Ашық сабақ. "Дене импульсі. Материялық нүктеде импульстің өзгеруі. Денелер жүйесі. Импульстің сақталу заңы"

Предпросмотр материала:

Сабақ тақырыбы: Дене импульсі. Материялық нүктеде импульстің өзгеруі.

                                          Денелер жүйесі. Импульстің сақталу заңы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өмірде кездесетін физикалық құбылыстарды мысал ретінде айта отырып, дене импульсі, күш импульсі және импульстің сақталу заңы туралы түсінік беру. Формулаларын тұжырымдау. Есеп шығаруда қолдана білуге үйрету. Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, бір – бірін бағалауға дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже: 1. Оқушылар импульстің мағынасын түсінеді.
2. Дене импульсінің анықтамасын, формуласын, өлшем бірлігін біледі. Есеп шығаруда қолдана алады.
3. Күш импульсінің анықтамасын, формуласын, өлшем бірлігін біледі. Есеп шығаруда қолдана алады.
4. Дене импульсі мен күш импульсі арасындағы байланысты біледі. Есеп шығаруда қолдана алады.
5. Импульстің сақталу заңын тұжырымдап, оны есеп шығаруда қолдана біледі.
Сабақтың түрі: Жаңа мағлұмат беру.
Сабақтың әдіс – тәсілі: СТО, топтық, жеке жұмыстар,

Сабақтың көрнекілігі: постер қорғау, суреттер, үлестірме карточка,

І. Ұйымдастыру: Оқушыларды Ньютонның І заңы, ІІ заңы, ІІІ заңы бойынша үш топқа бөлу.

ІІ. «Қызығушылығын ояту» кезеңі.

Оқушыларға сұрақтар қойылады.

- Ньютонның І заңын тұжырымда.

- Ньютонның ІІ заңын тұжырымда.

- Күш дегеніміз не? Олардың түрлері қандай?

- Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымда.

- Гравитациялық тұрақтының сан мәні, өлшем бірлігі.

- Дененің салмағы дегеніміз не?

- Егер дене үдемелі жоғары қозғалса, дененің салмағы қалай өзгереді?

- Дене үдемелі төмен қозғалғандағы салмақтың формуласы.


ІІІ. «Мағынаны ашу» кезеңі. «Миға шабуыл»

1.Үлкен жылдамдықпен келе жатқан допты футболшы аяқпен немесе баспен тоқтатады. Өте жай жылдамдықпен қозғалып келе жатқан вагонды адам тоқтата алмайды. Себебі?

2. Массасы 9 грамм 5 м/с жылдамдықпен ұшқан оқты жұқа картон қағазбен тоқтатуға болады. Ал осы  оқ винтопкадан 800 м/с жылдамдықпен ұшса оны өте қалың тақтайда тоқтата алмайды. Себебі?

 

Күш импульсіне демонстрациялық тәжірибелер.

1.  Горизанталь бетке болат шар қойылған. Оның үстімен тұрақты магнитті жылдам өткізейік.

Тәжірибені қайталап, магнитті шардың үстімен жайлап қозғайық, сонда шар магнитпен ілесе бірге жүреді.

Үстелде жатқан бір парақ қағазға суы бар стакан қойылған. Егер сол қағазды жайлап тартсақ, онда стакан қағазбен бірге қозғалады. Ал егер қаттырақ тартып қалсақ, онда қағаз сусып шығады.

3. Таяқшаның екі ұшына қағаздан жасалған екі шығыршық ілінген.Таяқшаны екінші таяқшамен ұрғанда таяқша сынады да, шығыршық сол күйінде қалады. Неге?

 Тәжірибе себебін түсіндіру.


«Импульс» гректің «impulses» деген сөзінен шыққан, оның сөзбе-сөз аудармасы «соққы» дегенді білдіреді. Бұл термин механикада екі шаманы: күш импульсі мен дене импульсін білдіреді.
Енді «Жуан» және «Жіңішке» сұрақтар беру арқылы жаңа тақырып бойынша постер қорғау. «Себет» тәсілі. Тақырып бойынша сұрақтардың жауабын сол себетке жазады.

Жіңішке сұрақтар
1. Дене импульсі дегеніміз не? Белгіленуі, формуласы, өлшем бірлігі.
2. Күш импульсі дегеніміз не? Формуласы, өлшем бірлігі.
3. Дене импульсі мен күш импульсі арасындағы байланысты жаз.

Жуан сұрақтар
1. Дене импульсінің бағыты қалай анықталады? Себебін түсіндір.
2. Күш импульсінің бағыты қалай бағытталады? Себебін түсіндір.
3. Импульстің сақталу заңын тұжырымдаңдар.

 

ІV. Ой толғаныс. (есептер шығару)

1. Массасы 10 кг дененің импульсі 50 кг м/с болғандағы  дененің жылдамдығын табыңдар.

2. Массасы 160 г, 600 м/с жылдамдықпен ұшып келе жатқан оқтың импульсі неге тең?

3. Массасы 120 г дененің импульсін тап. Жылдамдығы 200 м/с.

 

(формулалар құрастыру)

 

Кестедегі есепті шешу.

 

p

200 кг*м/с

620 кг*м/с

 

m

50 кг

 

600 г

u

 

300 м/с

20 м/с

 

p

120 кг*м/с

600 кг*м/с

 

m

100 г

 

500 г

u

 

15 м/с

25 м/с

p

250 кг*м/с

800 кг*м/с

 

m

50 кг

 

1200 г

u

 

40 м/с

0,2 м/с

 

Сабақты бекіту. Оқушыларды бағалау.

Тест жұмысы.

1.Дене импульсінің формуласы

А) p=mu                    В) p=mg                     С) p=mc

2. Күш импульсі деп

А) Күш пен әсер ету уақытының көбейтіндісі

В) Күш пен жылдамдықтың көбейтіндісі

С) Дене массасы мен жылдамдығының көбейтіндісі

3. Импульстің сақталу заңының формуласы

4. Күш импульсінің өлшем бірлігі

A) Hc        B) Hм           C) Н/с

5. Өзара әсерлесетін денелер жүйесі үшін импульстің сақталу заңы қандай жағдайда орындалады?

А) құйынды өріс

В) тұйықталмаған

С) тұйықталған

6. Дене импульсінің өлшем бірлігі

А) кгм               В) кгм/с              С) кгм/с2

7. Денеге  15с бойы  4Н күш әсер етеді. Күш импульсін табыңдар.

А)50 Н с              В) 60 Н с                 С) 0,5 Н с

8. Күш импульсі мен дене импульсінің арасындағы байланыс қандай?

А) mu=Ft              B) p=Ft               C) p=mu 

9.Массасы 20 кг дененің импульсі 100 кг м/с болғандағы  дененің жылдамдығын табыңдар.

А)  4 м/с              В) 5 м/с                    С) 3,5 м/с

10. Импульс терминін  білдіретін шамалар

А) Күш импульсі және дене импульсі    В) Дененің жылдамдығы 

С) Дененің массасы.

Үйге тапсырма. 19, 20-тақырыптар. 11-жаттығу.

 

Ашық сабақ. "Дене импульсі. Материялық нүктеде импульстің өзгеруі. Денелер жүйесі. Импульстің сақталу заңы"

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Автор материала

Айтлесова Нурлы Жылкайдаровна

учитель физики и информатики

  • На сайте: 10 лет и 10 месяцев
  • Всего просмотров: 71135
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 38
  • 71135
    просмотров
  • 38
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Айтлесова Нурлы Жылкайдаровна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

Попробуйте новый ИИ-ассистент для учителей

Создавайте рабочие листы, тесты, презентации и картинки за секунды!

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: