Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Ашық сабақ "Қызықты ойындар"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Ашық сабақ "Қызықты ойындар"

библиотека
материалов

231A83D

Шығыс Қазақстан облысы

Тарбағатай ауданы

Қарасу ауылы

«В.П.Чкалов атындағы орта мектебі»КММ

«Балауса» шағын орталығы

«Балбөбек» тобының тәрбиешісі

Туякбаева Гульнар Мухаметолдановна


«Адамның бір қызығы бала деген...»,- деп

Абай атамыз айтқандай, бала адамның да,

өмірдің де қызығы.


Бүгінде егемен ел, тәуелсіз мемлекет болдық. Әлемдік заңдылық нормасы тұрғысынан келгенде кемел мемлекетке қажетті барлық құқық өз қолымызға тиді. Елтаңбамыз, Әнұранымыз, Туымыз, Ата заңымыз- барлығы да біздің басқа мемлекеттермен терезесі тең ел екенімізді айқындап тұр. Мектепке дейінгі балалар- балалар патшалығындағы ерекше жұрт. Алдымен, олармен жұмыс жасаудың, яғни тәрбилей отырып оқытудың, қарым-қатынас жасаудың әдіс-тәсілдерін таңдап алу керек.

Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-ірекеті- ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай атамыз: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма?..»-деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын- тәрбие құралы, ақыл-ойды кеңейтеді, тілді ұстартады, сезімді кеңейтеді. Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы таным-түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып жақсы ұғысады, бірінен-бірі үйренеді, ойын арқылы тілін дамытады.

Мұғалім мен тәрбиешінің баламен бірге атқаратын күрделі еңбек үрдісінің формасы- дұрыс ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті. Тәрбиешінің іскерлігі білімімен, біліктілігі оқу іс-әрекетінің жүйесін заман талабына сай құра білуінен аңғарылады.

Сондықтан, сіздерге «Таным» білім беру саласы бойынша «Қарапайым математикалық түсініктер» оқу іс-әрекеті түрінен «Қызықты ойындар» тақырыбындағы оқу іс-әрекетімді көрсеткім келеді.

Технологиялық карта.

Білім беру саласы: «Таным».

Оқу іс-әрекет түрі: Қарапайым математикалық түсініктер.

Оқу іс-әрекет тақырыбы: «Қызықты ойындар».

Оқу іс-әрекет мақсаты: 1.Есту барысында сандарды айыра білуге жаттықтыру. Геометриялық пішіндерден ойыншықтардың пішінін құрастыру.

2.Аңғарымдылық, тапқырлық, ақылмен мақсатқа жету қабілеттерін ұстарту.

3.Заттардың нысанына қарай парықтай білуін дамыту.

Көрнекіліктер: Сандар белгіленген текшелер, геометриялық пішіндер, Үлестірілген құралдар: әр балаға сандар, түрлі-түсті геометриялық пішіндер.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, ойындар, санамақтар, жұмбақтар.


Оқу іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті


Мотивациялық-

қозғаушылық

-Ұйымдастыру.

Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Олай болса, қонақтармен және бір-бірімізбен амандасып алу үшін «Шаттық шеңберін» құрайық.



Үлкенге де сіз,

Кішіге же сіз.

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.



-Енді бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуы арқылы бір-бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік.









-Қайырлы таң,балалар!









-Балалар шаттық шеңберіне тұрып тақпақтарын айтады.





-Балалар тақпақты айта отырып, қимылмен келтіреді.



-Еліміз аман блсын!

-Аспанымыз ашық болсын!

-нанымыз көп болсын!

-Әке-шешеміз аман болсын!

-Бәріміз тату-тәтті дос болайық!

-Қайырлы таң!

«Сөз атасы сәлем»-деп,

Сәлемдесе білеміз.

Туыс-туған, достармен,

Амандасып жүреміз.

Ұйымдастырушылық-

ізденушілік

-Негізгі бөлім.

1-бөлім: «Кім көп біледі?».

-Балалар, білесіңдер ме, берілген тапсырманы аяғына дейін тиянақты орындайтын, көп білгісі келетін балаларды қандай балалар деп атаймыз?

-Ия, дұрыс айтасыңдар. Мұндай балаларды ақылды балалар деп атаймыз.

-Ал, енді біздің арамыздан осындай ақылды, тапқырлар табылар ма?

-Олай болса, біз «Кім көп біледі?»деген бір ойын ойнайық. Осы ойында өзіміздің білімімізді көрсетейік.



Ойынның шарты мынадай:

-Сендерге 5 сұрақ қоямын. Әр сұраққа жауап берген бала бір жұлдызша алып отырады. Ал, жауап бермеген бала жұлдызша алмайды. Барлық сұраққа жауап берген бала «Ақылды бала» деп аталады.

Ойын талабы түсінікті болса, бастайық.

Бірінші сұрақ: Жұмбақтар.

Туысқан бес кісі,

Бірінен-бірі кіші.

Бәрінің аты бар,

Ең кішісі-шеткісі.



-Қане, бес саусақтың аттарын айтып көрейік.



-«Қуырмаш» ойынын ойнау.

-Дұрыс балалар.



Екінші сұрақ:

Өзі үлкен жануар,

Үстінде екі тауы бар.

-Түйе қандай жануарларға жатады?

-Түйенің қандай сусынын ішеміз?

-Өте жақсы, балалар.



Үшінші сұрақ:Логикалық есептер.

Бес сәбіздің біреуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі,

Өз қолыңда қалады?

-Сәбіз жемістерге жата ма, көкөніске жата ма?

-Сәбіздің қандай пайдасы бар?





-Төртінші сұрақ:Логикалық есеп.

Тал басынды тізіліп,

5 жапырақ тұр еді.

Жел соқты да үзіліп,

түсті тағы екеуі.

Тұр әлі де ілініп,

жапырақтың нешеуі?



-Бесінші сұрақ: Санамақ.

-Бес саусақ туралы қандай математикалық санамақты білеміз?





-Өте жақсы.

-Санау.

1-ден 10-ға дейін тура және кері санау.





-2 бөлім:Сергіту сәті:

«Қонжық».

Ормандағы бала қонжық,

Ұялардан бал іздеді.

Мойындарын оңға бұрды,

Мойындарын солға бұрды.

Орман ішін аралады,

Ағаштарды шайқап көрді.

Аяқтарын көтеріп ап,

Қуанғаннан билей кетті.



3 бөлім: «Өз орныңды тап!» ойыны.

-Балалар, қазір мен сендерге сандар беремін. Бұл сандар «Өз орныңды тап!» деген ойынға қажет. Ойын сендердің зейінді, тапқыр екендіктеріңді талап етеді.

-Қазір музыка қосылады, бәріміз ойын алаңына шығып билеп, ойнаймыз. Музыка тоқтағанда әркім өз қолындағы санның орнын тауып тұра қалуы керек.



4 бөлім: «Жылдам ойлан!» дидактикалық ойыны.

Мақсаты: Заттарды көлеміне қарай салыстыру барысында кездесетін қарсы мағыналы сөздерді бекіту.

Ойын барысы:

-Қазір біз қақпадан өтеміз. Егер мен қақпа «биік» десем, сендер осылай түзу жүре бересіңдер,

ал қақпа «аласа» десем, еңкейесіңдер.



-«Қыран құс жоғары көтерілді» дегенде, қолдарын жоғары көтеріп, құс қанатының қимылын жасаймыз.

-«Ұшақ қонуға төмендеп келеді» десем, аяқтарыңды бүгіп, қолдарыңды жандарыңа созып отырасыңдар.

-Біз орманға келдік. Орманда ағаш түрлері көп екен. Егер мен сендерге осы ағаштардың ішіндегі «ең ұзыны» қарағай десем, орындарыңнан тұрып, өкшелеріңді көтеріп, қолдарыңды жоғары созасыңдар.

-Ал «ең қысқасы» шырша десем, орындарыңа отыра қаласыңдар.



-Сергіту сәті.

-Түн, күн, бұлт, найзағай, жаңбыр, түн, күн.



5 бөлім: «Алақан соғу»

-Қазір мен қолымды шапалақтап соғамын. Сендер дыбыс арқылы, неше рет соғылғанын атап беріңдер.

-Жақсы.



6 бөлім:Пішіндер.

-Жарайсыңдар. Енді мына ілініп тұрған суретке назар аударыңдар.

-Нені көріп тұрсыңдар?

-Дұрыс.

-Үй қандай геомериялық пішіндерден құралған?

-Үшбұрыштың неше бұрышы бар?

-Төртбұрыштың неше бұрышы бар?

-Санайық.

-Өте жақсы.

-Енді алдарыңда геометриялық пішіндер жатыр. Содан үй құрстырыңдар.

-Жақсы.(Аралап тексеру).














-Білгіш, тапқыр, тағы сол сияқты.











-Ия.

















-Балалар мұқияты тыңдайды.



















-Бес саусақ.



-Бас бармақ, балаң үйрек,

ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек.











-Түйе.



-Үй жануарына жатады.

-Шұбатын ішеміз.















-Төртеуі қалады.



-Сәбіз көкөніске жатады.

-Сәбіз ағзаны өсіреді, жараны жазады, көруді жақсартады.















-Үш жапырақ.





-Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Алақанды ашайық,

Бесті-беске қосайық.

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10





-Балалар хормен 1-ден 10-ға дейін тура және кері санайды.







-Балалар өлеңді айта отырып, қимылмен келтіреді.

-(Балалар сергіп, қайтадан сабаққа кіріседі).













-Балалар ойынның шартын мұқият тыңдап болған соң, ойын басталады.







5бала шығып ойнайды.

-Ойын 2-3 рет қайталанады.























-Балалар «биік» дегенде түзу өтеді, ал «аласа» дегенде еңкейіп өтеді.







-Балалар екі қолдарын екі жаққа жайып, ұшып бара жатқан құсты келтіреді.



-Балалар қолдарын екі жаққа созып, қонуға келе жатқан ұшақты келтіреді.





-Балалар орындарынан тұрып, өкшелерін көтеріп, қолдарын жоғары созып биік қарағай ағашын келтіреді.

-Балалар орындарына барып отыра қалады.





-Балалар қимылмен келтіреді.





-Балалар неше рет соғылғанын есту арқылы табады.













-Үй.





-Үшбұрыш, төртбұрыш.

-Үшбұрыштың үш бұрышы бар.

-Төртбұрыштың төрт бұрышы бар.





-Балалар үй құрастырады.

Рефлексиялық-

түзетушілік

-Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ұнады ма?

-Біз не істедік?

Ойындар ойнау арқылы көп тапсырмалар орындадық.

-Қандай тапсырмалар орындадық?











-Өте жақсы, балалар.

-Көңіл күйлерің қалай?

-Бүгінгі оқу іс-әрекетімізге өте жақсы, жақсы қатысып, көп білгісі келетін « Ақылды балаларды» анықтап, мадақтайық.



-Міне, бәрі болды анық,

Өте дұрыс жауап бұл.

Әр сұраққа ойланып,

Жөн айтуға талап қыл!



-Осымен оқу іс-әрекетіміз аяқталды.

-Бүгінгі оқу іс-әрекетімізге жақсы қатысқандарыңа өте қуаныштымын. Рақмет!

-Ия.



-Жұмбақтар шештік.

-Логикалық есептер шығардық.

-Санамақтар айттық.

-1-ден 10-ға дейін тура және кері санадық.

-Пішіндерден үй құрастырдық.

-Музыкамен сандардың орынын таптық.



-Өте жақсы.



-Оқу іс-әрекетке өте жақсы және жақсы қатысқан балаларға жұлдызшалар беріліп, марапатталады.



-Жалықпа сен жалықпа,

Оқы, тоқы, арманда.

Бәрін білген балаға,

Жақын болар алыс та!




Күтілетін нәтиже:

Болу керек: белсенді, тапқыр, ақылды, жылдам, адамгершілігі мол.

Білу керек: 1-ден 5-ке дейін, 1-ден 10-ға дейін кері санауды, пішіндерді ажыратуды, санамақтар айтуды, ойын ойнауды.

Үйрену керек: математикалық логикалық есептерді, жұмбақтарды шешуді.


Қорытынды:


Ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.

Демек, ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі. Білім мен тәрбиенің негізі мектепке дейінгі кезеңде қаланатынын ескерсек, тәрбиелей отырып білім беру үшін,баламен өткізетін әр күніңді, әр іс-әрекетіңді бала қызығатындай жаңартып өткізіп отыруды тәрбиеші-ұстаздар бір сәт те естен шығармағандары абзал.

Өйткені жас өндір ойнай да, ойлай да білсін!


Шағын орталық тәрбиешісі:

Туяқбаева Гульнар Мухаметолдановна

«В.П.Чкалов атындағы орта мектебі»КММ

Қарасу ауылы Тарбағатай ауданы

Шығыс Қазақстан облысы

Автор
Дата добавления 24.03.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров2225
Номер материала ДВ-551996
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх