Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Ашық сабақ әдебиеттік оқу "Мүшел жас" (2-сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Ашық сабақ әдебиеттік оқу "Мүшел жас" (2-сынып)

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Мүшел жас

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Мәтін мазмұнын түсініп, адам жасының ерекшеліктеріне мән бере отырып, айтылған ойға, үлкеннің сөзін тыңдай білуге, өзгелердің пікірімен санаса білуге үйрету.

Дамытушылық мақсаты: оқушылардың өздігінен ойлануы мен іскерлігін, өз беттерінше қорытынды шығару дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты: әдет-ғұрпымыз бен салт-дәстүрімізді құрметтеуге , имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: мазмұнды суреттер, буклет

Қолданылатын әдіс: сұрақ – жауап, талдау, түсіндіру, әңгімелеу, ой қозғау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Өлеңді жатқа сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ.

Кіріспе әңгіме

Өлең оқу

Туған күнге

Құтты болсын туған күн,

Кіндігіңді кесіп ап,

Жібек жіппен буған күн.

Шілдехана суымен алғаш рет жуған күн.

Орап алып жөргекке,

Ақ сүтін асыл ананың

Емірене емген күн.

Әкең келіп төбеңнен

Тебірене төнген күн.

Қуанғаннан ел-жұрттың

Көрңмдігін берген күн.

«Кімге тартты екен?» деп

Бетіңді ашып берген күн.

Туған күнің жыл сайын

Жүз жыл бойы тойлансың.

-Бұл өлең жолдары кімге арналған айтылды деп ойлайсыңдар?

-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болатынын аңғардыңдар ма?

-Батыр атамыз Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесінен алынған үзінді «Мүшел жас» мәтінін оқимыз.

Оқушылардың Б.Момышұлы туралы не білетіндері бойынша «топтастыру» құру.

Керек дерек.

Момышұлы Бауыржан «1910-1982) –екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық Қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері – Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.

Бауаржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым командир атағын алды...

ІҮ. Мағынаны тану

1.Мәтінді мәнерлеп оқу

2.Іштей оқу.

3.Тізбектеп оқу

4.Мәтін мазмұнына сұрақтар.

-Бұрынға замандағы туған күнді тойлау әдетін жазушы қалай түсіндіреді?

-Алғашқы мүшел жастағы бала нешеде?

-Екінші мүшелдегі балаға ата-анасы, елі қандай үміт артады?

-13-те немесе одан асқан мүшелдегі үлкендердің өзіңнен айырмашылығы

неде?

-Туған күнді бұрынғыша тойлауға келісер ме едің?

Қосымша дерек

13жас – ер жете бастау.

25жас – жігіттік шақ

37жас – ақыл тоқтатқан кезең

49жас – орта жас

61жас – немере сүю

73жас – қарттықтың басы

85жас – кәрілік

97жас – қалжырау

109жас – шөпшек сүю

121жас – немене сүю

-Отбасында туған күн мерекесі қалай аталып өтіледі?

Бұл мерекенің жақсы-жаман жағын ажыратып жазайық



Жақсы Жаман









Ү.Сергіту сәті

Ал, балалар тұрайық.

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып алайық.

Оңға, солға түзу тұр,

Солға, оңға түзу тұр.

Алға қарай бір адм.

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық

ҮІ.Дәптермен жұмыс

«Туған күнді тойлау» шағын шығарма жазу.

ҮІІ. Қорытынды

-Балалар, тағы қандай салт-дәстүрлерді білесіңдер?

ҮІІІ. Ойтолғау

-Өздеріңнің алғашқы тойларыңның қалай өткенін қалайсыңдар

Оқушылардың жауабын тыңдау

ІХ. Үйге тапсырма беру

44 бет оқу мазмұндау

Х. Бағалау.

Қатысқан оқушыларды бағалау





Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 06.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров514
Номер материала ДВ-128716
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх