Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Ашық сабақ "Дені саудың - жаны сау"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Биология

Ашық сабақ "Дені саудың - жаны сау"

библиотека
материалов

Зиянды әдеттердің алдын алу


hello_html_m4b57cfbf.gif«Ұзартқын келсе ғұмырды, таста шылым мен арақты» демекші. Олардың зиянын түсіндірейік.

Темекі-өкпеге зиян. Темекі түтінінің күйесі адам өңешіне жиналып, адам нашар дем алатын болады.

Ішімдік-ішсең бауырыңды ірітіп жібереді.

Есірткі-миды кептіреді, адамды есінен таңдырып не істегенін білмейтін халге жеткізеді. Есірткіні тамыр арқылы жібереді, ол бірден жүйкеге әсер етеді.

Сонымен қатар зиянды әдеттер адам ағзасындағы мына мүшелерді зақымдайды:

hello_html_31802f9f.jpg

hello_html_750d558b.jpg


Ішімдік ми мен бауырды зақымдайды





hello_html_m14d9d5b7.jpgТемекі өкпе мен тыныс алу жолдарын

зақымдайды




Еhello_html_mf01ca96.jpgсірткі жүрек, ми, өкпе, қарын және қан тамырларды зақымдайды




Менің туыстарым, достарым, таныстарым және болашақ ұрпақтың дені сау болу үшін не жасау керек?! Бұлардың алдын алу үшін мынаны істеу қажет:

  • Зиянды әдеттерден бас тарту

  • Олардың ағзаға зияны туралы кеңес беру

  • Денсаулықты нығайту

  • Салауатты өмір салтын сақтау

  • Бос уақытты дұрыс ұйымдастыру

  • Спортпен шұғылдану

Зиянды әдеттерден аулақ болу тек өз саулығын ғана емес, болашақ ұрпақтың саулығы. Әр саналы азамат бойын аулақ ұстау керек. Бұл-азаматтық парыз.

Міне, осындай жаман әдеттерден аулақ болсақ, болашақта деніміз сау, салауатты азаматы болып, қоғамымыздың бір-бір кірпіші болып қаланарымыз сөзсіз.

Мен достарымды осындай жаман әдеттерден аулақ болуға, білімімізді одан әрі жетілдіре беруге шақырамын, өйткені, біз-болашақтың гүліміз.

Қозғалыс белсенділігі-денсаулық кепілі.


«Дене шынықтырумен шұғылдансаң,

дәрігерге пысқырыпта қарамайсың»

Денсаулықты нығайтудың негізгі жолы-қозғалу. Қозғалыстың адам ағзасына пайдасы зор. Адам қимыл-қозғалыссыз өмір сүріп, еңбек ете алмайды. Ой еңбегімен шұғылдану үшін-қозғалыс қажет. Неғұрлым көбірек қозғалсақ, соғұрлым денсаулығымыз жақсы болады, ауырмаймыз.



Қhello_html_698e4e55.gifозғалыс түрлерінің ішінде мен өзімнің күн тәртібім бойынша:


Жүру, жүгіру 6:30-7:00

Гимнастика 7:00-7:15

Жүзу 15:00-15:20


hello_html_mbb3ac11.jpghello_html_m4853f4ba.jpghello_html_m3741d460.jpg


Мен осы қозғалыс түрлерімен шынықанда байқағаным-тек мен үшін жақсы әсерін тигізгені. Таңертен әр кез жүгірген сайын бүкіл денемнің бұлшықеттері қозғалып, денем әжептәуір шынығады, сымбатты кейіпке айналады. Гимнастика жасаған кезде менің денем бүкіл созылып, қан айналым жақсы жүреді. Осы екі қозғалыс түрінен кейін көңіл-күйім көтеріліп, жаңа күнді қарсы алуға дайын болам. «Нағыз дем алу-дене еңбегі мен ой еңбегін алмастыру» деген шын, мен осындай дене еңбегінен кейін, ой еңбегіне, яғни білім алуға әбден дайын боламын. Ал жүзу мен үшін жақсы көретін ісім. Мен суда уақыт өткізгенді ұнатамын, себебі: жүзу қол-аяқ, иық, бұлшықет күштерінің дамуына, тыныс алуыма, қимыл үйлесімділігін сақтауға мүмкіндік береді. Дұрыс жолға қойылған қозғалыс түрлері-менің оқып, білім алуыма кедергі келтірмейді, қайта менің бойымды сергітіп, ойлау, есте сақтау қабілеттерімді, сабақты сергек, жақсы оқуыма көмегін тигізетіні сөзсіз.

