.ж.

Егер үлкен және кішкентай екі материалмен жұмыс істесең, үлкеннен бастаған дұрыс.




туындылары

қосымша

Тәттімбет Қазанғапұлы

1815-1862 жж.-күйші

Сарыжайлау”,”Былқылдақ,”

Балбырауын”,” Салқоңыр”

40-қа жуық күй шығарған,өмір тартысы туралы,сарғайған үміт,теңсіздікті,сұлулықты жырлаған

Құрмағазы Сағырбайұлы 1818-1889жж.күйші,сазгер,

аспап-тық музыканың классигі

Адай”,”Кішкентай”,”Ақсас киік””Сарыарқа”,”Түрмеден қашқан”т.б.

Әлеуметтік әділетсіздік пен озбырлыққа қарсы,езушілерге қарсы өшпенділігін суреттеген.

Дәулеткерей Шығайұлы 1820-1887 жж. Күйші,сазгер

Желдірме””Қосалқа,””Тартыс”,”Ысқырма ”” Құдаша ”

Халық тұрмысын суреген күйлерінің 40-қа жуығы сақталған.

Біржан Қожағұлұлы 1884-1897 жж.Сазгер,ақын,әнші

Біржан сал әні”,”Ғашығым”,”Айтбай “

Әлеуметтік,адамгершілік,ізгілік мәселерін қозғайды.

Жаяу, Мұса Байжанұлы 1835-1929 жж.сазгер,әнші

Ақсиса,””Баянауыл””Сұршақыз”, “Хаулау” “”Толғау “

Ақсүйек байларды әшкерелейді,олардың зұлымдығын өзінің өлеңдерінде ашық көрсетіп,қуынды болды.

Ақан сері(Ақжігіт)

Қорамсаұлы 1843-1913жж.ақын,сазгер,

күйші

Балқадиша””Сырымбет””Маңмаңгер” “ Құлагер”

Демократиялық сарында шығарған,байлардың озбырлығын,достықты жырлады.

Ықылас Дүкенұлы 1843-1916жж.күйші,қобызшы,

сазгер

Ықыластың күйі”,”Қоңыр күйі”,”Жарым патшам””Қорқыт”

Патша,шенеунітерді,байларды кекетті, олардың тәкаппарлығын көрсетті.



Ұйықтап жатқан адам жаттамайды, бірақ ұмытпайды да.



9. Қате және нақты жауабы берілмеген сұрақтар.Мысалы :

XIXғ. бірінші жартысында Ресей мен Қытай арасындағы сауда байланыстарының дамуына кедергі болған (3271-нұска)

А)Баж салығы көбейді;

В)Қазақстан аумағындағы көтерілістер;

С)Сауда керуендерінің жиі тоналуы;

Д)Мемлекетаралық келесімнің болғандығы;

Е)Шекаралық аудандағы арнайы

жәрмеңкелердің болмауы.

Оқулықтар бойынша құрастырылған тестік тапсырмаларда қиындықтар жайында:

1.Қарахан мемлекеті өмір сүрді:

7 сыныптың 2007 жылғы (“Атамұра” баспасы, авт. С.Садықов, С.Жолдасов, 52-бет) оқулығында 942-1212 жылдары өмір сүрген деген дерек берген. 7 сыныптың 2012 жылғы (“Атамұра” баспасы, Н.Бакина, Н.Жанақова, 71-бет) оқулығында 940-1212 деп жазған.

2. Қарахан мемлекеті екіге бөлігінде батыс хандығының орталығы болған қала:

7 сыныптың 2007 жылғы ( авт. С.Садықов, С.Жолдасбаев,“Атамұра” баспасы, 55-бет) оқулығында алғаш Үзкент, кейін Самарқан болды деп жазылған.

4. Қазақ жүздері шамамен алғанда қалыптаса бастады:

2007 жылғы 7 сынып оқулығында (“Атамұра”баспасы, авт. С.Садықов С.Жолдасбаев,148-бет) берілген мәлімет: Жүздердің құрылуы туралы нақты деректер жоқтың қасында.

2012 жылғы 7 сынып оқулығында (“Атамұра”баспасы, Н.Бакина, Н.Жанақова,247-бет): Жүздердің құрылуы туралы ортақ пікір жоқ деген тұжырым келтіре отырып, XVII ғасырдың басында үш ордаға (жузге) бөлінген деп жазды.

5. Тәуке ханның билік еткен уақыты:

7 сыныптың 2007 жылғы (“Атамұра”баспасы, авт. С.Садықов, С.Жолдасбеков,186-бет) оқулығында 1680-1715 жылдар деп көрсетілген. 7 сыныптың 2012 жылғы оқулығында (“Атамұра”баспасы, Н.Бакина, Н.Жанақова,240-бет) 1680-1718 жылдар деген дерек берілген.

6. «Бұланты» шайқасы болған мерзім:

10 сыныптың қоғамдық-гуманитарлық бағатындағы оқулықта (2006 жыл,”Мектеп”баспасы, авт. Ә.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, М.) 1730 жыл деп көрсетеді.10сыныптың жаратылыстану математикалық бағытындағы оқулықта (2006жыл мектеп баспасы,авт. С.Жолдасбаев,153 бет).1926 жыл Бұланты өзен бойында,1728жылы Қарасиыр деген жердегі шайқастарда ойсырата жеңді деп жазылған.

7 сыныптың 2012 жылғы ( авт. Н.Бакина, Н.Жанақова,“Атамұра” баспасы,73-бет) оқулығында Бұхара деп көрсетілген.

3. Қарахан мемлекеті екіге бөлігінде шығыс хандығының орталығы болған қала:

7 сыныптың 2007 жылғы оқулығында (“Атамұра” баспасы, авт. С.Садықов, С.Жолдасбаев,55-бет) Орда деп мәлімет берген. 2012 жылы шыққан 7 сыныптың оқулығында (“Атамұра”баспасы, авт. Н.Бакина, Н.Жанақова,73-бет) Баласағұн деп жазылған.

8 класс оқулығы § 23.

Қазақ-Қытай сауда қатынастары

Аңырақай шайқасы болған жер

А)Балқаштың солтүстігі; В)Балқаштың батысы ; С)Балқаштың оңтүстігі;Д)Балқаштың шығысы; Е)Балқаштың орталығы .

Бұл сұрақтың жауабы 7 класс оқулығында

§45 185-бетте Балқаш көлінің маңы деп берілген.

8 класс оқулығында 2003жылғы 1730 жылдың көктемінде Балқаш көлінің оңтүстігінде.

13-бетте тағы бір деректерде шайқас болған жер Балқаштың оңтүстік-шығысы деп көрсетілген.

10. Оқушылар сұрақты зейін қойып, соңына дейін дұрыс оқымай, шала оқып, жауап бере салады.





Оқушыларға кеңес:

 Көп оқушыларда емтихан жағдайы айқын жағымсыз эмоцияларды тудырады. Оның нәтижесі емтиханды ойдағыдай тапсыру үшін күштерін жұмсамай, емтиханға байланысты қорқуға көп көңіл бөлінеді.

    Энергияны зая жібермей емтиханға қалай максималды тиімді әрі жоғары дайындалуға болады? Емтиханда өзінің жақсы жақтарын көрсетуге және жақсы нәтижеге қалай қол жеткізуге болады?

     ҰБТ-ға дайындық бойынша кейбір ұсыныстар:

- уақытты ұйқыға үнемдеу қажет емес! Уақытты ұйқыға үнемдеу – тәуліктің басқа уақытында интеллектуалды қызметінің нәтижелілігі төмендеуіне әкеп соқтырады;

- Емтихандарға мағынасына жетіп қарау керек және интеллектуалдық күшті басты сұрақтарды, курстың мағыналық  топтамасын анықтауға бөлу керек;

- шағын конспекті, жауаптардың мағыналық сызбасын жасау керек;

- өзін сәттілікке бейімдеу.

ҰБТ және оның дайындығына небір кедергіге төзу ретінде қарамай, маңызды оқу бөліміне сияқты қатысу керек.

Өзін-өзі сендіру формуласы:


Мен толығымен өзімнің тәртібімді бақылаймын. Мен өз жолымдағы қиындықтарды көріп тұрмын және бұл менің жеке өсуімнің мүмкіндіктері. 

- Мен өз ойым мен сезімімді бақылаймын.

- Менің өзіме деген сенімділігім  күн сайын артуда. - Менің өз мақсаттарыма қол жеткізуге жағдайым бар және мен қол жеткіземін.

- Мен өзімді бақытты, дені сау және сәтті оқушы сияқты елестетемін.

- Мен өзімді қалай елестетсем, сондай боламын.

- Мен сабырлымын және өзіме өзім сенімдімін. 







































Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ: ҰБТ-ға дайындық жолдары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Медиатор

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 617 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.02.2016 1486
    • DOCX 532.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдуллина Динара Ысқаққызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абдуллина Динара Ысқаққызы
    Абдуллина Динара Ысқаққызы
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5370
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Моделирование современных уроков истории

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 464 человека

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1354 человека из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 913 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История")

Учитель истории

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методические навыки и эффективность обучения школьников на уроках литературы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы психологии личности: от нарциссизма к творчеству

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Техники визуализации в учебном процессе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 человек
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции