Класы: 8
Күні: 13.04.17ж
Сабақтың тақырыбы:
«Құрақ дайындау технологиясы»
Сабақтың міндеті:Құрақ құрап үйрену .Түс үйлесімділігін сақтау
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға құрақ түрлерін тігудің ерекшелігімен құрақ бөліктерін дұрыс
орналастыру реттілігін және өңдеу технологиясын үйрету.
Оқушылардың үнемділікке, икемділікке, ұқыптылыққа, тиянақты болуға
тәрбиелеу, шапшаңдыққа, еңбек сүйгіштікке баулу.
Оқушылардың теориялық білімдерін іс – жүзінде шығармашылықпен ұштастыру, өнерге
деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: топпен,жеке
Сабақтың әдісі: түсіндіру, бекіту, нұсқау, практикалық.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, қатты қағаз, үлгілер, сызғыш, ине,
жіптер, қайшы, бор немесе қарындаш т.б.
Пәнаралық байланыс:сызу ,бейнелеу
Сабақтың барысы:
I.Қызығушылығын ояту
Сергіту сәті: Шеңбер құрып тілек тілейміз
Ұйымдастыру кезеңі (үй
тапсырмасын тексеру, бағалау)
1. Сәндік қолданбалы өнер
дегеніміз не ?
2.
ІІ. Жаңа сабақ Құрақ дайындау
Құрақ түрлерін еске түсіріп,
топтастыру әдісімен басталады.
Топтың атын есімдерімен
байланыстырып қояды
1.топ
2.топ
Еркін әңгіме
Құрақ, оның түрлері туралы мағлұмат:
Құрақты қандай мақсатта құраймыз?
- Біріншіден, мата қиындыларын іске асыру, кәдеге жарату.
- Екіншіден, әдемілікке, ұқыптылыққа, тәрбиелілікке мән беру.
Құрақ құрау - халқымыздың үй - тұрмысы бұйымдарында ұрпақтан - ұрпаққа ұласқан
ұлттық тәсілдегі өнері.
Құрақ құрау үшін, қалған қиынды маталар қолданған. Құрақ құрау - мата
қиындыларын іске ұқсату, кәдеге жарату және үлкен сәнділікпен матадан әр түрлі
пішіндерді қиюластыра отырып келтіру.
Бұрынғы әже - әпкелеріміз күнделікті үй - тіршілігінде өзіндік орны бар,
пайдалануына қарай, шәй құюшыға арналған шағын көрпеше, мейманға салатын «төр
көрпеше», ұйықтарда салатын мамық көрпеше, қыз ұзатыларда беретін түрлі түсті
сәнді «атасына, енесіне» арналып, құрақ көрпе - көрпешелер жасауын дайындаған.
Құрақ құрау өнерінің терең мән - мағынасы бар. Ертеде апа - әжелеріміз құрақ
құрай отырып, қыз - немересіне арналған құрақты:«Отан болып құралып кетсін,
өсіп - өнсін»деген тілекпен жасаған.
Таңғажайып талантымен талайларды тамсандырған қазақ қолөнерінің қарапайым да
қайталанбас түрі – қиыстырып құрақ қию, одан көздің жауын алатындай өте бағалы
бұйымдар жасау. Оның қымбат құндылығының бір айғағы құрақтан жасалған заттардың
ұзатылатын қыз жасауына еніп, бұл дүние - мүліктің ажарын арайландырып
жіберетіні, үй ішіне ұлттық рең беріп, адамның рухын асқақтататыны. Құрақ –
төрге төсейтін көрпеше. Мата қиындыларын қиюластырып, тұмарша, сегіз жапырақ,
ромб тәрізді өрнектерден құралған көрпені құрақ немесе құрақ көрпе деп атайды.
Ежелден қонақжай қазақ халқы төрін қонаққа арналған “қасиетті орын” санаған.
Ерте кезде баласы өліп, тоқтамаған үй “тіл - көзден аман болсын” деген ырыммен
қырық құрақ құрап, баласын соған ораған. Құрақ көрпені арасына мақта немесе
қойдың, түйенің жүнін салып, сырып тігеді.
Мағынаны ашу
Мәтінмен жұмыс
Қауіпсіздік ережесін еске түсіру
ІIІ. Практикалық
жұмыс Сегіз жапырақ құрағы Құрақты тігіп дайындау және қолдану.
Кіріспе нұсқау.
Жұмыс барысы: Техника
қауіпсіздігін еске түсіру. Нұсқау карта таратып беру
Қажетті құрал жабдықтар: 4
түрлісмата ,қайшы,ине,жіп, үлгі қағаздар ,сызғыш,карандаш,тігін машинасы.
1. Құрақ бөлшегіне астар қию жолдары.
2. Астар мен құрақ бөлігін біріктіру. Көктеу.
3. Құрақ көрпеше немесе жастық ішіне мақта немесе жүн салу.
4. Ашық жерлерін біріктіру.
5. Буйымды дайындау.
Ағымды нұсқау.
1-құрақ
1. Техникалық қауіпсіздік ережелерін қайталау.
2. Құрақ бұйымын астарлық шыт матаның бір шетінен орналастырып, жиектеп сызып
аламыз.
3. Сызылған сызық бойынша матаны қиып алу.
4. Қиылған астар мен құрақ бөлшегін оң бетімен беттестіріп, теріс бетінен шетін
1 см тігіске есептеп сызу.
5. Сызылған сызық бойымен көктеп тігіп шығу.
6. Бір шетінен 10-15см тігусіз жер қалдыру.
7. 10 – 15 см тігіс жерден бұйымды оң бетіне айналдырып, ішіне тегістеп жүн
немесе мақта салып ашық жерін ішкі тігіспен тігу.
2-құрақ. Астарды қияр алдында матаны жайып үстіне құраған бұйымды
орналастырамыз. Құрақ жиегінен жиектеп сызып, сызық бойынша қиып алынады.
Қиылған астармен құрақ бұйымды оң бетімен беттестіріп шетіне 1см тігіс есептеп
сызып шығамыз, сызылған сызық бойынша көктеу керек. Ал құрақ көрпешенің арасына
мақта және жүн салу үшін бір шетінен 10-15см тігілмеген жер қалдыру керек.
Бұйымның ашық жерінен жүн немесе мақта салынады. Егер жүн салатын болсақ
жақсылап жуып, тазалап кептіріп алу керек. Кепкен жүнді түтіп көрпеше ішіне
тегістеп салу керек. Көрпешенің жүнін салғаннан кейін ашық жерін ішкі тігіспен
тігеді. Үлкен көрпеше болса, көрпешенің үстінен ұзыннан тепшіп тігеді.
Сергіту сәті: «Жалғасын тап ойыны»
(оқушыларға мақалдың басын бастаймын ,соңын тауып жалғастырасыздар )
1.Ұяда не көрсең (ұшқанда соны ілесің)
2.Балалы үйдің
(ұрлығы жатпайды)
3.Өз үйің (өлең
төсегің)
4.Талаппен бастап
(талғаммен аяқта)
5. Үй иесімен
мейірлі отырса ( қонақ иесі көңілді отырады
6.Балалы үй базар
(баласыз үй қу мазар)
7.Өнер алды (қызыл
тіл)
ІІІ. Қорытынды
нұсқау
БҮҮ
кестесін толтыру:
Білемін
|
Білгім келеді
|
Үйрендім
|
1
. Кестені дәптерге сызу.
2.
Оқушылармен мәтінді оқып шығып , алғашқы 2 бағананы толтырамыз.
3.
Жаңадан алған білімдерін сызбаның соңғы бағанына толтыру.
4.
Екінші баған бойынша қандай сұрақтарға жауап тапқандарын класта талқылау
-
Орындалған жұмысының сапасын тексеру
-
Әр жұмысына сараптама жасап, өз ойларын айту.
-
Әрбір оқушының жұмыстағы жетістіктері мен кемшіліктеріне талдау
жасау, қажет деген кейбір жұмыс тәсілдерін көрсету.
Оқушылардың білімін бақылау
сұрақтары.
1. Құрақ дегеніміз не?
2. Құрақтан қандай бұйымдар жасауға болады?
3. Құрақтың қандай түрлерін білесіңдер?
4. Құраққа мата қалай таңдалады?
5. Құрақтар бір – біріне қалай біріктіріледі?
6. Құрақ неліктен ортасынан бастап құралады?
7. Жиектеме не үшін қажет?
8. Сүреттегі құрақтарды ата.
9. Құрақтардың ерекшеленуі.
10. Құрақ құрағанда қандай талаптарды орындау қажет?
11. Құрақ құрау өнерінің неше түрі бар?
12. Құрақ құрау өнері тек қазақ халқында ма әлде...?
13. Құрақты қию үшін қандай құралдар қажет болады?
14. Құрақ бұйым әдемі болу үшін не керек?
Сонымен қатар құрақ құрау адамды үнемділікке үйретеді. Кішкентай мата
қиындысынан сәнді заттар жасау қабілеттілікке тәрбиелейді. Өз қолдарымен
жасаған бұйым әрқашанда ыстық болады. Сондықтан уақыт тауып жиі – жиі құрақ
құраумен, тігін тігумен айналысқан жөн.
Бағалау: топ басшысы алма арқылы бағалайды
Үйге тапсырма беру: құрақты тігіп
аяқтау.
Нұсқау карта
1.Жасыл түс тен 4 дана 15х15см төртбұрыш
қию
2. сары түстен 4 дана 15х15 см төртбұрыш
қию , оны ортасынан қиып үшбұрыш жасау
3. қызыл түстен 4 дана 15х15 см төртбұрыш
қию , оны ортасынан қиып үшбұрыш жасау
4. шаршыны түс түсімен
біріктіреміз
тігу
схемасы
Төртбұрышты қиып аламыз
Төртбұрышты қиып аламыз
Үш бұрыш қылып ортасын бөлеміз
Екі бірдей түс үшбұрыштыны біріктіреміз
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.