Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Другие методич. материалы / Ашық сабақ гармония пәні бойынша "Негізгі үш үндестіктердің жалғамдары"

Ашық сабақ гармония пәні бойынша "Негізгі үш үндестіктердің жалғамдары"


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Музыка

Поделитесь материалом с коллегами:

Пән: «Гармония»


Сабақ тақырыбы: «Негізгі үш үндестіктердің жалғануы».


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Негізгі үш үндестіктердің жалғануына түсініктеме беру.

Дамутышылық: гармония музыканың табиғи және заңдылық құрылысын, әуенді идеялық, эмоциялық жақтарының теңдестігінің зерттеп дамыту.

Тәрбиелілік: оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырып, музыкаға қызығушылығын арттыру, табиғат әсемдігін сезінуге тәрбиелеу


Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсырмасымен жұмыс.

Алдынғы сабақтарда өткен үш үндестіктердің тар және кең орналасуларын ла мажор және фа минор тональдіктерінде жазбаша түрде және фортепианода құрастырып орындау


  1. Жаңа сабақты түсіндіру.


Негізгі үш үндестіктердің жалғануы.


Әр бір дауыстардың жылжуы жәй және секірмелі болады. Жәй жылжуына - прима, секунда және терция интервалдары жатады, ал секірмелі жылжуына – кварта, квинта секста, септима интервалдары жатады.


  1. АККОРДТАР АРА ҚАТЫНАСЫ. ОРТАҚ ДЫБЫС.


Аккордтардың ара қатынасы деп, аккордтың негізгі дыбысындағы интервал аралығын айтамыз. Аккордтардың ара қатынасында кварта, квинта, терция және секунда қатынастары болып келеді.


Ортақ дыбыс деп, бір аккордты келесі басқа бір аккордпен жалғағанда кейбір дыбыстары қайталанып сәйкес келуін айтамыз.


Сонымен, ортақ дыбыс кварта, квинта аралығында бір дыбыстар, терция аралығында екі дыбыстан болады, ал секунда аралығында ортақ дыбыстар болмайды.


  1. ДАУЫСТАРДАҒЫ БІРІККЕН ЖЫЛЖУЛАР


Біріккен екі дауыстағы жылжулар: тікелей, қарама-қарсы және жанама болып үшке бөлінеді.


1. Тікелей деп, дауыстардың бір бағыттағы жоғары немесе төмен жылжуын айтамыз.


hello_html_2d3532c6.png



2. Қарама-қарсы деп екі дыбыстың алшақтай жылжуын немесе бір-біріне қарама-қарсы жылжуын айтамыз.


hello_html_m3c1f96d1.png



3. Жанама деп бір дауыс бір орнында дыбысталып, келесі дауыстын жоғары немесе төмен жылжуын айтамыз.


hello_html_m3b36ffb1.png



  1. НЕГІЗГІ ҮШ ҮНДЕСТІКТЕРДІҢ ӨЗАРА ГАРМОНИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘУЕНДІ ЖАЛҒАНУ ТӘСІЛДЕРІ


Үш үндестіктер (аккордтар), бір бірімен гармониялық және әуенді болып екі түрде жалғанады.


1. Гармониялық жалғам дегеніміз, қандайда болмасын екі аккордты бір бірімен жалғағанда, ортақ дыбысының сол дауыста (бір орнында) қалғанын айтамыз.


Гармониялық жалғам, кварта, квинта ара қатынасында мынадай әдісте орындалады: а/ бас квартаға немесе квинтаға аттайды, ә/ ортақ дыбыстар орнында қалады, б/ қалған екі дыбыс, тікелей қатарласқан жылжуын жасайды.



hello_html_m3edf3443.png



2. Әуенді жалғам дегеніміз, қандайда болмасын екі аккордты бір-бірімен жалғағанда, ортақ дыбыстардың орнында қалмауын айтамыз.


Әуенді жалғамдар, кварта, квинта және секундалы жалғану ара қатынасы мынадай әдісте орындалады: а/ кварта, квинта аралық жалғамында ( T - D, D - T, T - S, S - T), бас қозғалысы квартадан артық аралыққа аттамауға тиісті; ә/ қалған үш дауыс қарама қарсы жылжиды, яғни -мысалда көрсетілгендей үш дауыс жоғары көтерілсе бас квартаға төмен түсіп, ал үш дауыс төмен жылжыса, бас квартаға жоғары көтерілуге тиісті; б/ секунда аралық жалғамында, бас қозғалысы секунда аралығына аттауға тиісті (септимаға болмайды). Жоғарғы үш дауыс бас дауысына қарсы жылжуға тиісті.


Сонымен әуенді жалғамдар, қандай аралықта болмасын (кварта, квинта, терция, секунда), барлық дауыстардың еркін жылжуын, еркін өркендеуін туғызып отырады, яғни осындай жалғамдарды жиі қолданған дұрыс.


hello_html_m5e3158c2.png


3. Сабақты бекітіп, қорытындылау:


Білім алушыларға өткен тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауап алу. Жана тақырыпқа тақтада және дәптерде есеп шығару, аспапта үш үндестіктердің жалғануын құрастыру.


4.Оқушыларды мадақтап, бағалау:


Үй тапсырмасы мен жаңа тақырып бойынша оқушыларды бағалау.

Сабақта белсенділік танытқан оқушылар бағаланды:


5.Үйге тапсырма беру:

1) F-dur, e-moll, G –dur, d-moll – тональдіктерінде гармониялық және әуенді жалғамдарын тақтада құрастыру және аспапта орындау.


2) Секвенциялар: № 1,2 бір саты төмен немесе жоғары қарай ойнау.







57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 11.02.2016
Раздел Музыка
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров89
Номер материала ДВ-441587
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх