Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Ашық сабақ "Ә дыбысы мен әрпі"

Ашық сабақ "Ә дыбысы мен әрпі"


библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Ә дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ә дыбысы және әрпімен таныстыру, Ә әрпінің жазылу элементтерімен сөздерді оқытып үйрету. Ә дыбысының жіңішке дауысты дыбыс екенін үйрету.

Дамытушылық:

Ә дыбысына байланысты сөздер ойлатып, соған сөйлемдер құрату, ой өрісін,

ойлау қабілеттерін, буынға дұрыс бөлу қабілеттерін, танымдылығын дамыту.

Тәрбиелік:

Мақсатқа жетуге, осылардың негізінде еңбек етуге, ұқыптылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Бауырсақ» ертегісі кейіпкерлері, шаблон суреттер, Ә дыбысына байланысты сөздер, суреттер.

Сабақтың түрі: «Бауырсақ» ертегісі желісіндегі саяхат сабақ.

Сабақтың типі: дәстүрлі емес

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, әңгімелеу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сыныпты сабаққа дайындап, оқушылармен амандасып, түгендеп, құрал-жабдықтарын түгендеу. Қызығушылықтары мен зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабаққа дайындық:

  1. Әріпті не істейміз? (көреміз,жазамыз)

  2. Дыбысты не істейміз? (айтамыз, естиміз)

  3. Сөздегі буын қай дыбысқа байланысты? (дауысты дыбысқа, ереже)

  4. Сөз неден құралады? (дыбыстан)

  5. Сөйлем неден құралады? (сөздерден)

  • Балалар мына жердегі сөйлемдерді көріп тұрмызба?

  • Қане, бірінші сөйлемді оқиықшы. (Інжу кітап оқыды.)

  • Дұрыс. Сөйлемде неше сөз бар?

  • Дұрыс. Үш сөз бар.

  • Екінші сөйлемді оқиық. (Айбол жазу жазды.)

  • Дұрыс. Сөйлемде неше сөз бар?

  • Дұрыс. Үш сөз бар.

  • Үшінші сөйлемді оқиық. (Әсет сурет салды.)

  • Дұрыс. Сөйлемде неше сөз бар?

  • Дұрыс. Үш сөз бар.

  • Әсет сөзінде бірінші қандай дыбыс?

  • Ә дыбысы, дұрыс бүгін сендермен Ә дыбысы және әріпімен танысамыз.

  • Ә дыбысына байланысты сөздер ойлап жіберейікші (әтеш, әнші, әмиян, әкел, ән, Әсет, Әсел, Әсем, дәмді, сәнді т.б.)

ІІІ. Жаңа сабақ:

  • Қане, балалар, алфавиттегі А әрпінің оң жақ көршісін кім атап береді?

  • Иә, дұрыс айтасыңдар. Ә дыбысы және әрпі.

  • Ендеше, біз сендермен А дыбысының оң ақ көршісі Ә дыбысымен танысайық.

  • «Бауырсақ» ертегісін еске түсірейік.

  • Бауырсақ қоянды кездестірді.

1-тапсырма. Қоянның тапсырмасы.

Қоян сендерге оқулықпен жұмыс жасаңдар, дұрыс оқып беріңдер дейді.

  • Хормен оқу.

  • Тізбектей жеке-жеке оқу. (оқушылар «Әже» мәтінінің бір сөйлемінен оқиды.)

Мақалды түсіндіру:

Әжім - әжемнің әрі,

Әженің батасы – дәрі.

2-тапсырма. Қасқырдың тапсырмасы.

Қасқыр бауырсаққа мына сөздердегі қалып қалған дыбыстарды тез тез тауып жаз дейді. Қане, көмектесейік.

Алма, парта, нан, ғарыш, балға, дәптер, балық, тауық, орман, доп, кеме, кебеже, ұшақ, ешкі, емен, терек.


  • Бауырсақ шаршады, ендеше бауырсақты сергітейік.

Сергіту сәті:

Тербеледі теректер,

Алдымнан жел еседі.

Кіп кішкентай теректер,

Үп үлкен боп өседі.

  • Бауырсақ сергіп алып, ары қарай жол жүреді.

  • Алдынан аю кездеседі.

3- тапсырма. Аюдың тапсырмасы.

- Ә дыбысы қандай дыбыс?

- Жуан дауысты дыбыс па, жіңішке дауысты дыбыс па?

Соны айтып бер дейді.

Бауырсаққа мен көмек берейін.

«Ә» дыбыстап көрейік, иә дауысты дыбыс, себебі (оқушы айтады.) Және «Ә» дыбысы жіңішке дауысты дыбысқа жатады. «Ә» дыбысы алфавиттегі «А» дыбысынан кейін тұрады.

«Ә» дыбысына байланысты қандай жаттау жаттадық. Айтып берейік. Жарайсыңдар!

4-тапсырма. Түлкінің тапсырмасы.

Тақтамен жұмыс.

Сөздер жазғызу.

Суреттер көрсету, соған байланысты сөздер жазғызу.

«Әтеш, әнші, әткеншек, құрылысшы, әже, әке, алма, сәби,немере, кеме.»

  • Жарайсыңдар!

  • Ал, енді балалар түлкі бауырсақты жеп қоймау үшін, біз дәптерге әдемі, таза етіп жазып берейік. Сонда оны түлкі жемейді.

Дәптермен жұмыс.

Бірінші ауаға жазайық. Ал, енді дәптерге жазамыз.

ІҮ. Бекіту:

  • Біз бүгін қандай әріппен және дыбыспен таныстық?

  • Ә дыбысы және әрпі.

  • Әтеш, әже, әке, әнші, әліппе – сөздеріне сөйлем құрап жіберейік.


Ү. Қорыту:

Осыдан кейін түлкі мен бауырсақ өмір бойы дос болыпты. Қоян, түлкі, аю, қасқыр, бауырсақ бәрі дос болып, орманда тату тәтті өмір сүріпті.

  • Ал, біз қандай бала болуымыз керек?

  • Бізде әдепті, айтқан тілді алатын, үлкенді сыйлайтын, адал бала болуымыз керек.

ҮІ. Бағалау.

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-498762

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG