Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Ашық сабақ «Ертегі еліне саяхат»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Ашық сабақ «Ертегі еліне саяхат»

библиотека
материалов

Қостанай ауданы әкімшілігінің «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Гүлдер» балабақшасы

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны















Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті

«Ертегі еліне саяхат.»

Ортаңғы «Жұлдыз» тобы















Тәрбиеші:Досмухамбетова Күмісай

Мухамедгалейқызы


Затобол кенті 2014ж




Білім беру саласы: «Қатынас» ,«Таным»,«Шығармашылық»

Бөлімі: Көркеи әдебиет,қарапайым математикалық түсініктерін қалыптас-тыру,мүсіндеу.

Тақырыбы: «Ертегі еліне саяхат.»

Мақсаты:5-ке дейін дұрыс санау, геометриялық пішіндердің пішінін ,көле-мін,түсін дұрыс атау. Баланың сөздік қорын молайту,дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру,ойлау қабілеттерін дамыту.Қиын жағдайда бір-біріне көмек беруге тырысуға, ертегі кейіпкерлеріне деген сүйіспеншілікке ,табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілік:сандар,геометриялық пішіндер, тұзды қамыр,тақтайша,майлық, пеш, алма ағашы, алма,көпір , өзен,үлестірме материалдар,ұшақ -кілем.

Әдіс-тәсілі:көрсету,сұрақ-жауап.

-Балалар, қане шеңбер жасап тұрайық, қонақтарға қарап алайық.

Шаттық шеңбер:Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз,

Иіліп сәлем береміз.

Біз әдепті баламыз.

Тәрбиеші:-Балалар ,теледидарға қарайық.Не көріп отырсыңдар?

Балалар. Ертегі кейіпкерлерін.

Тәрбиеші:Олар қандай ертегілерден?

Балалар: «Шұбар тауық», «Қасқыр мен түлкі», «Қолғап», «Үйшік» , «Қасқыр мен жеті лақ»

Тәрбиеші:-Балалар , ертегі еліне саяхатқа барамыз ба?

Балалар:Барамыз.

Тәрбиеші:- Ертегі әлеміне немен баруға болады?

Балалар: машинамен,пойызбен,жаяу,ұшақпен.

Тәрбиеші:-Иә,әртүрлі көлікпен баруға болады екен,ал,біз сиқырлы кілем-ұшақпен ұшып барамыз.

--О-о-ой, балалар қараңдар, сиқырлы кілемді тышқан тесіп тастаған.Тез арада дұрыстап, жамап алуымыз керек.Менде мынадай геометриялық пішіндер бар, сонымен жамап алайық.

Балалар кезекпен жамауға келетін пішіндерді алып , жамап кілемді дұрыс-тайды. Енді кілем-ұшаққа мінейік.

Біздің кілем ұшып зырлайды,

Киындықтан біз қорықпаймыз.

Ертегі әлеміне тап боламыз,

Кейіпкерлерін шақырамыз.

Тәрбиеші:Міне,ұшып жеттік.Ой, бізді кім күтіп тұр.

(Аленушка шығады.)

Аленушканың жұмбағымды шешсеңдер, қандай ертегіге келгенімізді білеміз.

Аленушка апатайдың ,

Інісін құстар әкетті

Биікте ұшады

Алысты көреді.

Балалар: «Аққу-қаздар» ертегісі


Тәрбиеші: Аленушка балалармен ойнағың келеді ме?

Аленушка:Мен ойнар едім,егер менің інім Иванушканы аққу-қаздар Мыстан кемпір әкетпесе,оған баруға Мыстан кемпірдің үйіне жол таппай жүрмін.

Тәрбиеші:.Балалар Аленушкаға көмек береміз бе? Біз саған көмектесеміз

Балалар:Иә, көмектесеміз.

Тәрбиеші:Ал ,онда жолға шығайық.!(Алма ағашына келеді.)

Тәрбиеші мен балалар: Алма ағашы,алма ағашы аққу-қаздар қай жаққа ұшып кетті.(ДАУЫС ЗАПИСЬ)

Алма ағашы:Көрсетемін аққу-қаздар қай жаққа ұшып кеткенін, алдымен тапсырмамды орындаңдар.

Алдарыңда қандай сан көрсетілген, сонша алма алып, тура және кері санап беріңдер.


Тәрбиеші:Дұрыс орындадыңдар,балалар. .(ДАУЫС ЗАПИСЬ)

Алма ағашы: Алманы алыңдар,қай жаққа домалайды ,сол жаққа барыңдар.

Тәрбиеші:Алма бізді ағып жатқан өзенге әкелді, .(ДАУЫС ЗАПИСЬ)

Тәрбиеші мен балалар: Өзен,өзен аққу-қаздар қайда ұшып кетті.(ДАУЫС ЗАПИСЬ)

Өзен:Суым лайланып,айналам қоқысқа толып кетті, айналамда тазалап берсеңдер айтамын.

Балалар өзеннің айналасын қоқыстан тазалап береді.

Қолымызды топқа барғанда тазалап не істеу керек?

Тәрбиеші: Өзен жағасының ауасы керемет таза.Кане таза ауамен терең тыныс алайық. Тыныс алу жаттығуы.

Музыка судың ағысы,құстардың дауысы.

Өзен:Рахмет,балалар.Аққу-қаздар Иванушканы Мыстан кемпір үйіне әкетті.


Сергіту сәті:Тап-таза суда,

Балық жүзіп ойнайды,

Біресе керіледі,

Біресе жиырлады,біресе құмға тығылады.


Тәрбиеші:Балалар пеш көрсетер Мыстан кемпірдің үйіне әкетті: .(ДАУЫС ЗАПИСЬ)


Тәрбиеші мен балалар: Пеш,пеш мыстан кемпірдің үйіне жол көрсетші. (ДАУЫС ЗАПИСЬ)

Пеш:Мен балалар,айтамын

Жолды да көрсетемін

Бірақ сендер асықпай

Бәліш жасап беріңдер.


(Қамырмен жұмыс)

Тәрбиеші:Балалар қандай бәліш жасай аламыз,жасап ,пешке пісуге салып кетейік.Нан туралы тақпақ айтайық.

Жанарыс:Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар

Қастерлеп жинап ап,

Торғайларға тастаңдар.

Саусақ гимнастикасы.: «Бір үйде біз нешеуміз?»

Кел ,санайық екеуміз,

Бір үйде біз нешеуміз.

Папам,мамам,

Ағам,апам және мен

Бір үйде біз нешеуміз

Бір үйде біз бесеуміз!


Балалар әртүрлі бәліш жасап ,пешке пісуге салады

С.Мәди Қара орманда үйшік бар

Артымен алға тұрады

Ол үйшікте тұрады,

Мыстан деген кемпір .

Алина: Мұрны ілгек,көзі үлкен

Оттай жанып тұрады.

Ух,өте ашулы өзі

Қорықсаң шашың тік тұрады.

Музыка

Мыстан кемпір шығады:

Мыстан кемпір: Кімсіңдер?Не шулап кеттіңдер?Мен туралы айтып,ұйқы бермедіңдер?

Тәрбиеші:Иванушканы беріңіз,шуламай кетеміз.

Мыстан кемпір:Менің тапсырмамды орындаңдар,Иванушканы беремін.

тұр?

Тәрбиеші:Балалар орындап береді.Орнымызға барып,фломстермен ертегі кейіпкерлерін көлеңкесімен салыстырайық. Үлестірмелі материалмен жұмыс.

Ойын: «Сәйкестендір»-ертегі кейіпкерлерінің көленкесін тауып қосу


Мыстан кемпір:Ой, қандай ақылдысыңдар,Бәрін білесіңдер. Жарайды, Иванушканы қайтарып берейін.

Аленушкаға Иванушканы қайтарып береді.

Аленушка: Рахмет айтып кетеді.

Тәрбиеші:Балалар, Аленушкаға көмектестік біз де қайтайық Кілем-ұшаққа мінейік.Топқа оралу.

Қорыту:

-Балалар, біз қайда бардық?

-Кіммен кездестік?

-Аленушкаға қалай көментестік?

-Нелердің тапсырмасын орындадық?

Мыстан кемпір жақсы ма екен?

Ертегіге қонаққа барған сендерге ұнады ма?

Рахмет, балалар Аленушканы қиын жағдайда қалдырмай көмек бергендеріңе.

Мақтап ,мадақтау.












































Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 01.12.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров266
Номер материала ДВ-216986
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх