Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Ашық сабақ. Дүниетану. "Тұқым және жеміс"

Ашық сабақ. Дүниетану. "Тұқым және жеміс"

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Тұқым және жеміс. 
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға өсімдіктердің өніп-өсуі, жетілуі жайлы ұғым беру, құрғақ және шырынды жемістердің түрлерін,тұқымның таралу жолдарын таныстыру.
Дамытушылық: Дүниетанымын, ой-өрісін, пәнге деген қызығушылығын, ақыл-ойын, есте сақтауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. 
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауды үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру. 
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап. 
Көрнекілігі:жоспар бойынша тірек сызбалар мен суреттерді пайдалана отырып жасалған слайдтар. жемістердің түрлері,тұқымдардың түрлері.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ, қайталау. 

Сабақтың барысы. 
1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Өзара көз тастаймыз.

Жаңа білім алуға

Алға қадам жасаймыз.

2.Үй тапсырмасын тексеру.2-3 оқушыдан өткен тақырыптың мазмұнын сұрау.

3.Өткен сабақты қорытындылау.Сұрақтарға жауап алу.

-Өсімдіктің қандай мүшелері болады?

-Жапырақтардың пішіндері қандай болады?

-Жапырақтағы жасыл түсті не деп атайды?

-Жапырақтар неліктен сарғаяды?

-Жапырақтың тақтасы деп қай жерін айтады?

-Сарғайып,қурап, жерге түскен жапырақтарды не істеу керек?

3.Жаңа сабақ: Тұқым және жеміс.

-Қане ,балалар,мына суреттен нелерді көріп отырсыздар?(Жемістердің және тұқымдардың суреттері.1-слайд)

-Жемістердің және тұқымдардың суреттерін көріп отырмыз.

-Дұрыс айтасыздар.Олай болса,бүгінгі танысатын тақырыбымыз «Тұқым және жеміс»

деп аталады.

4.Дәптермен жұмыс.(Күннің жадын,тақырыбын жазу,сабақтың мақсатын хабарлау)

Мұғалімнің түсіндірмесі:Жеміс-өсімдіктің бізге тартатын сыйы.Жеміс беретін өсімдікті жақсылап күтіп,баптаса мол өнім береді.Ал осы жемістер өсімдікте қалай пайда болады?Бұл сұраққа жауап табу үшін мына суретке назар аударайық.(Тұқымнан өнген өскіннің суреті.2-слайд)(Қауын жемісінің пайда болуының суреті.3-слайд)Бұдан ары қарай өсімдік өсіп жетіле келе сабақта гүлдердің пайда болғанын көресің.Өсімдік өсе-өсе келе гүлдің түбі түйінделеді.Бұл «гүл түйіні»деп аталады.Гүл түйіні үлкейіп өскен сайын гүлдің күлтелері солып,түсіп қалады.Сол түйіннен жеміс өсіп жетіледі.Жемістің ішінде тұқым болады.Барлық гүлді өсімдіктердің жемістері шырынды және құрғақ болып екі топқа бөлінеді.Құрғақ жемістердің қабығы қатты,сүйектенген,құрғақ болады.Оларға:емен жаңғағы,грек жаңғағы,бидай,жүгері,арпа,күріш,күнбағыс тұқымшасы т.б жатады.Шырынды жемістердің шырыны мол,жұмсақ болады.Оларға:алма,алмұрт,жүзім,шие,шабдалы өрік т.б жатады.4-слайд

Тұқым мен жемістің пісіп жетілуі әр өсімдікте әр түрлі болады.Ерте гүлдейтін өсімдіктердің тұқымы тез жетіліп піседі.Олар екі-үш аптада-ақ тұқым береді.

(Тұқымдардың таралу жолдарының суреті.5- слайд)Өсімдіктер көбіне тұқымдары арқылы таралады.Мысалы: қайың,тал,көктал ағаштарының тұқымдарында ұшатын «қанатшалары» бар.Бақбақ,қоға өсімдіктерінің тұқымдары үлпілдек түкті болады.Сөйтіп кейбір тұқымдарды жел айдап,талай жерге апарып тастайды.Селеу,қарасұлы сияқты өсімдіктердің тұқымдары желмен ұшады да,үшкір ұштарымен өзге жердегі топыраққа қадалады.

5.Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді іштей және тізбектей оқыту.

6.Сергіту сәті.Ойын: «Қай жеміс?»

Ойынның шарты:Үш-төрт оқушыны ортаға шығарып ,көзін байлап,ауыздарына әр түрлі жемістер салынады. .Оқушы сол жемістің атын атап,сипаттап беру керек.
7. Оқушыларды топқа бөліп, тапсырмалар беру. 
І топ. Кез-келген бір жемістің суретін салу. 
ІІ топ. Кез-келген бір жемісті сипаттап жазу.
ІІІ топ. «Жеміс»тақырыбына 3-4 сөйлемнен тұратын мәтін құрастыру.

8.Сабақты бекіту.Сұрақтарға жауап алу.

-Бүгін қандай тақырыппен таныстық?
-Өсімдіктер не арқылы көбейеді?

-Жемістер нешеге бөлінеді?

-Құрғақ жемістерге нелер жатады?

-Шырынды жемістерге нелер жатады?

-Өсімдік тұқымдары бір жерден екінші жерге қалай таралады?

-Өсімдіктерден жақсы өнім алу үшін не істейміз?

-Жеміс беретін өсімдіктерден басқа да өсімдіктерді қандай мақсатта өсіреміз? т.б

9.Сабақты қорытындылау.

- ҚР-ның «Қоршаған ортаны қорғау Заңы» бар.Сол заңның 38-бабында «Табиғатты қорғау,оны таза ұстау –әр адамның міндеті» делінген.Демек, оқушылар,келешекті көркейтетін сендерсіңдер!Олай болса,айналамызды көгалдандыруға қатысайық.Табиғатты қорғаңдар!Өсімдіктерді көбірек өсіріңдер!

-Қане,қандай уәде бересіңдер?

-Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса.

Жаман бала болмаймыз,

Табиғатты қорғаймыз!

10.Бағалау.Мадақтау.

11.Үйге тапсырма. «Тұқым және жеміс» мәтінін оқып,әңгімелеп келу.

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 02.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров520
Номер материала ДВ-117039
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх