Инфоурок Другое Другие методич. материалыАшық сабақ "Ыбырай - шағын әңгіме шебері" (10 - сынып)

Ашық сабақ "Ыбырай - шағын әңгіме шебері" (10 - сынып)

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Оқыту бағдаршамы.doc

Оқыту бағдаршамы

 

Негізгі мәселелері, талдау сұрақтары

Құзыреттілікті қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар.Әдістемесі, технологиясы.

1. Ыбырай Алтынсарин – оқулық авторы.

Ыбырай өлеңдерінің тақырыбы, көркемдік әлемі

 

2. Ыбырай – шағын әңгіме шебері.

3. Ыбырай – қазақ балалар әдебиетінің атасы.

 

 

 

 

 

 

 

4. «Ыбырай – көрнекті прозашы» деген пікірмен келісесің бе?

5. Қалай ойлайсыңдар, Ыбырай әңгімелерінің бүгінгі күн өміршеңдігі бар ма?

 

 

 

6. Топтастыру стратегиясы

 

 

7. «Мен үшін...» өз ой – пікіріңді білдір.

 

 

 

 

8. Үйге:

1.            «Қазақ хрестоматиясына» енген шығармаларын топтастырып, тәрбиелік мәнін дәлелдеңдер.

2.            Ыбырай өлеңдерінің тақырыбын, көркемдік әлемін ашып, дәлелдеңдер. Кесте түрінде топтастырыңдар, бір арнаға жинақтаңдар, қорғаңдар.

 

1.            Модель құрастырыңдар:

Тақырыптары, көтерген мәселелері, философиялық түйіндер, даналық, нақыл сөздері.

2.            Модель құрастырыңдар:

Атасы Балғожа бидің ықпалы, мақсатын айқындау, ағартушылық – демократтық көзқарасы.

Шарттары: тәрбие мәселесіне және еңбек тақырыбына арналған шағын әңгімелерін талдау, саралау;

Өздерің таңдап алған әңгімелерден даналық, нақыл сөздерді теріп алыңдар немесе қорытынды шығарып, ой түйінін келтіріңдер.

 

1.            бір – біріңнен ( қарсылас топтан) интервью алып, оны ортаға салуға сұрақтар әзірлеңдер. Пікірлеріңді білдіріңдер.

2.            Ақын әңгімелерінде атап көрсетілген адамдық қасиеттердің болашақтағы өміріңе қажеті бар ма? Осы мәселе айналасында ой толғаңдар. Пікірлеріңді жинақтап, сыныптағы білім қоржынына салыңдар.

 

 

1.            Ыбырай әңгімелеріндегі адамгершілік қасиеттерді топтастыру.

2.            Ыбырай әңгімелері арқылы неге үйрендім? Топтастыру.

 

1.            Мен үшін Ыбырай атаның әңгімелерінің тәрбиелік мәні зор...

2.             Ыбырай атаның арманына біздер жетіп отырмыз...

3.            «Ғылым – жанып тұрған шырақ», - дегендей... ойды жалғастыр.

 

1.          «Қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер» тақырыбына эссе жазу.

2.          «Ыбырай және болашақтағы қазақ мектебі» тақырыбына пікір таласын жүргізуге сұрақтар әзірлеп келіңдер.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ "Ыбырай - шағын әңгіме шебері" (10 - сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по работе с молодежью

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ Ыбырай - шағын әңгіме шебері.10-сынып.doc

Мекеме атауы: Павлодар облысының«Ақтоғай ауданы, жалпы білім беретін Мүткенов атындағы орта мектебі» коммуналдық мекемесі

Аты – жөні: Жүсіпбекова Қарлығаш Әділбекқызы

Лауазымы: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Жұмыс өтілі: 12 жыл

Санаты: ІІ

Пәні: қазақ тілі мен әдебиеті

Тақырыбы: Ыбырай – шағын әңгіме шебері

Сынып: 10 – сынып

 

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай – шағын әңгіме шебері.

Сабақтың мақсаты:

1.     Ыбырай Алтынсариннің «Шағын әңгіме шебері» екенін өз шығармалары арқылы дәлелдеп, соған оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы көз жеткізу.

2.     Оқушылардың тақырып бойынша ой тұжырымдарын, өздігінен ізденту, шығармашылық қабілеттерін, ой - өрісін дамыту.

3.     Жас ұрпақты ақын әңгімелері арқылы еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, тазалыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Білім, білік, дағдыларын жетілдіру сабағы.

Сабақтың түрі: Іздендіру сабағы.

Сабақтың әдісі: логикалық әдіс, топтастыру, талдау, ой толғау, пікір алмасу, ізденіс.

Көрнекілігі: Ыбырай әңгімелері, итербелсенді тақта, қосымша дидактикалық материалдар.

Ұйымдастыру формасы: жаппай, топпен, жеке – дара.

Пәнаралық байланыс: тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: а) Амандасу

     Қадірменді ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Ыбырай – шағын әңгіме шебері» атты ашық сабағымызға қош келдіңіздер!

  Маған бақыт  сабақ беру сіздерге,

                                          Көріп тұрмын, қуаныш бар жүздерде!

Мол білімнің тереңіне бет бұрып,

                                         Бәрімізге болсын серік – сәттілік!- дегендей, шағын әңгіме шебері -  Ыбырайға арналған сабағымызды бастайық (1 слайд).

б) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Топқа бөлу. Топ басшысын сайлау. Әр топқа бағалау парағын тарату.

Сабақтың мақсатымен таныстыру (2 мин.)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (10 мин.) (2 слайд)

І. Ой қозғау.

«Оқығанның көңілі тетік, сөзі майда»

 

     Мұғалім: Балалар,  өткен сабақта сіздер «Ыбырайдың өмірі мен шығармашылығы» жайлы танысқан болатынсыздар. Бәріміз тақтаға назар аударайық.Осы тақырыптар аясында өз ойымызды ортаға салсақ.

1.     І топ: Ыбырай Алтынсарин – оқулық авторы.

    2.  ІІ топ: Ыбырай өлеңдерінің тақырыбы, көркемдік әлемі.

І. Проблемаларды шешу құзыреттілігі.

 Тапсырмалар:

Жұмыстың түрі: графикалық талдау, топтастыру.

Шарттары:

1.     “Қазақ хрестоматиясына” енген шығармаларын топтастырып,

тәрбиелік мәнін дәлелдеу.

   2.   Ыбырай өлеңдерінің тақырыбын, көркемдік әлемін ашып, дәлелдеу.

а)өз беттерімен іздену, топтастыру, жинақтау.

 

Мақсатқа жету технологиясы: топтық жұмыстар арқылы

проблеманы шешу, өзіндік ізденісті ұйымдастыру

ІІІ. Жаңа сабақ (20 мин.)

Ұлы ағартушының көрнекті прозашы ретінде әдебиетіміздің тарихынан ерекше орын алатынын таныту мақсатында жаңа тақырыпты Ыбырайдың әңгімелеріне арнаймыз. Бәріміз тақтаға назар аударайық.

 

ІІ. «Ынта болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда»

 

ІІ. Ақпараттық құзыреттілік.

Тапсырмалар:

І топ:   “Ыбырай – шағын әңгіме шебері”  моделін құрастырыңдар.

ІІ топ:  “Ыбырай  - қазақ балалар әдебиетінің атасы” моделін құрастырыңдар.

Шарттары:

Тәрбие мәселесіне және еңбек тақырыбына арналған  әңгімелерін

талдау, саралау.

а) Өздерің таңдап алған әңгімелерден даналық, нақыл сөздерді теріп ал.

Өзіңе қайсысы ерекше ұнады, соны саралау.

 Мақсатқа жету технологиясы: саралау, бөліп алу, анализ,

синтез жасау, жүйелеу, өзіндік баға беру.

 

Әңгімелері

Даналық, нақыл сөздер 

Өз бағасы, пікірі

 

 

 

 

ІІІ. «Зерделі сұрақ, ұтымды жауап»

 

ІІІ. Коммуникативтік құзыреттілік.

Тапсырмалар:

І топ: . «Ыбырай – көрнекті прозашы» деген пікірмен келісесің бе?

ІІ топ:  Қалай ойлайсыңдар, Ыбырай әңгімелерінің бүгінгі күн өміршеңдігі бар ма?

Шарттары:

Бір – біріңнен интервью алып, оны ортаға салуға әзірленіңдер. Ақын әңгімелерінде атап көрсетілген адамдық қасиеттердің болашақтағы өміріңе қажеті бар ма? Осы мәселе айналасында ой толғаңдар.Пікірлеріңді жинақтап, сыныптағы білім қоржынына салыңдар.

Мақсатқа жету технологиясы: сұхбат – интервью, ой толғау.

 

 

 

ІV. «Іздеген жетер мұратқа...»

 

Сабақты пысықтау. Топтастыру стратегиясы

 

1. «Ыбырай Алтынсарин –қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол өзінің қараңғы, көшпелі халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты»

                                                                                    «Оренбурский листок»  газетінен

 

І топ:  жоғарыдағы пікірді басшылыққа алып, Ыбырайдың әңгімелеріндегі адамгершілік қасиеттерді топтастыру.

 

Солнце: Ыбырай
әңгімелеріндегі
адамгершілік
қасиеттер
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


ІІ топ: Ыбырай әңгімелері арқылы нені үйрендім?   

 

Солнце: Ыбырай
әңгімелері
арқылы неге
үйрендім?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


ІV. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.»

 

Сабақты бекіту:

   “Мен үшін...” әр жеке тұлғаның бүгінгі сабақ бойынша

өз ой – пікірлерін тыңдау.

 

1.  Мен үшін Ыбырай атаның әңгімелерінің тәрбиелік мәні зор…

2.  Қазағымның тұңғыш кемеңгер- ұстазы ,ойшылы - Ыбырай атаның арманына біздер жетіп отырмыз…

3. «Ғылым- жанып тұрған шырақ»,-дегендей…

 

Бағалау: Бағалау парақшасы бойынша бағалау.

Үйге тапсырма:

1.     “Қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер” тақырыбына эссе жазу.

2.     “Ыбырай және болашақтағы қазақ мектебі” тақырыбына пікір таласын жүргізуге сұрақтар әзірлеу.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ "Ыбырай - шағын әңгіме шебері" (10 - сынып)"

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ Ыбырай 10 -сынып.ppt

Скачать материал "Ашық сабақ "Ыбырай - шағын әңгіме шебері" (10 - сынып)"

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Сабақтың тақырыбы:

“Ыбырай – шағын әңгіме шебері”

(Қ.Бітібаеваның технологи...

    1 слайд

    Сабақтың тақырыбы:

    “Ыбырай – шағын әңгіме шебері”

    (Қ.Бітібаеваның технологиясы негізінде)

  • «Басқа халықтан кем болмас үшін 
 біз бай, күшті, білімді болуымыз керек....

    2 слайд


    «Басқа халықтан кем болмас үшін 
    біз бай, күшті, білімді болуымыз керек.
    Бай болу үшін кәсіп керек, күшті болу үшін
    бірлік керек, білімді болу үшін оқу керек, осы керектердің жолында жұмыс істеу керек»

    А.Байтұрсынов


    Сабақтың ұраны:

  • І. Проблемаларды шешу құзыреттілігіІ топ:    Ыбырай Алтынсарин – оқулық автор...

    3 слайд

    І. Проблемаларды шешу құзыреттілігі
    І топ: Ыбырай Алтынсарин – оқулық авторы.

    ІІ топ: Ыбырай өлеңдерінің тақырыбы, көркемдік әлемі.


    Тапсырмалар:
    Жұмыстың түрі: графикалық талдау, топтастыру.
    Шарттары:
    “Қазақ хрестоматиясына” енген шығармаларын топтастырып,
    тәрбиелік мәнін дәлелдеу.
    2. Ыбырай өлеңдерінің тақырыбын, көркемдік әлемін ашып, дәлелдеу.
    а)өз беттерімен іздену, топтастыру, жинақтау.
    Мақсатқа жету технологиясы: топтық жұмыстар арқылы
    проблеманы шешу, өзіндік ізденісті ұйымдастыру
    "Оқығанның көңілі тетік, сөзі майда"

  • “ Ынта болса адамда, Қиын іс жоқ ғаламда”ІІ. Ақпараттық құзыреттілікТапсырмал...

    4 слайд

    “ Ынта болса адамда, Қиын іс жоқ ғаламда”
    ІІ. Ақпараттық құзыреттілік
    Тапсырмалар:

    І топ: “Ыбырай – шағын әңгіме шебері” моделін құрастырыңдар.
    ІІ топ: “Ыбырай - қазақ балалар әдебиетінің атасы”моделін
    құрастырыңдар.

    Шарттары:
    Тәрбие мәселесіне және еңбек тақырыбына арналған әңгімелерін
    талдау, саралау.
    а) Өздерің таңдап алған әңгімелерден даналық, нақыл сөздерді теріп ал.
    Өзіңе қайсысы ерекше ұнады, соны саралау.
    Мақсатқа жету технологиясы: саралау, бөліп алу, анализ,
    синтез жасау, жүйелеу, өзіндік баға беру.

  • “Зерделі сұрақ, ұтымды жауап”Тапсырмалар:
І топ: . «Ыбырай – көрнекті прозашы...

    5 слайд

    “Зерделі сұрақ, ұтымды жауап”
    Тапсырмалар:
    І топ: . «Ыбырай – көрнекті прозашы» деген пікірмен келісесің бе?
    ІІ топ: Қалай ойлайсыңдар, Ыбырай әңгімелерінің бүгінгі күн өміршеңдігі бар ма?
    Шарттары:
    Бір – біріңнен интервью алып, оны ортаға салуға әзірленіңдер. Ақын әңгімелерінде атап көрсетілген адамдық қасиеттердің болашақтағы өміріңе қажеті бар ма? Осы мәселе айналасында ой толғаңдар.Пікірлеріңді жинақтап, сыныптағы білім қоржынына салыңдар.
    Мақсатқа жету технологиясы:
    сұхбат – интервью, ой толғау.
    ІІІ. Коммуникативтік құзыреттілік.

  • Сабақты пысықтау. Топтастыру стратегиясы

1. «Ыбырай Алтынсарин –қазақ арасын...

    6 слайд

    Сабақты пысықтау. Топтастыру стратегиясы

    1. «Ыбырай Алтынсарин –қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол өзінің қараңғы, көшпелі халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты»
    «Оренбурский листок» газетінен
    “Іздеген жетер мұратқа...”
    І топ: жоғарыдағы пікірді басшылыққа алып, Ыбырайдың
    әңгімелеріндегі адамгершілік қасиеттерді топтастыру.
    ІІ топ: Ыбырай әңгімелері арқылы нені үйрендім?

  • Ыбырай
әңгімелеріндегі
адамгершілік
қасиеттер

    7 слайд

    Ыбырай
    әңгімелеріндегі
    адамгершілік
    қасиеттер

  • Ыбырай
әңгімелері
арқылы нені
үйрендім?

    8 слайд

    Ыбырай
    әңгімелері
    арқылы нені
    үйрендім?

  • "Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні"Сабақты бекіту: 
   “Мен үшін...” әр жеке...

    9 слайд

    "Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні"
    Сабақты бекіту:
    “Мен үшін...” әр жеке тұлғаның бүгінгі сабақ бойынша
    өз ой – пікірлерін тыңдау.
    1. Мен үшін Ыбырай атаның әңгімелерінің тәрбиелік мәні зор…
    2. Қазағымның тұңғыш кемеңгер- ұстазы ,ойшылы - Ыбырай атаның арманына біздер жетіп отырмыз…
    3. «Ғылым- жанып тұрған шырақ»,-дегендей…

  • Бағалау:
Бағалау парақшасы бойынша бағалау.

Үйге тапсырма: 

“Қазақ арасынан...

    10 слайд

    Бағалау:
    Бағалау парақшасы бойынша бағалау.

    Үйге тапсырма:

    “Қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер”
    тақырыбына эссе жазу.

    2. “Ыбырай және болашақтағы қазақ мектебі”
    тақырыбына пікір таласын жүргізуге сұрақтар әзірлеу.

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ Ыбырай әңгімелері.doc

Бақша ағаштары.

 

        Жаздың бір әдемі күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екуі де егілген ағаштар мен жеміс, гүл жапырақтарын көріп жүрді.

-         Мына ағаш неліктен тіп – тік, ана біреу неге қисық біткен? – деп сұрады 

баласы.

-         Оның себебі, балам, анау ағашты бағу – қағумен өсірген, қисық

бұтақтары болса кесіп.Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалпыменен өскен, - деді атасы.

-         Олай болса, бағу – қағуда көп мағына бар екен ғой! – деді баласы.

-         Бағу – қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым. Мұнан сен өзің

ғибрат алсаң болады. Сен жас ағашсың, саған да күтім керек, мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, жақсы түзік кісі болып өсерсің. Бағусыз бетіңмен кетсең, сен мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің, - деді. 

 

 

 

 

Талаптың пайдасы.

 

       Орыстың патшасы Ұлы Петр деген кісінің бір күні шіркеуде тұрғанда, көп адамның артқы жағында үңіліп патшаға қарап, бөркімен қалқалап қана бір нәрсені сызып тұрған балаға көзі түседі. Мұнымен бөтен кісінің ісі жоқ, жалғыз – ақ ақылы кемел патша сол бала екеш балаға да көзін салып тұрған екен.Шіркеуден шығарда, жұрт екі жарылып, Петрге жол беріпті, сонда Петр тұп – тура манағы балаға барды. Бала қолындағы сызумен алданып тұрып, тіпті Петрдің келгенін байқамай да қалыпты. Сонда жұмсақ шыраймен Петр сұрады:

-         Не қылып тұрсың?

-         Сіздің суретіңізді салып алайын деп едім.

-         Оны не қыласың?

-         Даңқтысыз, дабылыңыз жер жүзіне жайылған кісісіз, суретіңізді

сызып алмақшы едім.

-         Кәне, көрсетші сызғаныңды?

    Сол уақытқа дейін қорықпай жауап беріп тұрған бала сызғаныңды көрсет дегенде қысылайын депті. Сүйтсе де, сызған қағазын әдеппен Петрдің қолына беріпті.

     Қараса, сурет реуішті де емес, әйтеуір өз білімінше сызған сызық, бала ол күнде сурет салуды қайдан білсін.

     Солай да болса, Ұлы Петр баланың талапты, зерек екенін аңғарып, оқуға бергізіп, ақырында, сол бала бүкіл орыс жұртына даңқы шыққан... суретші болған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мейірімді бала.

 

     Қытай жұртының ескі заңы бойынша біреуді алдағандығы мойнына түскен кісінің қолын кеседі екен. Бір төре осындай іспен кінәлі болып, әлгі айтылған жазаны өтеуге тұрғанда, кінәлі төренің жас қыз баласы:

-   Әкем үшін жауап беремін, - деп ханға мәлім қылыпты. Қызды патшаға

алып келеді.

-   Тақсыр, - деді қыз, - менің әкем жазаға лайық екені рас, соның үшін

қолынан айрылу керек болды. Мінекей, тақсыр әкемнің қолы деп, өзінің қолын көтерді. Менің бұл қолымда жазық жоқ, жазықты болған атамның қолы, бірақ менімен салыстырғанда ол бала – шағаларын асырау керек. Бұйырыңыз, тақсыр, ол қолын кестіріп, жұмыссыз қарап отырса, бала – шағаларын кім асырайды. Сондықтан бала – шағаларын асырайтын қолын қалдырыңыз.

     Патша баланың атасына, жас туғандарына мейірімділігінің мұнша күштілігіне рақымы түсіп, төренің күнәсын кешіріпті.

 

 

 

 

 

Әдептілік.

 

   Бір жұрттың үлкен бір оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы кісі өтіп бара жатып, оқымыстыға иіліп сәлем береді. Оған қарсы әлгі оқымысты да онан да төменірек басын иіп, қайтара сәлем береді. Сонда қасындағы бай тұрып:

-          Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз, сүйте тұра осындай бір бейшараға соншама бас иіп, неге сәлем бердіңіз? – деп сұрапты. Сонда ғалым кісі тұрып:

-                      Ешбір ғылым – білім үйренбеген кісі сонша иіліп, әдептілігін көрсеткенде, менің оған әдепсіз болып көрінгенім лайықсыз болған болар еді, - депті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ "Ыбырай - шағын әңгіме шебері" (10 - сынып)"

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бұл ашық сабағым аудандық "Ең таңдаулы қазақ тілі мұғалімі" сайысына арнап дайындалған. Архивте сабақтың презентациясы, ашық сабақтың конспектісі, сабақта пайдаланылған Ыбырай әңгімелері және оқыту бағдаршамы бар. Сабағымда Қ.Бітібаеваның технологиясын пайдаландым. Құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар, әдістемесі берілген.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 453 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.05.2015 5387
    • RAR 164.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жусупбекова Карлыгаш Адильбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 41563
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 458 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 19 регионов

Мини-курс

Управление стрессом и психологическими состояниями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 25 регионов

Мини-курс

Социальные и правовые аспекты эпохи Просвещения: влияние на образование сегодня

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

ЕГЭ по биологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе