Инфоурок Другое КонспектыАшық сабақ экология негізінен

Ашық сабақ экология негізінен

Скачать материал

Бөлме гүлдерін ыдысқа отырғызу

Тақырыбы: Бөлме гүлдерін ыдысқа отырғызу.
Мақсаты:
Тамырланған гүлді ыдысқа отырғызып үйрету. «Бөлме гүлдері» альбом жинақтау. Үйге тапсырма ата - анамен сауалнамаға жауап алу.
Көрнекіліктер: Бөлме гүлдері, тамырланған гүл, ыдыс, тағы басқа қажетті заттар.
Әдіс - тәсіл: көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауап.
Барысы:
Балалар мен бүгін топқа келе жатқанда дәлізден бір гүл тауып алдым, сол гүлді топқа әкелдім.(Қураған гүлді көрсету)
Сендер оның атын білесіңдер ме?
- Қазтамақ
Осы гүл біздің топта бар ма?
Үстел үстіне қойып екінші гүлмен салыстыру.
Балалар салыстырады, қураған гүлге көмек керек екенін айтады.(жері кеуіп қалған жапырақтары қураған)
Көмектесер алдында есімізге түсірейікші:
- Гүл - өсімдік, ол табиғатқа жатады?
- Тірі табиғатқа жатады.
- Балалар, гүлдер не үшін керек?
- Гүлдер әдемілік үшін керек гүл туған иесіне, мерекеде аналарға сыйлау үшін керек. Гүлдер ауаны тазартады.
Гүлдер қайда өседі?(бейнетаспадан, гүлдердің түрін көрсету)
- Далада, бөлмеде, алаңда, орманда.
Дұрыс, балалар, гүлдер екіге бөлінеді: дала гүлдер, бөлме гүлдері.
- Гүлдер әдемі болып өсу үшін не қажет?
Топырақ, күннің көзі, су қажет.
- Гүлді балшыққа отырғызуға болама?
- жоқ.
- Балалар, гүлдер қалай қоректенеді екен?
- Гүлдер тамыр арқылы қоректенеді.
- Тамыр не үшін керек?
- Гүлдерді тамыр ұстап тұрады, тамыр арқылы су жібереді.
- Кім гүлдің құрылымын пазламен жинап береді?
(тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі)
Балалар гүлді ыдысқа отырғызып, су құяды.

Сергіту сәті.
Ал балалар тұрамыз, үлкен шеңбер құрамыз
Алға қарай бір адым, артқа қарай бір адым
Билеп, билеп аламыз орнымызды табамыз.

Гүлдер туралы тақпақтар.

Ұмытпай күнде су құям гүлге
Тұрады гүлім құлпыртып түрін

Үйде тұрып өсетін
Әкеп гүлдің көшетін
Топырақты салдым да
Отырғыздым қалбырға

Қорытындылау:
Бөлме гүлін отырғызып, оған күнде күтім жасау керек. Гүлдердің пайдасы адамға өте қажет.

 

 

 

 

«Гүлдер әлеміне саяхат»

Сабақтың  мақсаты:  Балалардың гүлдер туралы білімдерін кеңейту өлең тақпақтар арқылы  тіл                                            

Байлығын  артыру, табиғатты қорғауға, сүйе білуге ,оларды күте білуге тарбиелеу.

Сабақтын әдіс тәсілі : Әнгімелесу, түсүндіру, көрсету, саяхат, тәжірибе, ОТТШМ  әдістемесі.

Сабақтың көрнекілігі: Суретт ер,Бөлме гүлдері.

Сабақтың барысы:Ұймдастыру кезең.

Арайлап таң атты

Алтын сауле таратты

Жарқырайды даламыз

Жарқырайды қаламыз

Қайрлы таң балалар!

Қайрлы таң қонақтар!

Балалар қараңдаршы біздің топқа бүгін көп қонактар келіпті.

Кәне амандасайық.

Балалар: Сәлеметсізбе!

Тәрбиеші: Енді әдемі отырып, мені мұқият тындаңдар Т

Тәрбиеші:  балалар мен бүгін топқа келе  жатқанда дәрізде ,бір гүлді таукып алдым , сол гүлді топқа сол гүлді топқа әкелдім қураған гүлді көрсету

Сендер оның  атын білесіңдур ме

Хлорофитиум

Ал бізде осы гүл бар ма топта ?

Үстелдің үстіне қойып ,жанына екінші гүлмен   салыстыруүшін қою.

Балалар салыстырады,қураған гүлге көмук керек екенін айтады (жері кеуіп қалған,жапырақтары қураған)

Көмектеспей тұрып, алдымен есімізге  түсірейікші

-          Гүл – ол өсімдік, қай табиғатқа жатады?

Тірі табиғатқа жатады .

-          Балалар, гүлдер не үшін керек?

Гүлдер әдемілік үшін керек, гүлді туған күн иесіне мерекеде аналарға сыйлау үшін керек. Гүлдер ауаны тазартады.

-          Гүлдер қайда өседі? (бейне таспадан, гүлдердің түрін көрсету)

Далада, бөлмеде, алаңда, орманда.

Дұрыс балалар, гүлдер екіге бөлінеді дала гүлдері және бөлме гүлдері

-          Гүлдер әдемі болып өсу үшін не қажет?

Топырақ, күннің көзі, су қажет.

-          Балшыққа отырғызуға бола ма?

Жоқ!

-          Балалар, гүлдер қалай қоректенеді екен?

Гүлдер тамыр арқылы қоректенеді.

-          Тамыр не үшін керек?

Гүлдерді тамыр ұстап тұрады, тамыр арқылы су жібереді.

Кәне кім гүлдің құрылымын пазылмен жинап, айтып береді. Тамыры, сабағы, жапырағы, гүлдері.

Балалар тамыр арақылы су қалай көтерілетінін көргілерің келе ме?

Тәжірибе: стақанға боялған қызғылт суға, ақ мата батырып көрсету. Балалар сендер гүл туралы көп біледі екенсіңдер, шаршаған шығарсыңдар бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті «Табиғат» (музыка)

Балалар гүлдер әлеміне саяхатқа барғыларың келеме?

-          Саяхатқа бару үшін қалай киіну керекпіз, қазір жылдың қай мезгілі? Көктем, күннің көзі шығып тұр

-          Балалар саяхатқа бара жатқанда өзімізді қалай ұстауымыз керек? Жолда шулауға, қоқыстарды лақтыруға, гүлдерді жұлуға, көбелектерді ұстауға болмайды.

Музыка әуенімен «гүл» әлеміне саяхатқа кеттік!

Балалар кәне гүлдердің жұпар иісін иіскейікші.

Балалар қақпасы жабық екен ғой. Сол кезде гүл ханшайымы келіп қалады, Балалар сендер менің гүлдерімді көруге келдіңдерме? Сендер менің тапсырмаларымды орындасаңдар сендерге гүлдерімді көрсетемін. Кіреміз  ақырын

Қандай тамаша! Иісін иіскендерші Жұпар  иісі қандай тамаша!

1 тапсырмасы:

-          Кәне кім тақпақ біледі гүл туралы

Тақпақ:

1.      Ұмытпай күнде,

Су құямын гүлге

Тұрады гүлім

Құлпыртып түрін

2.      Үйде тұрып өсетін

Әкеп гүлдің көшетін

Топырақты салдымда

Отырғыздым қалбырға

 2 тапсырмасы:

Мына құралдар не үшін қажет?

Үстелде (су құйғыш, қопсытқыш, су шашқыш)

3 тапсырмасы:

Гүлдерді санап беріңдерші.

Гүл ханшайымы: Балалар сендер білесіңдерме көктемнің алғашқы            

гү лін  қандай гүл екен?

Бәйшешек дұрыс балалар.

Сол гүлдерді сендерді с ендерге сыйлағым келіп тұр.

Балалар сссаяхат ұнадыма сендерге, гүлдер әдемі екен бірақ гүлдемепті

Өзіміз жапсчырып гүлдендіреиікші кәне үстелге жақындаңдар

Алдарыңдағы құмды  мына дайын гүлдердін көшетіне ,желімді жағып

 Құмды себелейміз . Қараңдаршы қандай әдемі гүл болып шықты.

Қорытындылау: Балалар сабақ ұнады ма сендерге?

Біз не туралы көп білдік? Гүл не істей алады?

Гүлдейді,желден шайқалады,су ішеді, қурайды,жұпар иіс шығарады.

Осымен біздін сабағымыз аяқталды ,қонақтарымызға сау болыңыз деп,

Бәйшешек гүлдерін сыйлайық.

 

 

 

 «Бөлме өсімдіктері»

 

Тәрбиеші: Кожанова А.К. «Аққу» тобы

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Экология

Тақырыбы: «Бөлме өсімдіктері»

Мақсаты: Балаларды бөлме өсімдіктерімен таныстыру; алоэ, бегония, хеорофитумды күту, баптау, суару жұмыстары жайлы түсінік беру; сөздік қорларын молайту, ойлау қабілеттерін, бір-бірімен байланыстыра сөйлеу қабілеттерін жетілдіру, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.

Сөздік жұмыс: Алоэ, бегония, хлорафитум.

Сабақ барысы:

- Балалар, біз табиғаттың тірі және өлі болып екіге бөлінетінін білеміз. Қане тірі табиғатқа не жататынын кім айтады?

- Өсімдіктер жатады.

- Дұрыс, өсімдіктердің өзі, дала және бөлме өсімідіктер болып екіге бөлінеді.

- Біздің бүгінгі сабағымыз бөлме өсідіктері жайлы болмақ.

- Қане балалар мынау гүлді бір-біріне беріп жақсы сөз айтыңдаршы

(бақыт, жақсылық, денсаулығың мықты болсын, аспанымыз ашық болсын және т.б.)

- Айтыңдаршы гүл әдемі ме?

- Олар не үшін керек?

- Менің үстелімде бөлмеде өсетін гүлдер тұр:

Алоэ - лала гүлдер тұқымдасына жататын жапырақты өсімдік. Отаны – оңтүстік Африка. Жапырағы шырынды, тіске ұқсас. Кейбіреуінің түсі ала болып келеді. Шоғырлана гүлдейді. Үйде өсетін алоэнің ағаш, кірпік тәріздес және ақ жолақ жапырақтары сәндік түрлері болады. Бұл өсімдікті қалыпты мөлшерде суарып тұру керек. Алоэнің ағаш тәріздес түрінің жапырағынан көз, асқазан, ішік т.б. ауруларды емдейтін экстрат әзірленеді. Жапырағының сөлін жараны, дененің күйген жерін, тері ауруларын емдеуге қолданады.

Бегония -  көпжылдық өсімдік. Оның 1000-ға жуық түрі бар. Тропикалық және субтропикалық жақта кездеседі, жапырағының пішіні домалақ, түрі әртүрлі болып келеді. Бегонияның ерекшілігі ол далада да, бөлмеде де өсе береді.

Хлорафитум – лала гүлдер тұқымдасына жатады. Оның 200-ге жуық түрі бар. Өсімдіктің бұл түрі – оңтүстік Америка, Африка, Австралияда кездеседі. Жасыл, жіңішке жапырақты өсімдік оттегін көп мөлшерде шығады.

 

Сергіту сәті.

Біздің қызыл гүлдеріміз ашылады

Жел соққанда әсем қозғалады,

Біздің қызыл гүлдеріміз жабылады.

Тербеліп ұйқыменен тынышталады.

(орындарына отырады)

- Балалар, гүлдер өсу үшін не керек?

- Күту керек, күннің көзі, суару керек

Үстелдің үстіндегі гүлдерге су құямыз, онын топырағын қобсытамыз, жапырақтарын сүртеміз.

-  Бүгін біз петуния гүлдердің ыдысы тар болып, оларды басқа кең ыдысқа отырғызамыз.

Ол үшін: таяқшамен босатамыз, сосын топырағы мол ыдысқа отырғызамыз

(Аділет су құйып тұрады, Даяна отырғызады)

 

Ойын. «Дұрыс және бұрыс»

 

Сурет бойынша дұрыс болса, қолдарын шапалақтайды, бұрыс болса, аяқтарымен тарсылдатады.

 

Өлең жаттау:

Ұмытпай күнде

Су құйям гүлге

Жайнайды гүлім

                                                 Құлпыртып түрін.     (Қ. Сауғабаев)

 

Қорытынды:

- Бүгін біз сендермен не жайында әңгемелестік?

- Гүлдер жайында

- қандай гүлдермен таныстыңдар?

- Алоэ, бегония, хлорафитум

- Оларға не керек?

- Біз қандай гүлді көбейтік?

- Петунияны.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ экология негізінен"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Садовод

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 976 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.05.2016 1376
    • DOCX 157 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кенжебекова Жайран Муратбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 26291
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой