Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Ашық сабақ "Қысқы орманға саяхат"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Ашық сабақ "Қысқы орманға саяхат"

библиотека
материалов

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Білім беру саласы:
«Қатынас» 
Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Қысқы орманға саяхат»
Мақсаты: Балаларды табиғатты тамашалап, қыс қызықтарын айтып беруге үйрету. Сөздік қорларын, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер,
плакаттар.
Әдіс-тәсілі: Сөздік, көрнекілік,
сұрақ жауап,ойын,жұмбақ жасыру.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:

«Жылулық шеңбері»
Қол алысып қане біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Қандай жақсы дос болу.

Біз әдепті баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Қонақтарды көргенде,

Сәлеметсізбе деп,

Амандасып аламыз.

Есік қағылып ,ішке "Ақша қар"кіріп келеді.

Ақша қар:Сәлеметсіңдер ме ,балалар!

-Қалдарың қалай?

Балалар: Сәлеметсізбе!

-Жақсы.

Ақшақар:Балалар мен сендерге жұмбақ жасырсам шеше аласыңдар ма?

-Балалар :-Иә

Ақшақар: Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезені торлайды
Қарда омбығып,
Бет домбығып,

Балалар сырғанақ ойнайды.

Кейде ұлып,Кейда ысқырып,

Ұйытқып боран соғады.
Бөбектерім, айтыңдаршы, бұл қай кезде болады?

Балалар: Қыс мезгілінде.

Ақшақар: Жарайсыңдар балалар! неткен ақылды едіңдер.

Тәрбиеші:Ақшақар келіңіз төрлетіңіз,жоғары шығыңыз.Балалардың өнерін тамашалаңыз.
Енді барлығымыз орнымызға отырайық.
Балалар бір жылда неше мезгіл бар? 4
Ал қазір жылдың қай мезгілі? /қыс/
 Қыста ауа райы қандай болады? /суық, аяз, боран, /
 Қыста не жауады? /қар/
 Қардың түсі қандай? /ақ/
 Сендер бақшаға қалай киініп келесіңдер? /қалың киініп/ 
Қысқы ойындарды атайықшы. «Қар атпақ», Шанамен, шаңғымен сырғанау, аққала жасап ойнау.
Енді, Қыс қызығына байланысты
тақтадағы ілініп тұрған суреттерге әңгіме құрастыралық.

Есік қағылып ішке қоян секіріп келеді.

Қоян: -Жоқ,жоқ,

Сәлеметсіңдер ме,балалар!

Қалдарың қалай? Жақсы ма?

Балалар: Сәлеметсің бе қоян!

-Ия,жақсы

Тәрбиеші: Қоян сен бізге қайдан тап болдың?

Қоян: Мені қасқыр қуып келеді; Мені жасырасыңдар ма?

Тәрбиеші: Ия, Біз саған көмектесейік. Келіңіз отырып біздің балалардың өнерін тамашалаңыз.

Қоян біздің балалардың саған арналған өлеңдері де бар екен:

Ақ қоян ау,ақ қоян

Үркек қоян,сақ қоян Ерден

Қаша берсең қалыңға

Қорқағым деп ат қоям.




Бір топ бала сырғанап

Барады,әне,жарысып. Ақниет

Қалды артында қыр,алып,

Іздерінен қар ұшып.


Қырау қатып жағаға

Аяз беттен өбеді Балым

Бірі мініп шанаға,

Бірі шаңғы тебеді.


Осы кезде есіктен қасқыр кіріп келеді.

Қасқыр: Сәлемесіңдер ме, балалар! Сендер қоянды көрдіңдер ма?

Балалар: Сәлеметсізбе! -Жоқ.

Қасқыр: Менін қарным аш Қоянды жейін деп келдім.

Балалар: Жоқ қасқыр сен қоянды жемеші.

Қасқыр : Охо мынау не зат? Мыналарды маған түсіндіріп берсеңдер мен қоянды жемеймін;

Тәрбиеші: Балалар қасқырға геометриялық пішіндерді үйретеиіз бе?

Балалар:Ия, үйретеміз.

Тәрбиеші: Ал,қасқыр енді сен біздің балалардың өлеңдерін тыңда:


Сырғанаққа мығымбыз 
Шыныққанбыз, шымырмыз  Медина
Таудан төмен сырғанап 
Біз тебеміз сырғанақ. 


Біз тебеміз сырғанақ

Таудан төмен сырғанап Султан

Бір шанада екеуміз

Құламайды екенбіз.


Торғай,торғай,торғайсың

Жақын келіп қонғайсың

Жем шашайын тойып ал Амира

Сонда аязға тоңбайсың



Біздің байтақ далада

Асқар тауда қалада Мирас

Биыл ғажап іс болды

Таңғажайып қыс болды.


Қоян: Қасқыр балалар өте ақылды екен.Мен балалрмен сергіту жатттығуын жасағым келіп отыр.

Тәрбиеші: жарайды, Ендеше балалар бәріміз бірге сергіту жаттығуын жасалық.

Қар борайды оң жақтан

Қар борайды сол жақтан

Қар атысып ойнасақ

Су өтеді қолғаптан.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар.

Енді мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

Балалар екі топқа бөлініп алайық:

І топ «Қар қиыршықтарын кім тез жинайды?»

ІІ топ "Аққаланы құрастыр" деген дидактикалық ойынын ойналық.

Қимылды ойын: « Өзім киіп аламын»
- Шалбар киеміз
- Етік киеміз
- Пальто киеміз
- Орауыш тағамыз
- Қолғап киеміз
Қорытынды : Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізде біз қай мезгілді әңгіме еттік. ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз ұнады ма? Балаларды мақтау- мадақтау.Қонаққа келген ақшақар,қасқыр,қоянды шығарып салу. Қоштасу.

 

Автор
Дата добавления 18.05.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров372
Номер материала ДБ-088171
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх