Инфоурок Другое Другие методич. материалыАшық сабақ "Көңіл күйімізді басқара білейік" .2 сынып

Ашық сабақ "Көңіл күйімізді басқара білейік" .2 сынып

Скачать материал

Өзін- өзі тану сабағының жоспары

                                                    4 сабақ

Тақырып:  Көңіл күйімізді басқара білейік

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Жауапкершілік,  сезім,  сүйіспеншілік , құрмет

Сабақтың мақсаты:

  «Махаббат», « бақыт» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

 

Міндеттері:

 - жағымды қарым қатынастар туралы түсінік беру.

 - өзін өзі ұстай білу іскерліктерін дамыту;

 - ұстамдылыққа, сабырлыққа, ризашылыққа тәрбиелеу.

 

Ресурстар:

( белсенді тақта, кітап, дәптер, ғаламтор желісінен жаңа ақпараттар, сюжетті суреттер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті.

Жайлы,баяу музыка қойылады.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріміздерге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты  ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте – бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан – жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңыға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардыңда жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға,өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын.....Ғаламның барлық түкпір – түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын.... Нұр менің ішімде....Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық отыра тұрыңыз....

Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

1.Үй тапсырмасын тексеру.

    Б. Ысқақовтың « Қуаныш» атты өлеңімен танысу.

 

2.Дәйексөз

    Өмір деген жарыста,

     Шаттанғын, дос, қалыспа!

Ш. Смаханұлы

 

3.Әңгімелеу

 

   Тиін мен қасқыр

 Тиін бұтақтан бұтаққа секіріп жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлап түседі. Қасқыр ұшып тұрып, оны жемекші болады.

-         Қоя бер мені! –деп, тиін жалына бастайды.

-          Жақсы қоя берейін , бірақ осы тиін біткен неге сонша көңілді боласыңдар, соның себебін айтшы маған. Мен үнемі жабығып жүремін, ал сендер төбемізде асыр салып ойнайсыңдар да жүресіңдер.

   Қасқыр тиінді қоя береді. Ол ағаштың басына шығып алып:

   -Сен өзің зұлымсың, содан ылғи жабығасың да жүресің...

 

Оқылған әңгімеге сұрақ- жауап:

1. Тиін неліктен үнемі көңілді жүреді?

2. Ренжіген немесе қуанған кездеріңде өздеріңді қалай ұстайсыңдар?

       3.Адамдардың көңіл күйі сендерге қалай әсер етеді?

 

 

4.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

   « Мен әртіспін» атты тақырыпта сахналық көрініс көрсету.

 

5.Топпен ән айту

 

   Көңілді балалар әні

Е. Өтетілеуұлы

Жабырқауды былмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талапты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.

 

Жазда гүлдер тереміз,

Қыста шаңғы тебеміз.

Думандатып өңірді,

Демаламыз көңілді.

 

 

6.Үй тапсырмасы

   Жұмыс дәптеріндегі,  3сабақтың 2- тапсырмасын орындау.

 

7.Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен орындалып тұрады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізге үлкен рахмет!!!

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ "Көңіл күйімізді басқара білейік" .2 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Управляющий рестораном

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 192 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.05.2017 1788
    • DOCX 22.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кезенбаева Алмагуль Кайрдиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 48295
    • Всего материалов: 27

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой