Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Ашық сабақ, "11-ден 20-ға дейінгі сандар"

Ашық сабақ, "11-ден 20-ға дейінгі сандар"

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: 11-ден 20-ға дейіңгі сандар

Сабақтың мақсаты: -11-20 дейіңгі сандарды санап, цифрларды тани білу; гео.

фигур. ажырата білу;

- Сандардың ретін, қатарын анықтай алу, бүтін, жарты, ширек

ұғымын саналы түрде игеру, 10 саны көлемінде азайту, қосу

амалдарынорындау дағдыларын дамыту;

- Ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа , ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі:топтастыру, салыстыру, талдау

Сабақ түрі: қайталау

Сабақ көрнекілігі: сызба қағазы,  цифрлар, сиқырлы кесте, геометриялық фигуралар, асықтар.

  Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: психологиялық дайындық

                            2.Қызығушылықты ояту

                            3. мағынаны тану

                           4. Ой толғау.

1.Психологиялық дайындық: құрметті оқушылар бүгін біздің сабағымызға қонақтар қатысып отыр. Сендердің не үйренгендеріңді көргілері келеді: Мен сендер,  өте, алғыр жақсы оқушы екендеріңді айттым:Енді менің сенімімді ақтайсыңдар деп ойлаймын. Ондай болса сабағымызды бастайық.

Топқа бөлу. Қане, балалар мынау менің үстелімде әр түрлі пішіндес заттар жатыр осы заттарды бір-бірден алайық. Кімде дөңгелек пішіндес заттар , сол балалар «ДӨҢГЕЛЕК» тобына, кімде төртбұрыш пішініне ұқсас заттар солар «ТӨРТБҰРЫШ» тобына, кімде үшбұрыш пішіндес заттар сол балалар «ҮШБҰРЫШ» тобына орналаса қойыңдар. Әр топты мына асықтармен бағалап отырамыз. Сабақ соңында қай топтың асығы көп, сол топ жеңіске жетеді.

2.Қызығушылықты ояту. Балаалар , біз өткен сабақтарда 1-10, 11-20 ға дейінгі сандарды тура және кері санауды үйрендік , солайма. Ал енді мен үш топқа тапсырма беремін. «ДӨҢГЕЛЕКТЕР» 1-10 ға дейінгі сандарды тура және кері санап бере қойың, «ҮШБҰРЫШ» тобы 11-20ға дейін тура және кері санап бере қойың. Ал, «ТӨРТБҰРЫШ» тобы 1-10ға дейінгі сандарды орысша, ағылшынша санап бере қойыңдар.

Жарайсыңдар.

3. Мағынаны тану.

 1-тапсырма. 

Балалар , алдарыңдағы жолақтар берілген. Жолақта неше шеңбер бар?Жоғарғы жағына тағы бір шеңбер қойыңдар.Барлығы неше шеңбер болды? (11,12,13 т.б.)

Сонда 11 саны 1 ондық 1 бірліктен құралған екен.12 саны 1 ондықтан және 2 бірліктен. Тағы сол сияқты.

 Әр топқа тапсырма.

Сандарды ретімен орналастырып, үстіндегі әріптерді қосып оқу. (мектеп, оқушы, кітап)

Дәптермен жұмыс. 

Сергіту сәті:   Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Бесті беске қосқанда

Болып шықты он саусақ

3-тапсырма. Сурет бойынша қосуға есеп құрастыр, шешуін жаз..

 

4-тапсырма.  1-топқа «Адасқан сандар» тақтаға кесте ілінеді, 11-20 арасындағы сандар жоқ. Сол сандарды қойып шығады.

2-топқа «Сандарды 2-ге кеміту» мәндерін жазу.

3-топқа 1-10 арасындағы сандар , бос орындарға тиісті сандарды қойып жазу.

 

Оқушылардың білімдерін тексеру. Әр топқа ретсіз жатқан сандар беріледі. Сол сандарды ретімен орналастыру.                              

 Қорытындылау. Әр топтың асықтарын санату





Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 13.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров330
Номер материала ДВ-449506
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх