Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Ашық сабақ дүниетану пәнінен "Математиканың дүниетанумен байланысы" (3 класс)

Ашық сабақ дүниетану пәнінен "Математиканың дүниетанумен байланысы" (3 класс)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_68eeb573.gifСабақтың тақырыбы:Математиканың дүниетанумен байланысы

Мақсаты:

  1. Білімділік:Математикамен дүниетанудың арасындағы

байланысты ұғындыру

2.Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу тілдерін дамыту.

3.Тәрбиелілік: Табиғатты қорғауға дағдыландыру.

Көрнекілігі:күнтізбе,сағат,сызғыш,өлшеуіш,термометрлер,таразы,слайд

Пәнаралық байланыс: математика

Сабақтың әдіс-тәсілі:сұрақ-жауап,түсіндіру

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

-Амандасу

-Түгендеу

-Сабаққа дайындықтарын тексеру

2.Психологиялық дайындық.Шаттық шеңбері

Қуан шаттан

Қуан шаттан

Қуанатын күн бүгін

Қайырлы таң достым!

Қайырлы күн болсын!

Жұптасып амандасу,көңіл-күйді көтеру.

3.Үй тапсырмасын тексеру.Сұрақ-жауап арқылы

4.Жаңа сабақ

Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы Математиканың дүниетанумен байланысы.Дәптерімізді ашып жазып алайық.

Жалпы математика деген қандай ғылым?

Дүниетану дегеніміз?Венн диаграмасын толтыру



Математика Дүниетану















Дүниетануды оқуда біздің басқа пәндерден меңгерген біліміміздің пайдасы тиеді.Мысалға алатын болсақ ,математикадан алған білім «Дүниетану» пәнін оқып –үйренуге көмектеседі.Олай деп отырғанымыз дүниетануда біз табиғатты оқып-үйренеміз,яғни жыл мезгілдерін қадағалап,қазір қай күн,қай ай,нешінші апта екенін бақылап отырамыз.Ол үшін бізге күнтізбе сағат қажет.Ал оларды қолдана алу үшін біз міндетті түрде уақыт өлшем бірліктерін білу тиіспіз.Ал уақыттың өлшем бірліктерін біз қай пәннен оқыдық?

Дұрыс айтасыңдар,математика сабағында уақыттың өлшем бірліктерін оқып үйрендік.Соны еске түсірейікші.1 жылда қанша ай бар?1 айда қанша тәулік?1 тәулікте қанша сағат?1 сағтта қанша минут?1 аптада қанша тәулік?1 ғасырда қанша жыл?

Слайд арқылы тексеру

1 жылда 12 ай

1 айда 30-31 тәулік

1 тәулікте 24 сағат

1 сағатта 60 минут

1 аптада 7 тәулік

1 ғасырда 100 жыл

Күнтізбеге қарап,бүгін қай күн,ай,жыл екенін бірге анықтайық.

Сағатқа қарап қай уақыт екенін анықтайық (Слайд арқылы әртүрлі уақытты көрсетіп,анықтау)

Осы кезде мен сендерге қосымша дерек айтып кеткім кеп отыр.Ерте ата –бабаларымызда сағат,күнтізбе деген құралдар болмаған екен.Олар уақытты....... (Слайд арқылы көрсету)

Ұзындық өлшем арқылы әр түрлі заттардың ұзындығын ауыл мен қалалардың арасын,үйлерді,таулардың биіктерін тағы басқаларды өлшеуге болады.

Ал математикадан біз қандай ұзындық өлшемдерін өттік?Еске түсірейік

километр,метр,дециметр,сантиметр,миллиметр.

1км=1000м

1м =100см

1дм = 10см

1см =10мм

Сызғыш пен өлшеуіш ұзындықты өлшейтін құралдар.Олар арқылы біз әртүрлі заттың биіктігін,ұзындығын,енін дәл өлшей аламыз.Қазыр біз сызғшты алып оқулығымыздың ұзындығын,енін өлшейік.

Ал мына өлшеуіш арқылы тақтаның ұзындығымен енін өлшейік.

Біз жылы,салқын дегенде температураның өзгергені туралы айтамыз.Адам,өсімдік,жануарлар тіршілігі үшін ауа,су,топырақтың температурасының маңызы зор.Қыста ауа ,су,топырақтың температурасы төмендегенде өсімдіктердің өсуі тоқтайды,құстар жылы жаққа ұшып кетеді,көптеген жануарлар қысқы ұйқыға жатады.Адамдар әртүрлі температураға қарай киінеді.Қыста үйлерін жылытады.

Ал температураны өлшеу үшін арнаулы құрал-термометрді пайдаланамыз.Адам денесінің ,ауа,су және топырақтың температурасын әртүрлі термометрмен өлшейді.Бөлмеішілік,суға арналған,медициналық және далаға арналған термометрлер болады.Термометрдің жұмысын түсіну үшін зертханалық жұмыс жүргізейік.

1 зертханалық жұмыс.

Термометрді стақандағы жылы суға саламыз.Оның түтігіндегі сұйықтықта не өзгеріс болатынын байқа.

2 зертханалық жұмыс

Термометрді стақандағы салқын суға саламыз.оның түтігіндегі сұйықтықта не өзгеріс болатынын байқа.

3 зерханалық жұмыс

Термометрді қолданып,сынып ішінің және даланың температурасын өлше.

Адам денесінің температурасын өлшейтін кейбір медициналық термометрлерде сұйықтық орнына ауыр металл-сынап қолданылады.Сынап-өте улы.Ол термометрдің ішінде тұрғанда қауіпті емес.Термометрді аса сақтықпен қолданған жөн.Егер ол сына қалса,оны ұстамай,болған жағдайды бірген үлкендерге баяндау керек.

Сендер білесіңдерма,қанша салмақтарың бар екенін?Салмағымызды анықтау үшін біз не қолданамыз? (Таразы)

Таразылар үлкен,кішкентай болады.Үлкен таразымен жүк артылған машиналарды немесе азық-түлік толтырылған қаптарды,тағы басқа ауыр заттарды өлшейміз.Ал кішкентай тарзымен дүкендермен базарлардағы жеңіл азық-түлік өлшейміз.Ал осылардың барлыын өлшеуге қандай өлшем бірлік қолданамыз?

Әрине грамм,килограмм,центнер,тонна. (Ауызша еске түсіру,слайд арқылы қайталау)

1т=1000кг

1кг=1000г

=100г

Практикалық жұмыс:

1-топқа тапсырма.Сендер өз күнтізбелеріңді құрастырып шығарыңдар.

2-топқа тапсырма.Сендер ұзындығы 10 см болатын ені 7 см болатын 10 ақ қағаз жасап қиыңдар.

3-топқа тапсырма.Сендер топтарыңдағы оқушылардың салмағын және мына заттардың салмағын өлшеп табыңдар.

4-топқа тапсырма.Сендер топтарыңдағы 3 оқушының температурасын және сыныптың температурасын өлшеп беріңдер.

Қорытынды:

Дәптерге тізіп жазу:

-Табиғатты оқып үйренуде қандай уақыт өлшемдері қажет?Дәптерімізге әркім өз ойымызды жазып шығайық.

-Термометр түрлерін тізіп жазып шық.

-Заттың биіктігін,енін,ұзындығын немен өлшейміз?Және қандай өлшем бірлікті қолданамыз?

-Салмақты өлшеу үшін нені қолданамыз?Және өлшем бірлігі қандай?

Бағалау.Қатысқан оқушыларды бағалау







Автор
Дата добавления 27.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров442
Номер материала ДВ-385288
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх