Инфоурок Начальные классы Рабочие программыАшық сабақ: Егіншілік пен малшаруашылығы

Ашық сабақ: Егіншілік пен малшаруашылығы

Скачать материал

Сыныбы: 4 «Б»

Пәні: дүниетану

Тақырып: Егіншілік пен малшаруашылығы

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың егіншілік мал шаруашылығы туралы алған білімдерін тиянақтау, әрі жетілдіру. Төрт түлік жөнінде мағлұматтар беру, түсіндіру.
2. Өз ойларын тиянақтап айтуға дағдыландыру, танымдық белсенділіктерін арттыру, шығармашылық жұмыс жасауға, ізденуге үйрету;
3. Қоршаған ортаны аялауға баулу. Төрт түлікті күтуге сезімталдыққа адамгершілікке тәрбиелеу.
Түрі. Ауызша сабақ - 1

Технология «БжС»
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ – жауап, ой қозғау.
Көрнекілігі: суреттер кесте
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиеттік оқу;

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:

а) Психологиялық дайындық.(Барша тіршілік иелеріне сәттілік тілей отырып, сабағымызды бастайық)
Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім,
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер,
Қайырлы күн, барша тіршілік иесі.

б)   Қызығушылықты ояту.

- Балалар, бүгін ерекше сабақ,  қонақтар келіп отыр, өзіміздің білімізді, өнерімізді көрсетейік.

Ø Мақсатты айту

Ø Карта бойынша жұмыс жасау реті түсіндіріледі

1. Өткен тақырып бойынша қарама - қарсы сұрақтар

2. Тірек сөздер

3. Мәтінмен жұмыс

4. ҚҚС

5. СТС

6. ТСҚ

Ø Көшбасшыға сөз:

Ø Жылдамдық жаттықтыруы

1 – кезең:

Көшбасшыға сөз:

- Екі көз не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін.
- Екі қол не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
- Екі құлақ не үшін керек?
Ақыл, кеңес тыңдау үшін.
Олай болса балалар бүгінгі сабақта жақсы қатысып, өз білімімізді көрсетейік.

Көрсете отырып тек алға! Алға!

 

Оқушылардың субъектті іс - тәжірибесін өзектендіру

1) Үй тапсырмасын қайталау. «Адам әрекетінің қоршаған ортаға әсері» бойынша қарама - қарсы сұрақтарға жауап беру. Матрицамен жұмыс.

Қарама - қарсы сұрақтар:

1.     Адам баласы тіршілік үшін қажеттінің бәрін неден алып келеді? (табиғат)

2.     Жануарлар мен өсімдіктердің жойылуына нелер себеп болады? (ағаш кесу, бөгет пен каналдар салу, пайдалы қазбаларды өндіру,жер жырту, климат өз)

3.     Адам өз әрекеті арқылы нені өзгертеді? (табиғи ортаны)

4.     Мемлекет орманды не істеп отырады? (қорғап, бақылап)

5.     Қазақстанда ағаштарын кесуге, жануарларын аулауға тыйым салынған нелер бар? ( көптеген қорықтар бар мыс: )

6.     Дала топырағы құнарлы болу үшін нелер керек? (жарық,жылу, су, ауа)

7.     Адамдар дәнді дақыл егу үшін нелерді жыртып игереді? (жазық жерлерді)

8.     Дала көркін кімдер өзгертеді? (адам өз қолымен өзгертеді)

9.     Топырақ құнарлылығын қалпына келтіру үшін, алқаптарға нелер себіледі? (көң, әртүрлі минералды тыңайтқыштар)

10.  Суқоймаларындағы жануарлардың тіршілігі немен байланысты? (бір-бірімен, жағалаудағы өсетін өсімдіктермен байланысты)

11.  Судың кеуіп кетуіне не себеп болады? (жағалаудағы өсімдіктер құрыса, су тез буланса)

12.  Суды нелер ластайды?  (суқоймаларына жақын орналасқан зауыттар мен фабрикалар)

13.  Қызыл кітапқа енген қандай аңдар мен құстарды білесің? (жұпартышқан, қаракүзең, аққу, сары және ақ құтан, қарашақаз, бұйра бірқазан)

14.  Қаракүзен қай жерлерде кездеседі? (Жайық, Орал және Ақтөбе обл өзен жағалауында)

15.  Тау дегеніміз не? (жыралардан , тастардан құралған)

16.  Қазақстан жерінде қандай тауларды білесің? ( Тянь-Шань, Алтай, Алатау)

17.  Алтай тауында қандай бұтақты өсімдіктер өседі? (қарақат, шырғанақ, қара бүлдірген, таңқурай, қойбүлдірген)

18.  Тауда қандай өсімдіктер өседі?  (күймесгүл, еңлікгүл, меңдуана т/б)

19.  Тауда қандай жануарлар тіршілік етеді?(арқар, таутеке, марал, барыс)

20.  Адамдар тауды, өсімдігі мен жануарларын қалай пайдаланады? (дәрі дәру)

21.   Суқоймаларына нелер жатады? (өзен, көл, батпақ-бәрі жалпылай жатады)                                                          

22.  Суқоймаларында қандай өсімдіктер өседі? (қамыс, қоға, қияқ, балдыр)

23.  Қамыстың биіктігі неше метрге жетеді? (3 метр)

24.  Су құстарына нелер жатады? (қаз, үйрек, аққу, қоқиқаз, бірқазан, құтан)

25.  Шаяндар қандай суда болады? (тұщы, мөлдір судың түбінде)

26.  Өз жеріңде қандай суқоймасы бар? (Есіл өзені)

27.  Адамдар табиғатты қорғау үшін нелер қолданады? Әртүрлі шараларды қол)

Сыныптағы бала саны – 27=63 %

2) Тексеру. Матрицаны толтыру. Пайызды анықтау.

Жаңа сабақ:      Жұмбақтың шешуін тап:

Орманда жоғары,

Ағашқа қонады.

Тұмсығын балта етіп,

Тоқ-тоқ-тоқ соғады. Ол не?  (Тоқылдақ).

Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады. Ол не?  (Қоян).

       Бүгінгі сабақты Халық батыры Бауыржан Момышұлы «Сұлулық дегеннің тамыры табиғат» деген нақыл сөзімен бастағым келіп отыр. Сұлулық деген табиғаттың көркі. Мысалы: гүл қандай?, аңдарымыз ше?, ағаштарымыз ше? құстарымыз ше? Осылардың барлығы табиғаттың сұлулығын білдіреді.

     Тақырып бойынша жаңа сабақты түсіндіру (2 - 3 мин)

Егіншілік пен малшаруашылығы

Егіншілік. Еліміздің солтүстік және орталық аймақтарындағы далалы жерлердің топырағы өте құнарлы. Оларды жыртып , дәнді дақылдар егуге пайдаланады. Бұл жерде бидай, арпа, сұлы өсіріледі. Суармалы жерлерде күріш, мақта, жүгері егіледі.

   Шөлді суармалы жерлерде қауын, қарбыз, асқабақ өсіріледі. Бұл өсімдіктер жылуды, суды қажет етеді.қызылорда облысының Сырдария өзеннің жағалауында бау-бақша салу жақсы дамыған. Оларды суаратын суды Сырдария өзенінен алады. Тау етегінде бақ өсіреді. Онда алма, қараөрік, өрік, алмұрт, жүзім өсіріледі.

Малшаруашылығы. Біздің республикамызда қой, жылқы, ірі қара мал, түйе, құс тағы басқа малшаруашылығының салалары жақсы дамыған.

Қой шаруашылығы – Қазақстанда малшаруашылығының ең жақсы дамыған саласы. Қойдан ет, сүт, май, тері және жүн алынады.

Жылқы шаруашылығы – малшаруашылығының маңызды саласы. Қазақтар жылқы малын қашанда қастерлей берген. Жылқының еті жоғары бағаланады, оның сүтінен емдік қасиеті бар қымыз дайындалады.

Түйе шаруашылығы – Қазақстанның шөлді және шөлейт аймақтарында кеңінен таралған. Түйе өте күшті, төзімді жануар. Сүтінен құнарлы емдік сусын – шұбат әзірлейді. Жүнінен жылы киім тоқиды, көрпе жасауға пайдаланады.

Құс шаруашылығы – Қазақстанда жақсы дамыған. Құс фирмаларында тауық, үйрек, қаз, күркетауық, тіпті түйеқұс өсіріледі. Құстың етімен жұмыртқасын халық тамаққа кеңінен пайдаланады.

2 - кезең

Қабылдауды ұйымдастыру

Тірек сөздерімен жұмыс. Тірек сөздерге түсінік беру. Тақтаға тақырыпқа байланысты тірек сөздер берілген.

Түйе, бидай, бақ, киім, шұбат, үйрек. жылу .

1) Оқу, есте сақтау, - 30 сек.

2) Блок жабылды, балалар естерінде қалған сөздерді жазады – 30 сек

3) Тексеру.(6 - 7 сөз) Матрицаны толтыру. Пайызды анықтау

4) Толықтырып жазып алу

5) Көзді жұмып 3 сөзді өшіру, оны тапқызу, сөйлем құру.

3 - кезең

Ұғынуды ұйымдастыру

Мәтінмен жұмыс

1) Мәтінді оқу (1бетке - 3 мин)

2) Тірек сөздердің мазмұнын ашу.

4’ минут беріледі

Түсінудің біріншілік тексеруі

Қарама - қарсы сұрақтар: Матрица бойынша барлық оқушылар сұралады. Пайызды анықтау. « -» алған оқушыларға көңіл бөлу.

Қарама - қарсы сұрақтар:

1.     Еліміздің қай жерлердің топырағы өте құнарлы? (солтүстік және орталық аймақтарында)

2.     Өсімдіктерді өсіру үшін қандай жағдайлар керек? (топырақты құнарландыру керек)

3.     Қандай дәнді дақылдарды білесің? (бидай, арпа, сұлы)

4.     Суармалы жерлерде нелер егіледі? (күріш, мақта, жүгері)

5.     Күрішті қай облыстарда өсіріледі? (Қызылорда)

6.     Мақта қай аймақтарда өсіріледі? (Оңтүстік)

7.     Астық дақылдардың ішінде қайсы көп өсіріледі? (жаздық бидай)

8.     Оны негізінен қай бөліктерінде себеді? (Республикамыздың солтүстік)

9.     Ал күздік егіс қай аймақта егіледі? (Оңтүстікте)

10.  Шөлді суармалы жерлерде нелер өсіріледі? (қауын, қарбыз, асқабақ)

11.  Бұл өсімдіктер нелерді қажет етеді? (жылу мен суды)

12.  Қандай облыстың өзеннің жағалауында бау-бақша салу жақсы дамыған? (Қызылорда облысының, Сырдария өзенінің)

13.  Оларды суаратын суды қай өзеннен алады? (Сырдария)

14. Тау етегінде не өсіреді? (бақ)

15.  Бақта қандай өсімдіктер өсіріледі? (алма, қараөрік, өрік, алмұрт, жүзім)

16.  Қандай шаруашылықтарды білесің? (қой, жылқы,ірі қара мал, түйе, құс)

17.  Егін шаруашылығына нелер жатады? (күріш, мақта, жүгері т/б)

18.  Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы бір - бірімен тығыз байланысты деп айтуға бола ма? (жоқ, мал жануар, егін өсімдік)

19.  Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығында қандай мамандық иелері жұмыс істейді? (малшы жылқы бағады, егінші,диқаншы егістер егеді)

20.  Дүниежүзіндегі қойы көп ел? (Қазақстанда)

21.  Қойдан нелер алынады? (ет, сүт, май, тері, жүн)

22.  Жылқының сүтінен не дайындалады? (емдік қасиеті бар қымыз)

23.  Түйе қандай жануар? (өте күшті,төзімді)

24.  Адамдар оның несін пайдаланады? (оның етін, сүтін, жүнін)

25.  Түйенің сүтінен не әзірлейді? (сүтінен құнарлы сусын-шұбат)

26.  Құс фермаларында қандай құстар өсіріледі? (тауық, үйрек, қаз, күркетауық, түйеқұс)

27.  Құстың несімен кеңінен пайдаланады? (еті мен жұмыртқасын)

Сергіту сәті:

Күнге қарап қол созамыз,
1, 2, 3
Қызғалдақтай ырғаламыз.
1, 2, 3
Дөңгеленіп айналамыз
1, 2, 3
Табиғаттай ырғаламыз!

4 - кезең

Біріншілік бекітуді ұйымдастыру

Сыни сұрақтар: Матрица бойынша барлық оқушылар сұралады. Пайызды анықтау. « -» алған оқушыларға көңіл бөлу.

Сын тұрғысынан сұрақтар:

1. Жануарлар суда, құрлықта, топырақ арасында тіршілік етеді. +

2. Табиғат үшке бөлінеді. –

3. Жануарлар тірі табиғатқа жатады. +

4.  Дәнді дақылдарға бидай, арпа, сұлы жатады.  +

5. Суармалы жерлерде  күріш, мақта, жүгері егіледі. +

6. Жануарлар өз тіршілігіне қолайлы жерде мекендейді. +

7. Мақта солтүстік аймақтарда өсіріледі?  --

8. Шөлді суармалы жерлерде қауын, қарбыз, асқабақ өсіріледі. +

9. Түйе сулы жерде мекендейді. –

10. Балық суда мекендейді. +

11. Тиін құрлықта мекендейді. –

12. Жылан шөп арасында мекендейді. +

13. Аю орманда мекендейді. +

14. Құстар құрлықта мекендейді. –

15. Бақта алма, қараөрік, өрік, алмұрт, жүзім өсімдіктер өсіріледі. +

16. Табиғатқа өсімдіктің пайдасы жоқ. –

17. Жануарлар өсімдіктің көбеюіне көмектеседі. +

18. Өсімдік топырақ арқылы тыныс алады. -

19. Өсімдіктердің тұқымын құстар таратады. +

20. Жыртқыш аңдар өсімдікке зиян келтіреді. –

21. Тоқылдақ орман емшісі. +

22. Жылқының сүтінен шубат дайындалады. --

23. Үй жануарлары адам үшін пайдалы. +

24. Жануарлардың адам үшін пайдасы жоқ –

25. Өсімдіктер мен жануарларды қорғайтын жерді қорық дейміз. +

26.  Құс фермаларында тауық, үйрек, қаз,   күркетауық, түйеқұс өсіріледі. +

27.  Өсімдік, адам, жануарлар бір - бірімен тығыз байланысты. +

5 - кезең

Талдау.   Тақырыптық сөздік қор.

Мәтіннен сөздер немесе мәтіннің мазмұнын жазу.  44- сөз.

1) Матрицаны толтыру

2) Ең көп сөз жазған оқушы сөздерін оқып береді.

3) ТСҚ - ның пайызы есептеледі.

Түйсіну: 4 - 5 белгі - 5 ұпай

3 белгі - 4 ұпай

2 белгі - 3 ұпай

1 белгі - 2 ұпай

Қорытынды:  сапа нормативі оқушылардың 63% 5 ұпайдан алуы тиіс

Үй тапсырмасы:  4 белгіден кем алған оқушылар үйге тапсырма алады. Кез келген жануарды алып , оның тіршілік ортасына бейімділігін түсіндір.

 

 

 

ӘБ отырысында қаралды               Келісемін                           «Бекітемін»

Хаттама  № ______                        Оқу ісінің                      № 55  орта мектеп          

«____» «_______»2017 г.           меңгерушісі:                      Директоры:                                                                                                                                                                                                      

                                                   «___» «_____»2017 г.           «___» «_____»2017 г.

                                                          

 

                                                                                

                                             

Ашық сабақ

(Дүниетану пәнінен)

 

Тақырыбы: «Егіншілік пен малшаруашылығы»

 

 

Өткізген: Молдалиева Ж.Ш.

Бастауыш сынып мұғалімі

4 «Б» сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 жыл

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ: Егіншілік пен малшаруашылығы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Теолог

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 966 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.10.2017 1015
    • DOCX 85.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Молдалиева Жанар Шүкірәліқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Молдалиева Жанар Шүкірәліқызы
    Молдалиева Жанар Шүкірәліқызы
    • На сайте: 6 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19660
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 180 человек

Курс повышения квалификации

Финансовая грамотность для обучающихся начальной школы в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 560 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 485 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 352 человека

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, технологи

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Методика поддержки физкультурно-спортивной деятельности для людей с ограниченными возможностями здоровья

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Введение в экономическую теорию и практику

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе