Инфоурок Другое КонспектыАшық сабақ "Көкөніс дақылдарының негізгі сипаттамасы"

Ашық сабақ "Көкөніс дақылдарының негізгі сипаттамасы"

Скачать материал

hello_html_m6ba4fdef.gif«Бекітемін»

10 колледж директоры:

....................... Ахмедов Ш.Ш.


Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы


10 КОЛЛЕДЖ МКҚК.

АШЫҚ САБАҚ




Тақырыбы: Көкөніс дақылдарының негізгі сипаттамасы












Әдіскер: Ташполатов Д.

Аға шебер: Толаметов А.

Ө/о шебері: Джумабаев Б.


Күні: ...........................


Тақырып: Көкөніс дақылдарының негізгі сипаттамасы

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік – көкөніс дақылдары туралы мәлімет бере отырып, тұқым түрлерімен таныстыру. Тұқымды себу мен даярлау әдістерін меңгерту.

2. Дамытушылық – оқушылардың ой - өрісін кеңейту, білімдерін іс жүзінде көрсетуге ықпал ету, практикалық іс - әрекеттерін қалыптастыру, эстетикалық талғамдарын дамыту, теориялық білімдерін практикада ұштастыру.

3. Тәрбиелік – еңбек мәдениетіне, іскерлікке, ұқыптылыққа, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу және өз ісіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: интерактивті тақта арқылы көкөністерді көрсету, егілген дайын тұқым, сарамандық жұмыс

Пәнаралық байланыс: биология, химия, қазақ тілі

Қажетті құралдар: тұқымдар, дәке, су, стакан, топырақ,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Психологиялық тренинг/ балалардың көңіл күйін жақсарту/
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру барысында сыныпты «Қияр» және «Сәбіз» топтарына бөле отырып алқапта өсетін өсімдіктердің суретін таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді. Оқушылар көкөніс түрлерін жинау арқылы өз тобына ұпай жинайды.
1. Бидай - Тұқым дегеніміз не?
2. Күріш - Өсімдік шаруашылығының міндеті не?
3. Күнбағыс - Өсімдіктің тіршілік етуіне қажетті жағдайларды ата
4. Тары - Бидай, жүгері, арпа тары, күріштердің жемістері қалай аталады?
5. Жүгері - Тұқымның сапасына қандай талаптар қойылады?
6. Сұлы – Дәнектен тұқымшаның айырмашылығы неде?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын ашу үшін жұмбақтар шешеміз.
1. Көк лағым көгенде тұрып семірген. /қарбыз/
2. Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні. /сәбіз/
3. Аласа талда алуан алма,
Алқызыл болмай аузыңа салма. /қызанақ/
4. Сопақша көк өңі бар,
Пайдалы мөлдір сөлі бар.
Піскен кезде жияр,
Оның аты... /қияр/
5. Аласа ғана бойы бар,
Қабат - қабат тоны бар. /қырыққабат/
6. Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызғылт дәу жатыр. /қызылша/
Міне, балалар біздер суреттен не көріп отырмыз мұның бәрін жинақтап айтқанда не дейміз?
- Барлығын жинақтап айтқанда көкөністер дейміз. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да Көкөністердің негізгі сипаттамасы.
Тұқымды даярлау және себу.
Қызанақ – жемісі жеуге жарамды, біржылдық немесе екіжылдық шөптесін өсімдік. Жемісі өте шырынды, түріне қарай домалақ, сопақ, майда, ірі болады. Түсі ашық күлгіннен, қою қызылға дейін болып келеді және сары түстілері де кездеседі. Қызанақтан ертерек өнім алу үшін жылыжайда немесе үй жағдайында наурыздың соңы, сәуір айларында көшетін дайындайды. Мамыр айынан бастап бақшаға отырғызады.
Қияр - немесе кәдімгі қияр – Асқабақ тұқымдастылардың ішіндегі қияр туыстыларына жататын біржылдық шөптесін өсімдік. Сабағы түкті, мұртшалары арқылы шырмалып өседі, биіктігі 1 - 2 метрге дейін барады. Жемісі – жеуге жарамды, тұқымы көп, шырынды және түсі жасыл болып келеді. Түріне байланысты көлемі әртүрлі болады. Жылыжайда өсірілген қиярлар ұзынша сырты жылтыр болады, ал бақшада өсетін түрлері орта көлемді сыртқы қабыршақтары түкті болып келеді. Бұларды қысқа сақтау үшін банкіге жабуға ыңғайлы.
- Ал енді осы қиярды егу үшін не істейміз?
Тұқымды алып ыдыстағы суға салып, осыдан дәні жоқ тұқымдар судың бетіне шығады оны сүзіп алып тастаймыз. Ыдыстағы суды төгіп, марганцовка салған ыдысқа шайқап аламыз, өйткені марганцовкаға салған тұқым ауырмайды жақсы өсуіне қажет.
Тұқымды алып дәкеге түйіп, суға салып қоямыз, бір апта немесе 10 күнде оның өскіндері пайда болады.
Дайын болған тұқымды топыраққа отырғызамыз.
Бірақ тамыр сабағына абай болу керек. Қиярды бірқалыпты, мол суарады. Судың жетіспеушілігі қиярдың тез өсуіне кедергі болады. Қиярды кешке қарай, [[күн] бойы күн астында тұрған сумен суарған жөн. Бұл қиярдың тамырларының суып кетуіне жол бермейді. Жеміс піскен кезде әрбір 2 апта сайын минералды тыңайтқыштармен тыңайту керек.
Сәбіз - барлық жерде өседі. Азықтық және асханалық сорттары бар. Асханалық сорты онша ірі емес, тамыр жемісі жұмсақ, қантты. Асханалық сорттарының ең таңдаулысы Нантская, Витаминная Сәбіз республиканың көпшілік облыстарында өсіріледі. Сәбіз құрамында қант, белок, пектин заттары, минерал тұздары (калий, натрий, фосфор) және организмге қажетті басқа да заттар бар. Сәбіз – негізінен екіжылдық өсімдік. Бірінші жылы жапырақ түзуші ортасы мен тамыры өссе, екінші жылы ғана тұқымы пайда болады.
60 - қа жуық түрі Африка, Австралия, Жаңа Зеландия және Америкада кең тараған. Тамыр жүйесі жақсы дамыған, еттілігі мен түріне қарай ұзартылған конус, цилиндр пішіндес болады және салмағы 30 граммнан 300 граммға дейін жетеді. Түсі ақ, ақшыл сары, қызыл - сары болып келеді. Ең алғаш сәбіз Ауғанстанда өсірілген. Осы елде сәбіздің ең көп түрі тіркелген.
Енді балалар, сәбіздің бақшада отырғызу тәсілдеріне тоқталамыз. Сәбіздің дәні өте ұсақ болғандықтан. Жерге сепкенде бір жерге бірнешеу шашырап кетеді де сәбіз бір біріне жабысып дұрыс өспейді. Сондықтан оны сулық қағазға бір - екі түйірден орап топыраққа тастаймыз. Дымқылданған сулық қағаз шіріп кетеді де тұқымы өсіп шығады.
Осы өсімдіктерді өсіру үшін тыңайтқыштар қажет. Тыңайтқыштар топырақтың құнарлығын, өсімдіктердің өнімділігін арттыру үшін топыраққа енгізілетін органикалық және минералдық заттар.
Органикалық тыңайтқыштар: шымтезек, қи, көң, өсімдік шіріндісі, құс саңғырығы.
Минералдық тыңайтқыштар: азот, фосфор, калий, әк, пеш күлі, селитра аммофос
Тыңайтқышты;
1. егін шаруашылығында – бидай, күріш, сұлы т. б
2. Бау – бақша өсіруде, гүл өсіруде
ІҮ. Жаңа тақырып бойынша сарамандық жұмыс
Сарамандық жұмысқа қажетті заттар: шағын жылыжай, топырақ стакан, тұқымдар, су марганцовка.
Сарамандық жұмыстың орындалу реті: Оқушылар жәшіктердегі және стакандағы топырақтарға сабақтың теориялық бөлімінде түсіндірулі бойынша сәбіз және қиярдың тұқымдарын даярлап, себу жұмыстарын жасайды.
Ү. Жаңа сабақты қорытындылау
- Қазір балалар, жаңа сабақты қорытындылау барысында «Кім жылдам»ойынын ойнаймыз. Мұнда қима қағаздары арқылы көкөніс суреттерін құрастыру керек, Қай топ жылдам тапқырлықпен орындайды сол топ ұпай жинайды. Осы құрастырған көкөністеріне сұрақтар қойылады. 
1. Қияр қандай тұқымдасқа жатады?
2. Сәбіздің қандай түрлері бар?
3. Тыңайтқыштың неше түрі бар?
4. Қиярмен қызанақты қалай сақтауға болады?
5. Қызанақтың түр сипатына қарай қандай болып келеді?
6. Көкөніспен жемістің айырмашылығы неде?
ҮІ. Бағалау Көкөніс суреттері арқылы жинаған ұпайлары арқылы қорытындылап бағаланады.
Осы сабақта жақсы білімдерін көрсеткен оқушыларға сыйлығымды тапсырамын. Жайқалып сендер осы жемістердей өсіңіздер,
Білім алу жолында аямай еңбек етіңіздер
Гүлдей болып ашылып, шуақ шашып,
Әрқашан да мақсаттарыңызға жетіңіздер.
ҮІІ. Үй тапсырмасы: Бүгінгі сабақта айтылмаған көкөністер туралы мәліметтер жинақтап келіңіздер.

Ө/о шебері: Джумабаев Б



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ "Көкөніс дақылдарының негізгі сипаттамасы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Патентовед

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 234 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.03.2016 1508
    • DOCX 458.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Джумабаев Бекзод Кулниязович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Джумабаев Бекзод Кулниязович
    Джумабаев Бекзод Кулниязович
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7910
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Мини-курс

Индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: методика, технологии и практика

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детская нейропсихология: особенности, диагностика, исследования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 116 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека