Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Ашық сабақ"Ұұ" дыбысы және әрпі

Ашық сабақ"Ұұ" дыбысы және әрпі



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Бекітемін:-------------------------- 22 қазан 2014 жыл

Сабақтың тақырыбы: «Ұұ» дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: «Ұұ» дыбысы мен әрпін таныту.
Сабақтың міндеттері:Білімділігі:
Ұ дыбысының артикуляциялық ерекшеліктерін түсіндіру, айтылу ерекшеліктерін қалыптастыру. Ұ дыбысын дауыстап дұрыс айтуға үйрету.
Дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін, фонематикалық есту қабілеттерін жетілдіру.
Дамытушылығы:Оқушылардың ойлау,есте сақтау, таным, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеу тілін жетілдіру.
Тәрбиелігі: сауаттылыққа,тиянақтылыққа , белсенділікке, әдептілікке, табиғатты қорғауға, құстарға қамқорлық жасауға, мейірімділікке тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, көрнекілік, ойын.
Түрі: дәстүрлі

Типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың көрнекілігі: Әліппе оқулығы, Ұұ дыбысының баспа, жазба түрлері, ұ дыбысына байланысты суреттер, буындық кестелер, құстар шаблондары.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Армысың алтын күн!

Армысың жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
2. Жж дыбысы қандай дыбыс?
3. Ж ж дыбысына байланысты қандай сөздер білесің?
4. Ж ж дыбысына сөз ойлап, оны буынға бөл. 5. Өлеңдерді жатқа сұрау. Оқулықтағы 69,70,71-беттегі сөздерді буынға бөліп оқу.

ІІІ. Жаңа сабақ.1. Жұмбақ жасыру

Ұя,ұлу,ұшақтың

Басын бастап беремін.

Бұғы,жұмыртқа ,бұтақтың

Ортасында келемін.( Ұ дыбысы)


H:\ \ришнпг.jpgF:\ \шнг.jpg

Ұ дыбысын бәріміз бірге айтайықшы!
* Ұ-ұ-ұ
* Ұ дыбысы қалай айтылады?
* Иә, әндетіліп, созылып айтылады, екен.
* Ұ дыбысы қандай дыбыс?
* Иә, дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
* Ендеше, балалар бүгін Ұ дыбысын әдемі, дұрыс айтып үйренеміз
IV. Дыбыстың артикуляциясын анықтау.
* Енді, Ұ дыбысын созып, әндетіп айтайық.
* Аузымызбен айтамыз, көзімізбен көреміз, құлағымызбен естиміз, басымызбен ойлаймыз.
* Балалар, ерніміздің қалпы қандай?
* Ерініміз құбырға ұқсап, алға қарай сүйірленіп шығады екен
* Ал, енді тісіміздің қалпына қарайық.
* Тісіміздің қалпы қандай?
* Иә, үстіңгі және астыңғы тістеріміздің арасы ашық екен.
* Тіліміздің қалпы қандай екен?
* Иә, тіліміз ұйықтап жатқан мысыққа ұқсайды.
* Ауа еркін шығады.
V. Фонематикалық есту қабілетін дамыту.
* балалар, кәзір «Зейінді бол» ойынын ойнаймыз.
* Мен, сендерге дауысты және дауыссыз дыбыстарды айтамын, ал сендер, дауысты дыбысты естігенде қызыл текшені, дауыссыз дыбысты естігенде көк текшені көтересіңдер.
* А, Н, Қ, Ғ, С, О, Л, О,
* М, Н,
У, Ш, А, Б, А, У, Ұ, Ұ, Ұ
* М, А, Р, О, М, Н, О, Ұ, К
* Жарайсыңдар, балалар!* Балалар, енді мен сендерге дауысты дыбыстар айтамын, соның ішінде Ұ дыбысын естігенде шапалақтайсыңдар.
* А,
О, Ұ, У, А, О, Ұ,А, О, Ұ,

VІ.Оқулықпен жұмыс: Бағандағы сөздерді оқу,мағынасын түсіндіру.(хормен) Құстардың үнін таспадан тыңдау)«Құстар» мәтінін оқып беру,түсіндіру,талдау.



VII. Дәптермен жұмыс. Ұ дыбысын ауада жазу.Үлгіде берілген Ұ дыбысын көркем етіп жазу.

VIII. Сергіту сәті. Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатты жұмысқа

Допты алып,қолыма

Қойдым оның жолына

Оң жағына қарады,

Сол жағына қарады

Тау екен деп ойлады

IX. Семантикалық карта.





X. Сабақты бекіту.



Әрбір сурет тұсына атауларын тауып, оларға дыбыстық талдау жаса.

XI. Сабақты қорыту.
- Сонымен қандай жаңа дыбыспен таныстық?

-Ұ дыбысы қандай дыбыс?

-Неге дауысты дыбыс?

- Қандай текшемен белгілейміз?

- Ұ дыбысы бар қандай өлең жолдарын білесіңдер?
- Ұ дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?
- Ұ дыбысы бар сөздерге мысал келтіру.


Мадақтау: сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды әртүрлі құс суретімен мадақтау.
































Сабақтың тақырыбы: Зат есім 375, 380 - жаттығулар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөз таптарының бірі зат есім жайлы түсіндіру. Тапсырмаларда берілген сөздердің зат есім екенін дәлелдеуді, тіл дамыту жаттығуы арқылы шағын әңгіме құрауды, оқушылардың өздеріне ереже құрастыруды үйрету.
Тәрбиелік: Мақалдардың мағынасын түсіндіре отырып, оқушыларды Отансүйгіштікке, шешендікке, батырлыққа, білімді болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: СТО әдістерін пайдалана отырып, оқушыларды жан - жақты, терең ойлауға, шығармашылықпен жұмыс жасауға қалыптастыру
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Топтық сайыс (Аралас сабақ)
Сабақтың әдісі: СТО әдістері (дөңгелек стол, топтастыру, сиқырлы таяқша), ребус шешу, сөзжұмбақ, суретпен жұмыс
Көрнекілігі: суреттер, тірек сызбалар, ребус, сөзжұмбақ, оқулық, түрлі пасталар
Пәнаралық байланыс: сурет, ана тілі, дүниетану, еңбек
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу
2. Оқушылардың құрал - жабдығын тексеру
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
371 - жаттығу
Торы тай,
Табанында төрт ай.
(таға)
*Заттың атын, сынын, санын білдіретін сөздерді тап.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту:
«Сиқырлы таяқша» ойыны
Сұрақтары:
1. Сөз дегеніміз не?
2. Түбір сөз дегеніміз не? Мысал келтір.
3. Сөздің түбірге жалғанған бөлігін не дейміз?
4. Қосымша нешеге бөлінеді?
5. Жұрнақ деген не?
6. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны ата.
7. Қосымшаның қай түрі бұрын жалғанады?
8. Сөз таптарын ата.
Сөз таптары
Зат есім Сын есім Сан есім Етістік
ІҮ. Жаңа сабақ
Ребус шешу
Суреттегі заттардың атына сұрақ қою арқылы оқушылардың өздеріне ереже шығарту
Нәзік - кім?
Ат - не?
Есік - не?
Мысық - не?
Ү. Жаңа сабақты бекіту
Танымдық жаттығулар
375 - жаттығу
Суреттегі заттардың атын пайдаланып, сөзжұмбақты шеш. Сол сөздерге сұрақ қой.
Бұл сөздер тобын не деп атайды?
376 - жаттығу 
Мақалдарды көшіріп жаз
1 - топ: Ақыл - тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.
2 - топ: Шешен сөз бастар,
Батыр қол бастар
Кім? Не? Сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыз.
377 - жаттығу
Суретпен жұмыс
Сызбаның орнына не? Сұрағына жауап болатын сөзді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
... үреді. ұлиды. қарқылдайды. шақырады.
378 - жаттығу
1 - топ 2 - топ
Кім?- сатушы, дәрігер, ата, ұста Не?- кітап, парта, дөңгелек, түлкі, ағаш, қарға
379 - жаттығу Ауызша.
Сөздерді оқып, зат есім екенін дәлелде.
Ақын, әнші, көбелек, қозы, дән, бөбек, әже, мұз
Дәлелдеу үлгісі:
Ақын - зат есім, өйткені... заттың атын білдіреді.
... кім? деген сұрақ қойылады.
380 - жаттығу Танымдық жаттығулар
Сөзжұмбақты қыс айларының аттарын пайдаланып шеш:
ҮІ. Сабақты қорытындылау:
«Қыста» тақырыбына шағын әңгіме құра.
«Дөңгелек стол» әдісі
Шарты: Топта бірінші оқушы өз ойын әр түрлі пасталарды пайдалана отырып, тақырыпқа сай жазады. Қалған оқушылар да алдыңғы сөйлемді қайталамай, өз ойын жазу керек.
ҮІІ. Сабақты бекіту.
Тест тапсырмалары.
1. Заттың атын білдіретін сөздерді тап:
А) күн 
ә) биле 
б) суық
2. Кім? деген сұраққа ауап беретін сөзді көрсет.
А) ән 
ә) күй 
б) әнші
3. Не? Сұрағына жауап беретін сөзді көрсет.
А) ақын 
ә) жер 
б) адам
4. Жан - жануарға қойылатын сұрақты көрсет.
А) кім? 
ә) не? 
Б) кімдер?
5. Адамға қойылатын сұрақты көрсет.
А) не? 
ә) кім? 
б) нелер?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Шығармашылық тапсырма
ІХ. Бағалау.



























57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 08.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров101
Номер материала ДВ-431208
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх