Инфоурок Другое Другие методич. материалыАшық сабақ "Әдебиет- сөз өнері"

Ашық сабақ "Әдебиет- сөз өнері"

Скачать материал

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым

министрлігі

 

№63 негізгі орта мектеп

 

 

 

Ашық сабақ

 

Тақырыбы:

 

"Әдебиет-сөз өнері"

 

 

                                                      

 

 

                                                            

                                                                         Пән мұғалімі: Н. Абилдабекова

                                                                       

                                                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент

Пәні: әдебиет                                     Сыныптар: 7а,ә

«Әдебиет - сөз өнері» зияткерлік сабағы (XXI ғасыр көшбасшысы)

1.    Мақсаты: Оқушылардың өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншіліктерін артыру, пәнге деген қызығушылығын ояту, олардың дүниетанымын, ой- орісін кеңейту, ойын арқылы таным, білім, білік, икем дағдыларын қалыптастыру.

2.     Көрнекілігі: Интерактивті тақта

3.     Ұйымдастыру.

Мұғалім сөзі.

Құрметті ұстаздар, оқушылар әр адамның, азаматтың қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өз атамекенін қалай сүюімен, өз ана тілін қалай білуімен өлшенбек. Әркімнің өз тіліне деген құрметі өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрмет деп білу керек.

Ал, құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі «Әдебиет - сөз өнері» тақырыбындағы зияткерлік сабағымызды 7 сынып оқушыларымен өткіземіз. Ол үшін қатысатын оқушылар ортаға шақырамыз.

1-              жүргізуші:

Армысыздар, алқалы жұрт көз көрген,

Құралсыншы ойларыңыз інжу-маржан сөздерден.

Әдебиеттің тереңдігін, байлығын да көрсетер,

Алдыңызда зияткерлік сайысы.

2-              жүргізуші:

Кең далалы, кең пейілді қазақпыз,

Құл емеспіз, еркін жанбыз, азатпыз.

Қуанамын, көрсем атты қазақты,

Ән шырқаған алшы тастап тымақты.

-деп ақын ағамыз Қасым Аманжолов өзінің туған елін, халқын мақтан етті.

1-                                                жүргізуші:       Ия, ақынның туған жерге деген жалынды перзенттік сүйіспеншілігі оның мына өлең шумақтарында

Уа, дариға, алтын бесік - туған жер,

Қадіріңді келсем білмей, кеше гөр!

Жата алмас еш топырағыңды тебіренбей,

Ақын болмай, тасың болсам мен егер.

-деп шабытпен суреттелген екен.

2-                                                жүргізуші:       Ал, Қадір Мырзалиев ағамыз

Қазаққа дала керек, ғарыш керек,

Керемет кеңдік керек.

Шайқасса - қоян емес, барыс керек,

Жүйрігін сынау үшін - жарыс керек ...

-деп жырлағандай кімнің білімді екенін, топ жарып жүйрік шығатынын білу үшін жарыс, сайыс керек.

 

 

 

 

1-жүргізуші: Олай болса, ойыншыларымызды таныстырайық.

1.     Құрбанәлі Айжан

2.     Бойтов Диас

3.     Ыманбай Қолдас

4.     АхметЛаззат

5.     Әділхан Назира

6.     Адилбекова Мөлдір

7.     Бекенбай Нұрсұлтан

8.     Айтқұлова Нұрила

9.     Хамидуллаева Әйгерім

10.                      Әмір      Ерасыл.

Олай болса, тәуелсіз сарапшыларымызбен таныстырайық.

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың сайысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты -деп әділ баға беретіндер.

1.

2.

3.

2-жүргізуші: Сайыстың өту кезеңдері мен шартымен таныстырып өтейік. Әр кезең аяқталған сайын сарапшыларымыздың есебі бойынша ең төмен балл жинаған екі оқушы ойыннан шығарылып отырады. Әр дұрыс жауапқа 10 балл қойылады.

1.     «Бәйге» сұрақтар мен тапсырмалар

2.     «Жүйрік болсаң, шауып көр»

3.     «Жалғастыру»

4.     «Дода»

5.     «Жеті жұмбақ»

6.     «Мықты болсаң, тауып көр»

7.     «Жорға»

1-жүргізуші: Сонымен, құрметті зияткерлік сайысқа қатысушылар бастаймыз ба? Онда ойыншыларға сәттілік тілейміз.

«Бәйге» кезеңінің сұрақтары:

1.     Әдебиет қай тілден енген?

2.     Лиро-эпостық жыр деген не?

3.     Дулат Бабатайұлы туған жері.

4.     «Аягөз, қайда барасың?» өлеңін жатқа айт.

5.     Отан, туған жер тақырыбына мақал-мәтел айт.

6.     Асан қайғы туралы не білесің?

7.     Мұхтар Шаханов өмірі мен шығармашылығы

8.     «Аяз би» ертегісінен үзінді айту.

9.     «Қажымұқан» хикаятының авторы кім?

10.Махамбеттің «Қызғыш құс» өлеңін жатқа айт.

11.Әдеби ертегілер.

12.0қу - білімге байланысты мақал-мәтел.

13.Ақ сұңқар ұшар жем үшін,

Туады ерлер ел үшін.

Тоқтай алмай барамын,

Ағайын-туған ел үшін.

Қай жырдан үзінді?

14.«Бір адамға» өлеңін кім жазды?

15.«Қыз Жібек» фильмінде Бекежан ролінде кім ойнады?

      16.«Қазақ  хрестоматиясын» жазған кім?

      17.Жабайы аңдарды өсіретін жер.

      18.Сөз өнер жарысы.

      19.Адам үндес музыкалы аспап.

      20.«Алаш» партиясының жетекшісі кім болған?

2-жүргізуші: Ал, қанеки, тәуелсіз сарапшыларымызды тыңдайық...

     Төмен балл жинаған ойыншымызды рахмет айтып, әлі де биік асуларды іздену арқылы бағындыра алатынын айтып шығарып саламыз.

1-жүргізуші:  Келесі сайысымыз «Жүйрік болсаң, шауып көр» деп аталады. Тіліміздегі бейнелі сөздердің бірі-тұрақты сөз тіркестері. Олай болса берілген сөздерден тұрақты сөз тіркестерін тауып, мағынасын ашамыз.

1.     Тай, құлын, ат, жылқы: таңба      (тайға таңба басқандай - анық)

2.     Қара, сары, қоңыр: қақ жару        (қара қылды қақ жару - әділ)

3.     Аяғы, қолы, салы, аузы: су          (салы суға кету - ұнжырғасы түсу)

4.     Қол, дене, бет: от                        (бетінен оты шығу - ұялу)

5.     Сүйек, тері, қаңқа: қаптау           (ит терісін басына қаптау - ұрсу)

6.     Ат, мал, қой: із                            (ат ізін салмау - хабар алмау)

7.     Жылқы, түйе, қой: шөп               (қой аузынан шөп алмас - момын)

8.     Су, бу, мұз, қар: отырғызу           (мұзға отырғызу - алдау)

9.     От, күл, шала, қоламта, ұшырау: ұшыру (күлін көкке ұшыру - жоқ қылу)

10.Тіс,   тіл, жақ: батыру                  (тісін батыру - жәбірлеу)

 

1-жүргізуші:  Сарапшыларымызға сөз берейік. Өкінішті - ақ, бұл ойыншыға да рахмет айтып, шығарып саламыз.

Келесі «Жалғастыру» деп аталады.

Өлеңнің бірінші жолдары оқылады. Сол өлеңді жалғастыру, авторын айту.

1.     Ау, қызғыш құс, қызғыш құс                         (Махамбет)

2.     Өнер - білім бар жұрттар                               (Ыбырай)

3.     Ақ киімді, денелі, ақ сақалды                        (Абай)

4.Сұр бұлт түсі суық қаптайды адам                  (Абай)

5.Бір үйде жиюлы екен қазына ма                      (Сұлтанмахмұт)

      6.Темір торлы тас үйде                                      (Сәкен)

      7.Күлдей күңғүрт шашы бар                              (Мағжан)

1-жүргізуші: Келесі сайыс «Дода» деп аталады. 4 тақырып беріледі. Әр тақырыпта 3 сұрақ пен тапсырма бар.

I. Халық ауыз әдебиеті.

1. Ынтымақ, достық туралы мақал-мәтелдер айту.

2. Шешендік сөз деген не?

3. Наурыз өлеңдері қай кезде айтылады?

II.   XIX ғасы әдебиеті.

1.     Абайдың өнер - білімге арнаған қандай өлеңдері бар?

2.     Махамбеттің «Соғыс» өлеңін жатқа айт.

3.     Ы. Алтынсарин кімнің қолында тәрбиеленді?

III.                      XX ғасыр I жартысындағы әдебиет.

1 .Әмірхан қай шығарманың кейіпкері.

2.     Сүйінбай Аронұлы кімнің ұстазы еді?

3.     Ахмет Байтұрсынұлы қай жерде туған?

ІҮ. XX ғасырдың II жартысындағы әдебиет.

      1 .Иса Байзақовтың «Жазғы кеш» өлеңін жатқа айт.

2.     Шығармаларын ана тақырыбына көп арнаған жазушы.

3.     М. Әуезовтың роман-эпопеясы.

2-жүргізуші: Сонымен, тағы да балы аз оқушымыз ортамыздан кетеді де, білімді сайыскерлер ойынды жалғастырады.

Келесі «Жеті жұмбақ» деп аталады.

Әр тақырыпта 20, 30, 40 ұпайлық 3 сұрақтан бар. 7 сұрақ жэне 2-уі жанды сұрақ болып келеді.

I. Әдебиет теориясы:

1.     20 ұпай. Теңеу деген не?

2.     30 ұпай. Пейзаж деген не?

3.     40 ұпай. Аллегория деген не?

II. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.

20 ұпай.

Не көрсем де - Алаш үшін көргенім,

Маған артық ұлтым үшін өлгенім.

Мен өлсем де Алаш өлмес, көркейер,

Істей берсін қолдарынан келгенін.

(Мағжан Жұмабаев. «Сағыныш»)

30 ұпай

Ақтабан аты астында,

Дулығасы басында.

Зығырданы қайнайды,

Астына мінген Ақтабан Ақбөкендей ойнайды.

(Махамбет «Соғыс»)

40 ұпай: Жанды сұрақ. Экранға қараймыз.

Даңқың қайда төске өрлеген?

Екі жүз мың әскерменен,

Алты ай бойы кіп-кішкентай

Отырарды ала алмау,

Алты ай бойы Отырардың осал тұсын таба алмау Ойы - дауыл,

Сезімі - аспан,

Тек жеңіспен көзін ашқан

Менің алғыр ұрпағымның сүйегіне зор таңба.

(М. Шаханов «Отырар» дастаны)

III. Менің сүйікті кейіпкерім.

20 ұпай: Жанды сұрақ. Экранға қараймыз.

Оқушылардың қойылымы.

Кендебай аң аулап келе жатып бір балаға жолығады. Бала еңіреп жылап жүр екен. Кендебай:

-Көзің жасты, көкірегің қайғылы не еткен жатсың?-депті.

Баланың басы таз, киімі өрім-өрім екен.

-Ардақтаған анаңды алса, төгілмей ме ырысың. Асқар таудай әкеңді алса, көрген күнің құрысын!-деп бақырыпты.

-Не болды? Жөндеп айтшы?-деп сұрапты Кендебай.

Бала жауап беріпті.

-Мен Мергенбай деген батырдың жалғыз баласы едім. Қазір алтыға шықтым. Биыл төртінші жыл елімізге жау тиіп, жылқы біткеннен тұяқ қалдырмай айдап әкетті. Әкем алып ұйқылы батыр еді. Әкемді байлап әкетті. Арашаламақшы болған шешемді әкетті. Мен жетім қалдым.

-Олай болса, жылама. Мен әке-шешеңді іздеп, тауып берейін,-деп Кендебай жүріп кетті.

(«Керқұла атты Кендебай» ертегісі. Кендебай бейнесі мен жетім бала.)

30 ұпай. -Бәрекелді,

Бұл еңбегің жарады,

Бірақ одан ұрпақ тарап Одан ақын туғанша,

Ал, ол ақын ата жолын қуғанша,

Айырғанша ақтан бөліп қараны,

Талай өзен тасып өтер...

(Авторы кім? қай өлеңі? Кім айтты?)

М. Шаханов «Отырар» Қайыр хан 40 ұпай.

Мен 25 жыл әскерде болдым. Біле-білген кісіге бұл - үлкен университет. Осы 25 жылдың ішінде мен талай қолбасшымен кездестім, сабақ алдым, талай генералдың қол астында қызмет істедім, тәрбие көрдім. Өйткені комндир деген әскери педагог қой...

(Мұны кім айтты? ) Бауыржан Момышұлы.

1-жүргізуші: Мінеки, сайысымыздың соңына да жақындадық, сарапшылар екі сайыскерді анықтап берсін.

Ал, сонымен «Жорға», екі оқушыға 10 сұрақтан қоямыз, тез, әрі дұрыс жауап беруі керек.

1-оқушы:

1. Ұлттық аспап

(домбыра)

2. Үйленген ұлға берілетін үлес

(енші)

3. Оңтүстік Астана

(Алматы)

4. Ең киелі құс

(аққу)

5. Қасиетті тағам

(нан)

6. «Тамаша» сөзінің синонимі

(керемет)

7. «Бандыны қуған Хамит» әңгімесін кім жазды?

(С. Сейфулин)

8. Орыстың мысал жазушысы

(Крылов)

9. Қыс мерзімінің екінші айы

(ақпан)

10. Киіз үйдің төбесін қалай атайды?

(шаңырақ)

 

2-оқушы:

1.     Ұрып - соғатын қару (шоқпар)

2.     Республиканың рәміздері (Әнұран, Ту, Елтаңба)

3.     Қажылыққа баратын қасиетті бас қала (Мекке)

4.     Марокконың астанасы (Рабат)

5.     Көшіп келген көршіге берілетін қонақасы (ерулік)

6.     Ең кішкентай құс (колибри)

7.     Студентке төленетін айлық (шәкіртақы)

8.     100 жыл (ғасыр)

9.     «Ананың анасы» кімнің әңгімесі? (Ғ. Мүсрепов)

10.Қазақстанда неше облыс бар? (14 облыс)

2-жүргізуші: Ұпай саны артық оқушы жеңіске жетеді.

Кіршіксіз қардай сақтаңдар,

Ана тілін, жамағат!

Шұбарлама тіліңді,

Аманат саған, аманат!

Ата-бабаларымыздың аманаттан кеткен асыл мұрасын, қазынасын мына жаһандану заманындағ, құндылығын арттыра берейік!

1-жүргізуші: Тәуелсіз сарапшыларга сөз.

Жеңімпазды анықтап, марапаттаймыз.

Мұғалім сөзі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ "Әдебиет- сөз өнері""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор школы

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 065 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.01.2016 2195
    • DOCX 28.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абилдабекова Назия Алихановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абилдабекова Назия Алихановна
    Абилдабекова Назия Алихановна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14645
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Мини-курс

Раннее развитие: комплексный подход к развитию и воспитанию детей от 0 до 7 лет.

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Мини-курс

Продажи и самопрезентация в социальных сетях

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 108 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Мини-курс

Информационные технологии и безопасность

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек