Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Ашық сабақ "Етістікті қайталау" 1 класс

Ашық сабақ "Етістікті қайталау" 1 класс



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Начало формы


Конец формы

Сабақтың тақырыбы: Етістікті қайталау.

Сабақтың мақсаты: 1. Етістік туралы алған білімдерін, білік дағдыларын бекіту, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге дағдыландыру. Дарындыоқушылардыанықтау.

Сабақтың түрі: қайталау сабақ

Әдісі: Диалогтік оқыту, сын тұрғысынан ойлау, деңгейлік оқыту, бағалау.

Көрнекі құралдар:  күннің суреті, интерактивті тақта.

Күтілетін нәтиже: Етістік туралы білімдері тиянақталып бекітіледі. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрену, дарынды балалар қабілеттерін анықтау.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. (3 мин.)

Психологиялық ахуал.

  • Қазір кімнің көңіл-күйі өте тамаша, қол көтерсін!

  • Кімнің досы осы сыныпта отыр, қол шапалақтасын!

  • Кім өз-өзіне сенімді, қол көтерсін!

  • Бүгін біздер сабақта не істейтінімізді білетін бала, қол шапалақтасын!

  • Қазір не істейтінімізді білмейтін бала, қол көтерсін!

Үй тапсырмасын тексеру. «Автор орындығы» (3 мин)

ІІ. Ой шақыру. (5 мин)

Стикер арқылы топқа  бөліну. Қызыл гүлдер 1-топ. Сары лимон 2-топ. Қызыл гүлдер артында (жүгірді, отырды, жазды), сары лимон артында (күлді, секірді, оқыды) сөздер жазылған. Тапсырма сол сөздерді қимылмен бір топ көрсетеді. Ал келесі топ сол сөзді тауып атайды.

  • Ал енді осы сөздерге сұрақ қоямыз?

  • Сабақтың мақсаты қандай деп ойлайсыңдар?

Мағынаны тану. (12мин)

«Етістік» деген сызба дөңгелектің артында бір сурет жасырылған. 1-слайд.

  • Ненің суреті деп ойлайсыңдар?

Оқушылар бірнеше ойларын айтады. Жасырылынған сурет күн болып шығады. Күн тапсырмасын орындау. 2 слайд.

  1. Егер сағат 10-да мен жарқырап тұрсам. 24 сағаттан кейін жарқырап тұруым мүмкін бе? (Иә, мүмкін, себебі 24 сағат бұл 1 тәулік)

  2. Бүгінгі тақырып пен күнді қалай байланыстыруға болады?

Күнге байланысты бірнеше етістіктер айтуға болады. Мысалы: жылытады, шығады, батады, күлімдейді, шашады.

  1. Шығармашылық жұмыс. Осы етістіктерді пайдаланып, «Мен күнмін» тақырыбына 1-топ өлең құрастыру.

2-топ әңгіме құрастыру.

Сергіту сәті. (2 мин)

Ойын. Мақсаты: түрлі-түсті стикерлерге жазылған әрекетті қимылмен жеткізу.

Шашыңды тара, тісіңді тазала, бетіңді сүрт, қолыңды жу, бетіңді жу, қолыңды сүрт, құлақпен естиді, ауызбен тамақтану.

Деңгейлік тапсырмалар. (10 мин) 3 слайд.

1 деңгей.  Көп нүктенің орнына етістікті қойып жаз.

Оқушылар аулаға гүл ......... . Балалар гүлге су........  . Гүл тез ........ . Гүлге көбелек ......... .

2 деңгей.

Дара етістіктіктерді  күрделі етістікке айналдырып жаз.

Көрді, келді, оқыды, салды, лақтырды.

3деңгей.

Жалғасын тап.

Өнерлі өрге  ........  .

Досы көпті жау ........  .

Сын түзелмей, мін ....................  .

4 деңгей.

Шығармашылық жұмыс.

Жаңбыр жауады қалай?

Нелер? жүребелеп.

Гүлдерге не? қонады.

Көрінбей лезде не істейді?

 

Сабақ қорыту. (3 мин)

Жылдам жауап.

1-топ. Кез келген сөз таптарына қатысты сөз айтады

2-топ. Сол айтылған сөзге жылдам сұрақ қояды.

Рефлексия. (3 мин)

  •  Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай?

Алған әсерлерін жазып, күннің шуағына жабыстыру.

  • Міне, күнімізде жарқырап шыға келді.

Бағалау. Әр топ басшысы бағалайды. (2мин)

Үйге тапсырма:  4-жаттығу. Сөйлемдерді аяқтау. Тиісті етістікті орнына қойып жазу.

Талдау : Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ берілді. Етістік тақырыбын қайталауға арналған тапсырмалар орындалды.Сабақта сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтерін пайдаландым. Барлық оқушылар қамтылды. 9 оқушы бағаланды. Сабақ мақсатына жетті.

















Елек негізгі мектебі















Ашық сабақ







Тақырыбы: Етістік

Өткізген: Каршигина Г.



















2015-2016 оқу жылы



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 01.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров57
Номер материала ДВ-497450
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх