Инфоурок / Биология / Конспекты / Ашық сабақ "Кенелерден қорғану шаралары (7 сынып)
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям рекомендуем принять участие в Международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

СЕГОДНЯ (15 ДЕКАБРЯ) ПОСЛЕДНИЙ ДЕНЬ ПРИЁМА ЗАЯВОК!

Конкурс "Я люблю природу"

Ашық сабақ "Кенелерден қорғану шаралары (7 сынып)



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Тақырып: Кенелерден қорғану шаралары

Мұғалім: Серекпаева А.Х.

Өткізу түрі: «Ауызша сабақ - 1» картасы, БжС технологиясы, «Стандарттық мазмұн»-9

Мақсаты: оқушылардың өз бетінше ізденіс – шығармашылық жұмыс арқылы 63% оқу материалын меңгеруі. Өз еңбегінің нәтижесіне қарай балалардың тұрақты жағына мотивациясын қалыптастыру. Жылдамдықты, сапаны және оқу техникасының көлемін көтеру.

Міндеті: технологиялық картаның регламентін орындау.

Пәндік нәтиже: қойылған мақсатқа жету.

Ұйымдастыру кезеңі

Мотивация

Сыныпты белсендіру, көшбасшыға сөз беру.

Бәріміз біріміз үшін,біріміз бәріміз үшін

Тақтаның жоғарғы жағына 63% нормасы қойылады. №1 кесте

2

Оқушылардың субьектілік тәжірибесін өзектендіру.

Өткен сабақ тақырыбы бойынша қарама-қарсы сұрақ қою.

1.Кене қандай тип,қандай класс өкілі?

2.Қазақстанда қанша түрі бар? (236)

3.Мекені

4. денесі неден тұрады??

5.Немен тыныс алады?

6.Ұрықтануы қалай?

7.Көбею жолы?

8. Даму сатысы?

9. Тіршілік әрекеті?

10. Адамда кездесетін ауру түрлері?

11.Малда кездесетін кене түрлері?

12. кенені зерттейтін ғылым? акаралогия

13.Сезім мүшелері?

14.Паразит қанша түрі бар? 20000

15. дене тұрқы қанша? 0,05-13

16. қанға тойған кене тұрқы қанша? 30мм

17. Дернәсілі неше аяқты?6

18. Ересек кене аяғы қанша?8

19.Төрт аяқты кене ?

20. кененің ауыз құрылысы?

21. Нимфа деген не?

22.Екі иелі деген не?

25. бір иелі деген не?


Бірінші баға. Нәтиже бойынша оқушыларға + не – қойылады.

Тақтаға нәтижені жазу.

1кезең > немесе < норм

3

Қабылдауды ұйымдастыру

Бірінші сыни нүкте. Жаңа тақырып бойынша мұғалім қысқаша кіріспе жасайды, оқушылардың назарын осы тақырыпта өтілетін білім көлеміне аудару

Сабақтың алдында мұғалім тірек сөздерді кіргізеді. (7,14,21)

Тірек сөздер:

1.иксодид

2.вирус

3.орталық жүйке

4.қансигек

5. пироплазмоз

6.нәзікбас

7.биотоп

Мұғалім тақырыптағы сөздердің мағынасын түсіндіреді. Тірек сөздер жабылады. Жаттауға берілген уақыт (30секунд) аяқталғаннан кейін тірек сөздер жабылады,оқушылар жаттауға берілген уақытта(30секунд) сөздерді жатқа жазады.Жазып болғаннан кейін тірек сөздер ашылады, оқушылар дәптерлерімен алмасады, бір бірінің жазылған сөздерінің санын санайды, мұғалімге хабарлайды, ол нәтижені ООМ белгілейді.

Одан кейін мұғалім плюс алған оқушыларды іріктеп бақылайды, егер мәлімет дұрыс берілмей, нәтиже сәйкес болмаса, екі оқушы да минус алады, нәтиже дұрыс берілмегені үшін.

Екінші белгі.

Есте сақтауға берілген уақыт нормативі.

7 сөз – 30 сек.

10 сөз – 45 сек

12 сөз – 1 мин.

14 сөз – 1 мин.15 сек

16 сөз – 1 мин.50 сек

18 сөз – 2 мин.15 сек

21 сөз – 2мин. 30 сек

2 сөзден тұратын түсініктер 2 сөз болып есептелінеді. Еске сақтау бойынша жіберу: Бір сөз минус

Тақтаға нәтижені жазу.

2 кезең > немесе < нормалары.



4

Ұғынуды ұйымдастыру

Берілген уақытта оқушылар оқулықтағы мәтінді оқып бітіруі тиіс. Мұғалім оқыған материалы бойынша білімді тексеру мақсатында оқушылардан сұралатынын ескереді.

Кенелерден қорғану шаралары. Кенелердің табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі.

Кенелер - ауыл шаруашылығына орасан зор зиян келтіретін паразитті көптеген жұқпалы ауруларды таратушы жәндік. Солардың бір тобы – иксодид кенелері.
Иксодид - елімізде кездесетін кенелердің ішіндегі ең ірісі. Толық жетілген ересек аналық кенелердің тұрқы не бары – 3мм. Бұлардың бәрі –жұмыртқаға ұқсас сопақша болады. Түстері ақшыл қоңыр немесе қара түсті. Тұмсықтары қан соруға өте жақсы бейімделген. Дене жабындысының қан сору кезінде созылып, үлкейетін қасиеті бар. Дене сыртын сірқабықпен (кутикула) жауып тұрады. Иксодид кенелерінің ішінде көктемгі энцефалит ауруының вирусын тарататын қауіпті түрлері бар. Кененің бұл түрінің аш кездегі дене тұрқы – 4 мм, ал қан сорған кезде 11 мм - ге дейін ұлғаяды. Сопақша арқасындағы қара қоңыр қалқаншасы жылтырап тұрады, ал аяғында өткір тісшелер болады.
Қазақстанда Атырау облысы аймағы кене энцефалиті ауруы бойынша қолайлы аймақ болып саналады. Біздің аймақта бұл аурудың табиғи ошағы жоқ. Кене энцефалиті таулы, орманды аймақтарда кездеседі. Кене энцефалиті – адамның орталық жүйке жүйесінің зақымдайтын вирустық ауру. Вирус кененің сілекейінде болғандықтан вирус тістеген кезде берілуі мүмкін. Тіпті кененің тістегеннен кейін алып тастаған жағдайда да кене энцефалитімен ауырудың қауіп - қатері өте жоғары. Вирус барлық кенеде болмайды. Кене энцефалитін тек кене шаққанда емес, сонымен қатар піспеген ешкі немесе қой сүтінен де жұқтыруға болады.
Кене шаққан жерде еш өзгеріс байқалмайды. Содан кейін лимфа түйіндер мен қанға өтеді. Вирус жаппай көбейген кезде тұмау тигенде болатын белгілерге ұқсас белгілер көріне бастайды. Осыдан кейін орталық жүйке жүйесінің зақымдану белгілері байқалады. Кене энцефалитінің белгілері 7 - 10 күнде, кейде 21 күннің ішінде көрінеді. Зақымдану ауырлығына байланысты кене энцефалиті бірнеше түрге бөлінеді.
Ауру температураның 38 - 40 С көтерілуімен, дененің сырқырауымен, қалшылдауымен біліне бастайды. Орталық жүйке жүйесі зақымданған болса, дененің қызуымен қатар, бас ауруы, құсу, жарыққа қарай алмау және өзге де белгілер байқалады. Бұдан ауыр зақымданған жағдайда естен танады, психологиялық бұзылыстар, құрысу мен сал болып қалады

Адам үшін қышыма кене -өте қауіпті жәндік. Оның мөлшері 0,2 – 0,5 мм – ден аспайды, сондықтан ұлғайтқыш әйнек арқылы ғана көруге болады. Қышыма кене адамның терісіне еніп, денені қышытады, себебі оның түлеген кездегі қабыршақтары мен бөлінді заттары денеге сіңеді. Адамға көбінесе жылқыдан жұғады. Кененің әрекетінен денеде қотыр пайда болады. Адам немесе мал қотырдан мазасызданып, арып – талып, әлсірейді.
Қотырды денеге дәрі - дәрмек жағу арқылы емдейді. Малдың қотырын емдегенде ерекше газ камерасына ұстайды. Паразитті өлтіретін улы күкіртті ангидридпен ыстайды. 
Ит кенесі және тайга кенесі адамға ең қауіпті ауру – энцефалитті жұқтырады. Бұл табиғатта әртүрлі жануарлардың денесінде орнығып, бір жануардан екінші жануарға сорған қаны арқылы энцефалит қоздырғышын таратады. Бірақ бұдан жануар ауырмайды. Сөйтіп табиғатта ауру қордасы пайда болады.Инфекция қоздырғышы сақталатын осындай территория қандай болса да , бір аурудың табиғи қордасы деп аталады.

Тасымалданатын аурулардың табиғи қордасы туралы теорияны академик Е.Н.Павловский және оның шәкірттері жасады.

Өрмеккене – мәдени өсіміктер зиянкестерінің бірі. Мөлшері 0,2 – 1,0 мм аспайтын кішкене кенелердің тұтқы аяақтарында өрмек бездері болады.Бұлар бау бақшаға зиян келтіреді. Кенелер өсімдік жапырағынан шырын сорып, олардың өсіп – өнуіне кедергі келтіреді, сөйтіп әлсізденген өсімдік солады.Бұлармен күрес шаралары жапырақта кененің 2- 4 дарағы байқалған жағдайда дәрілеу арқылы жоюға болады.

Мамықкенелер құстардың денесінде мекендеп, әкаяқ (әсіресе-тауыққа) ауруын туғызады Сөйтіп, тауық саусағын қимылдата алмай, ақыры өледі. Бұл ауруды ақшыл томпақтарға қарамай немесе креолин жағып емдеуге болады.

«Қансигек» ауруы мал шаруашылығына орасан зор зиян келтіреді. Аурудың ғылыми атауы — пироплазмоз. Ауру белгілері: малдың дене температурасы 41—42°С-ге дейін көтеріліп тыныш-сызданады, жүректің және асқазан жолының бұзылуы нәтижесінде қан сиеді, мал әлсіреп, ариды. Ауруды тасымалдаушы — жайылым кенесі нәзікбас кене деген түрі

Вирустық жұқпалардың алдын алу шаралары.

Малдағы кенені қолмен жұлуға, оны езіп өлтіруге болмайды.
• Табиғат аясында демалғанда кенеден сақтану керек, денені және киімдерді көзбен, қолмен сипап тексеру керек.
• Кене шаққан жағдайда тез арада дәрігерге көріну керек.
• Кене жабысқан жерге сұйық май тамызып, кенені тұмсық тұсынан қысып, алу керек. Ал, кенені қақпақты шыны ыдысқа салып, емханаға алып барыңыз (зертханалық тексеру жүргізу үшін).
• Кененің шаққан жерін міндетті түрде йодпен залалсыздандыру қажет.
• 14 күнге дейін дәрігердің бақылауында болу керек.
Адамға жұғу жолдары:
-– кенелер, масалар, бүргелер шағуы арқылы
– тері арқылы ауру кеміргіштердің терісін алған кезде

-зақымданған көкөністер, азық - түліктерді пайдалану, ауланы сыпыру, қораны тазалау, шөптер, азықтар, (шаң - тозаң) арқылы.
Кенелермен күрес екі бағытта жүргізіледі: біріншісі – олардың шоғырланған жерлері – биотоптарын жою, ал екіншісі – жануарларға жабысқандарын жою.






7-11 сыныптар үшін, 4 минут мәтіннің бір парағына

5

Түсінудің бірінші тексерілуі.

Қарама – қарсы сұрақ. Мұғалім ООМ бойынша тақырыпқа байланысты сұрайды рет ретімен емес оқушылар түсінбеген сөздерді ашады, түсіндіреді. Егер бір оқушы жауап бермесе, мұғалім сұрақты қайталайды және минус алған кез- келген оқушыдан сұрайды. Егер жауап алмаса мұғалім сыныптан сұрайды, жауап болмаса мұғалім өзі жауап береді. Бұл кезең аяқталғаннан кейін 2 минусы бар оқушыларға «құтқару шеңбері» тасталады. Оларға 3 сұрақ қою, әр қайсысы қолын көтеріп минусын жоя алады. Бұл ереже «Сыни сұрауда» да қолданылады.

Екінші сыни нүкте. Сұрау нәтижесінде мұғалім оқушылар түсінбеген немесе толық мағынасын аша алмаған сөздерді анықтайды. Одан кейін 1 – 2 минут ішінде мұғалім проблемалық аймақтарды анықтайды.

1.Кене қандай жәндік?

2.Еліміздегі ең ірі кене

3.Оның пішіні қандай?

4. Тұмсықтары неге бейімделген?

5.Қандай ерекше қасиеті бар?

6.Иксодид кенесі арқылы таралатын аурудың атауы?

7.Аш кездегі дене тұрқы?

8. Қан сорғандағы тұрқы?

9. Энцефалит үшін Қазақстанның қай аймағы қолайлы?

10. Энцефалиттің қоздырғышы не?

11.Вирус қалай беріледі?

12. Шаққанын қалай білеміз?

13.Вирус қоздырғышы қайда өтеді?

14.Вирус нені зақымдайды?

15. Энцефалит белгілері неше күнде білінеді?

16. Өсімдіктерде кездесетін кене?

17. Жылқыдан жұғатын кене?

18. Қышыма кене пайда болғанда қандай белгілер байқалады?

19. Қышыма кенеден адам қалай емделуге болады?

20. Қансигек ауруының ғылыми атауы?

21. Пироплазмозды тасымалдайтын кене?

22. Кенелермен күресудің бағыттары

25. Жұқпалардың алдын алу шаралары қандай?



Үшінші белгі нәтиже бойынша + ,- қою.

Тақтаға нәтижені жазу.

3 кезең > немесе < нормалары


6

Бастапқы пысықтауды ұйымдастыру.



Сыни сұрау. Сыни сұрау 10 дұрыс 20 қате құрылған сұрақтардан тұрады, сұрақтың бірінші бөлігі көңіл аудару сұрақтардан тұрады: қайда,қашан, неге, не себепті, қайдан т.б. сұрақтың екінші бөлігі қате құрылады, сұрақтар бұрмаланады.Ондайда «келісемін», «келіспеймін» деп дәлелдеу керек.

Үшінші сыни нүкте.

Сұрау нәтижесінде мұғалім оқушылар түсінбеген немесе толық мағынасын аша алмаған сөздерді анықтайды. Одан кейін 1 – 2 минут ішінде мұғалім проблемалық аймақтарды анықтайды.

Сыни сұрақ:

10 дұрыс сұрақ:

1. Иксодид денесін кутикула жауып тұр

2. Өрмеккенені бау бақшадан кездестіруге болады

3. Тайга кенесі энцефалитті тасымалдаушы

4.Кене шаққанда бірден байқалмайды

5. паразитті өлтіру үшін ангидридпен ыстайды

6. табиғи қорда теориясын ашқан Е.Н.Павловский

7. жайылым кенесі нәзікбас

8. мамық кенеден құтылу үшін керолин жағады

9. шаң тозаң арқылы кене жұғады

10.Кенелер топырақты құнартады

10 қате сұрақ:

1. Иксодид кеміргіш тұмсықтарымен қанды кеміреді

2. Иксодид түстері қып қызыл

3. Энцефалит қоздырғышы бактериялар

4.Қышыма кенесін өсімдіктерден кездестіруге болады

5. Адам қотырын емдегенде газ камерасында ұстайды

6. кене арқылы жұғатын ауруларды емдеу мүмкін емес

7. кенелердің ауыл шаруашылығында маңызы зор

8. Астана кенелер үшін ең қолайлы аймақ

9. Кененің шаққан жерін бальзаммен зарарсыздандыру керек

10. Кенені қолмен жұлып алып,өлтіру керек



Төртінші белгі. нәтиже бойынша + ,- қою.

Тақтаға нәтижені жазу.

4 кезең > немесе < нормалары

7

Талдау

Уақыт 5 минут

Бүгінгі өткен тақырып бойынша түсінгендерін шығарма түрінде жазу.

Төртінші сыни нүкте. Сұрау нәтижесінде мұғалім оқушылар түсінбеген немесе толық аша алмаған сөздерді анықтау. Одан кейін 1 – 2 минут ішінде мұғалім проблемалық аймақтарды анықтайды.

Бесінші белгі. Нәтиже бойынша + ,- қою.

Тақтаға нәтижені жазу.

5 кезең > немесе < нормалары

Шығармадағы сөздің нормативі 63сөз

8

Рефлексия

Мұғалім әр кезеңдегі нормаларды орындау бойынша қысқа сабаққа талдау жасайды. Бағалау нормативі бойынша жазған сөздерінің санын анықтап, нормаға сәйкес бағалайды.


9

Бағалар

Журналға баға қою нормативі:

4-5 баға – 5 ұпай

3 баға – 4 ұпай

2 баға – 3 ұпай

1 баға – 2 ұпай


10

Үй тапсырма.

4 бағадан кем алған оқушыларға үйге тапсырма беріледі.












Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-087910

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>