«Қозғалыс-өмір қоймасы» демекші, дене жаттығуларымен қалыпты және өз уақытында шұғылданып отырсаң, ешқандай емделуді қажет етпейсің.








Дұрыс тамақтану.

« Ас-адамның арқауы»


Әрбір адам салауатты өмір сүру үшін өз денсаулығына ұқыпты қарауы тиіс. «Ас тұрған жерде дерт тұрмайды» дегенді ескерсек, ең бастысы дұрыс тамақтану екені анық. Күш-қуатты да, энергияны да тамақ арқылы алып отырамыз. «Апұл-ғұпыл ішкен ас, асқазанға түскен тас» демекші, денсаулығымызды нығайту үшін сапалы, құнды тамақтанудың маңызы өте зор.

Тамақтануға қойылатын талаптар:

  • Аз-аздан әртүрлі тағамдар жеу

  • Бір мезгілде тамақтану:

Таңғы ас 7:15-7:30

Мектептегі түскі ас 11:20-11:40

Түскі ас 14:00-14:20

Түстен кейінгі ас 17:00-17:10

Кешкі ас 19:0-19:20

  • Мөлшермен тамақтану

  • Құндылығын, сапасын ескеруіміз қажет

  • Әрбір тағамның тәуліктік мөлшерін сақтауымыз керек.

hello_html_62acf295.jpg


Тәтті тағамдар – 8 %




Сүт өнімдері – 13 %

Ет, балық өнімдері – 13 %



Жеміс-жидек, көкөністер – 28 %





Нан өнімдері – 38 %





Егер біз әр тағамның тәуліктік мөлшерін сақтап, тамақтанудың талаптарын дұрыс орындайтын болсақ, онда деніміз сауығып, есте сақтау қабілетіміз артып, көңіл-күйіміз жақсарады. Денсаулығымыз дұрыс болса, жан-жақты білім алып, рухани дүниемізді байытамыз. Мәдениетті, білімді, дені сау адам ең бақытты адам деп ойлаймын.



Гигиеналық талаптарды сақтау.

«Мәдениеттің белгісі-тазалық»

hello_html_m1f01dd38.jpgГигиена - аурулардың алдын алуға және денсаулық сақтауды қорғайды.Адамдардың айналасын қоршаған сыртқы ортаның факторларын негізге ала отырып, гигиенистер адамзат баласының тіршілігі мен еңбегіне ыңғайлы жағдайлар жасауға адамзат баласынын арулардан айықтыруға, өмірді ұзартуға, еңбекке деген қабілетін көтеруге және т.б. биологиялық жағдайларды жақсартуға бағытталған ғылым.Бір сөзбен айтқанда адамзат баласына залал келтіретін факторлардан адамзат баласын қорғау. Жалпы гигиена, еңбек гигиенасы, оқушы жастар гигиенасы, тағам гигиенасы, әйелдер гигиенасы болып бірнеше топқа бөлінеді.

Әр адам баласының денсаулығы өз қолында. Сондықтан барлығымыз да гигиеналық ережелерді сақтайық, Оларды орындау қиында емес, бірақ тигізер пайдасы зор. Олар:

  1. Тhello_html_m48e2ebff.jpgеріні күту. Кунде таңертен душ қабылдау қажет, аптасына 1 рет ванна немесе монша қабылдау абзал. Ас ішердің алдында, даладан келгенде, дәретханадан кейін үнемі қолымды жуамын.Теріні таза ұстаумен қатар, ылғалдандырып, нәрлендіру қажет.

  2. Шhello_html_6c6bf94a.pnghello_html_2172837.jpgашты күту. Аптасына 2 рет менің шашымы тән жуғыш заттармен шашымды жуам. Күнделікті таңертен, кешке шашымды тараймын,айнаға қараймын. Күнде кешке шашты тарау абзал, өйткені, басымыздағы қан айналым жақсарып, ұйқыға дайындалады.


  1. Тырнақты күту. Аптасына 1 рет тырнағымды алам, әртүрлі түсті тырнақ бояғыштарды пайдаланбаймын.


  1. Аhello_html_32ed22f9.pngуыз қуысын күту. Күнделікті таңертен және кешке тісті тазалау қажет, әрбір тамақтанғаннан кейін ауызымды шайамын. Жылына 2 рет барып, тіс дәрігеріне көрінемін.


  1. Мhello_html_m54c26b27.jpgұрын қуысын таза ұстау. Мұрынымды бөлме температурасындағы суға ас тұзын қосып, таңертен және кешке жуамын. Мұрынмен тыныс алуға дағдыланамын.


  1. Кhello_html_m2008466b.jpgиім мен аяқ киімді күту. Киімдерімді, аяқ киімімді ұқыпты ұстаймын. Киімім үнемі таза, үтіктелген.

Осы айтылған гигиеналық талаптар менің денсаулығым үшін қажет. Егер адамдар жеке басының гигиеналық талаптарын сақтамаса, әр түрлі ауруларға ұшырайды. Әр адамның денсаулығы өз қолында.



Күн тәртібі.


Күн тәртібі- уақытты іс-шаралар мен демалысқа тәулік ішінде дұрыс бөлу. Күн тәртібінің негізгі мақсаты-адамның күні бойы жұмысқа қабілетін және жақсы көңіл-күйін сақтау. Күн тәртібінің негізгі элементтері:
















hello_html_7408fe9a.jpg

  • Мектептегі оқу

  • Үйдегі тапсырмалар

  • Белсенді демалыс

  • Дұрыс тамақтану

  • Толық құнды ұйқы

  • Бос уақыт





Менің күн тәртібім:


р\с

Күн тәртібінің элементтері

Уақыт мөлшері

1

Ұйқыдан ояну

7:00

2

Таңғы гимнастика, жуыну, киінуі тосек орнын жинау

7:00-7:30

3

Таңғы ас

7:30-7:40

4

Мектепке бару

7:40-7:50

5

Мектептегі сабақ уақыты

8:00-14:00

6

Мектептегі түскі ас

11:20-11:40

7

Мектептен үйге қайту

14:00-14:10

8

Үйдегі түскі ас

14:20-14:40

9

Демалыс

14:40-16:00

10

Үй тапсырмаларын орындау

16:00-18:30

11

Таза ауада серуендеу

18:30-19:00

12

Кешкі ас

19:00-19:30

13

Бос уақыт

19:30-21:30

14

Ұйқыға дайындалу

21:30-22:00

15

Ұйқы

22:00-7:00


Жоғарыда көрсетілген күн тәртібі менің жеке тұлға болып қалыптасуыма көмектеседі. Күн тәртібін мен жүйелі орындауға тырысамын. Құрастырылған күн тәртібімді қажет болған жағдайларда өзгертулер енгізе аламын. Күн тәртібімді уақытылы, үнемі пайдаланамын, күні бойы не істейтіндігімді, сол іске қанша уақыт мөлшері қажет екендігін біліп жүремін. Сол себепті барлық достарыма күн тәртібін сақтауға кеңес беремін .



Компьютердің маңызы және зияны.

hello_html_m2bb240c9.pngҚазіргі заманды компьютерсіз елестету мүлде мүмкін емес. Адам және компьютер бір-бірімен тығыз байланысты. Компьютерлер адам өмірін жеңілдете түседі. Компьютер пайда болғаннан бері адамзат өмірі лезде алға басты, адамзат дүниесі үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды. Бірақ, компьютердің зияны әркімді толғандырған. Компьютердің зияны мен пайдасын айта кетсек, олар:


Пайдалы жақтары

Зиянды жақтары

Жұмыс жасауды жеңілдетеді

Жүйке жүйесіне әсер етеді

Уақытты үнемдейсің

Көру қабілетін нашарлатады

Ақпарат алмасу мүмкіндігі

Электромагниттік сәулелер бөледі


Омыртқа жотасының қисаюына әкеп соғады


Қол буындары ауырады


Жоғарыда келтірілген кестеден, компьютердің адам ағзасына зияны басым екенін көріп отырмыз. Бірақ XXI ғасыр адамы бұл құрылғысыз өз өмірін елестете алмайды. Сол себепті менің ұсынар 14 кеңесім бар:

1. Өзiңізге қолайлы жұмыс орнын жасаңыз.
2. Егер сiз компьютерде 2 сағаттан артық отыратын болсаңыз, ноутбукке арналған арнайы тығыршықты қолданыңыз.
3. Монитор мен сiздiң көздерiңiздiң арасындағы қашықтық 50 см-ден кем болмауы керек.
4. Жоғарғы бөлiгi сiздiң көзiңiздің деңгейінде орналасатындай биiктiк бойынша монитор күйiн келтiрiңiз.
5. Сiзге терезе немесе жарық сәулелері кедергі жасамайтындай етiп монитор күйiн келтiрiңiз.
6. Егер бұл жарықтың дұрыс түсуіне мүмкiндiк бермесе, мониторды 10-20 градусқа артқа қисайтыңыз.
7. Биiктiгі бойынша пернетақта сiздiң шынтақтарыңыздың деңгейінде болуы керек.
8. 10 градусқа пернетақтаны артқа қисайтыңыз. Сонда сiздiң қолдарыңыз жинақы болады.
9. Реттелетiн кресло немесе орындықты қолданыңыз.
10. Өз көздерiңе демалыс беру үшін,түкпiрдегі объектілерге көзқарасты мезгіл-мезгіл шоғырландыра берiңiз.
11. Әлсiн-әлсiн креслодан тұрыңыз және арқаның бұлшық етiн асықпай тартыңыз.
12. Монитор тiкелей сiздің алдыңызда болуы керек. Бұл бастың тұрақты бұрылыстарына мүмкiндiк бередi.
13. Сіздің жұмыс орныңыз көңілді, жақсы болса, денеңіз бір қалыпты болып, шаршамайсыз. Сондықтан мониторды , пернетақтаны, креслоны мерзімінде түзетіңіз.
14. Сiз компьютерде өткiзетiн уақытты азайтуға тырысыңыз.

Менің денсаулыққа деген жолым.


Денің сау, ғұмыр жасың болады ұзақ,

Ауыруға төрт нәрсемен құрсаң тұзақ.

Жылы сөз, жеңіл тамақ, жақсы әуен

Күлкідей бола алмайды бәрі бірақ.


Денсаулық-өмірдің негізі. Денің сау болмаса пайдаң жоқ. Бір жерің ауыра қалса, жаның сол арада тұрғандай мазасызданасың. Барлық жұмысыңды, ойыңды жиып қоясың. Жаннан тәтті не бар?! Сондықтан, әрқайсымыз жанымызды сақтауға, яғни бірінші байлығымыз-денсаулығымызды жоғалтпай, немқұрайлы қарамауымыз қажет. Денсаулық- басты байлық. Денсаулыққа қажетті шарттар:

hello_html_m7be20753.gif




Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің халқына Жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық-әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені мәлім. Шынында да, қазақ "Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі" деп бекер айтпаса керек. Гүлденген экономиканы дені сау, саналы азаматтар жасайды. Денсаулықтың қадірін, әдетте, адам ауырғанда ғана білетіні өкінішті-ақ. Денсаулықтың мықты болуы адамның өзіне де байланысты. «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген» әлдеқайда тиімдірек. «Денсаулық — зор байлық» Денсаулық- адам өмірінің негізі, тірегі.


hello_html_m6855b776.png

hello_html_m6855b776.pnghello_html_m6855b776.png














hello_html_416cd844.gif

hello_html_7ff1cc30.gif











hello_html_m6855b776.png


Автор
Дата добавления 27.03.2016
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров215
Номер материала ДВ-559234
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх