Инфоурок Начальные классы Рабочие программыАшық сабақ «Достық сезім»

Ашық сабақ «Достық сезім»

Скачать материал

Тақырыбы:     «Достық сезім»

 

Мақсаты:

1. Балаларға достық, өзара  сыйластық, сүйіспеншілік туралы түсінік беру , бір-бірімен тату болуға үйрету.

2. Баланың  өзін-өзі тануына, достарын бағалауға, құрметтеуге, режітпеуге, досының айтқанын  соңына  дейін тыңдауға  тәрбиелеу.

3.Өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым-қатынастарын дамыту. Татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі:       Достық туралы суреттер, кішкене жүрекшелер, үнтаспа, достық ағашы, бейнелеу құралдары.

 

Әдіс-тәсілдері:    түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап,  ойын, шығармашылық тапсырмалар.

 

Сабақтың жүру барысы:     1.Ұйымдастыру бөлімі. «Сәлемдесу», «Шаттық шеңбері» (жылы сөздер бір-біріне)

                                         2.  Дос туралы сөзжұмбақ шешу

3.Дос туралы түсінік беру.

4.Теледидар арқылы «Қарлығаш пен Дәуіт»

ертегісін әңгімелеу.

5.Сұрақ-жауап.

6.Дәйексөз айту. «Достық  - асыл қасиет».

7.Дос туралы мақал.

8.Күтпеген сәт «Жүректің келуі»

9.Ойын: «Досымның жүрегі»

10.Шағармашылық жұмыс

11.Қорытынды «Достық деген не?»

12.Жүректен-жүрекке.   Тақпақ айту.Ән айту «Біз өмірдің гүліміз»

 

Мұғалім: - Сәлемет пе, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Енді балалар, қонақтармен амандасамыз.

Үлкенге де – сіз,

Кішіге де – сіз,

Қонақтарға құрметпен

Бас иеміз біз.

Мен сендермен шын жүректен мынадай сөздермен амандасқым келіп тұр.

Шаттық шеңбері:

Ән салуға барамыз (шеңбер бойымен жүру)

Досымызды табамыз (тоқтайды)

Сәлемет пе! Міне мен! (қолдарын екі жаққа жаю)

Доспын енді сенімен (бір-бірімен қол алысу)

 

-         Балалар біз амандастық, енді шаттық шеңберіне шақырамын.

Сиқырлы таяқша арқылы бір-біріне жылы лебіздерін айтады.

 

-Аспанымыз ашық болсын

- Елімізде тыныштық болсын

- Бейбітшілік болсын

- Ақылды бол

 - Күніміз жарық болсын

 - Білімді бол

- Отбасымыз аман болсын

- Әдепті бол

 - Татулық болсын

      -  Әрқашан күн сөнбесін

-  Достығымыз берік болсын

- Денсаулық тілеймін

-         Рахмет, балалар! Орнымызға жайғасып отырып алайық.

-         Сабағымызды бастамас бұрын сөзжұмбақ шешеміз. Сөзжұмбақта шыққан сөз сабағымыздың басты тақырыбы болады.

 

1.     Тиіп кетсе, ән салған,

    Дауысына ел тамсанған

                                 (домбыра)

2.     Жалт-жалт етер,

Жалмап кетер.

                 (От)

3.     Жуынап деп, жазған –ай,

Күннен күнге азғаны-ай

                     (сабын)

4.     Аяғы жоқ, жүреді,

Аузы жоқ, сөйлейді.

                   (хат)

5.     Үстіне тігіп көк шатыр,

Астында қызыл дәу жатыр.

             (қызылша)

6.     Ұшқаны қызық жалпылдап,

Өзі сондай қарқылдақ.

                      (қарға)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Достық сезім» деп аталады, яғни «достық», «дос» туралы әңгімелейміз. Дос, достық дегеніміз – адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынас, бір – біріне деген сүйіспеншілік, жанашырлық сезім. Достар бір-бірін режітпейді, керісінше нағыз достар бір-бірін құрметтейді, сыйлайды, кешірімді болады.

Достық сезім тек қана адамдар арасында ғана емес, ел мен елдің арасында да болады. Мысалы: біздің Қазақстан Республикасы  басқа  мемлекеттермен, басқа елдермен жақсы достық қарым-қатынаста. Соның арқасында біздің еліміз қарқынды дамып келеді.

Балалар, егер сендер бір-біріңді ренжітпей, тату-тәтті ойнасаңдар, бір-біріңе сыйлы боласыңдар, соның арқасында сендерде де достық сезім  пайда болады. Достықтың арқасында қиыншылықтардан құтылуға болады.

 

Мәтінмен жұмыс 

   Достық туралы көптеген өлең әңгіме, ертегілер бар. Қазір мен сендерге  «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісін қойып берейін, мұқият тыңдайық.

(ертегіні тыңдайды.)

Енді осы ертегі желісі бойынша сұрақтар қояйын.

1.Қарлығаш қандай қиындыққа тап болды?

(жылан өрмелеп келеді)

2.Қарлығаш қандай құстардан көмек сұрады?

(көкек пен қарғадан)

3.Көкек пен қарғаның іс-әрекеті дұрыс па?

(дұрыс емес,  сен біреуге көмектесу олда саған көмектесер еді)

4.Қарлығашқа достық көмегін берген қай жәндік?

(дәуіт қарлығашқа көмектесіп, жыланды өлтіреді)

5.Ертегі немен аяқталды?

(қарлығаш пен дәуіттің достығымен)

 

Міне, осындай жағдаяттардан дәйексөз пайда болады. Біздің бүгінгі айтар дәйексөзімізді  «Достық – асыл қасиет» деп атайық. Достық бір-біріне деген сүйіспеншіліктен, мейірімділіктен, көмектесуден туындайды. Сондықтан да достықты адам бойындағы  асыл қасиетке теңейміз.

-         Балалар, міне біз дос, достық туралы түсінік алдық. Енді, сендер достық қасиет туарлы мақалдар білесіңдер ме?

«Жалғасын тап» Ойыны

1)    Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.

2)    Жақсы дос – жанға серік,

Жаман дос – малға серік.

3)    Жүз теңгең болғанша,

Жүз досың болсын.

4)    Дос болсаң берік бол,

Досыңа адал серік бол.

 

-         Жарайсыңдар, балалар біз мақалмен бірге достық туралы тақпақ айтып көрейікші.

1-оқушы.Балдырған баламыз,

Досты көп табамыз,

Қашан да, қай да

Сенімді болмыз.

2- оқушы. Балдырған балалар,

Достықты бағалар,

Есіңе сақта, адал бол, шыншыл бол.

Өтірік айтпа, сөзіңнен қайтпа.

3- оқушы. Дос дегенің өмірдегі – тірегің,

Дос дегенің кеудеңдегі жүрегің,

Егер досың адал ниет жан болса,

Орындалар армандаған тілегің!

4- оқушы. Дос жүрегі қашанда аңсағаным,

Солармен қосылып ән саламын.

Ақ пейілді аңсаған достарымды

Қуанышпен күлімдеп қарыс алам

5- оқушы. Достық - әдеп, сыйласым,

Дос - өмірлік, қимасың.

Дос – арыңдай қымбатты,

Достық сезім тым тәтті.

6- оқушы. Достық – игі жақсылық,

Достық ниет- жақсы үміт.

Достық жасап адамға

Достаса біл әмәнда.

 

-         Өте тамаша, әрине, біздің елімізде әр ұлттың балалары бір шаңырақ астында тату-тәтті дос, бауыр болып өмір сүруде. Еліміздің әдемі болып өркендеуі достықтың татулықтың бірліктің арқасы.

(Осы кезде есік қағылады. Мұғалім қолына үлкен жүрек ұстап кіреді.)

-         Балалар, мынау жүрек қой! Қандай тамаша! Біздің мектебімізде  «Мейірімді жан» періштесі бар екенін білесіңдер. Ол бізге көрінбейді. Күнде әр сыныпты аралап, достығы берік балаларға сүйсініп, қылығына, тәртібіне риза болып жүреді. Бұл жүректі бізге сол «мейірімді жан»  жіберген ғой. Бұл жүректің үлкен қасиеті бар, оған қуаныш, бақыт, мейірім, қамқорлық, достық сияқты сезімдердің барлығы да сиып кетеді.

(үнтаспадан мейірімді жан періштесінің  дауысы естіледі)

-         Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендердің дос туралы әңгімелескендеріңді естідім. Сендерге жүректі жіберген себебім, іші толған жылы сөздер. Соны бір-бірлеріңе және қонақтарға тарту етіңдер.

-         Рахмет, мейірімді жан, періштесі. Енді мына жүрек қорапшаны ашайық, міне керемет! Не деген әдемі жүрекшелер, балалар, қазір «Досымның жүрегі» деген ойын ойнайық.  (тыныштық сәті)

Ойын шарты: мына жүрекшелерді алып, оған «досымның жүрегі» деген ат қоямыз. Жүрекшені  алақанымызға аялап ұстай отырып, досымның жүрегі мейірімді, адал, шыншыл, кешірімді деген сөздерді айта отырып, анау ортадағы «Достық» ағашына ілеміз.

Мұғалім: Менің жүрегім сендерге деген мейірімділікке толы.

 - Менің досымның жүрегі қамқоршы

 - Менің досымның жүрегі қуанышты

 - Менің досымның жүрегі жылы

 - Менің досымның жүрегі нәзік

 - Менің досымның жүрегі адал

 - Менің досымның жүрегі  батыл

 - Менің досымның жүрегі сыпайы

 - Менің досымның жүрегі ыстық

 - Менің досымның жүрегі жұмсақ

 - Менің досымның жүрегі бақытты

  - Менің досымның жүрегі қайырымды

 - Менің досымның жүрегі сезімтал

 

-         Ал, менің досымның жүрегі ақылды, міне, осылайша жалғасып, әр бала өз жүрегінен шыққан жылы лебіздерін айтып шығады.

-         Міне, біздің «достық ағашымыз»   қандай  әдемі болып кетті. Осы «достық ағашымыз» тамырын терең жайып,   барлық әлем балаларын достыққа, жолдастыққа, бірлікке шақырып өсе берсін!

(балалар қолдарын шапалақтап, қуанады).

-         Жарайсыңдар, балалар! Мен де сендердің достықтарың мәңгілік болса деймін. Сонымен, бүгін біз дос, достық туралы әңгімеледік. Қорыта келе, достық ұғымын қалай түсіндіңдер?

 

 

Шығармашылық жұмыс:

 Топтарға тапсырма беріледі (Ассоциация құру) плакаттарға салады

 

                            Дос                                                        Дос

                            Қөмектеседі                                          адал

                            Мейірімді                                              қайырымды

                            Шыншыл                                              жанашыр

                            Қамқоршы                                            ұқыпты

                            Білімді                                                  жомарт

                            Адамгершілігі мол                              кешірімді

                            Төзімді                                                 ақылды

                            Сабырлы                                              салмақты

                            Жауапкершілік                                   сенім

  

Балалар жауабы: Дос-адал,  мейірімді, қайырымды, өтірік айтпайтын болу керек. Достар тату болу керек. Олар бір-бірін ренжітпеу керек.

-         Иә дұрыс айтасыңдар балалар, Біз тек өзіміз ғана дос болып қоймай, бізге келегн қонақтармен де  дос болайық.

Достарың көп болсын десең,

Айтпа жалған ешқашан,

Шыншыл боламыз әрқашан.

 

Өзің жақыс жолдас болсаң, досың да көп болады.

Бір – біріне сенімді шын достар, кешірімді болады, достықтарын бұзбайды. Ендеше, қол ұстасқан күйімізде, біз бақытты елдің бақытты балаларымыз дей отырып, ән шырқайық жүректен шыққан жылы сөз жүрекке барып тиеді. Ендеше шын жүрегімізбен шырқаған ән сіздердің жүректеріңізге достық туын қадасын.

Жүректен - жүреке

Ән «Дос болайық бәріміз».

Міне, осымен «Достық сезім» атты сабағымыз өз мәресіне жетті.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ «Достық сезім»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель клубного филиала

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 359 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.04.2016 2916
    • DOCX 58 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сыдыкова Айдана Алимхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сыдыкова Айдана Алимхановна
    Сыдыкова Айдана Алимхановна
    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3003
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Гендерный подход в обучении и развитии учащихся младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 352 человека

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Мини-курс

Управление личной продуктивностью менеджера

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

ИТ-инструменты в управлении документооборотом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Архитектура мира: от Крита до Австралии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек