Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Ашық сабақ "Елімізді сүйеміз"
  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Елімізді сүйеміз

Мақсаты: Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, қорғауға, сақтауға құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: туған жер , Отан туралы қанатты сөздер, еліміздің картасы, еліміздің рәміздерінің суреті, елбасының суреті. Әнұран орындалады.

Біз бұдан бұрын Отан, туған жер туралы тәрбие сағаттарын өткенбіз. Кәнt, еске түсірейікші

  • Біз қай мемлекеттің азаматымыз?

  • Ұлтымыз кім?

  • Тіліміз қандай?

  • Мемлекетіміздің рәміздері туралы не білеміз?

  • Әнұранның авторы кім?(Ш.Қалдаяқов.Ж.Нәжімеденов.Н.Ә.Назарбаев)

  • Тудың авторы кім?(Ш.Ниязбеков)

  • Елтаңбаның авторы кім?(Ж.Мәмбеков , Ш.Уалиханов)

  • Тәуелсіздігімізді нешінші жылы алдық?

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз республика деп жарияланады.

1-оқушы; Күміс күй мен әнге толып тұла бой

Қуанышқа кенеледі асыл ой.

Шаттандырған баласы мен бабасын,

Республика күні бүгін - ұлы той

2-оқушы Балдырғанмын бақытты,

Тойыңды алғаш тойлаған

Еркелеп сенің төріңде,

Асыр салып ойнаған.

3-оқушы Ыстық маған өз елім,

Құшағындай анамның,

Қымбат маған өз жерім,

Бейнесіндей бабамның

4-оқушы Барлық бала өз Отанын сүйеді,

Отан - оның қорғаeшысы, тірегі

Отан - ана , Отан - пана ,

Қазақстан туған - ел.

5-оқушы Отанды әркім анасындай

Қастерлейді қорғайды

Өйткені Отан баласындай

Бізді асырап қорғайды.

  • Еліміздің байлығы туралы не білеміз?

  • Қазақстан Республикасы жер асты байлықтарына бай мемлекет. Бізде алтын, темір, мырыш, күміс, көмір, мақта, газ, мұнай яғни, бір сөзбен айтқанда, Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 элементі Қазақстан жерінде кездеседі. Мінекей, осындай еліміз жылдан - жылға көркейе бермек.

Хор «Елім менің»

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 17.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров94
Номер материала ДВ-463264
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх