Инфоурок Другое КонспектыАшық сабақ "Экологиялық таза тағамдар ауылы"

Ашық сабақ "Экологиялық таза тағамдар ауылы"

Скачать материал

                        Аубакирова Анаргуль Омирбековна

                     тәрбиеші, «№ 114 «Бақыт» балабақшасы» КМҚК Қарағанды қаласы

 

«ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА ТАҒАМДАР АУЫЛЫ»

 

                                       Жұмыс бөлімге кірістірілген: «Оқыту + қызықтыру»

 

         Бұл жұмыста ортаңғы топ балаларын ауылдық жерде тұратын адамдардың еңбегімен және экологиялық таза өнімдердің өндірілу үрдісімен таныстыру мәселесі қарастырылған.    Материал мектепке дейінгі орта жастағы «Таным» білім беру саласында қоршаған ортамен таныстыру бойынша ұйымдастырылған оқу іс – әрекетін өткізуге арналған. 

 

Мақсаты: Балалардың қарапайым экологиялық сана сезімін қалыптастыру. Қоршаған әлеммен үйлесімді өмір сүрудің қажет екені туралы түсініктерін жетілдіру.

Міндеттері:

Білімділік: Балаларға үй жануарлары дүниесі туралы, олар қандай экологиялық табиғи тағамдар беретінін, табиғат пен адам арасында байланыс туралы түсініктерін кеңейту. Үй жануарлары (қой, ешкі, сиыр, жылқы) туралы ұғымдарын қалыптастыруды жалғастыру, олардың тіршілігіне қорек, су, жылу, шөп керектігі туралы ұғым беру.  Жануарлардың төлдерін дұрыс атап көрсете білуге үйрету. Кейбір еңбек әрекеттері туралы білімдерін қалыптастыру.

      Балаларды дәстүрлі емес тәсілдерді қолдана отырып, бейне жасауға, қиылған жіптерді дұрыс орналастырып, майлықты жырту, умаждау  әдістерін бекіту. Ұжымдық композицияны бірігіп жасай білуге, өз бетінше әңгімелеп беруге дағдыландыру. Өз қалауларымен сурет мазмұнына сәйкес әңгіме құрап айтқызу.

     Ауыл табиғатының сұлулығын көре білуге, оған қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру.

Дамытушылық: Эстетикалық талғамын, қиялын, шығармашылық қабілетерін құрастыратын, шығармашылық құзіреттілігін меңгерген бала тұлғасын дамыту.  Жапсыру кезінде бұлшық еттерін, су орамалды қолдану іскерліктерін дамыта отырып, тіл байлығын, сөздік қорларын молайту.

Тәрбиелік: Қоршаған табиғатқа қызығушылық білдіруге, ұжыммен жұмыс жасай білуге, ұй жануарларына мейірімділікпен қарауға, сақтауға тәрбиелеу.

Қостілділік компонент: Үй жануарлары-домашние животные, сиыр-корова, ешкі-козел, жылқы-лошадь, қой-овца, әже-бабушка, сүт-молоко, тағамдар-продукты, ғаламтор-интернет.

       Қолданылған құралдар: ТСО, интерактивті тақта, актив- студио, флипчарт бағдарламасы, ауыл бейнекөрінісі, аудиожазбалар (WhatsApp), слайд, ұялы телефон.

 

                                         Сабақ барысы:     (әуенмен кіреді)

 

Тәрбиеші:  Қайырлы күн, балалар!  Әдеттегідей сендермен кездесіп тұрғаныма қуаныштымын. Қарандаршы, бәрін сондай қуанышты, бір-біріне күліп қарап, жайдарлы, ақжарқын болып тұрсындар. Сендердің көздеріңнен мейірімділіктің, жақсылықтың, қамқорлықтың, сүйіспеншіліктің  белгісін көріп тұрмын. Олай болса, сабағымызды жарқын көңілмен бастайық. Күніміз сәтті болсын!

                

                     Күннің көзі ашылсын,

                     Көкке шуақ шашылсын.

                  Құтты қонақтар келіпті,

                  Төрімізге еніпті.

- Сәлеметсіздер ме, апайлар!

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілі.

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

-Үш ай бар: желтоқсан, каңтар, ақпан.

-Қыстың ерекшелігі қандай?

-Күн суытады, қар борайды, күн аяз болады, ағаштарда жапырақтар болмайды, дала ақ көрпеге оранады.

-Қардың түсі қандай?

-Аппақ.

-Ал кім қыс туралы тақпақ айтады?

-Қандай қызық қыс деген,

Бәрін шебер істеген.

Бақша бауды,тауды да,

Бояған ақ түспенен.

(осы кезде WhatsApp ысқырығы естіледі)

Әже:  Сәлеметсіндер ме балалар, менің хабарласып отырган себебім: теледидардан, көптеген бағдарламаларды көріп отырып, әсіресе қалада тұратын балалардың денсаулықтарына байланысты көптеген мәселелер туындап тұрғаны маған ой салды. Сондықтан, ауылдың таза табиғатынан қоректенген малдардың, таза экологиялық табиғи өнімдерін келіп алсандар және ауылдың көркем табиғатын тамашалап, менің қорамдағы үй жануарларымды келіп көріндер. Осы малдарымнан таза экологиялық өнімдер шығады, адам денсаулығына пайдалы көптеген дәрумендер бар.   ( WhatsAppтан шығып кетеді).

(Тәрбиешінің қолында ұялы телефон,аудиожазба жіберген сияқты ұстап тұрады).

Тәрбиеші:- Сізді естідік апа. - Барамыз ба, балалар?

Балалар: -Ия.

Тәрбиеші: -Ауылға немен баруға болады?

Балалар: -Таксимен, автобуспен.

Тәрбиеші:-Ендеше автобекетке қонырау соғайық.

(Телефон тұтқасын ұстаған кезде), автобекеттен дауыс шығады:

-Ауа-райының бұзылуына байланысты алыс жолға, ауыл-аймақтарға шығуға тыйым салынады

(Бейнетаспадан боран кезінде көліктер жолда қалып қойғаны көрсетіледі)

Тәрбиеші:  Не істесек екен, балалар? Ендеше, әжемен хабарласайық, бара алмайтынымызды айтайық.

Тәрбиеші: Әжеге қандай байланыс түрлерімен хабарласуға болады?

Балалар:- WhatsApp, ВК, mail.ru, твиттер, скайп, ғаламтормен, ұялы телефонмен.

(Осы кезде бала ұялы телефонмен әжемен сөйлеседі)

Бала: Әже,біз бара алмайтын болдық, күннің суықтығына байланысты жол жабылып қалыпты. Әже,сіз ғаламторға шығыныз, малдарынызды, ауыл тіршілігін ғаламтор арқылы көрейік. Солай емес пе, балалар? (балалар отырады)

(Осы кезде ғаламтордан ауылдың көрінісі, мал жайылымы әуенмен көрсетіледі. Әженің қолында шелек).

Әже:  Қап, балаларымның келе алмай қалғаның қарашы, ауа-райының суықтығы да кедергі жасады. Мен балаларыма ауылымның  қысқы көрінісін, таза ауасын, табиғатын, мына малдарым қалай немен қоректенетінің көрсеткім келеді. Малдарымға таза су, шөп береміз.

(Бейнетаспадан мал қораның ішкі көрінісі: қысқы мал азығы, малдар астаушадан су ішіп, жем жегені, әженің сиыр сауып жатқаны көрсетіліп ғаламторды өшіреді).

Тәрбиеші:  Көрдіндер ме, балалар әжеміздің сауған сүтінен таза экологиялық тағамдар алынады: қаймақ, май, ірімшік, құрт.

-Біздің қалада «Нәтижә», «Ренмилк»,«Фудмастер», фирмалары бар, соларда сүттерді өндіріп, дүкендерге жеткізеді,сол сүт тағамдарын біз дүкендерден сатып аламыз. Солай емес пе, балалар?

           (Интерактивті тақтадан дүкендердегі сүт өнімдері көрсетіледі)

Тәрбиеші: Ендеше, осы нағыз табиғи өнімдер қандай малдардан алынады?

Балалар:  Жылқы, сиыр, ешкі, қой.    (орыс тілінде айтқызу)

Тәрбиеші: Қай жануарға жатады? Неліктен?

Ойын: «Төлдерін тап»

(ойын интерактивті тақтада ойнатылады)

Тәрбиеші:  Сиыр мен ешкі не береді?

Балалар:   Сүт береді.

Тәрбиеші:  Осы сүттерді ауылдағы малдардан алып үлкен фабрикаға жөнелтеді. Осы сүт өнімдерінің жасалу жолдарын зертханалық бейнежарнамадан көреміз.

(Зертханалық бейнежарнаманы көрсету)

Сергіту сәті жасалады

(интерактивті тақтада көрсетіледі)

Тәрбиеші: Балалар, біз ғаламтордан әже бізге ауыл көрінісін, малдарын көрдік.

-Біз енді осы көргенімізді сурет арқылы бейнелеп көрсек қайтеді? Біз енді осы көргенімізді қол еңбегімізбен жасай отырып әжемізге сыйлық жасайық.

(Тәрбиеші балаларды үстел басына үш топқа бөліп отырғызады, алдарында   жатқан суретті дәстүрлі емес тәсілдермен толықтыруын ұсынады)

(әуен ойнап тұрады)

Балалар ұжымдық жұмыстарын жасайды.

(Жасап болған соң жұмыстарын тақтаға апарып іліп қояды)

 

Тәрбиеші: Суретте не бейнеленген?

Балалар:   Ауыл көрінісі, малдардың жайылып жүргені.

Тәрбиеші:  Суретте жылдың қай мезгілін көріп тұрсындар?

Бірінші топтың балаларына сұрақ: Суретте не бейнеледіндер?

Екінші топтың балаларына сұрақ: Өздерінің суреттерін туралы әңгімелеп беріндер.

Үшінші топтың балаларына сұрақ: Сендер нені бейнеледіндер? Олар бізге не береді?

Тәрбиеші: Енді, балалар осы ұжыммен жасаған сыйлығымызды әжемізге WhatsApp арқылы жіберсек қайтеді?

Балалар:  Жіберейік

Сабақты қорытындылау

Тәрбиеші: Балалар, сендерге бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен қандай әсер алдындар, не білдіндер?

 Бала: Экологиялық таза табиғи тағамдар қандай жолмен келетінін білдік.

Тәрбиеші: Сүттің қандай пайдасы бар?

Балалар:  Денсаулықты жақсартады, көптеген дәрумендері бар,тигізер пайдасы мол.

(осы кезде әженің дауысы естіледі, интерактивті тақтадан балалардың жасаған суреті көрініп тұрады)

Әже: Рахмет, балапандарым жасаған жұмыстарынды алдым. Ауылдың көрінісі, малдарымның жайылып жүргені, керемет шығыпты. Жарайсындар, рахмет сендерге! Менің де сендерге тосын сыйым бар. Сендер ауылға келе алмағандықтан, менің «Нәтиже» фирмасында істейтін балама қоңырау соқтым, қазір келіп қалар сендерге.

(Көліктің дауысы естіледі, интерактивті тақтадан фирма жұмыскері кіріп келе жатқаны көрсетіледі)

«Нәтиже» жұмыскері:  Сәлеметсіздер ме, балалар! Әжемнің тапсырысы бойынша ауылдың нағыз табиғи экологиялық өнімдерінен «Нәтиже» фирмасынан  «Бақыт» балабақшасына сүт, айран әкелдім.  Ал, сендерге ірімшік алып келдім. Осы әжемнің сарқытын топқа барып жейік, ал айран мен сүтті бесінгі аста ішеміз.

Балалар алғысын білдіреді

Қоштасу шеңбері:

Біз ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Бүгінгі келген қонаққа,
Сау болыныздар деп айтамыз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ "Экологиялық таза тағамдар ауылы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Администратор баз данных

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 650 497 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.01.2016 1734
    • DOCX 335.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аубакирова Анаргуль Омирбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9929
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 118 человек из 42 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 473 человека из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 319 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 151 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Wildberries: от управления заказами до продвижения товаров

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 25 регионов

Мини-курс

Культурное наследие России: язык и фольклор

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

История России: ключевые события и реформы

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 140 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 71 человек