Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыАшық сабақ "Іздегенде табылатын қасыңнан..."

Ашық сабақ "Іздегенде табылатын қасыңнан..."

Скачать материал

Сынып:8 «Б»

Пән:Өзін-өзі тану

Тақырыбы:Іздегенде табылатын қасыңнан...

Мақсаты:достықтың адам өміріндегі өзіндік ерекшеліктерін ұғындыру арқылы оқушылардың достық қасиеттерін ұштау ,өмірден адал да шыншыл дос таба білуге баулу.

Міндеттері:

-достар арасындағы рухани жақындықтың мәнін ұғындыру.

-айнала қоршаған адамдарға тілеулес,ізгі ниеттерін дамыту.

-жауапкершілікке,сезімталдыққа тәрбиелеу.

Жоспары:

І.Жылы сөз-жанға шипа

ІІ.Мақал-мәтелді жалғастыр.

ІІІ.Жағдаяттар ойыны

ІҮ.Достарыма сыйлық.

Ү.Жіпті шешу

ҮІ.Қасиеттер жәрмеңкесі

ҮІІ.Тапсырма

ҮІІІ.Ән шашу.

Барысы.

Жүргізуші:Ерте заман ойшылы,асқан шешен Цицерон «Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңші!Қайда барсаңыз да ол сізге қызмет етеді ол барлық жерде бар ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды.Ол сәттілікке жаңа сәулет береді,ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады» дейді.

Достық адам өмірінің сан бояулы,көп қырлы қасиеті.Сондықтан достық ұғымына толық анықтама беру мүмкін емес.Әйтсе де ұлы шешеннің жоғарыда келтірілген сөздерінде достық ұғымының басты мәндері көрегенділікпен ашып көрсетілген.

І.Жылы сөз-жанға шипа.

Өзінің оң жағындағы құрбысының мінезіндегі ерекшекліктерін атап айту.Сіздер бір-біріңізді жақсы танисыздар.Бірге бір сыныпта оқығандарыңызға 78 жыл болды.Осы уақытта сіздер бір-біріңіздің ерекшеліктеріңізді,кемшіліктеріңізді жақсы білесіздер деп ойлаймын.Соны анықтау үшін сіздер әрқайсысыңыз оң жағыңыздағы құрбыларыңыздың мінезіндегі ерекшеліктерін айтамыз.

ІІ.Мақал-мәтелді жалғастыру.

Заттың................жақсы

Достың ескісі.................


Біреу жаныңы жолдас

Біреу..........жолдас.


Жүз теңген болғанша

Жүз..........болсын


ІІІ.Жағдаяттар.

1-жағдаят.Сенің жан досың бұрынғы досыңды тастауыңды,өзімен ғана дос болғаныңды қалайды.Сенің ой-пікірің?

2-жағдаят.Досың сенің үйіңе қонаққа келді.Оған саған ағаң сыйлаған әдемі сувинер ұнады.Қайта-қайта сувинерді қызықтаумен болды.Сенің іс-әрекетің.Қимас досың сұраса бересің бе?

3-жағдаят.Жақын досың сенің жақсы көретін киіміңді күйдіріп алды.Қандай шешім қабылдар едің?

4-жағдаят.Саған досың өкпелі,неге екенін білмейсің.2 күн болды,ол сені көрсе үндемей қашқақтайды.Сенің іс-әрекетің?

ІҮ.Достарыма сыйлық.

Қажетті ұралдар:А-4 қағазы,түрлі-түсті карандаштар.

3 минут уақыт беріледі.Осы уақытта алдарыңыздағы ақ параққа сурет салатындығыңызды ойластырыңыз.Белгі берілген кезде суретіңізді бастайсыз.Келесі белгі берілгенде суретіңізді оң жағыңыздағы оқушыға беріп,сол жағыңыздағы оқушыдан суретін алып жалғастырасыз.

Келесі сәтте ойын шарты өзгереді.Бірінші белгі соғылғанда суреттің арғы жағынан сурет авторына өз жүрекжарды ақ тілегіңіз жалғастырылады.


Ескерту.Біреудің суретін өшіріп жөндеуге болмайды.

Қорытынды.Өз суретіңіз өздеріңізге қайтып келгенде сіз қандай сезімде болдыңыз?

Суретіңіз бастапқы сіздің ойластырғаныңыздан өзгерді ме?


Релеаксация:Қалай ойлайсыз тренинг неге «Досыма сыйлық» деп аталады?

Достық –алдымен екі адамның бір-біріне деген адалдығы.Адалдықсыз достық болмайды.Ал адалдық деген-рухани тазалық.Онсыз сен досың үшін ешқандай жақсылық жасай алмайсың.Оның қатесін жаның ашып көре алмайсың,оған шын жүректен жәрдем ете де алмайсың.Адамдардың білместігіне түсіністікпен қарап кешіре білмеген адам нағыз дос та таба алмайды.Адал дос әрқашан адамдарға сеніммен қарайды қатесін,кемшілігін кешіре біледі.Ондай адам жан дүниеңді түсініп,әрдайым қасыңнан табылып көмектесуге дайын тұрады.Бұл нағыз достық.


Ү.Жіпті шешу.

Сынып оқушылары топтасып отырды.Әр топқа шиеленіп байланған жіп тартылады.Жұптасқан оқушылар сол қолдарын артына ұстап,оң қолдарымен бірлесе жіпті шешулері керек.

Қане қай топ жеңімпаз атанар екен?


ҮІ.Қасиеттер жәрмеңкесі.

Балалар ,сіздер достарыңыздың бойынан қандай қасиеттердің табылғанын қалайсыздар?

Бір бағанға өз бойларыңыздан қандай қасиеттерді сатасыз,ал екінші бағанға қандай қасиеттерді сатып алғыңыз келетінін жазасыз.

Сатамын

Сатып аламын










1.Не үшін бұл қасиетті сатасыз немесе сатып алғыңыз келеді?


ҮІІ.Тапсырма.

Төменде берілген үзінділерді оқып,ондағы ұқсас айтылған ойды тауып,баяндап беріңдер.


Ел аузынан

Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты.Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары:

Достық нешеу?-деп сұрақ қояды.Сонда Әйтімбет тұрып:

-Достықтың екі түрі болады.Бірі-адал достық та,екіншісі-амал достық.

-Дұрыс-ақ.Енді оларды қалай ажырата аламыз?-дегендерге:

-Амал достық-өмірлік нұсқа болады,амал достықтың өрісі қысқа болады,адал дос қашан да жаныңнан табылады.Ал амал досты басыңа іс түссе іздеп таба алмай қаласың,-деп жауап берген екен Әйтімбет.


Курд ертегісі.

Екі дос жолаушылай шығыпты.Біреуі сулық шекпенін ала жүрген екен.Орта жолға келгенде қатты нөсер құйып кетіпті.Екеуі шекпенді пана қылыпты.Нөсер басылған кезде шекпеннің иесі:

-Ия ,менің шекпенім болмаса ,сен қайтер едің?-депті

Жол бойы осы сөзін қайталай беріпті.

Олар бір өзеннің жанынан өтіп бара жатқанда әлгі шекпенсіз жігіт өзенге қарғып түсіп,өзен суына малшынып,қайта шығады да:

-Міне ,мынандай болатын едім!-депті.


Түйіндеме.

Достық-алдымен екі адамның бір-біріне деген адалдығы.адалдықсыз достық та болмайды.Ал адалдық деген-рухани тазалық.Онсыз сен досың үшін ешқашан жақсылық жасай алмайсың.Оның қатесін жаның ашып көре алмайсың,оған шын жүректен жәрдем ете де алмайсың

І.Есенберлин


Жүректен-жүрекке

Оқушылармен бірге үлкен шеңберге жиналып, Қ.Ыдырысовтың «Қайдасыңдар, достарым?» өлеңін үнтаспаға қосылып айтады.


Бірге тойлап ,бірге өткізген,

Жалындаған жас шағын.

Талай қызық күнді өткізген,

Қайдасыңдар ,достарым?

Қайырмасы:

Достар,достар жүрсің қайда?

Бірге еді ғой жанымыз.

Еске алысып осындайда,

Кел,шырқайық бәріміз.


Бәріміз де таптық бүгін,

Бақыт жолын іздеген.

Дос үміті,достық сенім,

Әрқашанда бізбенен.

Қайырмасы:

Жүрсек-тағы қиыр шетте,

Досты ұмытқың келмейді.

Достық жалын бар жүректе,

Суымайды,сөнбейді.














Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ "Іздегенде табылатын қасыңнан...""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор музея

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 595 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.02.2016 955
    • DOCX 15.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жаксылыкова Перизат Нуржигитовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13863
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 25 регионов

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 812 человек из 74 регионов

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 33 регионов

Мини-курс

Психология сиблингов в семейной структуре

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии B2B маркетинга: от анализа до продаж

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии B2C маркетинга: от анализа до взаимодействия с клиентом

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе