Инфоурок Школьному психологу КонспектыАшық сабақ "Әдепті бала-арлы бала"тақырыбында

Ашық сабақ "Әдепті бала-арлы бала"тақырыбында

Скачать материал

"Әдепті бала арлы бала"

 Тақырыбы: «Әдепті бала арлы бала»

Сабақтың мақсаты:

Балалардың өмірге қажетті білік  дағдыларын терендете отырып, сыйластық, үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу. Әдептілік қағидаларын меңгерту арқылы имандылыққа, инабаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі:

 Шар, плакаттарға жазылған сөздер, қоржын, карта (сурет) , суреттер.

 

Барысы:

Психологиялық дайындық.

 

Әдептілік әлеміне саяхат

Бір күні Алпамыс, Махаббат екеуі Ботақанды туған күнімен құттықтауға іздеп шықты.

 Алайда достар ботаны үйінен емес, ауыл үстіндегі төбе іргесінен тапты. Ботақанның әлдебір ойға қатты шалғаны сондай , достарының келгенін аңғармай қалды.

Алпамыс.

- Не істеп отырсың? – деп сұрады одан Алпамыс.

 

Бота.

- Бір ойға батып отырғаным, - деп жауап берді.

 - Менің әжем ше, Үлкен Інгенді айтам.

 

Сол әжем маған атамның  көне  қоржының сыйлады.

Алыс сапарларға арналған жол сөмкесін. Бұл қоржын біздің тұқымда ұрпақтан -  ұрпаққа беріліп келеді. Осының ішінен не тапқанымды қараңдаршы: бір уыс жусан, мөлдір таза су, қалтаға салынған құм, бейнеленген сурет.

 

Махаббат:

- Бір бас жақсы-ау, ал үшеу одан да тамаша!

- Иә, күрделі мәселе! Бәлкім, әжей саған жусанды мынаңдай ниетпен, айталық жүйрік болсын деп сыйлаған шығар!

Ал мына су сенің жан дүниеңді әрдайым бұлақ сияқты таза болсын дегені.

Калтадағы құмның мәнісіосында құмның қанша қиыршығы болса, жер бетінде сенің сонша досың болсын деген.

Бота:

- Ал онда сурет не үшін керек?

Алпамыс:

- Мынау жәй ғана сурет емес!

- Мұнау  карта ғой

 

Махаббат:

- Дұрыс! Бұл сурет кәдімгі картаға өте ұқсайды. Тек ол қай елді бейнеленген десеңші? Осыны қалай білсек екен?

Бота:

- Әрине, бұл біздің мектептегі әдептілік әлемі.

Оқушы:

- Қош келдіңдер, Әдептілік әлеміне! Әр аялдамадағы тапсырмалар бар екен. Сол тапсырмаларды орындасақ, әр аялдамада сыйлық ретінде қоржындарына әдеп сөздері сыйлыққа беріледі екен. Ендеше сол тапсырмаларды бір кісідей орындайық.

 Амандасу жайлы не білесіңдер?

1. Әдептілік – сәлемдесуден басталады.

2. Мектепте өзінен жасы үлкен кісілер кездессе, оларды таныса да, танымаса да сәлем беру.

3. Сәлемдесу салты «Сәлеметсіз бе!», «Ассалаумағалейкум» деген сөзден басталады.

Бұл сөз араб тіліндегі «Сізге тыныштық тілеймін» деген жақсы тілекті білдіреді.

3.     Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем береді деген өнегелі өсиет бар. Сәлем беру имандылық, әдептілік, көргенділік болады. Үлкенге сәлем беру кіші адамның міндеті. Кіші адам үлкен адамға сәлем бермей кетсе ол әдепсіздік көргенсіздік болады.

Көршілерді көргенде

Сыйлап сәлем беремін

Әдепсіз деп сөкпесін

Анама айтып өкпесін.

 

Сынып аялдамасы. (қоржынға  «Сәлеметсіз бе!» деген сөз салынады)

 

Кітапхана аялдамасы.

 

Бала: Сәлеметсіз бе, апай.

Кітапханашы: Сәлеметсіздер ме,балалар!

Сендер маған ертегіден көрніс көрсетіңдер.

 

Көрініс : «Аулақ бол жаман әдеттен».          

  Музафар Әлімбаев.

1.Қаншама рет ескертті Аю Қоянға:

 - Бүйіріңді таянба!

2.Балта  ұқтырды Араға:

Балта:  - Сақта сөзімді есте

Өсіп тұрған далада

Жалғыз ағашты кеспе!

1. Қошқар айтты Қошақанға бүгін де:

 - Үйді айнала жүгірме!

2. Ұқтырды ешкі лаққа:

- Жөнін білмей лақпа;

Таңдайыңды қақпа!

1. Бұзауға бұқа ұрысты,

Ұрысқаны дұрыс-ты!

Бұқа: Иығыңды бас па, тас па

Отты шашпа, күлді баспа!

2. Жайылып жүрген жотада

Ескертті Бура Ботаға:

Түйе: Үлгілі сөзді ұмытпа,

Түкіре көрме құдыққа!

 

Тақтадағы суреттер жайында түсіндіріп беріңдер.

 

Қоржынға «Рахмет » деген сөз салынды .

 

Асхана аялдамасы:

  

1. Тамақтану алдында және соңында қол жуылады.

2. Тамақты әркім өз алдынан жеу керек.

3. Дастарқанға алдымен нан қойылады.

4. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.

5. Ас ішіп болған соң, «тойдым» деуге болмайды, «қанағат» деген жөн.

6. Тамақтану соңында ас қайырылып , бата беріледі.

Ботаның қоржынына «Ас дәмді болсын!» деген әдеп сөздері салынды .

 

 Музыка кабинеті аялдамасы

Енді өнерлерінді көрсетіңдер

Ән :  «Бала тілегі»

БАЛА ТIЛЕГI

Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетiңдер, билеңдер,

Гүлденсiн деп атамекен – қара орман.        

Болашақтың иесiмiз бәрiмiз,

Туған жердiң түрлендiрер нәрiмiз.

Алтын бесiк — ұлан-байтақ елiмде,

Жарқын болсын шырқап айтар әнiмiз.

Қалықтаған көгершiнi көгiнде,

Мұңаймасын ешбiр бала елiмде.

Ата берген батаменен көркейсiн,

Ұлы Отаным, тiлегiм сол менiң де

 

 

Мен әдепті баламын

Ақбота:    Мені үлкендер әдепті деп мақтайды,

                 Мінезімнен теріс қылық таппайды.

                 Ал егер сен жалқау болсаң тілазар,

                  Ондай әдет жақсылыққа жатпайды.

Айтқан тілді аламын,

Айтқан жерге барамын,

Мен әдепті, мен әдепті баламын!

 

Диас:        Қарсы алдынан кесіп өтпей көлденең,

                  Қашанда мен үлкендерге жол берем.

                 Абайсызда қалса біреу сүрініп,

                 Сол заматта сүйеніш боп қол берем.

                 Тілін алып кішінің де кәрінің,

                 Көңілінен шығып жүрмін бәрінің.

                 Ата-ананың айтқан сөзін тыңдауды,

                 Әдептілік белгісі деп таныдым.

Ән: «Әдептілік» 

 

Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенің дәмдісін
Саған таңдап  әперді
Не деп барып жеу керек?
“Рахмет!”- айтып жеу керек.

Балалар жүр көшеде
Естіледі шу-айғай
Сен де шықтың көшеге,
Қағып кеттің байқамай.
Мұндайда не деу керек?
“Кешіріңіз!”- –деу керек.

Осы келген келпіңде
Допты қудық, жарыстық
Көшенің сол шетінде
Кезікті бір танысың
Ұмыттың сен не деуді?
“Сәлеметсіз бе!”-деуді.

 

 

 

 

 

Әдептілік Әліппесі

 

Томирис:

Атам маған әманда

әдепті жан бол деген.

Ата сөзі санамда-

Жасы үлкенге жол берем.

 

Алдын орап кісінің

Кесіп өтпей көлденең.

Ізетімен кішінің-

Сәлемдесіп,қол берем.

 

Атам маған әманда

Кішіпейіл бол деген

Ата сөзі санамда-

Мақтанбауды жөн көрем.

 

Аққу:

Өзгелерден өзімді

Санамайтын жоғары.

Артық айтып сөзімді,

Желпінгенім жоқ әлі.

 

Атам маған әманда

Әділетті бол деген.

Ата сөзі санамда-

Жүрем тура жолменен.

 

Қалдыратын ұятқа

Жалған сөзге төзбеймін.

Жеткізеді мұратқа-

Тек шындықты көздеймін.

                  Ә.Асылбеков

 

 

Ән;Болайықшы осындай

Жақсы бала еңбекшіл

Ер азамат болады.

Қиындықты жеңіп кіл,

Құшағы гүлге толады.

Қайырмасы:

Еңбекшіл осындай,

Болайықшы досым-ай.

Таза бала мұнтаздай,

Сүйсінеді қараған,

Ұқыпты деп бұл қандай,

Жақсы көрер бар адам.

 

 

Қоржынға «Кешіріңіз ! Мархабат !» деген сөздер салынды.

Бота:- Әже, мен бүгін достарыммен бірге Әдептілік әлеміне барып келдім.

Қоржыным толған әдеп сөздер, әдеп  сөздерді біледі екен!

- Сәлеметсізбе!

- Рақмет!

- Ас дәмді болсын!

Кешіріңіз! Мархабат!

 

 

Қорытыңды :

Оқушылар мақал-мәтелдер айтады

 

1.Бала тәрбиесі бесіктен

2.Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала - сорлы бала.

3.Өзіңді - өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе.

4.Тәрбиелі адам - тағалы атпен тең.

 

1. Жақсылық еккен алғыс орады.

2. Үлкенді сен сыйласан кіші сені сыйлайды.

 

1.Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал артық.

2.Адам әдебімен көрікті

3.Әдеп басы-  тіл

4.Әдепті дегенше, әдемі десейші.

 

Оқушыларға «Әдепті сөз» мәтінін күй табақтан тыңдату.

 

«Сиқырлы сөздер» слайдын көрсету

 

 

 

 

              

                                               Әдепті  сөз
 
         Менің атам:   «Әдептілік сөзден білінеді. Әділет ағаңа ұқсап,әдепті сөзді үйреніп ал,балам»,-деп маған өсиет айтады. Ағатайым  институтта оқып жүр. Ол жақында каникулға келді. Мен оның әрбір ізетті,инабатты іс-қимылдарына назар аудардым. Әдепті сөздерін  ұғып, жадымда  сақтадым.  Өзім  де әдепті сөздерді қолдана бастадым .
     Әділет ағатайым  келем  деген  уақытынан  кешігіп келді.  Ол танадай  көздерінен нұр шаша күлімдеп, атамды аймалай  құшып амандасты:
          -Кешіріңіз, ата, кешігіп келдім....
          -Айыбы жоқ,балам, «Жолаушының жолы біледі»деген.
           Ғафу етіңіз, Сізге сыйлайтын сый-сыяпатым да көңілдегідей емес.
Оқасы  жоқ, ботам! «Ізетке найза бойламайды»  деген
Маған инабатың мен ілтипатың бәрінен де қымбат.
-Қош келдіңіз! Куаныштымын, -дедім мен. 
Ағатайым бетімнен сүйіп: 
-Атамның тілің алып жүрсің бе?-деді. 
-Маған сеніңіз,-дедім мен.
-Атасының жанашыр қамқоршысы,күні ғой бұл-жарығым!-деп , атам мені мақтай бастағанда,асыра мақтауды жөнсіз көріп,іштей қысылдым.Кейбір  «еркелігім» есіме түсті.

           Ағатайым анам, әкем,аталарыммен кездескенде қандай әдепті сөздер айтар екен деп,оның әрбір қимылына,әсерлі сөзіне ықылас қойып,қасынан қалмай жүрмін.
-Балам,шкафтағы кітаптарды сәндеп,реттеп қой,-деді көкем.
-Құп болады,-деді Әділет ағатайым.
-Әділжан,мына жуылған киімдерді үтіктеші,-деді апам.
-Сізге қызмет етуге әзірмін,апа,-деді ол.
-Мына ініңе әдептілік,имандылық,ианабаттылық дегеннің не екенін үйрет,бала,-деді атам.
-Сөзіңізге құлдық,ата, «Кішіден ізет,үлкеннен парасат» деуші едіңіз ғой...
  Мен ағатайымның әдепті сөздерін өзімнің өнегелі сөздері жазып жүрген дәптеріме жаза бастадым.Әдепті сөздерді мен осылай үйрендім.

Тақтадағы сиқырлы сөздерді оқушылар мен оқу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ "Әдепті бала-арлы бала"тақырыбында"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заведующий доп. образованием

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 857 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.03.2016 1556
    • DOCX 29.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Садвакасова Аманкуль Сарсеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4946
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Основы конфликтологии: конфликты, их разрешение и профилактика

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 326 человек

Курс профессиональной переподготовки

Психологическое консультирование в спорте

Спортивный психолог

300 ч. — 1200 ч.

от 6500 руб. от 3600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 46 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические основы организации безопасной образовательной среды

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 64 человека

Мини-курс

Основы игровой деятельности дошкольников: роль игр в развитии детей

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Психология аддикции: понимание и распознование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов

Мини-курс

Управление коммуникациями в кризисных ситуациях

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе