Инфоурок Дошкольное образование Научные работыАшық сабақ: "Қыс мезгілі"

Ашық сабақ: "Қыс мезгілі"

Скачать материал

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өттік. Еліміз демократияландырудың жаңа белесіне көтеріліп, көппартиялы Парламент құрылды. Одан кейін Елбасымыз Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын арнады. Бұл Жолдау әлемге қаржы дағдарысының екінші кезеңі қауіп төндіріп тұрған уақытта Қазақстан халқының әл-аухатын жақсартуға бағытталғанымен құнды. Иә, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту – мәртебелі іс. Осы орайда құзырлы орындар назарын мына бір өзекті мәселеге аударғым келіп отыр. Сайып келгенде, бұл да әлеуметтік салаға қатысты.

«Сыр – Алаштың анасы» деп Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев атаған аймақ Мемлекет басшысының ұдайы қамқорлығын сезініп келеді. Президент тапсырмасымен Қызылорда облысында өңірдің экологиялық ахуалын сауықтыруға бағытталған, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуды көздейтін ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Кеңестік кезеңде экономикасы аграрлық саламен шектеліп қалған өңірде мұнай өндірісі дами берсін деп Қарағанды облысының жерін Сыр аймағына жалға беру мерзімін тағы да ұзартып берді. Елбасымыз осылайша бір жағында тартылған Арал теңізінің тұзды табаны, бер жағында Байқоңыр ғарыш айлағы, оған қоса, уран өндірілуімен радиация әсері бар аймақ халқына ерекше көзқарас танытып келеді. Экологиялық апат аймағы саналған облыс тұрғындарына экологиялық жеңілдіктер қарастыратын «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының жұмыс істеп тұруы да – соңың бір дәлелі. Шынында да, жаздың 50 градусқа жақындайтын ми қайнатар аптап ыстығы, 40 градусқа жуықтайтын қысқы аязы, жылдың алты айында шаң боратып соғатын аңызақ желі бар суперконтиненталды климатты өңір тұрғындарына бұл жеңілдіктер – өте қажетті нәрсе және әжептеуір демеу. Бірақ осы заңды тұрғындарға қатысты теңсіздік толық сақталған деп айта аламыз ба? Заң бойынша облыста еңбек етіп жатқан адамдардың барлығының жалақысына экологиялық коэффициент қосылады. Ол Арал және Қазалы аудандарында 50 пайыз болса, қалған бөлігінде – 30 пайыз. Аталған екі аудан экологиялық апат аймағының орталығы саналғандықтан, бұл жағынан айтар дау жоқ. Мәселе – басқада. Аталған коэфициенттер әркімнің жалақысының көлеміне қарай қосылады. Ал осы дұрыс па?

Ойлап қараңызшы, мәселен, мемлекеттік бір мекеме басшысының жалақы ставкасы 200 мың теңге делік. Заңға сәйкес, оның айлығына (30 пайыздық үстемемен есептегенде) 60 мың теңге қосылуы тиіс. Ал 60 мың теңге деген – төмен қызметте жүргендердің айлығы. Тіптен одан да төмен, 25-30 мың теңге шамасында алып жүргендер жетерлік. Ал соларға экологиялық коэффициент әрі кетсе 9-10 мың теңге көлемінде ғана қосылады. Сонда жоғары қызметте жүргендер экологиялық аймақта жұмыс істеп, оның зардабын сезінгені үшін айлығына қосымша 60 мың теңгеден аса ақша алса, төменгі қызметкерлердің алатыны 10 мыңға жетпейді.

Бұл қалай болғаны сонда? Бәрі бір өңірде, атап айтқанда, экологиялық ахуалы басқа аймақтармен салыстырғанда төмен саналатын облыста тұрып, сол жердің ауасын жұтып, суын ішеді. Жоғары қызметте жүргендердің қоршаған ортаның зиянды әсерлерін азайтуға онсыз да айлық жалақысы жетіп-артылады.

Олардың құнарлы азық-түлік, көкөніс пен жемістерді, қажетті дәрумендерді сатып алып тұруға шамасы молынан жетеді. Денсаулығын түзеймін десе, ауруханалар мен шипажайларға қолжетімділігі қарапайым халық өкілдерімен салыстырғанда анағұрлым жоғары емес пе?

Бұл жерде осындай теңсіздік орын алып отыр деп ешкімді кінәлаудың реті жоқ, ешкімді жазғыруға болмайды да. Өйткені заң солай қабылданған, оны тек орындау керек. Әкімдерге онсыз да зор жауапкершілік жүктелген. Мың сан проблемалардың шешімін тауып отыруы қажет. Мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау саласы өкілдерінің әрқайсысының өз міндеттемелері бар.

«Бұл заңның жобасын жасағандар мен оны қабылдағандар қайда қараған?» деп те айта алмаймыз. Өйткені заң алғаш қабылданған уақытта көптеген баптардан тұратын. Бірқатар баптар табысы төмен отбасыларына арнайы көмек көрсетуді міндеттейтін. Заңға сәйкес, тұрғындарға жеңілдікпен 2 тоннадан көмір беріліп тұрғаны есімізде. Онан бөлек жеңілдік түрлері де болды. Әйтеуір аталмыш заң талаптары алғашқы кезде табысы төмен отбасыларына біраз көмек көрсетіп, теңгермешілікті ұстап тұрды. Алайда кейіннен заңның көптеген бөліктері алып тасталынып, жоғарыдағы негізгі бап түрлері қана қалды. Ал өздеріңіз байқағандай бұлар негізінен жалақысы жоғары адамға ғана жағымды екен.

Ал әділіне келсек, экологиялық коэффициент бұл мерекеге байланысты жалақы көлеміне сәйкес қосылатын сыйақы емес (негізінде бұл мәселеге де басқаша көзқарас танытса артық болмас еді), экологиялық үстеме болғаннан кейін ол барлығына бірдей төленуі тиіс. Ол 50 пайыз қосылатын аудандарда белгілі бір көлемде, 30 пайыздық аймақта сәйкесінше одан төмендеу болуы қажет. Оған қалай қол жеткізуге болады? Заң қатып қалған догма емес, оған уақыт, заман талабына қарай өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болады. Ендеше бұл заңға да өзгеріс енгізетін уақыт жетті. Оны үстіміздегі жылы қалыпқа келтіріп жатса, нұр үстіне нұр болар еді.

Қазір облыста экологиялық төлемге бір жылға қаралған қаржы көлемі 11 млрд теңге шамасында. Бірақ бұл ақша тек бюджеттен қаржыландырылатын қызметкерлерге ғана төленеді. Осы қаржыны оларға бірдей етіп төлегені абзал. Әрине солтүстіктегі екі ауданда сәйкесінше көбірек болады. Осыдан кейін басқа салаларды да осыған теңестіріп төлеуге міндеттеген дұрыс. Мүмкін, есептеудің мынандай жолын қарастырар: Облыстағы орташа жалақы көлемі 70 мың теңге деп алсақ, соның 50 пайызы – 35 мың теңге, 30 пайызы 21 мың теңге болып шығады. Міне, осындай көлемде аймақтарына қатысты төленіп отырғаны дұрыс болар еді. Немесе экологиялық коэффициентті ең төменгі айлық, не АЕК көлемімен есептеудің жолдарын ойластыру керек болар. Есептеудің мұндай жолдарынан жоғары айлық алып жүргендердің ұтылатыны рас. Бірақ олар бұл жағдайға ренжімес деп ойлаймын. Өйткені қаншама жерлестерінің жалақысына 5-10 мың теңге қаржы қосылады. Мұның өзі – оларға біраз көмек. Қарлығаштың қанатымен су сепкендей. Біреулер «5-10 мың теңге деген не тәйірі» деп ойлауы мүмкін. Ондайларға бұл екі-үш қап ұнның құны екенін жеткізуге болады. Және бір ескеретін жайт, халықтың көпшілігі жеке секторда істейтіндіктен, олардың экологиялық төлем алуға мүмкіндіктері жетпеуі ықтимал. Әсіресе солтүстік аудандарда. Ондай жағдайда мемлекет қосымша субсидия беру жағын ойластыру керек болар.

Мамандар кіріссе барлығына бірдей төлеудің механизмін жасап алатынына сенімдімін. Мүмкін, қаржы көлемінің немесе жұмыс істейтін адамдар санының өзгеруіне байланысты төлем мөлшерін де өзгертіп тұру керек болар. Оны жылына бір немесе екі рет алдын ала облыстық мәслихат шешімімен бекітіп алып тұру қиынға соқпас. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні болады. Қысқасын айтқанда, заңға өзгеріс енгізу қажет. Сыр елінде еңбек етіп жатқан барлық қатардағы қызметкерлер мен жұмысшылар пайдасына. Осындай көзге ұрып тұрған теңсіздікті қалыпқа келтіретін мезгіл жеткен сияқты.

Аталған мәселеге байланысты заңгерлер, қаржыгерлер, экономистер, Парламент депутаттары, оның ішінде Сыр өңірінен сайланған азаматтар, сондай-ақ жергілікті мәслихат депутаттары пікірлерін білдіріп, мәселенің оң шешімін табуына атсалысады деп сенемін.

Ыдырыс ТҰРЛЫҒҰЛОВ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Қызылорда қаласы



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ: "Қыс мезгілі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Карьерный консультант

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

LLLLLLOUOYHLPTYH[;GJL;HK'J

L'O][JIUPOUIOPKOULJK,OULHL;;H;H;;H;H;J''K'M';/M;JJH;LJJLJKLJLJLLJLJLJJKKHGGHIT,HMGJJJGKHL,.J,JHKHOLHLH.J,,JMJKJKGLG,HMMJHKLBHGL.G,.,HK,HMKJKKOLN;B.GHLKJKJLMLNB.GH,.H,H,,JKJKJLJLHLH;HLLHLHLGLF;FDGL;FBHMJK;GLDFL'FDLTGLFKSPGF;DGKYHORITGJKOL;RDFORGKIHJMOPTDSKLSOP'S;WERPFKLYIJHU89T0FL

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 210 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.02.2016 799
    • DOCX 18.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Адаева Айгерім Қосайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Адаева Айгерім Қосайқызы
    Адаева Айгерім Қосайқызы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3462
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы организации здоровьесберегающей среды в дошкольном образовании

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация услуги по воспитанию детей в специальной (коррекционной) школе-интернате

Специалист в области воспитания

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 10 регионов
  • Этот курс уже прошли 64 человека

Курс повышения квалификации

Способы формирования познавательной мотивации у детей дошкольного возраста

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Психологические вызовы современного подростка: риски и профилактика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 124 человека из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Мини-курс

Состав и анализ финансовой отчетности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Общественные движения и организации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе