Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыАшық сабақ "Көңілді қыс"

Ашық сабақ "Көңілді қыс"

Скачать материал

Атырау облысы

Қызылқоға ауданы

Қаракөл ауылы

Қаракөл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Байтөбетова Жұлдыз Кәрімжанқызы

Тақырыбы: «Көңілді қыс»

Мақсаты: Білімділік: Қыс мезгілінің табиғи ерекшеліктерін меңгерту.

Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік: Қысқы табиғат көрінісін әңгімелеп айту арқылы ойды байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: «Сыңарын тап» ойыны, «Ой шақыру», шығармашылық жұмыстар, сұрақ-жауап әдісі.

Сабақтың жүру барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылар зейінін сабаққа аудару.

 

 «Ой шақыру» әдісі.

- Балалар, маған қараңдаршы менің қолымдағы не?

- Қар.

- Қардың түсі қандай?

- Аппақ.

- Қар қатты ма, әлде жұмсақ па?

- Жұмсақ.

- Балалар, бәріміз бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық. Мен бастайын, бүгінгі көңіл-күйлерің осы қардай аппақ болсын.

 

Балалар бір-біріне ақ тілектерін ұлпа қарды беріп тұрып айтады.

- Денсаулығымыз мықты болсын!

- Заманымыз тыныш болсын!

- Білімді болайық!

- Аспанымыз ашық болсын!

- Барлығымыз тату-тәтті болайық!

- Көрдіңдер ме, балалар? Жылы сөздер айтып едік, қолымыздың жылуынан қар да еріп кетті. Енді бізге қонаққа апайлар келіп жатыр, барлығымыз амандасайық.

 

- Балалар, жылдың неше мезгілі бар?

-Жылдың төрт мезгілі бар.

- Жыл мезгілдерін атайық?

- Қыс, көктем, жаз, күз.

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілі.

 

«Сыңарын тап» ойыны.

Балалар, біздер өткен сабақта қысқы киімдер туралы білдік. Олай болса, өткен сабақта алған білімімізді пысықтау үшін «Сыңарын тап» ойынын ойнайық.

 

Балалар ойын барысында қолғаптың, етіктің  түр-түсіне, ондағы өрнектердің орналасуына қарай сыңарын табады.

 

Жаңа сабақ.

Бүгін біз «Көңілді қыс» деген тақырыпты өтеміз.

 

-          Балалар, қыс мезгілінің басқа жыл мезгілдерінен қарағанда ерекшелігі қыста жер бетінде не болады?

-          Қар болады.

-          Біз қардан не жасаймыз?

-          Аяз ата жасаймыз.

-          Олай болса, біз Аяз ата жасайық. Ол үшін бірнеше сұраққа жауап беріп, сол сұрақтар жазылған қағаздардан Аяз атаны құрастыруымыз керек.

 

Үлкен дөңгелек: Қыс айларын ата.

- Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Орташа дөңгелек: Желтоқсанда қандай мерекелерді тойлаймыз?

-1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін; 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнін; Жаңа жыл мерекесін тойлаймыз.

Кіші дөңгелек: Жаңа жылда бізге кім келеді?

- Аяз ата келеді.

Оң қолы: Аяз ата бізге не әкеліп береді?

- Сыйлық әкеледі.

Сол қолы: Қыста қандай өзгерістер болады?

- Қар жауып, жердің беті ақ болады, күн салқындайды.

Қалпағы:  Қыста қандай ойындар ойнаймыз?

- Шанамен сырғанаймыз, шаңғы тебеміз, аққала жасаймыз.

Мұрны: Қыста біздер қалай киініп жүреміз?

- Жылы киініп жүреміз.

Таяғы: Қысқы сырт киімдерді ата?

- Бөрік, тон, етік, қолғап, шәлі.

 

Міне, балалар, сендер сұрақтардың бәріне дұрыс жауап бердіңдер. Сөйтіп, аяз атаны құрастырып шығардық. Жарайсыңдар.

 

-          Балалар, сендерге қыс мезгілі ұнай ма, ұнамай ма?

 

Ұнайды:

Қар жауып, жер беті тазарады. Шанамен, конькимен, шаңғымен сырғанап ойнаймыз. Аққала жасаймыз.

Ұнамайды:

Күн салқын болады. Боран соғып, жер мұз болады.

 

Қыс - жыл  мезгілдерінің ішіндегі суық мезгіл, қыста барлық дала құстары жылы жаққа ұшып кетпейді, кейбір суыққа төзімді құстар қыстап қалады. Бұлар сауысқан, қарға, торғай, көгершін. Қыста құстарды суықтан қорғануға сыртқы жүндері көмектеседі екен.

 

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/d/d8/Korean_magpie_in_Daejeon.jpg/250px-Korean_magpie_in_Daejeon.jpg    http://adamsnotes.net/wp-content/uploads/2012/02/raven_fws.jpg    http://www.fortunespawn.com/wp-content/uploads/2007/05/starling.jpg     http://f.azh.kz/news-kaz/002/425/4golub-2.jpg

 

Шығармашылық жұмыстар.

1. Мына сөздерді қатыстырып, екі жол өлең құрастырыңдар.
      1. Бар, қар.

2. Ойнады, тоңбады.

3. Мұз, біз.

 

2.      «Сөйлемді аяқта» тапсырмасы.
1. Қыста ...  қырау басады. (әйнек, ағаштар)
2. Балалар қардан аққала ... (жасады, жасап ойнады)
3. Қар жапалақтап ... (жауып тұр, жауады)

 

3.      «Ұқсастығын тап»  тапсырмасы.
- Мұз не сияқты?
- Қар не сияқты?

 

          http://pix-batl.ru/toimg/12/kubiki_lda_1900x1200.jpg    http://i.obozrevatel.ua/8/797514/gallery/136528_image_large.jpg

 

4.      Енді мен сендерге жұмбақтар жасырайын.

 

1.      Қыста ғана болады,

            Ұстасаң қолың тоңады. Қар.

2. Көсеуді бесеуге тықтым. Қолғап.

3. Шелек қалпақ басында,

    Сәбіз екен танауы.

    Қыста қардан тұрады,

    Танып көрші сен оны. Аяз ата

4. Қысы-жазы бір түсте. Шырша

5. Ол көңілді, бірақ сайқымазақ емес.
    Үш қабатты, бірақ үй емес.
    Қайырымды, бірақ дәрігер емес.  Аяз ата

 

Сергіту сәті.

-          Балалар, қараңдаршы, мынау не? Шыршаның түбінде ақ қоян жатыр, қанекей бәріміз қасына барып ақ қоянды көрейік, өзі тоңып қалғанға ұқсайды, сыбырлап бірдеме дейтін сияқты, құлағымызды тосып тыңдайық.

 

Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен осы шыршаның  астында, інімде жатыр едім, сендердің дауыстарыңды естіп, мен де сендермен бірге біраз бой сергітсем деймін.

 

-          Олай болса, балалар, бәріміз қоянды ортаға алып, сергіту жаттығуын  жасайық.

 

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына

Қиығын сап көзінің.

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

- Балалар, қоян сендерге рахмет айтып жатыр. біз де қоянға өз білімімізді, өнерімізді көрсетейік.

 

Оқулықтағы өлеңді айтқызу.

 

- Қыс туралы қандай тақпақтар білеміз?

Оқушылар өздері білетін тақпақтарын айтады.

 

-          Балалар, сендер бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар. Бой сергіткені үшін сендерге қоян да рахметін айтып, сыйлық әкеліпті.

Тәрбиеші тәттілер береді.

 

Үйге тапсырма беру. Қыс туралы тақпақтар жаттау.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ "Көңілді қыс""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист органа опеки

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 120 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.10.2015 4170
    • DOCX 176.9 кбайт
    • 12 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байтубетова Карылгаш Каримжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10522
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Современные педтехнологии в дошкольном образовании

Воспитатель

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика нарушений осанки и плоскостопия

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Курс повышения квалификации

Федеральная адаптированная образовательная программа для детей дошкольного возраста

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 94 человека из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 681 человек

Мини-курс

Теоретические аспекты трекинга и менторства

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Экономика и управление

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы дизайна в Figma

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 83 человека из 28 регионов