Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Ашық сабақ "Е дыбысы мен әрпі"

Ашық сабақ "Е дыбысы мен әрпі"



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:


Астана қаласы №44 орта мектепD:\Desktop\Безымянный.png

Бастауыш сынып мұғалімі:

Бидахметова Айгуль Сасановна

2 «Ә» сыныбы



Сабақтың тақырыбы: Е дыбысы мен әрпі

Сабақ мақсаттары:

А) Білімділігі: Е дыбысы мен әріпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу және жазуға үйрету. Мәтінді түсініп оқуға және мазмұндап айтуға ынталандыру

Б) Дамытушылық : Оқушының ой өрісін және шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету

В) Тәрбиелік: оқушыларды сыпайылыққа, мәдениеттілікке, үлкенді сыйлауға, ынтымақтаса жұмыс істеуге, жақсыны үйреніп жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: топпен, жұппен жарысу.

Сабақ әдісі: сұрақ – жауап,топпен жарысу, ойын, сөз құрастыру, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: кесте әріптер, есіктің суреті, суреттер, үлкен доп, күннің көзі т.б.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

- Сәлемдесу. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару

- Сәлем бердік ұстаздар!

- Қуанамын мен де! Қуанасың сен де!

- Қуанамын достарым! Білімді болсам мен де!

- Арайлап атсын күнде!

II. Көршілеріміздің қолынан қатты мықтап ұстаймыз!

А) көрші дегеніміз кім? Қалай түсінесіздер?

Б) көрші қандай болу керек?

III. Ал, балалар айтыңдаршы үйге қандай тапсырма берілді

А) «Көрші» мәтіні біздің оқып келген көршілеріміз қандай екен?

Б) Үй тапсырмасына назар аударайық!

(тізбектеп оқыту, екі балаға мазмұнын айтқызу, сұрақ - жауап )

IV. Өткенді қайталау кезеңі «Алғыр бала қайдасың? »

А) дыбыс дегеніміз не?

Б) Әріп дегеніміз не?

В) өткен дыбыстарды хормен оқып шығу

1 – топ 2 – топ 3 - топ

Қырандар Бәйтерек Астана

(жақсы жауап берген оқушыларға кәмпит беріп отыру)

Г) Ойын «Орамалды лақтыру» көңіл көтеру арқылы, жаңа сабаққа жақсы көңіл – күймен қадам басу. Алға, алақай!

Ойын ережесі : Орамалды лақтыру күлеміз, қағып аламыз күлмейміз.

  1. Мұғалім: Не істедік?

оқушы жауабы : Күлдік ! Күлмедік!

  1. Мұғалім: Қандай дыбыстардан басталып тұр?

Оқушы жауабы: К дыбысы

  1. Мұғалім: Ендеше келесі ойын «Кім жылдам ? »

Ойын ережесі: «К» дыбысынан бойлайтын сөздерді жылдам айтамыз ! Ең жақсы топтарға кәмпитті тарқата отырып, мадақтау

1 – топ 2 – топ 3 - топ

Қырандар Бәйтерек Астана



V. Қолымда менің не зат? Конвертті ашу үшін жаңылтпашты жатқа айту. Конверт қандай дыбыстан басталып тұр?

Кекілік ау кекілік,

Кетіп қалма секіріп. (Әр топ жатқа айтады)

Конверт ішіндегі жасырын қандай әріп деп ойлайсыздар (жеке оқушының ойын тыңдау)

Ее әрпін конверттен шығару

VI. «Сөз ойла, көп ойла» ойыны

А) Е дыбысы бар сөздерді тез айту

Б) Адамның аттарын және сыныптағы балалардың есімдерін де табу

VII. Жаңа сабақты түсіндіру

А) жұмбақ жасыру.

Ашылып жабылады

Әр үйден табылады (Есік)

Е – ге есік ашайық, Е –ден шашу шашайық.

Е – дыбысталуы, баспа түрі, жазба түрі

Е – дыбысына және әрпіне қатысты суреттермен таныстыру

Г) Сонымен балалар. Е – қандай дыбыс, сөздердің қай жерінде кездеседі ? (оқушы жауабын тыңдау, толықтыру)



VIII.Оқулықпен жұмыс

А) Елегеш неше буын, неше дауысты, неше дауыссыз ?

Б) Ән салайық бәріміз ! Бүгін бізде жаңа буындар қонақта, ашық буыннан бастап «көзімнің қарасы» әнің шырқайық бәріміз

В) Лақ туралы түсінік беру. Бұл не ? Ненің төлі ?

Г) Ендеше балалар сендермен бірге «лақ» мәтінің бірге оқимыз ! ойымызға тоқимыз

IX. Мұғалім оқиды

А) оқушылармен бірге оқу

Б) тізбектеп, хормен және жұппен оқу

В) сұрақтарға жауап беру (түсінген оқушыларды мадақтау)

Г) тақтаға ілінген сөздермен жұмыс (топтық жұмыс)

Ата, әпке,әкең ана, аға, іні, сіңлі

Сұрақ: қай сөздерде е дыбысы мен әрпі бар.Сөйлемдер құрастыру

X. Ойын «Менің лағым» 3 – жақта айту

1 бала шығып лақтың суретін ұстап

Менің лағым, досына беру сенің лағың,

Ұзақтағы баланы көрсету, оның лағы деп ойнау

Ешкіні 3 жақта айтқызу

XI. Сергіту сәті

Секен секен ей лақ!

Жүрмін саған кейіп ақ!

Тыным тапсаң болмай ма

Секірмей ақ бір уақ!

Демалып алдық па ?

Оқушы жауабы: Иә

Олай болса, дәптермен жұмыс бастаймыз

XII. Дәптермен жұмыс (15 мин)

Секірмей әдемі отырып, е дыбысының кіші әріпі сөздерді жазайық. (ауада жазу, көмектесу, түсіндіру, тақтаға жазу, жазған оқушыны мадақтау)

Диктант

Әже, ән, су, әке, лақ

Қаламды тез қояйық, кітапқа көзді салайық

XIII. Суретте не көріп тұрмыз ! «Кім тапқыр ?» ойыны

А) сөздерден қыздың есімін табу. Сөйлем құрау

Б) Ұл баланың есімін табу. Сөйлем құрау

XIV. Ойланайық «Кім жылдам?»

«Бәйтерек құрау ойыны» (топпен жарыс)

Ойын ережесі: екі әріптен тұратын сөздерді құрастыра отырып, үлкен шардың шетіне қолдарын тіреп жайылу

А) (ң, р, қ, л, т, с)

Ә) (н, р, к, л, т, с)

XV. Мадақтау. Келген қонақтарға сыйлықтарын сыйлау

Хормен: Егеменді еліміз жасай берсін!

Еліміз деп жүрегіміз соғады (гүлді оқушылардан қабыл алыңыздар)

Ән: «Көк тудың желбірегені»

Оқушыларды мадақтау, сыйлықтарын беру

Қорытынды: Рахмет сіздерге, бүгінгі сабақ осымен аяқталды. Кәмпиттеріңізді жеуге рұқсат !



















57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 06.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров198
Номер материала ДВ-310965
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх