Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыАшық сабақ Еңбек- бәрін жеңбек

Ашық сабақ Еңбек- бәрін жеңбек

Скачать материал

Өтілетін күні:17.02.2015ж

Өтілетін пәні: Өзін-өзі тану

Өтілетін сыныбы: 2

Сабақтың тақырыбы:Еңбек- бәрін жеңбек

Құндылық:Дұрыс іс - әрекет

Қасиеттер:сүйіспеншілік, шыдамдылық, ұқыптылық, адамгершілік, сабырлылық, табандылық т.б.

 

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «еңбек», «бақыт», «қадір-қасиет», «еңбек ету» туралы     түсініктерін кеңейту арқылы, дұрыс іс-әрекет құндылығының мәнін ашу; міндеттері:

-          Еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру,құрмет, қадір-қасиет, сыйлау ұғымдарының адами қарым-қатынастағы  маңыздылыгын түсіндіру;

-          Еңбек ету  арқылы  мейірімділік, адамгершілік,  қамқорлық, сыйластық, қасиеттерін  дамыту;

-          Еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, мәдениеттілікке  тәрбиелеу.

Ресурстар: оқулық, дәптер, слайдтар, интернет материалдары.

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәті. Орманға ойша саяхат

Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз,  қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына  көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай керемет. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетініміз  бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта  оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

 

-          Оқушылардың  орманнан  алған сезімдерімен бөлісу;

-          http://muslim.kz/uploads/images/content/1.jpgОрмандағы жәндіктердің еңбегіне тоқталу; (ара мен құмырсқа)

Картинки по запросу араның суреттері

 

 

      

 

 

 

 

Оқушылардың қандай сезімде, көніл күйде болғанын сұрау.

 

 

Ағаш отырғызу

                                                        

                                Үй тазалау                                         Білім алу

Овал: Еңбек

                                                          

 

 


                                                                                           

                                             Кітап оқу                             Егін егу

 

 

ІІ.Дәйексөз

Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап.

 (Абай)


                       Адамзат баласы әлімсақтан бері еңбек етіп, тер төгудің арқасында өсіп-өркендеп келеді. Қазақта "Еңбек - бәрін жеңбек" деген аталы сөз бар.

Адам, ең бастысы, еңбектенуге, бір іске күш – қуатын, ақыл – ойын жұмсауға ерінбеуі керек. Өйткені жалқаулық, еріншектік адамның өзін және өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек етсең мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса, өзіңді бақытты санайсың әрі  еңбекпен өмірің жарқын болады. Сондықтан еңбектің адам өміріндегі алатын орны ерекше... Еңбек етсең терлейсің, әрі ерлейсің.Еңбекшіл болу үлкен қасиет екенін есте сақтайық.

 

 

ІІІ.Әңгімелеу. (Мұғалімнің сыйы)

-          Мұхамеджан Етекбаевтың  «Нан қайдан шығады?» ертегісін гипермәтін арқылы оқу;

-          Автор туралы мәлімет беру;

http://uzun-agash.kz/images/oner12.bmp

   Мұхаметжан Етекбаев 1936 жылы Жамбыл ауданына қарасты Қарақыстақ ауылында туған. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Жазушының 15-тен аса кітабы  жарық көрген. Соның басым көпшілігі балалар мен жасөспірімдерге арналған.

 

            Ертегі бойынша сұрақтар:

-          Нан қандай еңбекпен келді?

-          Нан қандай еңбек иелері арқылы  дайын  болады екен?

-          Олар еңбектену арқылы неге қол жеткізді?

-          Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

Мысал әңгіме
Б. Әділов. Еңбексіз өмір – сүреңсіз

*Мысал әңгімедегі Қара пышақ қандай адамға ұқсайды?
*Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?
* «Еңбексіз өмір – сүреңсіз» дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?

Еңбек адамға не береді?

                                     адамды өзіне –өзін сенімді етеді.

                                     адамға табыс береді.

                                     адамға дәреже береді.

Еңбек                          адамның арманына жеткізеді.

                                     адамға өз жемісін береді.

                                     адамды бақытты етеді.

 

Гипер

мәтінді тыңдау арқылы оқушылар сұрақтарға өз дәрежесінде жауап береді.

ІҮ.Шығармашылық жұмыс

І тапсырма.Мақал – мәтелдің жалғасын тап.

1.      Еңбек етсең ерінбей,

            ..................................

2.      Еңбек түбі- ..............

 

3.      Еңбектің наны тәтті,

...................................

4.      Ердің атын ................ шығарады.

5.      Еңбек бәрін...................     

ІІ тапсырма.Өлең ұйқасын тап

Еңбек
 Нұрхан Жанаев

Қырға шықсаң ................,
Мұның аты – Еңбек.
Кесте тіксең, ...................,
Мұның аты – Еңбек.
Сабағыңа .......................,
Әзірленсең – Еңбек.
Қиындықтың .....................,
Еңбек қана жеңбек.

(бәрін, зерлеп, жөндеп, өрлеп)


ІІІ тапсырма.Суреттерді  орналастырып,  мәтінді оқы.(Интерактивті тақта арқылы жұмыс жасайды.Интерактивті тақтаның қаламымен орналастырады.)

                       ашық.

Балалар                 ауласына барды.Қолдарында еңбек құралдары бар.Олар бақшаға               отырғызу үшін жиналды.

Ербақыт пен Ерлан         -пен  жер қазды.Еркінбек пен Дархан                 -мен  тырмалады. Балалар гүлдердің           сеуіп шықты. Әсел, Аяулым,Ақбота           -пен  су құйды. Балалар  жаздай еңбектенді.Күзде өз еңбектерін көріп қуанды.

 

 

 

 

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRtfNOgu7TQIF_o6Fj2LvM8G1f1ptUidJLvM9qhSYm2He50hmRoAQ

 

 

 

 

Балалар, келесі тапсырманы біз С.А.Назарабаеваның туылған күніне арнап жасаймыз. Орындаған жұмыстарыңызды балалар, почта арқылы Сара апайға жолдаймыз.

Тапсырма:

І топ.С.Алпысқызына Ашық хат жазу.

ІІ топ.Түрлі –түсті қағаздан  гүл жасау.

ІІІ топ. Гүл салатын құмыра жасау.

Сонымен балалар, адамға еңбектің пайдасы көп екен.Еңбек-
- тәрбиелейді,
- жігерлендіреді,
- күш береді,
- қуантады,
- бақытты етеді,
- өмір сүруге үйретеді,
- үнемшіл болуға үйретеді,
- ширатады,
- шынықтырады.

Оқушылар жауаптары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар интер.тақтамен жұмыс жасайды

 

 

Ү.Топпен ән айту.

М.Мақатаев  Бақыт деген......

Бақыт жайлы менің мынау білгенім,

Бақыт деген- бірде шаттық, бірде мұң.

Бақыты сол-тәрік етәп түндерін,

Бақытіздеп азаптанса, кімде-кім.

Бақыт деген- сенің бала күндерің,

Бақыт деген – бақытты боп жүргенің.

Бақытты да басқасын да білмеуің,

Бақытсыз-ақ ойнағаның, күлгенің.

 

 

ҮІ.Үйге тапсырма.

І топ. «Еңбек түбі - береке» - тақырыбына эссе жазу.

ІІ топ.Еңбекқор адамның  бойындағы  қасиеттерді жазып келу.

ІІІ топ. «Еңбекшіл ауыл» тақырыбына өз ойларыңнан ертегі құрастыру. 

 

ҮІІ.Тыныштық сәті.

Соңғы тыныштық сәтi. Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. Мұғалім жәй дауыспен:
«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Біз кітап оқып, сабақ айтып, еңбек ету арқылы өзіміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз бен  сөзіміз ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық!Бәріміз жұмыла еңбек етейік.Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»    

 

 


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ Еңбек- бәрін жеңбек"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бухгалтер

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 959 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.03.2016 3504
    • DOCX 614.4 кбайт
    • 28 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бекибаева Рысбуби Омбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бекибаева Рысбуби Омбаевна
    Бекибаева Рысбуби Омбаевна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6719
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Методика организации образовательного процесса в начальном общем образовании

Учитель начальных классов

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 2648 человек из 84 регионов

Курс повышения квалификации

Развитие критического мышления у младших школьников в условиях обновленного ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 27 регионов

Курс повышения квалификации

Инклюзивное и интегративное образование детей с ОВЗ в условиях введения и реализации ФГОС НОО ОВЗ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 298 человек из 61 региона

Мини-курс

Преодоление фобий: шаг за шагом к свободе от социальных источников страха

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе