Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Ашық сабақ "Ертегілер елінде"

Ашық сабақ "Ертегілер елінде"


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Мектепке дейінгі тәрбиеD:\Documents and Settings\User\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\IMG_2684.jpg


«Ертегілер елінде»

Досмаханбетова Ботагөз Ақылбекқызы,

«Балдырған» балабақшасының педагог-психологі.

Меркі ауданы



Мақсаты:

Білімділік:    Ертегілер  туралы  мағлұмат  беру , ертегі ойлап табуға ынталандыру.

Дамытушылық: Балалардың логикалық ойлау қабілетін, тілін,қиялын, танымдық қызығушылығын дамыту.

 Тәрбиелік: Достық сезімін ояту. Бір-бірін сыйлауға, көмектесе білуге тәрбиелеу.

Түрі:   Ойын сабақ.

Көрнекіліктер:  үлкен ойыншық аю, ватман қағаз, түрлі-түсті қарындаштар.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру:

-сәлемдесу;

-сабаққа көңілдерін аудару.


Психолог: Балалар, біз бүгін ертегілер еліне саяхат жасаймыз.

Ертегілер еліне бару үшін тунельден өтуіміз керек.

Қорықпайсыңдар ма?

Міне, ертегілер еліне келдік.

Бәрің еркелеткенді жақсы көресіңдер ме?

Балалар: -Иә.

Психолог: Олай болса, шеңбер болып тұрып, бір-бірімізбен сәлемдесейік. Бірақ, бүгінгі сәлемдесу күндегіден өзгеше. Көршімізбен тек жәй ғана сәлемдесіп қоймай, еркелетіп атын айтайық. Мысалы: Сәлеметсің бе, Нұрайжан, Мирастай осылай жалғаса береді.

  1. Ойын: «Бұл қай ертегі?»

Психолог: Мен ертегіден үзінді айтамын, сендер қай ертегі екендігін табуларың керек.

  1. Қарға мен түлкі.

  2. Қарлығаштың құйрығы неге айыр?

  3. Ай неге жалаңаш?

  4. Алдар Көсе.

  5. Аю мен Маша.

Ең соңында аю туралы ертегі жасырылады.

Сол кезде есік тарсылдайды да аю келеді.

Аю: Сендер неге мұнда отырсыңдар?

Балалар: Біз ертегілер еліне қонаққа келдік.

Психолог: Аюмен дауыс шығармай амандасайық.

  1. Мимикалық гимнастика.

- Алыста кетіп бара жатқан досыңмен қалай амандасасыңдар? (қол көтеріп, қол бұлғап, иығымызды көтеріп, қолымызды жайып).

-Көңіл күйімізді үндемей көрсетуге болады. Сендерге қарап мимикамды өзгертемін, ал сендер соны табыңдар.

Көңіл-күйлеріңді көңіл –күй сәттері бейнеленген суреттер( смаиликтер) арқылы да анықтауға болады. Суреттер көрсетіледі , балалар анықтайды.

  1. Ойын: «Қиялшылдар»

Шеңбер бойымен тұрамыз. Көз алдымызға елестетіп жаттығу жасайық.

Мен Аружанға үлкен доп бергенімді бейнелесем, Аружан көршісіне шар бергенін бейнелейді. Ойын осылай жалғасады.Үлкен доп, мұз, шар, гүл, үлкен қарбыз, ыстық картошка, көбелекті бейнелеп көрсетеді.

Аю: Мен үйге қайтайын, үйде бір кішкентай қыз күтіп отыр.

Балалар: Ол кім?

Аю: Ол-Маша, ботқа пісіреді, үй жинайды, ертегі айтып береді.

Психолог: Біз де саған ертегі айтып берейік. Сен Машаны үйіне жібер.

Онда, сен естімеген ертегі ойлап табайық.

  1. «Менің қиялымдағы ертегі»

Ватман қағазға балалар өздеріне ұнаған суреттерін бір-бірлеп салып шығады. Осы суреттер арқылы жаңа ертегі ойлап табады.

Аю: Ертегі маған ұнады, бұл ертегіні алғаш рет естіп тұрмын. Мен уәдемде тұрып, Машаны үйіне жіберейін.

Балалар: Сау бол ,Аю.


Қорытындылау:

  1. Сабақ сендерге ұнады ма?

  2. Қай ойын ұнады?

  3. Көңіл-күйлерің көтерілді ме?

  4. Машаға қалай көмектестіңдер?

  5. Ертегі ойлап табу қиын болды ма?










57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 28.12.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров190
Номер материала ДВ-294618
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх