Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Ашық сабақ "Ғимараттардың іргетастарына арналған бұйымдар"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Ашық сабақ "Ғимараттардың іргетастарына арналған бұйымдар"

библиотека
материалов



Қызылорда облысының білім басқармасы

«Жас өркен» колледжі









«Келісілді» «Бекітемін»

Әдіскер_Жалғасова О Директордың оқу ісі жөніндегі

Орынбасары _______

Сейдахметова Г











Ашық сабақ



Пән аты Құрылыс бұйымдары мен құрылымдары өндірісінің технологиясы



Сабақ тақырыбы Ғимараттардың іргетастарына арналған бұйымдар



Оқу тобы Қ149



Өткізілген күні 1..2016



«Техникалық» пәндер бірлестігінің оқытушысы Оңайбеков Б.Қ.







«Техникалық» пәндер

бірлестігінде Қаралды

Хаттама №_____

«_____» ______ 201 ж.

Бірлестік жетекшісі

__________Шалқарбаев А.





















Қызылорда 201ж

Құрылыс бұйымдары мен құрылымдары өндірісінің технологиясы пәні бойынша ашық сабақ жоспары



Сабақтың өткізілетін күні1..2016

Оқу тобы Қ149

Сабақтың тақырыбы Ғимараттардың іргетастарына арналған бұйымдар

Сабақтың типі аралас сабақ

Сабақтың мақсаттары

а білімділік Жасанды битумдардан жасалған бұйымдар туралы материалдарды қайталап, еске түсіріп, болашақ маман ретінде өз ойын айта алуға қалыптастыру.

әтәрбиелік Оқушыларды өз бетімен ізденуге,теория мен тәжірибені байланыстыра отырып, жауапкершілігін, адамгершілігін арттыруға тәрбиелеу.

б дамытушылық Салыстыра білу қабілеттерін, танымдық қызығушылықты дамыту, жаңашылдық, жүйелі ойлауға дамыту.

Сабақтың көрнекілігі бейне материалдар, слайдтар, оқулықтар, үлестірмелі материалдар.

Сабақтың әдісі баяндау, түсіндіру, сұрақжауап, ұжымдық жұмыс.

Пәнаралық байланыс«Құрылыс материалдары мен бұйымдары», «Құрылыс өндірісінің негіздері», «Құрылыс жинақтау жұмыстарының ұйымдастырылуы мен технологиясы».

Сабақтың құрылымы

1 Ұйымдастыру кезеңі оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, олардың дайындығына назар аудару 23мин

2 Бұрынғы білімін жетілдіру, тексеру, бекіту 3035мин

3 Жаңа білімді хабарлау және оқушылардың іздену әрекетін ұйымдастыру, пәннің басқа пәндермен байланысын көрсету 1520мин

4 Оқушылардың алған білімін бағалап, жаңа тақырыпты бекіту 2025мин

5 Үй тапсырмасы 35мин.

























































Сабақтың өткізілу барысы

. Ұйымдастыру кезеңі

Сабақ басталмай тұрып алдымен дәрісхананың тазалығына және дайындығына назар аударамыз. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру кезіндегі кезекші арқылы кімнің жоқ екенін белгілейміз.

.Өткен білімін тексеру кезеңі



Оқушылардың пән бойынша білім деңгейін тексеру жүргізіледі. Алдын ала дайындалған карточкалар мен тест сұрақтары таратылады. Дайындалуға үш төрт минут уақыт беріледі. Уақыт өткен соң оқушылар кезегімен тұрып жауап береді.

Оқушыларға карточка және тест сұрақтарын , пайдалану арқылы оқушының өткен сабақты күнделікті қайталап тұруға, сонымен қатар жақсы сақтауға тигізетін пайдасы мол.

Үй жұмысын ауызша сұрауда оқушылармен пікірлесе отырып, олардың ойлау қабілеті және сөз қорын дамытуға бірінің білмегенін екіншісі толықтыру арқылы бір бірімен жақсы қарым қатынаста болуға тигізетін әсері мол.

1 Тақтада слайд түрінде жасырын сұрақтарға жауап беру 

2  Анықтау тестіекі бағаннан тұрады, бірінші бағанда берілген тапсырма, екінші бағанда жауабы жазылады





3 Сәйкестендіру тесті берілген бірінші бағанадағы тапсырмаға екінші бағаннан тиісті немесе дұрыс жауабын тауып белгілеу керек

Жауаптары 1в, 2г, 3б, 4а

4 Тест және бақылау сұрақтары

1 Битум сақтайтын қоймалардың сыйымдылығы қандай

А және аса

В

С

Д немесе кем

2 Рубероид орамының ұзындығы нешеден кем болмауы тиіс

А 1

В 2

С 3

Д 4

3 Рубероид немесе толь оралған күйінде жабысып қалмауы үшін қалай сақтайды

А тігінен

В жатқызып

С көлбеу

Д штабельге

 Рубероид немесе толь оралған күйінде жабысып қалмауы үшін қандай шара қолданылады

А желім жағылады

В  эмульсия жағылады

С ірі немесе майда түйірлі материал себіледі

Д су себіледі

 Судан оқшаулау және шатырлық материалдар өндірісінде таскөмір қарамайы материалы қалай қолданылады

А битум өндірісінде

В полимерлер өндірісінде

С болашағы жоқ

Д аз көлемдерде

 Судан оқшаулау және шатырлық материалдар өндірісінде болашағы зор материал қандай

А полимерлер

В тау жыныстары

С ағаш материалдары

Дметелл материалдар

 Рубероид өндірісіндегі қандай құрылғының маңызы зор

А конвертер

В фрезер білдегі

С бумен жылыту аспабы

Д жанарғы.

Оқушылардың білімін тексеріп болған соң, мұғалім сөз алады. Оқытушы жаңа сабақты жариялайды, тақырып бойынша қаралатын сқрақтарды атап өтеді.

. Жаңа сабақты түсіндіру. Ғимараттардың іргетастарына арналған бұйымдар.

Ғимараттардың іргетастарына арналған бұйымдарды жасап шығарудың қазіргі уақытта өндірудің келесідей технологиялық схемалары қолданыладытақталық, тасқынды  агрегаттық, конвейерлік. Тақталық технологиялық схеманың айрықша ерекшелігі салыстырмалы үлкен емес қаржы шығындары және іргетас бұйымдарын өндіруді тез ұйымдастыра алуы. Кемшіліктері үлкен өндірістік аудандар мен еңбек шығындары. Тек қана пішіні күрделі, ірі сұлбалы бұйымдарды жасау үшін қолданылады. Тасқынды  агрегаттық схемасы технологиялық операцияларды бірнеше жұмыс орындарында жасауды қарастырады, бұйымдардың қатуы шұңқыр немесе тоннель типіндегі камераларда жүргізіледі. Әрбір орында бір немесе бірнеше технологиялық операциялар орындалады, одан кейін бұйым бетондалып жатқан қалып келесі жұмыс орнына ауыстырылады. Тәсілдің ерекшелігі мәжбүрлеусіз ырғақтағы тасқындылық екендігі.Қату мен бетон бұйымдарын тығыздаудың ырғағы конвейерлік схемадағыдай темірбетондық бұйымдардың жылуылғалдық өңдеу ырғағымен байланысты емес.Мұндай зауыттардың негізгі артықшылықтарының бірі күрделі қаржы салымдары аз болған кезде оларды тез тұрғыза алу мүмкіндігі.Одан басқа өндірістің бұл тәсілі тым бейім яғни технологиямен бұйымдардың бір түрінен екінші түріне қайта ауыстыруға мүмкіндік береді және онымен шығарылатын бұйымдардың номенклатурасын ұлғайтуға жағдай жасайды.

Өндірістің конвейерлік әдісі өндірістік-үдерісті конвейер бойында тізбектеп орналастырылған,әрбір жұмыс орнынан келесісіне мәжбүрлеп жылжытылатын бөлек технологиялық операцияларға бөлумен сипатталады.

Осындай түрде жасалып шығарылатын бұйымдар берілген ырғақта конвейердің әрбір жұмыс орнынан келесісіне жылжиды, ал өңдеуші машиналар өздерінің орнында қалады.

Бетонды гидротермальді өңдеу үзіліссіз әрекеттегі тоннельдік қамераларда іске асырылады.Конвейердің жұмыс ырғағы жылу ылғалдық өндеу уақытымен қатаң байланысты.

Тасқынды агрегаттықпен салыстырғанда өндірістің конвейерлік әдісі барлық технологиялық үдерістердің механизациялануы мен автоматтандырылуының жоғары дәрежесінің арқасында еңбекшығындары шамасы бойынша үнемді болып табылады.

Өндірістің конвейерлік схемасы бойынша зауыттарды салу үлкен күрделі қарсы салымдарын талап етеді және де өндірістің тасқынды-агрегаттық схемасындағы зауыттарды тұрғызу кезіндегіге қарағанда құрылыстың өте ұзақ мерзімдерімен байланысты. Конвейерлік схема кезінде өнімнің өзіндік құны төмен, демек,зауыттың құнының қайтуы кем болады.

Өндірістің жоғарыда аталған тәсілдерінің артықшылықтары мен кемшеліктерін негізге ала отырып темірбетон бұйымдарының өндірісінде өте тиімді тәсіл конвейерлік тәсіл қолданылады.

Технологиялық схеманы баяндау.

Зауыттың жалпы технологиялық схемасы.







































































Толтырғыштарды қоймаға жинау эстакадалық ор шұңқырлы штабельді жабық қоймада іске асырылады.Цемент силос ыдыстарында сақталады.Қоймада цементті түсірумен тасымалдау пневматикалық тасымалмен іске асырылады.Арматура зауытқа теміржол және автоколіктермен жеткізіледі.Арматураны жартылай жабық арматура қоймасына қалқа астында жинайды.

Бетон ертіндісін дайындау үшін толтырғыштар БАТ толтырғыштардың штабельдіор шұңқырлы жабық қоймасынан таспалы конвейерлер жүйесі бойынша келіп жетеді, олар жабық көлбеу галереяда орналасқан. Цемент пневматикалық тасығыштармен жеткізіледі.Су қалалық су құбыр жүйесі бойынша беріледі.Ауаның тазартылуы циклондармен,электрлік сүзгілермен іске асырылады. Химиялық қоспа суперпласт с3 БАТ бөшкелерде жеткізіледі.

Темірбетон бұйымдарға арналған арматура арматуралық және қалыптау цехтарына зауыт ішкі тар соқпақты теміржол бойымен арнайы арбашалармен жеткізіледі.

Бетон ертіндісі қалыптау цехына арнайы бөлу беру бункерімен беріледі.Бу саңылаулы камераға бу қазандығынан бутасығыш құбыры бойынша беріледі.Қалыптарға жағылатын май қалыптауцехында орналасқан жағармайды дайындайтын тораптан беріледі.

Конвейерде бұйымдарды дайындау қалып вагонеткаларда жүргізіледі,олар, өндіріс бағыты бойынша рельс жолымен қозғалады.Әрбір вагонетка жылтыр бетке ие, ол,жиектік жабдықтарды орнату үшін қалып түбі ретінде пайдаланылады.

Конвейердің қалыптау желісі бөлек операциялық орындарға бөлінеді,олар арнайыланған стационарлы жабдықтармен жарақталған.Конвейер қозғалысының сипаты пульсацияланатын конвейер ырғағы 20мин. Барлық операциялық орындарда тоқтау кезінде сәйкес операцияларорындалады(қалыптаналу, қалыптарды тазалау және май жағу, арматура жайғастыру, бетон қоспасын жайғастыру, шыдату, жылу әсеріне ұшырату және т.бонан соң конвейер бір қалыптың ұзындығына жылжиды, әрі қарай қайтадан тоқтау,қайтадан қозғалу және т.б. конвейерде қалыптауды аяқтаған соң қалып вагонеткалар булау камерасына көшеді, олар конвейерге параллель орналасқан.

Жылыту конвейерінде қалыптардағы бұйымдар өтекішкене жылдамдықпен қозғалады,бүкіл жолды 14сағат ішінде өтеді, ал осы кезең ішінде қажетті беріктікке қол жеткізеді.Булау аяқталған соң бұйым камераның қарамақарсы жағынан шығады, әрі қарай қалыптан өту орын алады және қалып вагонетка конвейерге беріледі.

Дайын өнімдер қоймасына бұйымдар өздігінен қозғалатын арбашада жеткізіледі.Бұйымдарды көпірлі крандармен жабдықталған және барып жету жолдары бар қоймада сақтайды.Тақталар жұмыстық жағдайда сақталады.Тақталар арасында қалыңдығы 30мм кем емес тік бұрышты қималы ағаш салымшалар қойылуы тиіс.Тақталардың төменгі қатарының астына салымшыларды тығыз мұқият тегістелген негіз бойынша қойылуы тиіс.Барлық жоғары орналасқан тақталардың салымшылары тігінен біреуі бірінің үстінде жинақтау ілмектерінің маңайында орналасуы қажет. Іргетас бұйымдары биіктігі 25м дейінгі салымшалы штабельдерге жиналады.Сақтау кезінде бұйымдар маркалары бойынша сұрыпталуы тиіс.Әрбір бұйымның бүйірлік қырында жуылмайтын бояумен түсірілуі тиіс жасаушы кәсіпорынның қысқаша атауы, панель маркасы,жасалу күні, ТББ мөрі, бұйым массасы көрсетіледі.

Жаңа сабақты түсіндіру барысында жаңа термин сөздермен таныстыру және оларға түсінік беру, жүктемелердің түрлеріне тоқталу.

Термин сөздердің аудармалары

Қалып опалубка

Тасқын  поток

Тасығыш галерея

Толтырғыш заполнитель

Термин сөздерге түсініктеме

Қалып  опалубка бетон қоспасына қажетті пішін беруге арналған арнайы жабдық.

Тасқын  поток іргетас бұйымдарын өндірудің белгілі бір көлемін қамтамасыз ететін жұмыс.

Тасығыш  галереябетон қоспасының толтырғыштарын жеткізіп беруші тасымалдағыш.

Толтырғыш  заполнитель бетон қоспасының құраушылары.

V. Оқушылардың алған білімін бағалап, жаңа тақырыпты бекіту.

Жаңа сабақты бекіту сұрақ-жауап арқылы оқушының өтілген тақырыптан түсінгенін қорытындылау.

V.Үй тапсырмасы

1) Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып темірбетон бұйымдары өндірісі туралы жазып келу

2) Ғаламтор желісінен ғимараттар мен үйлер құрастырылымдарының темірбетон бұйымдары жөніндегі материалдарға шолу жасау және жазып келу.

Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

  1. Қ.А.Бисенов, С.С.Үдербаев, Г.С.Абиева. «Құрылыс материалдары», (оқу құралы), Алматы, «Ғылым», 2008ж.

  2. Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдары «Сенім», Тараз 2007 ж.

  3. Қ.А.Бисенов, Р.Ә.Нарманова, С.С.Үдербаев «Құрылыс материалдары мен бұйымдары» Алматы, «ИздатМаркет», 2007ж.



Қосымша әдебиеттер:

  1. Микульский В.Г., Горчаков Г.И., Козлов В.В. и др. Строительные материалы.-М.: АСВ, 2004;

  2. Попов Л.Н., Попов Н.Л., Строительные материалы.- М.: Стройиздат, 2004;

  3. Горчаков Г.И., Баженов Ю.М. Строительные материалы.-«Стройиздат», 1986ж.

  4. Ғаламтор желісі.














































































Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 16.05.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров111
Номер материала ДБ-083744
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх