Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Ашық сабақ: Денсаулық – зор байлық

Ашық сабақ: Денсаулық – зор байлық

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов



Тақырыбы: «Денсаулық – зор байлық»


Мақсаты:1) оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылыңының,өмір сүру үшін қажеттілігін,басты байлық екенін түсіндіру;


2)Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту,сөйлеу шеберліктерін жетілдіру;

3)Тазалыққа,спортқа,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


Көрнекілігі:суреттер,тірек сызба,мақалдар т.б.


Кіріспе.

Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевөзінің халыққа арнаған «Қазақстан-2030» жолдауында біздің отан игілігі үшін өз денсаулығымызды сақтауға шақырады.Қазақстанда тұратын әрбір азаматтың денсаулығы мықты болу керектігін айтады.2008 жылдың 8- ақпанындағы кезекті жолдауында денсаулық мәселесіне көбірек тоқталып кетті.Ауруды емдеуден гөрі оның алдын алу керектігін айтты.Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы – « Денсаулық- зор байлық»


- Балалар, байлық дегеніміз не? Сендер байлықты қалай түсінесіңдер?

- Ең үлкен байлық не екенін түсіну үшін мына көріністі тамашалайық.


Көрініс: «Байлық»


- Балалар,бұл көріністі ұстаздың шәкірті өз айтқандай кедей ме екен?...

- Оны неге бай деп ойлайсыңдар?

-Сонда ең бірінші байлық не екен?

Бірінші байлық денсаулық екен.


Тірек сызбамен жұмыс.



Денсаулық – адамның ең басты қасиетті де қайталанбас,жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін орны толмас асыл қазынасы.

Денсаулық зор байлық.Денсаулық болса,бәрі де болады.Денсаулықты сақтау үшін тазалық,дене шынықтырудың,дұрыс тамақтанудың маңызы зор.


Мына мақалдарды оқиық.

Тазалық-денсаулық кепілі.

Шынықсаң шымыр боласың.

Ас- адамның арқауы.



1-оқушы:

Таза киім киемін,

Тазалықты сүйемін.

Денем таза болса да,

Түсем жиі моншаға.


2-оқушы:

Дос бол сабын ,су мен сен,

Жиі-жиі жуын сен.

Таңертең де,кешке де,

Жуын күндіз, түсте де.

Жуын тамақ алдында.

Жуын ұйықтар кезіңде,

Жуын тұрған мезгілде.


Көрініс: «Кірқоймас»


Жұмбақты шешу.


Дымқылдап күнде сен

Қолыңды үйкесең,

Кетіп кір- ласың

Тап-таза боласың.

Бұл не? (сабын)


Тазалық сақтау адам үшін өте маңызды,сондықтан үйде,мектепте,қоғамдық орындарда,далада тазалық сақтауымыз керек.


- Жеміс-жидекті жемес бұрын не істеуіміз керек?...

- Тамақтанар алдында не істейміз?...


3-оқушы:

Шығу үшін шымыр боп,

Шынығамыз шаршамай.

Бұлшық еттер шымыр боп,

Аламыз сосын тыныс жай.


4-оқушы:


Жалқаулықты тастаймыз,

Жаттығуды бастаймыз.

Қиынсынып қашпаймыз,

Шынығамыз жастай біз.



5-оқушы:

Спортпен айналыс

Сұлулық сыйлаған.

Сол саған пайдалы іс

Сауық пен кинодан.


6- оқушы:

Жазда ықпай ыстықтан,

Қыста бұқпай суықтан.

Айналысып спортпен

Біз боламыз шыныққан,

Денсаулығы мықты жан.


- Қандай спорт түрлерін білесіңдер?...

- Ал өздерің қандай спорт түрлерімен айналысасыңдар?...

- Ендеше қазір бір спорттық ойын көрсетейік.


Ойын: «Білек күрес»


-Енді мына суретке назар аударайық.(Суретте спорт заттары,олардың арасында темекі бар.)

-Қай зат артық?

- Темекіні неге артық зат деп ойлайсыңдар?...


7-оқушы:Темекі денсаулыққа зиян.Темекінің түтіні – улы зат.


8-оқушы: Темекіден жүрек,өкпе,тамақ аурулары пайда болады.Темекі шегу адам өмірін 8-10 жылға,бір талының өзі 6-7 минутқа қысқартады.Сондықтан мұндай зиянды заттардан аулақ болыңдар.


Тиімді тамақтанудың денсаулық үшін маңызы зор.Ет,балық,ұн,сүт тағамдарының әрқайсының орны бөлек.Бұл тағамдармен қатар жеміс- жидектерді көбірек жеген жөн.Олардың құрамында адам денсаулығына қажетті дәрумендер өте көп.Сонымен бірге шамадан тыс көп тамақтану да зиян.



9- оқушы:

Тойып ішсең қаншама,

Ауырасың соншама.

Асқазанды бүлдіресің,

Жазылмас қанша күн жүресің.




10- оқушы:

«Ас- адамның арқауы»

Деген сөз бар ежелден.

Бойға сіңіп тарқауы

Үшін керек ережең.



Көрініс: «Тәттіні көп жеген бала»


11-оқушы:

Бірдей емес жұрт барлық:

Бірі толық, бірі арық.

Байланысты талғамға,

Қоректенер тағамға.


12-оқушы:

Алуан түрлі азық бар:

Ет,май,сүт, балықтар,

Көкөністер, жемістер.


13-оқушы:

Денсаулық дауасы-

Даланың ауасы,

Көк өзен ,күмбез тау,

Ну орман, ағашы.


14-оқушы:

Құт болып даланың

Жауады жаңбыры.

Табиғат- анамыз,

Баласы- барлығы.


Ойын: «Кім көп біледі?»


Ой қалдырған ,сөз қалдырған еселі.

«Кім көп біледі?» сайысына қатысып,

Жалғасы мен жауабын кім шешеді.


1.Дана көптен шығады ...............

(Дәрі шөптен шығады.)


2.Бірінші байлық- ................(денсаулық)


3.Арақ ішіп ............ шеккен (темекі)

Денсаулық түбіне жеткен.

4. Ауырып ем іздегенше ............

( Ауырмаудың жолын ізде.)



5..........қара шашыңды тара.(Айнаға)

6.Дені саудың ..........(жаны сау)

7.............денсаулық кепілі.(Тазалық)

8.Ішің ауырса аузыңды тый.

Көзің ауырса...........( қолыңды тый.)

9.Шынықсаң ..........(шымыр боларсың)

10.Денсаулық.........(зор байлық)

11...........адамның арқауы.(Ас)

12. Ауру батпандап кіреді...........(мысқылдап шығады)




15- оқушы:


Денсаулыққа жағымды

Көңілді шақ, қуаныш,

Сенім,рахат,жұбаныш.

Денсаулыққа зиянды

Ашу,қиял,реніш,

Көңілсіздік,қорқыныш.


Мақал- мәтелдер.

(Денсаулыққа байланысты өздері білетін мақал-мәтелдерін айтады)

Қорытынды.


- Сонымен ,балалар,басты байлық не екен?..


- Денсаулығымыз мықты болу үшін не істеу керек?



16-оқушы:

Денсаулық -ол шыныққан

Дарлық денең мүшесі.

Денсаулық-ол тыныққан,

Жүйке тамыр жүйесі.



17- оқушы:

Денсаулық – ол күлудің

Көңіл-күйі жадырай.

Денсаулық –ол жүрудің

Ешбір жерің ауырмай.

Егер деніміз сау болсын десеңдер ,міне жоғарыда айтылғанның бәрі денсаулық үшін істелетін жұмыстар екен.Таза ауада демалу,спортпен шұғылдану,тазалықты сақтау,денені күтіп ұстау,еңбек ету,дұрыс тамақтану- барлығы салауатты өмір салтына жатады.Осы айтылғандарды күнделікті тұрмыста пайдаланумыз қажет.


Сабақтың соңында белсенді қатысқан оқушылар марапатталып, қонақтарға сөз баріледі.























Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-416453
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>