Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Ашық сабақ дүниетану «Өлі табиғат байлығы. Өлі табиғаттың адам үшін мәні ». 1 сынып

Ашық сабақ дүниетану «Өлі табиғат байлығы. Өлі табиғаттың адам үшін мәні ». 1 сынып

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

 Сарғайды тоғай,
Сап - сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.

Ақсындар: Күздің қазан айында,
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр түседі.



Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл, жарқын жүз,
Сары алтынға малынған,
Жетті міне, алтын күз!



 Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып - теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз.






































Сыныбы:1 «А»
 
Пәні:Сауат ашу
 
Сабақтың тақырыбы: Ш дыбысы мен әрпі
 
Сабақтың мақсаты:1.Білімділік: Осы кезге дейінгі өтілген әріптерді қайталау. Ш дыбысы және Әрпімен таныстыру, түсіндіру, қатаң дауыссыз екенін ұғындыру. «Ш» дыбысын таныту. Құрамында жаңа дыбысы бар сөздерді дұрыс оқуға үйрету. Ш дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру.
 
2.Тәрбиелік:Ұжымдық жүмысқа үйрету,әдептілік пен ұқыптылыққа баулу.
 
3.Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Алғырлыққа тәрбиелеу.
 
Сабақтың көрнекілігі:Кеспе қалта, кеспе әріп, кеспебуындар, суреттер, дидактикалық материалдар, «Ойын-саяхат» схемесы, суретті таблица, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, интерактивті тақта.
 
Оқыту әдісі:көрсету, түсіндіру,қайталату.
 
Сабақтың мазмұны
 
І.Ұйымдастыру :Түгендеу, партаға дұрыс отыру.Сабаққа зейінінаудару.
 
ІІ.Мақсат қою:Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
 
ІІІ.Үй тапсырмасын қайталау:Осы уақытқа дейінгі өтілген әріптерді естеріне түсіру.
 
ІҮ.Жаңа сабақ:-Балалар, мына суреттен нені көріп тұрсыңдар?
 
-Түлкіні!
 
-Дұрыс,бұл түлкі бүгін сендерден көмек сұрап келіп тұр.Қу түлкі ормандағы барлық аңдарды алдап кеткен екен.Үйіне барайын десе, сол аңдар жолына тұрып алыпты.Балалар, түлкіге көмектесеміз бе?
 
-Иә!
 
-Өте жақсы, олай болса түлкіге шытырман жолдар арқылы үйіне жетуге көмектесейік.Ол үшін жолда түлкіні күтіп жүрген аңдардың тапсырмасын орындайық.
 
1) «Аң патшасы арыстанның» тапсырмасы
 
Үй тапсырмасын қайталату.Осы уақытқа дейін өтілген әріптерді , түсіру.А дыбысынан бастап У дыбысына дейін қайталату.Әрбірдыбысқа сөздерден мысал келтіру. «Буын қос» ойыны а-та, а-па, а-ға, а-ра, а-ла, а-уа.
 
2) «Қорбаңбай аюдың» тапсырмасы:
 
-Балалар, аю тапсырмасын қағазға жазып жіберіпті.
 
-Тыңдаймыз ба?
 
-Тыңдаймыз!
 
-Хатты оқимын .Онда, балалар, дыбыс пен әріптің айырмашылығын кім айтып береді? Мен әлі де оқи алмаймын.Дыбыс деген не, әріп деген не?
 
(балалардың жауаптары тыңдалады, мысал келтіреді)
 
3. «Жолбарыстың тапсырмасы»
 
-Балалар, жолбарыс бізге «Алтын сандықша» беріп жіберіпті.Сандықтың ішінде не бар екенін табу үшін сендер жұмбақтар шешулерің керек.Жұмбақ шешкілерің келе ме?(Сандықтың ішіне Ш әрпін салып қоямын)
 
-Онда мұқият тыңдаңдар:
 
1.Тікен-тікен тік пісте,
 
Қысы-жазы бір түсте. (Шырша)
 
2.Жас кезінде қара орман,
 
Қартайған соң ағарған.(Шаш)
 
3.Табаныма байладым,
 
Қос таяқпен айдадым.(Шаңғы)
 
4.Жазда тынығады
 
Қыста зымырайды.(Шана)
 
Сонымен,балалар, -Айырға аздап ұқсайтын,
 
Сабы жоқ бірақ ұстайтын.
 
Тарақты еске салатын
 
Қайсы әріп, кім бар табатын?
 
Ш дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.Ш-әрпінің жазба және баспа түрімен таныстыру.
 
Қос қолда қос қайшысы,
 
Ш-дан келер шаян да.
 
Ш-дан сөздің қайсысы
 
Басталарын баянда! «Күн мен түн» ойыны арқылы балаларға Ш-дыбысы бар сөздерді тапқызу.
 
Сөздерді буынға бөлу; Шыр-ша,шаш, шаң-ғы, ша-на, шор-тан, ша-ян, ша-ға-ла.
 
4. «Қасқырдың тапсырмасы» Оқулықтағы берілген сөздерді оқыту.
 
5. «Тиіннің тапсырмасы» Сергіту жаттығуын жасату;
 
Бір, екі үш.Бір,екі үш
 
Бұлшық етте күш.
 
Мен ұшамын кептерше
 
Еңкейемін жерге қолым жеткенше.
 
6. «Қоянның тапсырмасы»-Баспалдақтан түсу-шар-ар-р, шие-ие-е,.
 
IY.Жаңа білімді тексеру; Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрату.Сөйлемнің 1-ші сөзі қалай жазылады? Соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
 
Ү.Дәптермен жұмыс; Дәптерлерді ашайық,
 
Салақтықтан қашайық.
 
Қолға қалам алайық,
 
Көркем етіп жазайық!(Музыка ырғағымен әдемі жазуға үйрету)
 
Ш ш әріптерін жазып үйрену.
 
ҮІ.Білімді бекіту;-Біз қандай әріпті танып, білдік?-Ш!
 
-Ендеше, мен қазір сендерге тапсырма беремін, бұл тапсырма «Тырнаның тапсырмасы»
 
Сендерге парақтар таратамын, онда сөздер жазылған.Сөздерді оқимыз.Өзімізге таныс әріптердің астын сызамыз.
 
ҮІІ.Сабақты қорытындылау: Біз түлкіні аңдардан құтқардық.Ол өз үйіне жетіп те қалды.Түлкі үйінің есігінде бізге арналған тапсырма бар сияқты.Хатты алып оқиық.Онда:-Балалар, сендер менсияқты ешкімді алдамаңдар!Біреуді алдаған дұрыс емес.Мен енді ешқашан ешкімді алдамауға уәде беремін.Сендер де уәде беріңдер, мына жаңылтпашты үйден жаттап келіңдер:-Шаңқ-шаңқ етіп шағала,
 
Шабақ ілер жағада.
 
ҮІІІ.Үйге тапсырма беру: 1.Жаңылтпашты жаттау
 
2.Оқулықтағы сөздерді оқу.
 
3.Дәптердегі тапсырманы орындау.
 
ІХ.Балаларды бағалау.
 

Тақырыбы: Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ.

Мақсаты: Халқымыздың сөз өнері мақал-мәтелдердің мағынасын ұғып, ойда сақтап көп білуге үйрету.

Тәрбиелік мақсаты: Шешендік сөз өнерін дамыту,өз тілін қадірлеу,құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ойын сабақ.

Сабақтың әдісі: білімді тиянақтау.

Көрнекілік:плакаттар.

Сайысқа қатысушыларымен таныстыру.Әр оқушы өздері жаттаған мақалдарын айтады.

Алғашқы айналым. Мақалдың алғашқы жолы айтылады, әрі қарай оқушылар жалғастырады.

а//Өзек қуа ағады

Өзен судың саласы,

/Алыстан салем береді,

Әдепті елдің баласы./

ә/Досы көптің жау алмайды.

/Ақылы көпті дау алмайды./

б/Сәуір келсе күн күркірер.

/Күн күркіресе көк дүркірер./

в/Егіннің жайын еккен білер,

/Арбаның жайвн жеккен білер./

г/Есік алды тау болса

Ертеп қойған аттпен тең

/Ауылында қария, Жазып қойған хатпен тең/

ғ/Малды жақсы баққаның

Өзіңе абырой тапқаның .

/Малды жаман баққаның,

Келген бақты қаққаның./

д/Бірлігі жоқ ел тозады,

/Бірлігі күшті ел озады./

е/Түйенің үлкені,

/Көпірде таяқ жейді./

Келесі кезек. Екі ойыншы біріне –бір мақал айтады, сол мақалды бар сөздермен мақал құрастырады.

Көрермен көзайымы. Берілген сөздерден көрермендер мақал құрастырады/ата,гүл,бала,жақсы,еңбек,өзен,Отан,ат,ер, батыр,тас,ел,ана./

Жұмбақтар.

1.Көліксіз өмір сұрмейді,

Ешқашан жаяу жүрмейді./Ер тоқым/

2.Ақ қойлекте көк желек,

Орманда орны бір бөлек./Қайын/.

3.Сауыттан мықты шапаны,

Жәндіктің нәғыз шабаны./Тасбақа/

4.Бұдан кір қорқады

Сұдан бұл қорқады./сабын/

5.Өзі арық,сөзі әріп./Қалам/

6.Отқа жаңбас, сұға батпас./Мұз/

Екінші ойыншы біріне-бірі жұмбақ айтады.Ұпайы ең аз ойыншы кетеді. Көрермендер жұмбақ айту.

5.Ақырғы айналым.Екі ойыншы жұмбақтың шешуін тауып, мақал құрастырады.

а/ Аспай түскен, қайналып пыскен./Жеміс/

Сабағы жаман ағаштың жемісі де жаман .

ә/Жалт-жұлт еткен,жылғадан өткен./Су/

Судың да сұрауы бар.

б/ Ақ сандығым ашылды ,ішінен жібек шашылды./Күн/

Жақсы ай мен күндей әлемге бірдей.

в/Қимылдаса қос шебер,қыруар-қыруар іс өнер./Қол/

Көз – қорқақ, қол - батыр.

5.Қайталау.Қорытынды бағалау.

hello_html_m4c1244b4.jpg

Ақмырза орта мектебі









Ашық сабақ :Дүниетану

«Өлі табиғат байлығы. Өлі табиғаттың адам үшін мәні ». 1 сынып

Дүниетану пәні





















Дайындаған : Бастауыш сынып мұғалімі

Атыгаева Самал Амирхановна








2016-20



Тақырыбы:Өлі табиғат байлығы. Өлі табиғаттың адам үшін мәні.

Мақсаты:

1. Өлі табиғат туралы балалардың білімін жетілдіру.

2. Бақылау, ойлай білу танымдық қабілеттерін дамыту.

3. Табиғат байлығына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері:өлі табиғаттың суреттері, су, ыдыс.

Билингвальды компоненті: өлі табиғат.

Ұйымдастырушылық-

оқытушылық,

қызықтыру-шылық


Таңғы жиын:

Амансың ба, Алтын Күн!

Амансың ба, Жер – Ана!

Амансың ба, достарым,

Сендерді көрсем қуанам!

Балалар, Табиғат-ана сендерді өз еліне шақырып жатыр. Табиғат-ана өз тапсырмаларын дайындады.

Балалар сөздерді айтып, қимылмен қайталайды.

Балалар тапсырмаларды тыңдайды.


Ұйымдасты-

рушылық - ізденішілік






Ғылым

орталығы

  • Балалар, ғылым орталығына қош келдіңіздер!

-Балалар таңертең ұйқыдан тұрғанда кімді көресіңдер?

-Далада, балабақшаға келе жатқанда нені көресіңдер?

- Балалар қалай ойласыңдар, күн, су, ауа керек пе?

- Осының барлығын бір сөзбен айтқанда не дейміз?

-Табиғат нешеге бөлінеді?

- Өлі табиғатқа су, ауа, жер, күн, бұлт.

- Топтағы балалар, гүлдер олар тірі табиғат.

Өлі табиғат - қоректенбейді, өспейді, тұқым шашпайды. Оларға су, тас, тау, күн, ай, құм жатады. Бірақ тіршілік атаулы оларсыз өмір сүрмейді.

Сондықтан олар бір - бірімен тығыз байланысты.

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:

1. Дәмі де жоқ, түсі жоқ,

Пайдаланбас кісі жоқ.

2. Ақ сандығым ашылды

Ішінен жібек шашылды.

3. Өмірде одан мол ештеңе болмайды,

Құшақтасаң құшағың тең болмайды.

- Мынау не?


- Түсі қандай?

- Дәмі барма?

- Суды қалай пайдаланамыз?

- Су керек пе?

- Балалар судың пайдасы мол. Су түрлі өзгеріске ұшырайды, бұға айналады, бу қайтадан су күйінде жаңбыр болып жауады, су мұз болып қатады.

- Су отты өшіре алады, суды адам барлық тіршілігіне пайдаланады.

                 Сергіту сәті:        

Табиғатты қорғау үшін бәріміз,

Күресейік, бір-бір ағаш егейік.

Текке отырмай жасымыз бен кәріміз

Таза ауа үшін терімізді төгейік!

Өзін – өзі бағалау: «Тамшылар»




Әке, ана ата, әже. Аспан, бұлт, машина, ит, ағаш, мысық, жер, қар...

Иә, күн, су, ауа бізге керек. Табиғат.

Өлі табиғат және тірі табиғат. Жаңбыр, құм бұл өлі табиғат.





Жауабы: Су.


Жауабы: Күн.


Жауабы: Ауа.

Ол су.

Судың түсі мөлдір таза, сұйық зат.

Дәмі жоқ.

Суды ішеміз, кір жуамыз, тамақ істейді.




Балалар сөздерді айтып, қимылмен көрсетеді.

Рефлекстік- түзету.

  • Қандай орталықта жұмыс жасадыңдар?

  • Қандай қиыншылықтар

болды?

  • Қандай достарыңның жауабы ұнады?

Ғылым орталығыныда жұмыс жасадық.


Білу керек: өлі табиғат туралы білу.

Болу керек: оқу іс- әрекетке деген сүйіспеншіліктері, ынтасы болу керек.

Үйрену керек: сұрақтарға толық жауап беруге үйрену керек.







Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 12.10.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров34
Номер материала ДБ-255674
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх