Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Конспекты / Ашық сабақ "Ең үлкен аспап-орган"

Ашық сабақ "Ең үлкен аспап-орган"


  • Музыка

Поделитесь материалом с коллегами:

Пәні: Музыка

Пән мұғалімі: Н. Иманалина

Класы: 2 «А»

Күні: 19.02.2016

Тақырыбы: Ең үлкен музыка аспабы-орган.

Дж. Каччинидің «Аве Мария» - тыңдау

Апа, туған күніңмен!

Сөзі мен әні: К. Ыбырайұлы- үйрену

Білімділік мәні: Оқушыларға оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлайотырып, талқылай отырып, орган аспабы туралы түсінік беру. Органның музыка әлеміндегі маңызын түсіндіру және дыбысын тыңдау;

Дамытушылық мәні: Оқушылардың орган аспабы деген көзқарасын, ой-өрісін, ұлттық дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін дамыту және топпен жұмыс жасауға үйрету;

Тәрбиелік мәні: Музыка өнері арқылы әсемдікке, әдемілікке, өз ойын тиянақты да жан- жақты жеткізе білуге және өз ойын тұжырымдауға, басқалардың көзқарасын тыңдай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі:сыни тұрғысынан ойлау жобасының стратегиялары


С а б а қ т ы ң ө т у б а р ы с ы .

Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылар музыка әуенімен класқа кіреді

  • Саламатсыз ба, оқушылар?

  • Саламатсыз ба?

  • Көңіл күйлеріңіз қалай?

  • Ола болса тақтаға қарайық!

Психологиялық дайындық:Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға гүл шашылды!

Біз- нәзік қыздармыз! 

Біз- ержүрек ұлдармыз!

Қайырлы күн достарым!

Үй тапсырмасын сұрау:- Театр деген не?

  • Театрдың қандай түрлері бар?

  • Филармония деген не?

  • Алғашқы филармония қалай аталады?

  • Камералық музыка деген не?

  • 3 орындаушы қалай аталады?

  • 4 орындаушы қалай аталады?

  • 5 орындаушы қалай аталады?

Жаңа сабақ: Ең үлкен аспап- орган.

Столдардың үстінде жаңа тақырыпқа байланысты мәтіндер болады, сол мәтіндерді алып мұқият оқу тапсырылады.( 5 минут)

1 топ.Органгрек сөзі. Олқұрал, аспап деген мағынаны береді. Музыкалық аспаптардың ең үлкені орган. Бұл аспапты фортепиано ойнағандай клавиштерді басып орындайды. Бұл екі аспапта басқадай ұқсастық жоқ. Органның жоғарғы жағында көптеген түтіктер орнатылады. Сондықтан оны үрмелі аспаптар тобына жатқызамыз. Түтіктер темірден жасалады. Олардың ұзындықтары бірнеше сантиметрден басталып, бірнеше метрге дейін жетеді. Түтіктер үлкен болған сайын олардың дыбыстары жуан болады, ал кішірген сайын дыбысы да жіңішке бола бастайды

2 топ.Орган аспабы 7-ші ғасырдан бастап Еуропада, көбіне шіркеулерде хорды сүйемелдеу үшін пайдаланған. Оның дыбыс тембрі ерекше түрлі регистерде шығады. Әрбір регистр үрлеп ойнайтын бір музыкалық аспабының дыбысын береді. Органның клавиатурасы бірнеше қатардан тұрады. Аспаптың клавиштерін қолмен, ал төменгі аяқ тұсына орнатылған басқыштарды аяқпен басу арқылы орындайды.

3 топ.Органға арналған ноталар скрипка мен фортепьяноға жазылатын сияқты үш түрлі нота сызықтарына жазылады. Органға арнап И.С. БахВ.А. Моцарт, Л.Бетховен, Й.Гайдн, И.БрамсД.Шостакович, т.б. композиторлар шығарма жазған. Орган аспабының дыбыс бояуы өте бай.Бір өзінің дыбысы бүтін симфониялық оркестрмен пара-пар. Бұл аспап Қазақстанда да бар. 1967 жылы Алматыда Құрманғазы атындағы қазақ консерваториясының үлкен залында орнатылып, орган класы ашылған.  Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақфилармониясында, Астанадағы Қазақұлттық музыка академиясында 2005 жылы орган орнатылды

(топтар уақыты бітісімен оқығандарын аудиторияға ұсынады.)


Әр топтан бір жуан сұрақ, бір жіңішке сұрақ қойылады.( 4 минут)

Дәптермен жұмыс: Орган- басқышты- үрмелі аспап.

Музыка тыңдау: Дж. Каччинидің «Аве Мария» шығармасынан үзінді тыңдау.

- Музыка қалай орындалды?

- Басқа аспаптардан айырмашылығы бар ма?

- Органның дауысы ұнады ма?

(Оқушылардың жауабын тыңдап болған соң талдау)


Сергіту сәті: «Би билегім келеді» әнінің ырғағына би қимылдарын жасау.(1 минут)

Мұғалім:- Оқушылар, сонымен орган аспабы жайлы біраз мағұлмат алған сияқтымыз. Ол туралы өздерің оқып, талдадыңдар.

Мұғалім: - Олай болса ән айтуға көшейік.

Ән үйрену: К. Ыбырайұлының сөзі мен әніне жазылған «Апа, туған күніңмен!» әні

Көмек Ыбыраев 1950 жылы Маңғыстау облысы, дүниеге  келген. Жанұясындағы алты баланың бірі

болған. 1970-1974 жылдар аралығында Шымкент педагогтік мәдениет  институтының «Мәдени ағарту

жұмыстары» факультетін «Қазақ ұлт аспаптар оркестрі жетекшісі» мамандығы бойынша бітіріп

шығады. 
Көмек  Ыбырайұлы балалар ақыны. Оның «Көжек», «Көбелек»,  «Сыйлық»,  «Сиқырлы    үшбұрыш», 

«Жетіген»,  «Тапқырлық»  «Мейрам ай» сияқты балаларға арналған кітаптары бар. Ал үлкендерге

арналған «Қызық шұжық» сықақ кітабы сахна қойылымдарында қойылып жүр. Ол танымал сазгер, 65

әннен тұратын балаларға арналған «Апа туған күніңмен!» атты кітабы бар. Оның көптеген әндерін

қазақ эстрадасында әншілер орындап жүр.


К. Ыбырайұлының сөзі мен әніне жазылған «Апа, туған күніңмен!»



1.Өзің маған бақ берген,

Өмір берген, апа.

Бестік толы дәптермен,

Қуантайын, апа.

Жарқырасын маңдайың,

Ауырмашы, апа.

Құтты болсын әрдайым,

Туған күнің, апа!

22. Саған ғана арнадым,

Бар тілекті апа,

Өміріңді жалғадым,

Бақытты бол, апа.

Қарсы алайық бүгін бір,

Ғасыр таңын апа,

Ұзақ-ұзақ ғұмыр сүр,

Қасыңдамын, апа!



Дауыс жаттығуын жасау

Сөзіне талдау жасау

Музыкасын тыңдау

Әннің шумағын үйрену


Ой толғаныс:- Балалар, бүгінгі сабақтың қай бөлімдері ұнады?

- Не үйрендіңдер?

- Не білдіңдер?

- Неге қол жеткіздік?

Осы сұрақтар төңірегінде 5 минуттық эссе жазып көрейік

Бағалау: Сабақ барысында оқушылардың сабаққа белсенділіктерін ескере отырып бағалау

Үйге тапсырма:ең үлкен аспап- орган тақырыбын оқу, мазмұндау, Апа, туған күніңмен әнін жаттау.

-Сабақ аяқталды, сау болыңдар, балалар!

-Сау болыңыз!


Автор
Дата добавления 24.02.2016
Раздел Музыка
Подраздел Конспекты
Просмотров536
Номер материала ДВ-482538
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх