Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Ашық сабақ Дүниетану (1 сынып)

Ашық сабақ Дүниетану (1 сынып)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_7dca7dcb.gif1-СЫНЫП

Дүниетану

Тақырыбы :Жеміс ағаштары мен бұталары.

Мақсаты:1.Оқушылардың жеміс ағаштары мен бұталары туралы білімдерін

жетілдіру.

2.Тропикалық, цитрус жеміс түрлерімен таныстыру.

3.Өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, суреттер(күн, бұлт, ағаш, жемістер), муляждар.



1. Ұйымдастыру кезеңі.

2.Кіріспе әңгіме.

-Балалар, бүгінгі сабақ ерекше өтеді.Өйткені біздің сабағымызға қонақтар келді.Сабақ барысында біз бақты аралап сиқырлы ағаш отырғызамыз, ал сабақтың соңында бұл ағаштың жемісін көретін боламыз.

Сабақтың тақырыбы:Жеміс ағаштары мен бұталары.(1 слайд)

3.Өткенді қайталау.

-Сиқырлы ағашты отырғызу үшін өткенді кайталайық.

-Табиғат дегеніміз не? ( 2 слайд)

-Жанды денелерге не жатады? (3 слайд)

-Жансыз денелерге не жатады? (4 слайд)

-Өсімдіктер қандай топтарға бөлінеді? (5 слайд)

-Өсімдіктердің мүшелерін ата және салыстыр. (6 слайд)

-Білімдерімізді қайталап сиқырлы ағашты отырғыздық.(тақтаға ағаштың суреті ілінеді)

-Бүгінгі сабақтың тақырыбы жеміспен байланысты, ал сендер жемістерді білесіңдер ме? «Жемісті білесің бе ойыны. (7 слайд)

4.Жаңа тақырып.

-Жеміс беретін ағашты жеміс ағашы дейді.Жеміс ағашы әртүрлі болады.Адам жеміс ағаштарды бақта өсіреді.Біздің бақта сиқырлы ағаш қана өспейді, басқа да ағаштар бар.Олармен танысатын боламыз.Ағаштар өсу үшін оларға ең қажет не деп ойласыңдар?(«АУА» деген сөз ағаштың қасына ілінеді)

Алма ағашы. (8 слайд) оқушы тақпақ айтады:Мен - алмамын, алмамын

Таңдай татар бал дәмім

Мына тәтті бал-дәмді

Дастарқандарыңызға арнадым.

Алманың түсі әртүрлі болады: қызыл, жасыл, ақ, сары.Ғалымдардың айтуы бойынша жемістердің ішінен ең пайдалы ол алма.Оның құрамында:темір, йод басқа да көп дәрумендер бар.Қазақстанның «АПОРТ» алмасы бүкіл әлемге танылған.

Алмұрт ағашы.(9 слайд) оқушы тақпақ айтады:Қарап ұқсас сұрқына,

Ұқсатты алма тұрқына.

Біздің жеміс деп мұны,

Мақтанар грек жұрты да.

Қуаң, мейлі, шөл мекен,

Ете берер ол мекен.

Шырыны мол жеміс бұл,

Жеп көр өзің, сенбесең.

Алмұрт жасыл, сары, қызыл, қоңыр болады.Ағаштың ұзындығы 20-30 метрге дейін жетеді.Оның емдік қасиеті бар, ертеде уланған адамдарды алмұрттың шырынымен емдеген.

Шабдалы.(10 слайд) Оның түсі қызыл, сары болады, шырынды жеміс.Ертеде ауыршаң адамның денсаулығын нығайту үшін падаланған.

Өрік. (11 слайд) оқушы тақпақ айтады:Қалайтыны жылылық,

Гүл ашады құбылып.

Ерте гүлдеп, суыққа

Қалар кейде ұрынып.

Пайдалы оның тосабы,

Тағамдарға қосады.

Өрік жесең бал қосып,

Жөтеліңді басады.

Жемісі өте тәтті, шырынды Адамның терісіне пайдалы..Кәмпит, мармелад, тосап жасайды.Сүйектегі майын әртүрлі дәрілерге қосады.

Шие, Жиде, Анар. (12 слайд) 3 оқушы тақпақтарын айтады:

Шие Жиде Анар

Шие пісіп төгілді, Жиде жұпар шашады, Бұтақтан үзілген,

Балалар жүр көңілді. Жидегін де береді. Жарылса анармын.

Түсі қандай қып-қызыл, Берік дейді жидені, Моншақтай тізілген,

Жоса қылды жеңімді. Бекітеді іргені. Дәндерін аламын.

Орындалды тілегім, Тоқтатып құм, қар көшкінін,

Піссе екен ден жүр едім. Бар себінің тигені.

Сорып алып шырынын,

Лақтырамын сүйегін.

-Бұл жемістер туралы не білесіңдер?

5.Сергіту сәті. «Тауып көр» ойыны.

(Бала муляжды байлаулы көзімен, қандай жеміс екенін анықтау керек.)

Тропикалық жемістер(13 слайд)

Манго – Отаны Индия. Құрамындағы дәрумендер – көру қабілетін жақсартады. Салат жасайды, етке қосады, тосап қайнатады.

Киви – Отаны Жаңа Зеландия, сонымен қатар Қытайда, Америкада өсіріледі.Құрамында: А,В,С дәрумендері, минералды тұздар.Адамның ағзасына стреске , инфекцияларға қарсы тұруға көмектеседі. Үйде өсіруге болады.

Банан – Отаны Индия.Құрамында магний,кальций. Жүрекке пайдалы

Цитрус жемістері(14слайд)

Мандарин – отаны Қытай. Ол жаңа жыл мерекесінің белгісі.

Апельсин (оқушы тақпақ айтады):Сіңірген күн жарығын,

Аумайтұғын сары күн.

Эфиир майы бар онда,

Дәрі дейді қабығын.

Қабығын да аршыдым,

Дәмі қандай бал шырын.

Екінші аты бар оның:

«Алмасы» Қытай халқының.

Отаны Қытай, 17 ғасырда кең таралған.Қабығының тұнбасы дене қызуын түсіреді.

Лимон.(оқушы тақпақ айтады) Ыстық өлке тұрағы,

Көп витамин - құрамы.

Шайға қосып ішкенде,

Тұмауыңңды қуады.

Дәмі қышқыл ептеген,

Ауруға ем көптеген.

Иісін айт аңқыған,

Лимонға жеміс жетпеген.

Дәрумендерге ең бай жеміс.Көп ауруларды лимонмен емдеуге болады.Әсіресе тұмау ауруын.

- Ауадан басқа жақсы өсу үшін сиқырлы ағашымызға не керек? (Жылу)Куннің суреті тақтаға ілінеді.

(15 слайд) Үзіліс біз жасайық ,

Ойнымызды бастайық.

6.«Артықты тап» дидактикалық ойын.

Мандарин,алма, лимон.(16 слайд) – алма артық,ол цитрус емес.

Таңқұрай, қарақат, шие (17 слайд) – шие артық, бұта емес.

Өрік, алмұрт, алма (18 слайд) – өрік артық, оның сүйегі ірі.

Жеміс бұталары.Жүзім. (19 слайд) оқушы тақпақ айтады:Өседі екен топтанып,

Өседі екен шоқтанып.

Жүр оңтүстік қазағы,

Жүзімімен мақтанып.

Депті жүзім бұрында:

«Ексең жетем Қырымға»

Эфир майы,

Сірке су,

Жүзім-мейіз, шырын да.

-Жүзім туралы не білесіңдер?

Таңқұрай,Қарақат, Долана (20 слайд) оқушылар тақпақтарды айтады:

Таңқұрай Қарақат Долана

Жапырағын, сабағын, Тобылғыға ұқсайды, Төзімді ағаш долана,

Тиибетте дәрі етеді. Тіке өскен бұтағы. Ыстыққа да, суыққа.

Тұмауратқан кездерде, Қарақатқа еш құрт түспес, Тазартады ауаны,

Тосабын Қасииетімен ұтады. Балақай бұны ұмытпа.

Ішсе айығып кетеді. Жапырағы жайқалып,

Сол үшін жұрт тосапты, Долана ағаш тұр гүлдеп.

Көп жасауды жөн көреді. Піскеннен соң дәндерін,

Жапырағын бұқтырып, Теріп жегін бір-бірлеп.

Қлданады емдерде.

-Бұл бұталар туралы не білесіңдер?

Қаражидек, Итмұрын (21 слайд) оқушылар тақпақтарын айтады:

Қаражиидек Итмұрын

Қаражидек қап-қара, Жабайы раушан дейді екен,

Дәмі қышқыл, жеп қара. Итмұрынды ел кейде.

Бұтағында тікен бар, Піседі екен жемісі,

Епті терер тек қана. Қараша айы келгенде.

Онда аскорбин қышқылы

Сенесің бе

Қөп десе.

Елу есе –

Лимоннан,

Қарақаттан он есе.

-Осы бұталар туралы не білдіңдер?

-Сиқырлы ағашымызға тағы не қажет?(Су)Булттың суретін тақтаға ілінеді.

(22 слайд) Біздің сабақ қызуда,

Кезек келді ойынға.

7.«Жемістің сүйегін тап» ойын.( 23 слайд) Суреттегі жеміс пен сүйектерін сәйкестіру керек.

8.(24 слайд) «Бөлшкетерден суреттерді жина»

Оқушыларға жемістердің бөлшектері таратылады, әр партаға бір жемістің суреті.Балалар бөлшектерден жемістерді құрастырып, желімдеп, сиқырлы ағашқа орналастырады.

9.Қорытындылау.

-Неге біздің ағаш сиқырлы?Өмірде дәл осындай ағаш бар ма?

-Сабақта не туралы айттық?

-Өсімдіктерге өсу үшін не керек?

-Қандай жемісті жақсы көресің?Неліктен?













































Ақмола облысы

Ақкөл ауданы

3Ақкөл орта мектебі









(ашық сабақ)

















Өткізген:Абдрахманова Г.А.

Автор
Дата добавления 16.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров229
Номер материала ДВ-346236
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх