Инфоурок Биология СтатьиАшық сабақ: Гүлдер әлемімен танысу

Ашық сабақ: Гүлдер әлемімен танысу

Скачать материал

Тақырыбы: Гүлдер әлемімен танысу

Біліктілік мақсаты: Гүлдердің адам өірінде және ауланы көгалдандыруда

алатын маңызы туралы алған білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық мақсаты: Экологиялық ой-өрістерін дамыта отырып

оқушыларды әсемділікке, ізденпаздыққа, белсенділікке

дағдыландыру.

Тәрбиелік мақсаты: Гүлге даган сүйіспеншілктерін арттыру, ландшафтық

дизайн жасай білуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Өсімдіктер мен гүлдер суреттері салынған

плакаттар, слайд, кескін суреттер, гүлдер тұқымы,

топырақ салынған ыдыстар.

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, топтық сайыс, тәжірибе жасау.

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру (Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, қайталау сабағының кезеңдерімен таныстыру)

Сабақтың өтілу кезеңдері:

І. Миға шабуыл

ІІ. Автор орындығы

ІІІ. Өз позицияңды ұстан

ІV. Ыстық орындық

V. Кім көп біледі?

VІ. Бағалау (қорытынды)


І. «Миға шабуыл» кезеңі. Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя бесігі. Адам үшін табиғат – ең қасиетті де қастерлі ұғым.

Ал табиғаттың бөлінбес бөлшегінің бірі – өсімдік. Адам баласы әдемілік пен сұлулық атаулыны әсем жаратылған өсімдікпен өлшейді. Ал, өсімдік әлеміндегі әдемілік нышаны ол – гүл. «Гүл – дүние көркі» екендігін айтып өткен соң оқушыларға сұрақтар қойып, жауаптар алмасу.

  • Өсімдік дегеніміз не?

  • Гүл дегеніміз не?

  • «Бір тал кессең, он тал ек», «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын»,

  • «Көкті – жұлма, көктей соларсың» деген даналық сөздердің мағынасын қалай түсінесіңдер?

ІІ. «Автор орындығы» кезеңі. Гүл дегеніміз - көркемділікпен қатар жоғарғы эстетикалық белгісі. Гүл беру арқылы біз біреуге ақжарқын көңіліміз бен ыстық ықыласымызды, ілтипатымыз бен сыйымызды көрсетеміз.

Гүлдердің де біз сияқты жаны бар. Олар адамға үлкен пайда келтіреді. Кейбір гүлдер қоршаған ортаға жағымды энергия бөледі. Әр адамның өзінің сүйікті гүлі болады. Сол гүлдерге арнап компазиторлар әуезді әндер шығарса, суретшілер небір сурет салады. Ал ақындар сұлу гүлдерімізге арнап тамаша өлең жолдарын дүниеге әкелген. Гүлдер түрі шексіз деугеде болады. (Гүлдер және ең, ең, қызықты мәліметтер туралы слайдтар көрсетіледі)

Слайд көрсетіліп өтілген соң оқушылардан үй тапсырмасын сұрау. Үйге гүлдерге байланысты өлеңдер шығару немесе өлең жолдарын жаттау, шағын әңгіме, шығарма жазу тапсырылған.

Мұғалім: Біздің телімдегі тәжірибелік жұмысымыздың тақырыбы: «Ауланы көгалдандыруға қажет гүлдер түрі мен оларды өсіру жолдары» болатын. Бүгінгі сабағымыз гүлдердің адам өірінде және ауланы көгалдандыруда алатын маңызы туралы алған білімімізді қайта еске түсіріп, тиянақтау болып отыр.

Сабағымызды арықарай сайыс түрінде жалғастырамыз. Ең алдымен оқушылар гүл, ара, көбелек суреттерін таңдау арқылы топқа бөлінеді. Әр топта 1-гүл, 1-ара, 1-көбелек болуы тиіс.

ІІІ. «Өз позицияңды ұстан» кезеңі. «Суретінен таны» ойыны.

Мұнда тақтаға дала, бөлме, біржылдық, көпжылдық, бақша гүлдерінің суреттері ілінеді. Сурет бойынша гүлдердің аттары, қай топқа жататыны айтылады, оқушылар «ия» немесе «жоқ» деп жауап береді. Қай топ оқушысы бірінші және дұрыс жауап берсе сол топқа ұпай саны беріледі.

Ойынды бастамас бұрын гүл күлтешелерін құрастыру арқылы гүлдер қандай топтарға бөлінетінін айтып өту.

ІV. «Ыстық орындық» кезеңі. «Менің аулам» сөзжұмбағы.

Мұнда оқушылар қойылған сұрақтарға орнында отырып, тез жауап беруі керек.

  1. Табиғаттың бір бөлшегі? (өсімдік)

  2. Көпжылдық бақша гүлі? (түймедақ)

  3. Отырғызылған біржылдық гүлдерді қай айда тамырымен жұлып тастайды? (қазан)

  4. Көктемде гүлімен, жаз бойы қызыл қоңыр жапырағымен, ал күз бен қыста моншақтай түзілген жемісімен ерекшеленетін бұтақты өсімдік?

(бөріқарақат)

  1. Ауладағы жасанды сарқырама немесе су қоймалары сәнді көріну үшін суда өсірілетін гүл? (тұңғиық)

  2. Ауланың көркі – гүлдер. Ал, гүлдермен көгалдандырушылар кімдер?

(гүлпаздар)

  1. Органикалық қалдықтардан түзілетін, өсімдіктердің өсуіне қажет зат?

(биогумус)

  1. Жеміс неден пайда болад? (гүлден)

  2. Мәңгі жасыл өсімдік? (арша)

  3. Көгалдандыруда кеңінен қолданылатын ең ұзын өсімдіктер түрі?

(шырмауықтар)


V.«Кім көп біледі?» кезеңі. (Бұл кезең 3 ойын шартынан тұрады)

1. «Топ басшылар» ойыны.

Әр топ басшылары ортаға шығып жасырын гүлер суреттерін таңдап алады. Суретте көгалдандыруға қажет бозкілем, шырайлыгүл, түбіртек, теңіз зиягүлі, иістішөп гүлдері берілген.

Мұнда да әр топ басшылары суреттегі гүлдерге мағлұматтар беру арқылы өз тобына ұпай жинайды.

2.«Кім жылдам?» ойыны.

Әр топ оқушылары кезекпен келіп гүлдер суретін таңдап алады, сурет артында мақал-мәтелдер мен сұрақтар жасырылған. Оқушылар соларға дұрыс жауап беру арқылы ландшафтық дизайн суретін құрастырады.

1. Әр атаның өз ұлы бар,
Әр бұтаның ........... (өз гүлі бар)
2. Әр гүлдің исі басқа,
Әр жердің .......... (тынысы басқа)
3. Бір гүл толып ашылады,
Бір гү.............. ( солып ашылады)
4. Гүл ашылмай ......... сайрамас. (бұлбұл)
5. Гүлді гүл деме ......... болмаса. (егер сабағы)

6. Өсімдік жақсы өсу үшін оған не қажет? (жарық, жылу, ылғал, қорек)

7. Өсімдік топыраққа қалай бекиді? (тамыры арқылы)

8. Жапырақтың атқаратын қызметі? (қорек жинайды, суды буландырады)

9. Гүл өссе жердің көркі,
.................................... (Қыз өссе елдің көркі)

10. Үкісіз ........ болмас,  (қыз)
Тікенсіз ...... болмас (гүл)

11. Дала көркі — ........ ( гүл)
Ана көркі — ........ (ұл)

12. Ауланы көгалдандыруға қандай гүлдерді қолданған дұрыс?

13. Көп жылдық гүлдерді атаңыз.

14. Біржылдық гүлдерді атаңыз.

15. Көбелек ........ сағынар (гүлді)

16. Көктемнің алғашқы гүлі (бәйшешек)

17. Қызғалдақтың отаны (Қазақстан)

18. Роза гүлінің қазақша атауы (раушан)

19. Гүл туралы бір шумақ өлең

20. Медицинада микропты өлтіретін дәрі ретінде

қолданатын көпжылдық гүл (түймедақ)

21. Раушан гүлін пиязшық арқылы көбейтуге бола ма?

22. Бақытгүл, нарғызгүлдің гүлдері үлкен болу үшін не істеу керек?

23. Арша қандай ауруға қарыс тұра алады?

24. Агава гүлін көгалдандыруда қолдана ма?

25. Кірпігүлді бақта өсіруге бола ма?

26. Дәрілік қасиеті бар бақша гүлдерін атаңыз. (сәлбен, лавандулла, түймедақ т.б.)

27. Көпжылдық гүлдерді көбейтудің ең оңай жолы?

28. Бақытты сәт!


3.«Гүлдер саябағы» ойыны.

Тордың ішінде бірнеше гүлдердің аттары бар. Осы «Гүлдер» саябағында қанша гүл өсіп тұр екен, қане санап көрейік.


Н

Ғ

Ы

Ү

Л

Ү

Л

Р

М

А

Р

З

Г

Н

Г

Қ

Д

А

У

А

Қ

Р

Б

А

Ы

Е

Қ

Ш

Д

А

Ы

Қ

Л

З

М

Г

А

Е

Л

П

Л

А

Ғ

Й

Ү

Н

Б

А

М

Д

Л

А

Ү

Л

Г

Т

Ш

І

А

С

С

Т

Ж

Ү

Л

П

М

Қ

Н

Т

Р

А


VІ. Бағалау (қорытынды): Балалар, біз осындай әдемі де көркем гүлдерден ландшафтық дизайн жасай білу үшін еңбірінші нені білуіміз керек? (гүлдерді өсіру жолдарын)

Дұрыс айтасыңдар, олай болса біз шырайлыгүл мен бозкілем гүлдерінің өсіру жолдарын тәжірибе жасау арқылы үйренеміз.

Оқушыларғы топырақ гүл тұқымдары таратылып, егу жолдары көрсетіліп, тәжірибелік жұмыс жасалып өтілген соң, оқушылар өз білгендерін, нені үйренгендерін айтып, әр топ бірін-бірі бағалайды.

Әр топтың жинаған ұпай санын есептеп, жеңімпаз топты анықтап, мадақтау.






Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ: Гүлдер әлемімен танысу"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Страховой брокер

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 653 633 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.03.2016 3035
    • DOCX 56.6 кбайт
    • 14 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бегимбетов Айян Тунгишбаевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бегимбетов Айян Тунгишбаевич
    Бегимбетов Айян Тунгишбаевич
    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 119941
    • Всего материалов: 55

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Биология")

Учитель биологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Биология» в условиях реализации ФГОС СОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 157 человек

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии обучения биологии как основа реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 513 человек

Мини-курс

Уникальный образ как педагога: основные принципы позиционирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Реклама для роста бизнеса: эффективные стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 20 регионов

Мини-курс

Прощение и трансформация: освобождение от родовых программ и травм

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 173 человека из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 31 человек